Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы


-параграф. TAF болжамдарындағы метеорологиялық элементтер туралы ақпаратты қосу



жүктеу 3,41 Mb.
бет5/18
Дата20.11.2018
өлшемі3,41 Mb.
#21887
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

2-параграф. TAF болжамдарындағы метеорологиялық элементтер туралы ақпаратты қосу


240. Жерүсті желі. Жерүсті желі болжамында желдің басым бағыты көрсетіледі. Жерүсті желі басым бағытын оның күтілетін өзгеру салдары болжау мүмкін болмаған жағдайда, мысалы әлсіз жел жағдайында (1,5 м/с (3 уз) аз) немесе найзағай кезінде, желдің болжанатын бағыты "VRB" қысқартуының көмегімен құбылмалы болып көрсетіледі. Егер жел 0,5 м/с (1уз) кем болжанса, онда жел жылдамдығы болжамында желсіз көрсетіледі. Егер желдің болжанатын максимальды жылдамдығы желдің болжанған орташа жылдамдығынан 5 м/с (10 уз) немесе одан астамға артса, болжамда желдің максимальды жылдамдығы көрсетіледі. Егер желдің болжанған жылдамдығы 50 м/с (100 уз) немесе одан астамды құраса, ол 49 м/с (99 уз) артқан ретінде көрсетіледі.

241. Көріну. Болжамға сәйкес көріну 800м кемді құраған жағдайда, оны 50м ұлғайтылған өлшемде көрсету керек; егер көріну 800м немесе одан көпті, бірақ 5 ш. кемді құраса – 100м ұлғайтылған өлшемде; 5 ш. көрінуде немесе одан астам, бірақ 10ш аз болса –1ш ұлғайтылған өлшемде; 10ш немесе одан көп көріну кезінде САVОК жағдайы болжанған жағдайды қоспай оны 10 ш ретінде көрсету керек. Басымды көрінуді болжау керек. Әртүрлі бағыт бойынша көрінудің өзгеруі болжанған жағдайда және басымды көрінуді болжау мүмкін болмағанда минимальды болжанған көрінуді көрсету керек.

242. Ауа райының құбылысы. Болжамға бір немесе бірнеше, бірақ үшеуден аспайтын әуеайлақты мынадай күтілетін ауа райы құбылысының немесе осы құбылыстардың тіркестерінің, сондай-ақ олардың сипаттамаларының, қажетінше қарқындылығы қосылады:

1) қататын жауын-шашын;

2) қататын тұман;

3) орташа немесе қатты жауын-шашын (соның ішінде нөсерлі түрін қоса);

4) шаңды, құмды немесе қарлы жаяу борасын;

5) шаңды жаяу борасын, құмды жаяу борасын немесе қарлы жаяу борасын;



6) шаңды боран;

7) құмды боран;

8) найзағай (жауын-шашынмен немесе жауын-шашынсыз);

9) дауыл;

10) құйғыш тәрізді бұлт (торнадо немесе су құйыны);

11) осы Қағидалардың 149-тармағына сәйкес ауа райының басқа құбылыстары.

Шамаланылып отырған CAVOK шарты қолданылмаған жағдайда осы құбылыстардың күтілетін қысқартуы «NSW» қысқартуының көмегімен көрсетіледі.

243. Бұлттылық. Болжамда бұлттылық саны сәйкесінше «FEW», «SСТ», «ВКN» немесе «ОVС» қысқартуларын пайдаланумен көрсетілу тиіс. Аспан ашық немесе жабық болу күтілген жағдайда және бұлттылықты болжау мүмкін болмағанда, сондай-ақ әуеайлақта тік көріну туралы мәліметтер болғанда, болжамда кейіннен оның болжанған мәнін көрсетумен «VV» түріндегі тік көрінуін көрсету керек. Бұлттылықтың бірнеше қабаты немесе массиві болжанған жағдайда, бұлттылықтың төменгі шегінің биіктігі мен саны мынадай тәртіпте көрсетілуі керек:

1) ең төменгі қабат немесе массив, сәйкесінше FEW, SСТ, ВКN немесе ОVС сияқты болжанатын санына қарамай;

2) сәйкесінше SСТ, ВКN немесе ОVС сияқты болжанатын және көк 2/8 астам жабатын келесі қабат немесе массив;

3) ВКN немесе ОVС сияқты болжанатын және көк 4/8 астам жабатын келесі аса жоғары қабат немесе массив;

4) түйдек-жаңбырлы бұлт немесе мұнара тәрізді түйдек бұлт, олар болжанғанда бірақ 1) – 3) тармақтарында қарастырылған ақпаратта бейнеленбеген.

Бұлттылық туралы ақпаратты ұшу үшін маңызды бұлттылық туралы мәліметпен шектеу керек; ұшу үшін маңызды бұлттылық болжанады және "CAVOK" қысқартуы қолданылмаса "NSС" қысқартуын қолдану керек.

244. Температура. TAF болжамына 24 сағат әрекет ету мерзімімен болжанатын температура қосылады, болжамының әрекет ету кезеңінде күтілетін максимальды және минимальды температура, сондай-ақ олардың жетуіне тиісті уақыт көрсетіледі.



3-параграф. Өзгертулер топтарын пайдалану
245. TAF болжамдарына өзгерту топтарын енгізу немесе оларға түзету енгізу кезінде келесі өлшемдерді пайдаланылады:

1) болжамға сәйкес жерге жақын желдің орта бағыты 600 немесе одан астам орта жылдамдығы барысында өзгертіледі және (немесе) өзгертілгеннен кейін 5 м/с немесе одан көп;

2) болжамға сәйкес жерге жақын желдің орта жылдамдығы 5 м/с немесе одан астамға өзгертіледі;

3) болжамға сәйкес жерге жақын желдің орта жылдамдығынан ауытқу 5 м/с ұлғаяды немесе орта жылдамдығы барысында және\немесе өзгертілгеннен кейін 8 м/с өзгереді.

4) болжамға сәйкес жерге жақын желдің өзгерілуі пайдалануға қатысты маңызды мағыналарды арттырады; шектеулі өлшемдер, желдің өзгерілуін ескеріп, ӘҚҰ тиісті өкілетті органымен және мүдделі пайдаланушылармен келісіп, өкілетті метеорологиялық орган белгілейді, бұл:

пайдаланылатын ҰҚЖ ауысымдар талап етеді;

және ҰҚЖ бүйірден және жолшыбай компоненттерінің өзгерілуі осы әуеайлақта ұшуларды орындайтын типтік әуе кемелері үшін негізгі пайдалану шектері болып табылатын мағыналарды арттырады;

5) болжамға сәйкес көріну жақсарады және келесі мағыналардың бірін немесе бірнешесіне жетеді немесе арттырады немесе болжамға сәйкес көріну нашарлайды және келесі мағыналардың бірінен немесе бірнешесінен кем болады:



150, 350, 600, 800, 1500 немесе 3000 метр;

5000 метр – шолу ұшулардың ережелері бойынша ұшулардың маңызды санын орындалған жағдайда;



6) келесі ауа райы құбылыстарының немесе олардың үйлесуінің кез келген қарқындылығының басталуы немесе тоқтатылуы немесе өзгертілуі болжанады:

мұзданатын тұман;

мұзданатын жауын шашын;

орташа немесе қатты жауын шашын (соның ішінде нөсер түріндегі);

найзағай (жауын шашынмен);

шаңды боран;

құмды боран;



7) ауа райының немесе олардың үйлесімінің келесі құбылыстарының кез келгенінің басталуы немесе тоқтатылуы болжанады:

мұз кристаллдары;

шаңды, құмды немесе қарлы жаяу бұрқасын;

шаңды жаяу боран, құмды боран немесе қарлы жаяу боран;

дауыл;


құйғыш тәрізді бұлт (торнадо немесе құйын).

8) болжауға сәйкес BKN немесе OVC ұзақтығымен төменгі қабаттың немесе бұлт алабының төменгі шетінің биіктігі келесі мағыналардың бірін немесе бірнешесінен арттырады немесе жетеді немесе болжауға сәйкес BKN немесе OVC ұзақтығымен төменгі қабаттың немесе бұлт алабының төменгі шетінің биіктігі келесі мағыналардың бірін немесе бірнешесінен азаяды:

30, 60, 150 немесе 300 метр (100, 200, 500 немесе 1000 фут);

450 метр (1500 фут) – шолу ұшулардың ережелері бойынша ұшулардың маңызды санын орындау жағдайында;

9) болжауға сәйкес қабаттың немесе бұлттардың алабы 450 метр (1500 фут) өзгертіледі:

NSC, FEW немесе SCT бастап BKN немесе OVC дейін;

BKN немесе OVC бастап NSC, FEW немесе SCT дейін.

10) болжауға сәйкес тік көріну жақсарады және келесі мағыналардың бірін немесе бірнешесіне жетеді немесе арттырады немесе болжауға сәйкес тік көріну нашарлайды және келесі мағыналардың бірін немесе бірнешесінен азаяды немесе кем болады;

30, 60, 150 немесе 300 метр (100, 200 500 немесе 1000 фут);

11) осы әуеайлақтың пайдалану минимумында негізделген және өкілетті метеорологиялық орган мен мүдделі пайдаланушы арасында келісілген кез келген басқа өлшемдер.

246. Осы Қағидалардың 245-тармағында келтірілген өлшемдерге сәйкес болжамның кез келген элементін өзгерту кезінде, бұдан кейін элементтердің өзгеруінің әрекет ету кезеңі көрсетілетін ВЕСМG, TEMPO өзгеру индексін пайдалану керек. UТС тұтастай сағатта уақыт кезеңінің басталуы мен аяқталуы көрсетілуі керек. Өзгеру индексінен кейін айтарлықтай өзгертулерге ұшырау күтілетіндей элементтер ғана қосылу керек. Бірақ бұлттылықтың айтарлықтай өзгеруі жағдайында өзгеру күтілмейтін қабат немесе массивты қоса бұлттардың барлық топтарын көрсету керек.

247. «ВЕСМG» өзгеру индексін және уақыт кезеңінің тиісті тобын метеорологиялық жағдайы уақыттың осы кезеңі ішінде анықталмаған сәтте және өзгерудің ауыспалы немесе тұрақты жылдамдығымен белгіленген өтпелі мәнінің артуы немесе жетуі күтілетін нәтижесінде өзгерулерді сипаттау үшін пайдалану керек. Уақыт кезеңі 2 сағаттан аспауы керек, бірақ кез келген жағдайда 4 сағаттан аспауы тиіс.

248. «ТЕМРО» өзгеру индексі белгіленген мәнге жететін немесе артатын метеорологиялық жағдайлардың болжанған уақытша өзгерулерін сипаттау үшін пайдаланылады. Әр жеке жағдайда 1 сағаттан кем ұзақтық уақыт кезеңі ішінде сақталады, ал тұтастай өзгеру болжанатын ішінде жартысынан кем кезеңде. Уақытша өзгерудің ұзақтығы 1 с. немесе одан көп уақытты құрауы күтілетін жағдайда, 21 т. сәйкес «ВЕСМG» өзгеру тобын пайдалану керек немесе әрекет ету кезеңін бөлу керек.

249. Бір топтың басқа топқа ауа райының басым жағдайының айтарлықтай өзгеруін күту кезінде әрекет ету кезеңі «FM» қысқартуын пайдалана отырып, өзіндік кезеңге, тікелей бұдан кейін күтілетін өзгеру мерзімін көрсететін UTC минутта, сағатта, күнде уақыттың тобына бөлу керек. «FM» қысқартуынан кейінгі бөлінген кезең өзіндік элемент болу керек және бұдан кейін жағдайдың қысқаруы осы қысқаруға алдыңғы барлық болжанатын жағдайларды ауыстырады.

250. Өзгеру тобының санын минимумға қарай топтастыру керек, 5-тен аспауы тиіс.
4-параграф. Ықтималдық топтарын пайдалану
251. Қажеттілігінше ішінде альтернативті мән күтілетін уақыт кезеңі мен он пайыздағы ықтималдықты көрсетумен «РRОВ» қысқартуын пайдалана болжанатын элементтердің альтернативтік мәндерінің ықтималдығын хабарлау керек.

Ықтималдық туралы ақпаратты болжанатын элементтерден кейін қосу керек, бұдан кейін элементтің немесе элементтердің альтернативті мәні көрсетіледі. Қажеттілігінше уақыттың тиісті тобын және «ТЕМРО» өзгеруін индекс алдында қосатын ондық пайыздағы ықтималдықты көрсетумен «РRОВ» қысқартуын пайдалана отырып метеорологиялық жағдайлардың уақытша өзгеруі болжамының ықтималдығын хабарлау керек.

Альтернативті мәннің ықтималдығы немесе мәні 30 % кем болса айтарлықтай емес болып есептеледі, оны көрсету қажет емес. Авиацияға қарай альтернативті мәннің ықтималдығы немесе мәні 50 % немесе одан астам болса ықтималдық деп есептеу керек емес, оның орнына қажетінше мұндай жағдай «ВЕСМG» немесе «ТЕМРО» немесе «FМ» қысқартуын қосумен әрекет ету мерзімін бөлумен өзгеру индекстерін пайдалану арқылы көрсетілуі тиіс. Ықтималдық тобы «FМ» уақыт индексі немесе «ВЕСМG» өзгеру индексі үшін элементті анықтаушы ретінде пайдалану қажет емес.

252. Ықтималдық тобының санын минимумға қарай топтастыру керек, 5-тен аспауы тиіс.

5-параграф. «Тренд» түрінде қону үшін болжамдар
253. Қону үшін болжамдарды тиісті өкілетті метеорологиялық орган тағайындаған метеорологиялық орган жасайды. Мынадай болжамдар жергілікті пайдаланушыларды, сондай ақ әуеайлақтан 1 сағат ұшу уақытының шегінде орналасқан әуе кемелері үшін арналған.

254. Қону үшін болжамдар «тренд» болжамдары түрінде жасалады.

255. «Тренд» түріндегі болжам осы әуеайлақта жергілікті тұрақты мәліметке немесе арнайы мәлімет немесе МЕТАR немесе SPECI мәліметтеріне қоса берілетін метеорологиялық жағдайлардың күтілетін өзгерістерді қысқаша мазмұндаудан тұрады. «Тренд» түрінде қону үшін болжам әрекет ету кезеңі қону үшін болжамның бөлігі болып табылатын мәліметке жасалған уақыттан бастап 2 сағатты құрайды.

256. «Тренд» түріндегі болжамдар осы Қағидалардың 4 қосымшасында келтірілген талаптарға сәйкес МЕТАR, SPECI және TAF кодында қолданылатын ауа райы құбылыстарының терминдері мен қысқартуларына сәйкес шығарылады.

257. «Тренд» түріндегі болжамда бір немесе бірнеше мынадай элементтердің айтарлықтай өзгеруі көрсетіледі:

жерүсті желі;

көріну;

ауа райы құбылысы;



бұлттылық.

Айтарлықтай дәрежеде өзгеретін элементтер ғана қосылады. Бірақ бұлттылықтың айтарлықтай өзгеруі кезінде өзгеру күтілмейтін қабат немесе массивті қоса бұлттылықтың барлық топтары көрсетіледі. Көрінудің айтарлықтау өзгеруі жағдайында сондай ақ көрінуді шектеуге себепші болатын құбылыс көрсетіледі.

Егер ешқандай өзгертулер күтілмесе, бұл туралы "NOSIG" терминінің көмегімен көрсетіледі.

«Тренд» түріндегі болжамда мәліметте ол қоса берілетін бірліктер мен шкалалар пайдаланылады.

258. «Тренд» түріндегі болжамда келесі метеорологиялық элементтер енгізіледі:

1) Жерүсті желі.

"Тренд" түріндегі қону үшін болжамда жерүсті желінің өзгеруін ертіп жүретін мыналар көрсетіледі:

600 немесе орташа жылдамдықта немесе 5 м/c (10 уз) өзгеруден кейін желдің орташа жылдамдығының өзгеруімен;

5 м/c (10 уз) немесе одан көпке желдің орташа жылдамдығының өзгеруімен;

мәннің эксплуатациялық қатысына маңызды артатын желдің өзгеруімен;

шектік мөлшер желдің өзгеруі есебінен мүдделі пайдаланушылар мен ӘҚҰ тиісті уәкілетті органымен консультация негізінде уәкілетті метеорологиялық органмен белгіленуі тиіс:

1) пайдаланылатын ҰҚЖ ауыстыруды талап етеді және ҰҚЖ жолай және бүйірлік компонентердің өзгеруі, осы әуеайлақта ұшуды орындайтын әдеттегі әуе кемелері үшін негізгі эксплуатациялық шектік болып табылатын мәннің артуын куәландырады.

2) Көріну.

Күту кезінде, көріну жақсаратын болады және мынадай бір немесе бірнеше мәндерден артады және жетеді. Көріну нашарлайды және мынадай бір немесе бірнеше мәндерден тұрады: 150, 350, 600, 800, 1500 немесе 3000м, "тренд" түріндегі болжамда мұндай өзгертулер көрсетіледі. Ұшудың айтарлықтай саны көзбе көз ұшу ережесі бойынша орындалған жағдайда, болжамда көріну 5000 м жеткенде немесе асқанда өзгерту көрсетіледі.

Жергілікті жүйелі және арнайы мәліметтерге қоса берілген "тренд" түріндегі болжамда, көріну ҰҚЖ жағалай болжанған көрінуге сәйкес келеді.

3) Ауа райының құбылысы "тренд" түріндегі болжамда:

ауа райының бір немесе бірнеше құбылыстарының немесе оның тіркестері қарқындылығының күтілетін басталуы, тоқтатылуы, өзгеруі көрсетіледі: қататын жауын-шашын, орташа немесе қатты жауын-шашын (соның ішінде нөсер түрінде), найзағай (жауын-шашынмен), шаңды дауыл, құмды дауыл, осы Қағидалардың 149-тармағында көрсетілген басқа ауа-райы құбылыстары;

ауа райының бір немесе бірнеше құбылыстарының немесе оның тіркестері қарқындылығының күтілетін басталуы, тоқтатылуы, өзгеруі көрсетіледі: қататын тұман, шаңды, құмды немесе қарлы жаяу борасын,

шаңды, құмды немесе қарлы бұрқасын, найзағай (жауын-шашынсыз), дауыл, құйғыш тәрізді бұлт (торнадо немесе су құйыны).

ауа райы құбылысының күтілетін тоқтатылуы "NSW" қысқартуының көмегімен көрсетіледі;



4) бұлттылық

Күту кезінде, BKN немесе OVC ұзақтықпен бұлт қабатының төменгі шегінің биіктігі мынадай бір немесе бірнеше мәндерден артады және жетеді. Күтілгенде BKN немесе OVC ұзақтықпен бұлт қабатының төменгі шегінің биіктігі мынадай бір немесе бірнеше мәндерден азаяды және аз болады: 30, 60, 150, 300 және 450 м (100, 200, 500, 1000 и 1500 фут), "тренд" түріндегі болжамда мұндай өзгерту көрсетіледі. бұлт қабатының төменгі шегінің биіктігі 450 м (1500 фут) құраса, сондай-ақ осы белгіден ол азайса немесе ұлғайса, "тренд" түріндегі болжамда ВКN немесе ОVС-дан FEW немесе SСТ дейіназ жағына FEW немесе SСТ –тан ВКN немесе ОVС дейін көп жағына бұлт сандарының өзгеруі көрсетіледі. Ауа райы жағдайын сипаттау үшін "CAVOK" қысқартуы және бұлттардың жоғы болжанатын болса, "NSC" қысқартуы пайдаланылады;

5) Тік көріну.



Күту кезінде, аспан қараңғыланса немесе қараңғы болса әуеайлақта тік көрінудің осы бақылаулары бар. Болжамға сәйкес тік көріну мынадай бір немесе бірнеше мәндерден артса немесе жетсе, болжамға сәйкес тік көріну мынадай бір немесе бірнеше мәндерден нашарласа және аз болса: 30, 60, 150 немесе 300 м (100, 200, 500 немесе 1000 фут), "тренд" түріндегі болжамда мұндай өзгерту көрсетіледі;

6) Қосымша өлшемдер



1) -5) тармақтарында көрсетілгенмен қатар, әуеайлақтардың жергілікті эксплуатациялық минимумдарының есебінен өзгертулер нұсқауларының өлшемдері.

259. Элементтердің өзгеруін күткен кезде «тренд» түріндегі болжамды құрайтын хабарламалардың тренд бөлігі өзгеру индекстерінің бірі: «ВЕСМG» немесе «TEMPO» басталады.

Өзгеру тобын пайдалану:

  1. «ВЕСМG» өзгеру индексі болжанатын өзгертулерді сипаттау үшін пайдаланылады, метеорологиялық жағдай тұрақты немесе ауыспалы жылдамдықпен белгіленген мәндерінің жетуі немесе артуы.

Уақытша өзгертулер болжанатын ішіндегі кезең сағат пен минуттарда уақыт топтары келетін сәйкесінше «FМ», «ТL» немесе «АТ» қысқартуларының көмегімен көрсетіледі.

Өзгеру «тренд» түріндегі болжамның кезеңінің басында басталса бірақ осы кезеңнің біткеніне дейін толықтай аяқталса уақыттың тиісті топтарымен «FМ» қысқартуы түсіріледі және уақыттың тиісті топтарымен «ТL» қысқартуы пайдаланылады.

Өзгерту күтілетін кезең немесе мерзім сәйкесінше «FМ», «ТL» қысқартуларының көмегімен көрсетіледі. өзгеру "тренд" түріндегі болжамның әрекет етуі ішінде басталса немесе толықтай аяқталса уақыттың тиісті топтарымен «FМ» және «ТL» қысқартуларын пайдалану арқылы көрсетіледі.

өзгеру «тренд» түріндегі болжамның кезеңі ішінде басталса бірақ осы кезеңнің соңында аяқталса уақыттың тиісті топтарымен «ТL» қысқартуы түсіріледі және уақыттың тиісті топтарымен «FМ» қысқартуы пайдаланылады. өзгеру «тренд» түріндегі болжамның кезеңі ішінде белгіленген мерзімде өтсе, уақыттың тиісті топтарымен «АТ» қысқартуы пайдаланылады. өзгеру «тренд» түріндегі болжамның кезеңі ішінде басталса және осы кезеңнің соңында аяқталса немесе өзгеру «тренд» түріндегі болжамның кезеңі ішінде болса, бірақ өзгеру уақыты белгісіз болса, уақыттың тиісті топтарымен «FМ», «ТL» немесе «АТ» қысқартулары түсіріледі және «ВЕСМG» өзгеру индексі ғана пайдаланылады;

2) «ТЕМРО» өзгеру индексі белгіленген мәнге жететін немесе артатын метеорологиялық жағдайлардың болжанған уақытша өзгерулерін сипаттау үшін пайдаланылады. Әр жеке жағдайда 1 сағаттан кем ұзақтық уақыт кезеңі ішінде сақталады, ал тұтастай өзгеру болжанатын ішінде жартысынан кем кезеңде.

Метеорологиялық жағдайлардың уақытша өзгеру болжанған жағдайда «тренд» түріндегі болжамның кезеңі ішінде басталып, толықтай аяқталса уақыттың тиісті топтарымен "FМ" және «ТL» қысқартуларын пайдалану арқылы көрсетіледі. Уақытша өзгеру кезеңі «тренд» түріндегі болжамның кезеңінің басында басталса бірақ осы кезеңнің біткеніне дейін толықтай аяқталса уақыттың тиісті топтарымен «FМ» қысқартуы түсіріледі және уақыттың тиісті топтарымен «ТL» қысқартуы пайдаланылады. Уақытша өзгеру «тренд» түріндегі болжамның кезеңі ішінде басталса бірақ осы кезеңнің соңында аяқталса уақыттың тиісті топтарымен «ТL» қысқартуы түсіріледі және уақыттың тиісті топтарымен «FМ» қысқартуы пайдаланылады. Уақытша өзгеру кезеңі «тренд» түріндегі болжамның кезеңі басында басталса және осы кезеңнің соңында аяқталса уақыттың тиісті топтарымен «FМ» және «ТL» екі қысқартуы да түсіріледі және «ТЕМРО» өзгеру индексі ғана пайдаланылады.

260. «РRОВ» көрсеткіші «тренд» үлгісіндегі болжамдарда қолданылмайды.

261. ӘҚҚ органы диспетчерлерінің және әуе кемелері экипаждарының сұрауы бойынша қону үшін болжамдар ашық мәтінмен таратылады.

6-параграф. Ұшу үшін болжамдар
262. Ұшу үшін болжамдарды егер бұл метеорологиялық өкілетті органдар мен пайдаланушылар арасында келісім бойынша талап етілсе, тиісті өкілетті метеорологиялық орган тағайындаған метеорологиялық орган жасайды.

263. Ұшу үшін болжам белгіленген уақыт кезеңіне жатады және ҰҚЖ кешенінің ауданында күтілетін метеорологиялық жағдайлар туралы ақпаратты қамтиды. Ұшу үшін болжам жерге жақын желдің жылдамдығы, ауа температурасы, қысым (QNH) және жергілікті келісім жасалған басқа кез келген элементтер туралы ақпаратты қамтиды.

264.Пайдаланушыларға және ұшу экипажының мүшелеріне сұраныс бойынша күтілетін ұшу уақытына дейін 3 сағат ішінде ұсынылады

265. Болжам нысаны әуеайлақтық метеорологиялық орган мен тиісті пайдаланушы арасындағы келісім бойынша белгіленеді. Ұшуға арналған болжамдарда қолданылатын элементтердің, терминологияның, бірліктердің және шкалалардың тұру тәртібі әуеайлақ бойынша мәліметтердің тиісті компоненттеріне баламалы болып табылады.

266. Ұшу үшін шығаратын болжамдарды метеорологиялық органдар болжамдарға үнемі бақылау жүргізеді және қажет болған жағдай бойынша оларға уақытымен түзетулерді енгізеді.

267. Ұшу үшін болжамдарға түзетулерді шығару өлшемдері әуеайлақтық метеорологиялық орган мен тиісті пайдаланушылар арасындағы келісім бойынша белгіленеді. Осы өлшемдер нақты әуеайлақ үшін белгіленген арнайы мәліметтерді жасау өлшемдеріне сәйкес болады.



7-параграф. Кіші биіктіктерде ұшу үшін аймақтық болжамдар
268. Ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету барысында авиациялық пайдаланушылар мен өкілетті метеорологиялық орган арасындағы келісім бойынша кіші биіктіктерде GAMET кодының нысанында жасалған ауа райының болжамдары пайдаланылады. GAMET кодының нысаны мен мазмұны осы Қағидалардың 5-қосымшасы бойынша GAMET мәліметтеріне қатысты талаптарда көрсетілген.

269. Ұшу эшелонына дейін жерден қабат үшін GAMET нысанындағы болжамдар 100 (немесе 150 таулы аудандарда, қажетінше жоғары) тиісті әуеайлақтың ЖДП жауапкершіліктің тиісті аймағында кіші биіктікте ӘК ұшуын метеорологиялық қамтамасыз етуге жауап беретін әуеайлақтық метеорологиялық органдармен шығарылады және кіші биіктікте ұшу үшін қауіптілікті беретін бағытта ауа райының құбылысы туралы мәліметті, сондай-ақ кіші биіктікте ұшу үшін талап етілетін қосымша мәліметтерді қамтиды.

GAMET болжамдары жасалуға дейінгі ұшу эшелонын ЖДП жауапкершілігі аймағындағы жоғары шекарасына және жергілікті рельефке қатысты ӘҚҚ органдары анықтайды және кіші биіктіктегі ұшулар жөніндегі нұсқаулықта көрсетіледі. GAMET аймақтық болжамға енгізілген және тек сәйкес метеорологяық элементті өзгертетін GAMET AMD түзетулері шығарылады.

270. Әуе қозғалысының тығыздығы 100 ұшу эшелонынан төмен (таулы аудандарда 150 ұшу эшелоны немесе қажет болғанда бұдан жоғары) болған жағдайда тұрақты шығарылымды және осы тәрізді ұшулар үшін аймақтық болжамдардың таралуын талап етеді және шығарылымның жиілігін, нысанды және белгіленген уақытты немесе осы болжамдардың әрекет ету кезеңін және оларға түзетулерді шығару өлшемдерін пайдаланушылармен келісіп, метеорологиялық өкілетті орган белгілейді.

271. Егер әуе қозғалысының қарқындылығы 100 ұшу эшелонынан төмен болса осы Қағиданың 6- тарауына сәйкес AIRMET ақпаратын шығару қажеттілігін туғызады, бұндай ұшуларға аймақтық болжамдар тиісті мемлекеттердің АНҚЖ мен метеорологиялық өкілетті органы арасында келісілген үлгіде жасалады.

272. Ағылшын тілінде қысқартулармен ашық мәтінді пайдалану барысында болжам, GAMET аймақты болжамы нысанында жасалады; карта нысанын пайдалану барысында болжам биіктіктердегі желдің және биіктіктердегі ауа температурасының болжамын және SIGWX құбылыстардың болжамын қиыстыру түрінде жасалады.

273. AIRMET ақпаратын шығару үшін дайындалатын кіші биіктіктерде ұшулар үшін аймақтық болжамдар 00с UTC басталып 6 сағат сайын жасалады, осының барысында олардың әрекет ету кезеңі 6 сағатты құрайды және олардың әрекет ету кезеңінің басталуына дейін 1 сағат бұрын метеорологиялық органдарға тапсырылады. Тәулік бойы жұмыс істемейтін әуежайларда алғашқы аймақтық болжамдардың әрекет ету кезеңінің басталуы стандарттық мерзімнен басқаша болуы мүмкін.

274. Кіші биіктіктерде орындалатын ұшуларға AIRMET ақпаратын шығару үшін дайындалатын аймақтық болжамдар мен алмасу РҰА сәйкес кіші биіктікте ұшу үшін ұшу құжаттамасын шығаруға жауап беретін АМО/ОМС арасында жүзеге асырылады.

275. GAMET нысанында аймақтық болжамдарды дайындау барысында олар екі тарауды қамтиды:

1) І тарау, AIRMET ақпаратын шығару үшін пайдаланылатын кіші биіктіктерде ұшуларға қауіпті болатын бағдарларда ауа райының құбылыстары туралы деректерді қамтиды;

2) II тарау, кіші биіктіктерде ұшулар үшін талап ететін қосымша ақпаратты қамтиды.

GAMET нысанында жасалатын аймақтық болжамда элементтердің мәні және тәртібі осы Қағидалардың 7 қосымшасы бойынша GAMET мәліметтеріне қатысты талаптарға келтірілген үлгіге сәйкес болуы тиіс. ІІ тараудағы қосымша элементтер өкілетті метеорологиялық орган мен пайдаланушылар арасындағы келісімге сәйкес енгізіледі. SIGMET хабарламасына енген элементтер GAMET аймақтық болжамдарға енгізілмейді.

276. Кіші биіктікте ұшу үшін қауіпті құбылыс GAMET аймақтық болжамына қосылған жағдайда және болжанған құбылыс шықпаса немесе аса болжанбаса тек тиісті метеорологиялық элемент өзгеретін GAMET AMD түзету шығарылады.

277. Әуеайлақтық метеорологиялық органдар GAMET болжамымен алмасуды жүзеге асырады және оларды ОРМЕТ жедел метеорологиялық мәліметтердің халықаралық банкіне жолдайды.

278. Кіші биіктіктегі ұшулар үшін аймақтық болжамдар ұшу бағыттары бойынша ұшуларды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады, бұл туралы пайдаланушылармен жасалған шартта/ келісімде және Әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта айтылады.


жүктеу 3,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау