Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы


-параграф. ӘҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығы



жүктеу 3,41 Mb.
бет4/18
Дата20.11.2018
өлшемі3,41 Mb.
#21887
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

7-параграф. ӘҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығы
124. ҰҚЖ көру мүмкіндігінің қашықтығын бағалау II мен III санатты аспаптар бойынша қонуға бет алу және қонуды орындауға арналған барлық ҰҚЖ-да және ұшу үшін пайдаланылатын және қону оттары және/немесе ЖҚО остері бер ҰҚЖ-да жүзеге асырылады.

125. ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығын бағалау нәтижелері ҰҚЭ көру мүмкіндігі немесе көру мүмкіндігінің қашықтығы 2000 метр немесе одан да кем болған кездегі кезең ішінде хабарланады.

126. ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығын бағалау деректері:

1) қонуға нақты бет алу және қонудың құралдарымен жабдықталмаған, немесе I санатты аспаптар бойынша қонуға бет алу және қону үшін жабдықталған ҰҚЖ-ның қону және орта аймағы;

2) II санатты аспаптар бойынша қонуға бет алу және қонуға арналған ҰҚЖ қону және орта аймағы;

3) III санатты аспаптар бойынша қонуға бет алу және қонуға арналған ҰҚЖ орта нүктесінің және алыс шетінің қону аймағы үшін репрезентативті болып табылады.

127. Әуеайлақ ауданында ӘҚҚ органдары және аэронавигациялық ақпарат қызметі ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығын бағалау үшін пайдаланылатын автоматтандырылған жабдықтардың пайдалану сенімділігі өзгергені туралы хабар беріледі.

128. І, ІІ және ІІI санатты аспаптар бойынша қонуға бет алуды және қонуды орындауға арналған ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығын бағалау үшін трансмиссометрлерге және тікелей шашырау өлшеуіштеріне негізделген құралдық жүйелер пайдаланылады.

129. ЖҚО пайдаланылатын әуеайлақтарда 2000 метр және одан аз мәнде өлшенген көру мүмкіндігі ҰҚЖ көру мүмкіндігі қашықтығында қайта есептеледі.

130. ТҚО пайдаланылатын әуайлақтарда 2000 метр және одан кем мәнінде көру мүмкіндігін ҰҚЖ көру мүмкіндігі қашықтығында қайта есептеутек түнгі уақытта жасалады.

131. ЖҚО және ТҚО жүйелерімен жабдықталмаған әуеайлақтарда ҰҚЖ көру мүмкіндігінің қашықтығын қайта есептеу жүзеге асырылмайды.

132. ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығын бағалау үшін құралдық жүйені пайдаланған кезде есептеуді әрбір ҰҚЖ үшін бөлек жасау керек. Есептеу үшін жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларға қатысты от жарықтарының мынадай күштерін қолданған дұрыс:

1) оттары қосылған ҰҚЖ үшін және максимал көзделген жарық күшінің 3% астамын құрайтын оттардың жарық күшінде: осы ҰҚЖ-да нақты қолданылатын оттардың жарық күші;

2) оттары қосылған ҰҚЖ үшін және максимал қолда бар жарық күшінің 3% астамын құрайтын оттардың жарық күшінде: басым жағдайларда пайдалану кезінде қолданылатын оттардың жарық күші;

3) оттары қосылған ҰҚЖ үшін (немесе ұшуды жаңартуды күткенде жарық күші аз реттелетін): басым жағдайларда пайдалану кезінде қолдануға сәйкесетін оттардың жарық күші.

METAR және SPECI ақпарларында ҰҚЖ-дағы оттар жарығының максимал көзделген күшіне негізделген ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығын көрсету қажет.

133. ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығы құралдық жүйелердің көмегімен анықталатын жағдайларда, бір дисплей (немесе, қажет болса, бірнеше дисплей) ӘМҚ-да орнатылады, ал басқа дисплейлер тиісті ӘҚҚ органдары орналасқан жерлерде орнатылады.

Дисплейлерде бейнеленетін метеорологиялық деректер әрбір датчик бейнелейтін мәндет тиесілі ҰҚЖ-ны және ҰҚЖ учаскесін көрсете отырып таңбаланады.

ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығын бақылаушылар анықтайтын жағдайларда, ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығы туралы мәліметтерді ӘҚҚ тиісті жергілікті органдарына шкаламен анықтауға сәйкес хабарлауға жататын өзгерістер орын алған жағдайларда (осы Қағидалардың 85-тармағы 1) немесе 2) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа) хабарлау қажет.

135. Бірнеше ҰҚЖ пайдаланылған және осы ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығында айырма болған кезде оның мәндері ақпарға осы мәндер қатысты ҰҚЖ нөмірлері көрсетіле отырып кіргізіледі.

136. Қатар ҰҚЖ болған жағдайда L - сол және R - оң белгілер қолданылады.

137. Жергілікті тұрақты ақпарларда және жергілікті арнайы ақпарларда, METAR және SPECI ақпарларында ҰҚЖ көріну қашықтығы туралы мәлімет 400 метрден кем болғанда ҰҚЖ көріну қашықтығы барысында 25 метр еселік өлшемде, ҰҚЖ көріну қашықтығы 400 метрден 800 метрге дейін – 50 метр еселік, ҰҚЖ көріну қашықтығы 800 метрден астам - 100 метр еселік өлшемде хабарланады.

Қолданыстағы есеп шкаласына енгізілмейтін кез келген бақылаудағы өлшем шамасы шкаланың келесі ең төменгі бөлігіне дейін азайтылып дөңгеленеді.

138. ҰҚЖ көру мүмкіндігінің қашықтығын бағалаудың төменгі шегі 50 метр, ал жоғары шегі 2000 метр болып есептеледі. Осы шектердің төмен немесе жоғары көру мүмкіндігінде METAR және SPECI ақпарларында ҰҚЖ көру мүмкіндігінің қашықтығы 50 метр төмен немесе 2000 метр жоғары деп көрсетіледі.

139. Жергілікті тұрақты ақпарларда және жергілікті арнайы ақпарларда, METAR және SPECI ақпарларында:

1) ҰҚЖ көру мүмкіндігінің қашықтығы қолданыстағы жүйенің өлшеудің жоғары шегінен жоғары болған жағдайда ол жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде ABV қысқарту, METAR мен SPECI мәліметтерде Р қысқарту түрінде көрсетіледі, бұдан кейін осы жүйемен белгіленетін ең жоғарғы мән жазылады;

2) ҰҚЖ көру мүмкіндігінің қашықтығы қолданыстағы жүйенің өлшеудің төменгі шегінен төмен болған жағдайда оны жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде BLW қысқарту, METAR мен SPECI мәліметтерде M қысқарту түрінде көрсетіледі, бұдан кейін осы жүйемен белгіленетін ең жоғарғы мән жазылады.

140. ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығын бағалау үшін құралдық жүйелерд қолданылатын жағдайларда, олардың шығу мәліметтері ағымдағы репрезентативтік шамаларды қамтамасыз етіп отыру үшін әрбір 60 минут сайын жағарып отырады. ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігі қашықтығының мәндерін орталандыру кезеңі:

1) жергілікті тұрақты және арнайы ақпарлар мен ӘҚҚ органдарында ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің дисплейлері үшін 1 минут;

2) METAR және SPECI ақпарлары үшін 10 минут болады. Алайда, егер бақылау алдындағы 10 минуттық кезең ішінде ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігі қышықтығының мәндерінің елеулі тұрақсыздығы орын алса, орта мәндерді анықтау кезінде тұрақсыздық кезеңінен кейін алынған мәндер ғана қолданылады.

Ең болмағанда 2 минут бойы ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігі қашықтығы 800, 550, 300 және 175 метрге жететін немесе асатын мәндерге кенет және тұрақты өзгеруі байқалған жағдайда елеулі тұрақсыздық орын алады.

141. Жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларында:

1) өлшем бірліктері көрсетіледі;

2) ҰҚЖ көру мүмкіндігінің қашықтығына бақылаулар ҰҚЖ бір учаскесі үшін жүргізілсе, осы бақылаулар деректері бақылау орнын көрсетпей-ақ енгізіледі;

3) ҰҚЖ көру мүмкіндігінің қашықтығын бақылау ҰҚЖ бірнеше орыннан жүргізілсе, мәліметтің басында қону аймағы үшін репрезентативті өлшем, содан кейін ҰҚЖ ортасы және шеті үшін репрезентативті өлшем көрсетіледі және осы өлшемдер репрезентативті болып табылатын орындар белгіленеді;

4) бірнеше ҰҚЖ пайдаланған кезде әр ҰҚЖ көру мүмкіндігінің қолданыстағы мәндері енгізіледі және осы мәндер жататын жолақтар көрсетіледі.

142. METAR мен SPECI ақпарларында:

1) ҰҚЖ бақылау орнын көрсетпей қону аймағы үшін репрезентативті шама;

2) қонуларды орындау үшін бірнеше ҰҚЖ, әрқайсысына бірақ төртеуден көп емес қону аймағында ҰҚЖ көру мүмкіндігі қашықтығының мәндерін енгізу және осы мәндер жататын жолақтар көрсетіледі.

143. ҰҚЖ көру мүмкіндігі қашықтығын бағалау үшін құралдық жүйелерді пайдалану кезінде METAR және SPECI ақпарларына бақылаудан кейінгі 10 минуттық кезеңде ҰҚЖ көріну қашықтығының өзгерілуі туралы ақпаратты енгізу қажет, егер 10 минут уақыт ішінде ҰҚЖ көру мүмкіндігінің қашықтығы мәндерінің өзгеруге беталысы байқалса, яғни бірінші 5 минут ішінде орта мән осы кезеңнің екінші 5 минутындағы орта мәннен 100 метрге немесе одан да артық өзгереді. ҰҚЖ көру мүмкіндігі қашықтығы арту немесе азаю жағына өзгеру беталысы байқалса, онда осы өзгерісті белгілеу үшін тиісті U немесе D қысқартулары қолданылады. 10 минуттық кезең ішінде нақты тербелу анық көрінген беталыстың болуын растамаса, ақпарларда N қысқартуы пайдаланылады. Беталыстың болуы туралы ақпарат болмаған кезде ақпарларға қысқартулар енгізілмейді.



8-параграф. Ағымдағы ауа райы
144. Әуеайлақта ағымдағы ауа райына бақылау жүргізіледі және ол туралы деректер беріледі. Ағымдағы ауа-райының мынадай құбылыстары міндетті түрде көрсетіледі: жаңбыр, сіркіреме, қар және қататын жауын-шашындар (олардың қарқындылығын қоса), мұнар, буалдыр, тұман, қататын тұман және найзағай (маңайдағы әуеайлақтардағы найзағайларды қоса).

145. Жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларға арналған ағымдағы ауа райы туралы ақпарат әуеайлақтағы жағдайлар үшін репрезентативті болып табылады.

146. METAR мен SPECI ақпарларына арналған ағымдағы ауа райы туралы ақпарат:

1) әуеайлақтағы жағдай үшін;

2) осы Қағидалардың 153-тармағында көрсетілген ағымдағы ауа райының құбылыстары, әуеайлақтың бақылау нүктесінен 8 километрден 16 километрге дейінгі шектегі маңай үшін репрезентативті болып табылады.

147. Ағымдағы ауа райының құбылыстарын бақылау үшін құралдық жүйелер пайдаланылатын болса, ақпараттың репрезентативтілігі тиісті тәртіппен орналасқан датчиктер арқылы қамтамасыз етіледі.

148. Жергілікті тұрақты және жергілікті арнайы ақпарларда, сондай-ақ METAR мен SPECI ақпарларында ағымдағы ауа райының бақылаудағы құбылыстарының түрі және сипаттамасы көрсетіледі және олардың қарқындылығына және әуеайлаққа жақындығына тиісінше баға беріледі.

149. Жергілікті тұрақты ақпарларда жәнежергілікті арнайы ақпарларда, сондай-ақ METAR мен SPECI ақпарларында тиісті жағдайда өлшемдердің қабылданған қысқартылған белгілерді пайдаланумен төменде көрсетілген ағымдағы ауа райының құбылыстарының түрлері көрсетіледі:

1) жауын-шашын:

сіркіреме (DZ), жаңбыр (RA), қар (SN), қар түйіршігі (SG), мұз қиыршығы (PL), мұзды кристаллдар (өте ұсақ) (IC), алмаз шаңы деп аталатын қалқыма күйдегі мұз қиыршықтары (осы құбылыстарға байланысты көру мүмкіндігі 5000 м немесе одан төмен жағдайда хабарланады);

бұршақ (GR) ірі бұршақтардың диаметрі кемінде 5 мм және одан да артық болған кезед хабарланады;

ұсақ бұршақ және/немесе қар түйіршігі (GS) – ең ірі бұршақтардың диаметрі 5 миллиметрден кем болғанда хабарланады;

2) көру мүмкіндігін нашарлататын құбылыстар (гидрометеорлер):

тұман (FG) – MI (төмен), ВС (тізбектер), PR (ішінара) немесе VC (маңай) сипаттамаларымен бірге қолдану жағдайларынан басқа, көру мүмкіндігі 1000 метрден кем болғанда хабарланады;

буалдыр (BR) –1000 метр және одан артық, бірақ 5000 метр артық емес көру мүмкіндігінде хабарланады;

3) көру мүмкіндігін нашарлататын құбылыстар (литометеорлар): құм (SA), шаң (құрсаулы) (DU), мұнар (HZ), түтін (FU), жанартау күлі (VA).

Осы тармақшада көрсетілген қысқартулар, «DR» сипаттамасы (жаяу бұрқасын) мен жанартау күлін бірге қоолданған кездегі SA қоспағанда, литометеорлердің болуына байланысты көру мүмкіндігі және 5000 метр немесе одан аз көру мүмкіндігі нашарлаған кезде қолданылады.

Басқа құбылыстар – шаң/құм құйыны (РО), дауыл (SQ), құйғы тәрізді бұлттар (құйын) (FA), шаңды дауыл (DS) және құмды дауыл (SS).

150. Автоматтандырылған жергілікті тұрақты ақпарларда және жергілікті арнайы ақпарларды, METAR және SPECI ақпарларында осы Қағидалардың 149-тармағының 1) тармақшасында аталған жауын-шашынның түрлерінен басқа, түрі анықталмаған жауын-шашынға қатысты UP қысқартуы пайдаланылады.

151. Жергілікті тұрақты ақпарларда және жергілікті арнайы ақпарларды, METAR және SPECI ақпарларында, қажет болған кезде, қабылданған қысқартуларды және тиісті өлшемдерді пайдалана отырып, ағымдағы ауа райы құбылыстарының төменде берілген сипаттамалары көрсетіледі:

1) найзағай (TS) – TSRA жаңбырлы найзағай, TSSN қар, TSGR бұршақ және (немесе) TSGS ұсақ бұршақ және (немесе) қар түйіршігі немесе жауын-шашындардың осы түрлерінің үйлесімдері туралы хабарлау үшін пайдаланылады. Бақылау мерзімінің алдындағы 10 минуттық кезеңде күн күркіреп немесе әуеайлақта найзағай ойнап, бірақ әуеайлақта жауын-шашын болмаған жағдайда «TS» қысқартуы қосымша белгілерсіз пайдаланылады;

2) нөсерлі жауын-шашын (SH) – SHRA нөсерлі жаңбыр, SHSN қар, SHGR бұршақ, SHGS ұсақ бұршақ және (немесе) қиыршық қар немесе жауын-шашынының осы түрлерінің үйлесімі туралы хабарлау үшін пайдаланылады. Әуеайлақ маңайынан байқалған нөсер туралы хабарлау үшін, осы Қағидалардың 153-тармағына сәйкес, жауын-шашынның түрі немесе қарқындылығын көрсетпей, VCSH қысқартуын пайдалану қажет.

3) қататын (FS) - өте суытылған су тамшылары немесе жауын-шашын; FG, DZ және RA сипаттамаларымен бірге пайдаланылады;

4) жаяу бұрқасын (BL) – желмен жер деңгейінен 2 метр (6 фут) және одан астам биіктікке көтерілетін DU, SA немесе SN туралы хабарлау үшін пайдаланылады;

5) сырма борасын (DR) – желмен жер деңгейінен 2 метр (6 фут) және одан астам биіктікке көтерілетін DU, SA немесе SN туралы хабарлау үшін пайдаланылады;

6) төмен (MI) – жер деңгейінен 2 метр (6 фут) кем;

7) тізбектер (ВС) – әуеайлақтың кей жерлерін басатын тұманның тізбегі;

8) ішінара (PR) – әуеайлақтың маңызды бөлігі тұман басады, ал қалған бөлігінде тұман болмайды.

152. Жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларда найзағайдың орын ауыстыруы мен бағыты туралы сегіз румбы бойынша хабарланады.

153. Жергілікті тұрақты ақпарларда және жергілікті арнайы ақпарларды, METAR және SPECI ақпарларында ағымдағы ауа райының хабарланатын құбылыстарының тиісті қарқындылығын және қажет болған жағдайда әуеайлаққа жақындығын мынадай тәртіпте көрсету қажет:




Қарқындылық/

жақындық


Қысқартулары бар ашық мәтін: жергілікті тұрақты және арнайы ақпарлар

METAR, SPECI

Әлсіз               

FBL

-

Орташа              

MOD

(көрсеткішсіз)

Күшті               

HVY

+

Маңай

VC

VC

      мына сипаттамалармен бірге қолданылады:

DZ, GR, GS, PL, RA, SG, SN және UH (немесе ағымдағы ауа райының осы үлгілерімен үйлесімділікте);

DS, SS (DS және SS жағдайларында орташа немесе қатты қарқындылық көрсетіледі).

Аз қарқындылық жауын-шашын үшін ғана көрсетіледі.

Маңай (VC) – әуеайлақтың бақылау нүктесінен шамамен 8 километр және 16 километр арасында, ағымдағы ауа-райының DS, SS, FG, FC, SH, PO, BLDU, BLSA, BLSN, TS және VA сипаттамалармен бірге қолданылады.

154. Жергілікті тұрақты ақпарларда және жергілікті арнайы ақпарларды, METAR және SPECI ақпарларында әуеайлақта және оның маңайында ұшу орындауға әсер ететін ағымдағы ауа-райын толық сипаттау мақсатында осы Қағидалардың 151-тармағында келтірілген сипаттамаларды және осы Қағидалардың 153-тармағында келтірілген құбылыстардың әуеайлаққа жақындығын көрсете отырып, осы Қағидалардың 149-тармағында келтірілген ағымдағы ауа райы құбылыстарының қысқартылған бір немесе бірнеше, ең көп дегенде үш мәні пайдаланылады. Мына жалпы қағидалар қолданылады:

1) бірінші кезекте құбылыстың қарқындылығы немесе әуеайлаққа жақындығы көрсетіледі;

2) одан соң ауа-райы құбылысының тиісті сипаты және/немесе түрі көрсетіледі, мысалы, «+TSRA» немеме «VCFG»;

3) ауа райы құбылыстарының әртүрлі екі түрі байқалған кезде ауа-райы құбылысына жататын қарқындылықтың немесе әуеайлаққа жақындығының индексінен кейін осы құбылыс көрсетілетін екі жеке топпен хабарландырылады.

4) бақылау кезінде жауын-шашынның әртүрлі түрлерін бір топпен хабарландыру қажет, осының барысында жауын-шашының жиынтық қарқындылығын көрсететін қарқындылықтың бір индексінен кейін жауын-шашынының басым түрі көрсетіледі, мысалы «TRASN», не болмаса «–SNRA FG», не болмаса «+SNSN BLSN», не болмаса «–SN BLSN».

155. Ауа температурасы минус 30 градус Цельсий және одан төмен болғанда тұман байқалған кезде жақын маңайда су қоймалар болмаса, онда «FZFG» емес, «FG» хабарланады

156. Жауын-шашынның қарқындылығын көзбен шола бағалау кезінде көру мүмкіндігінің мәндері мен ауа-райы құбылысының үйлесімділігі, бұлттылық пішімі мен басқа да метеорологиялық факторлар ескеріледі.

157. Атмосфералық құбылыстарды бақылау нәтижелері ауа райының журнал–күнделігіне қарқындылықтың басталу, аяқталу және өзгеру уақытын көрсете отырып көрсетіп, құбылыс түрінің таңбаларымен жазылады. Атмосфералық құбылыстардың қарқындылығы ауа райының журнал-күнделігінде құбылыс таңбасының жанына белгіленеді. Әлсіз қарқындылық кезінде құбылыс таңбасының қасына «0», қатты қарқындылық жағдайында «2» қойылады.


9-параграф. Бұлттылық және деректерді ақпар түрінде ұсыну
158. Ұшулар үшін маңызды бұлттылықты сипаттау үшін бақылаулар жүргізіледі және бұлттардың саны, түрі және төменгі шегінің биіктігі туралы мәліметтер беріледі. Аспандағы жағдайды белгілеу кезінде қиындық туса, бұлттардың санын, түрін және төменгі шегінің биіктігін бақылау орнына тігінен көру мүмкіндігі бақыланады және ол туралы деректер хабарланады. Бұлттардың төменгі шегінің биіктігі және тігінен көру мүмкіндігі туралы деректер метрлерде (футтарда) беріледі.

159. Жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларда пайдалануға арналған бұлттылықты бақылау ҰҚЖ қолданылатын шегіне (шектеріне) репрезентативті болып табылады.

160. METAR мен SPECI ақпарларында пайдалануға арналған бұлттылықты бақылау әуеайлақ және оның маңайы үшін репрезентативті болып табылады.

161. Бұлттылықтың көлемін және бұлттардың төменгі шегінің биіктігін өлшеу үшін құралдық жүйелер пайдаланылатын жағдайларда бақылаулардың репрезентативтігін осы Қағидаларға 3-қосымшаның 9 және 10 тармақтарына сәйкес орналасқан датчиктерді қолдану есебінен қамтамасыз ету қажет.

162. Бұлттардың төменгі шегінің биіктігі әуеайлақтан асып кетуге қатысты көрсетіледі. Қонуға дәл бет алу үшін жабдықталған ҰҚЖ пайдалану кезінде оның табалдырықтан 10 метрге (33 футқа) асып кетуі әуеайлақтан асып кетуден ерекшеленетін болса, бұлттардың төменгі шегі биіктігінің өлшенген мәніне бүйіттіктер айырымына түзетулер жасалады.

Ашық теңізде орналасқан құрылыстардан ақпарлар ұсыну кезінде бұлттардың төменгі шегінің биіктігі теңіздің орташа деңгейіне қатысты көрсетіледі.

163. METAR және SPECI ақпарында бұлттардың төменгі шегінің биіктігі туралы мәліметтер 3000 метрге (10000 футқа) дейінгі биіктік кезінде 30 метр (100 фут) еселі өлшеммен хабарланады.

164. Жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларда және ATIS берілімдерінде бұлттардың төменгі шегінің биіктігі және тігінен көру мүмкіндігі туралы мәліметтер 600 метрге дейін, осы биіктікті қосқанда, 10 метрге еселі шамамен және 600 метрден (300 фут) 3000 метрге (10000 фут) дейінгі диапазонда 30метрге (100 футқа) еселі шамамен хабарланады.

165. Жергілікті тұрақты ақпарларда және жергілікті арнайы ақпарларды, METAR және SPECI ақпарларында:

1) бұлттардың көлемін «FEW» (аз 1-2 октанттар), «SCT» (шашыраңқы 3-4 октанттар), «BKN» (ақша бұлттар 5-7 октанттар) немесе «OVC» (тұтас 8 октанттар) қысқартуды пайдалану арқылы көрсету қажет;

2) будақ – жаңбырлы және (немесе) мұнара тәрізді будақ бұлттарды CB мен TCU қысқартуларды пайдалану арқылы көрсету қажет;

3) тігінен көру мүмкіндігі 600 метрге (2000 футқа) дейінгі биіктікке дейін METAR және SPECI ақпарларында 30 метрге (100 фут) еселі шамада, жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларда 10 метрге еселі шамада көрсетіледі;

4) егер ұшу үшін маңызды бұлттар болмаса және тігінен көру мүмкіндігі шектелмесе, ал CAVOK қысқартуы ауа райының жағдайын сипаттау үшін жарамаса, онда NSC қысқартуы (бұлттылық жоқ) пайдаланылады;

5) бұлттардың бірнеше қабаты немесе ұшу үшін маңызды бұлттар жеке алаптар түрінде бақыланса, бұлттардың төменгі шетінің биіктігін және көлемін бұлттардың төменгі шегі биіктігінің өсу тәртібінде және мынадай өлшемдерге сәйкес көрсетіледі:

ең төменгі қабат немесе алап, санына қарамастан FEW, SCT, BKN немесе OVC тәрізді көрсетіледі;

көкжиектің 2/8 астам жабатын мынадай қабат немесе алап SCT, BKN немесе OVC тәрізді көрсетіледі;

көкжиектің 4/8 астам жабатын жоғарылау қабат немесе алап BKN немесе OVC тәрізді көрсетіледі;

будақ-жаңбырлы және (немесе) мұнара тәрізді будақ бұлттар, олар байқалған бірақ жоғарыда аталаған ақпаратта көрсетілмеген;

6) бұлттардың төменгі шегі сейілген, сөгілген немесе тез өзгерген жағдайда ақпарда бұлттардың немесе оның бөліктерінің төменгі шегінің минимал биіктігі көрсетіледі;

7) бұлттардың жеке қабаты (алабы) төменгі жалпы шегі бар будақты-жаңбырлы және (немесе) мұнара тәрізді будақ бұлттардан құралса, бұлттардың түрлері ақпарда будақты-жаңбырлы бұлт ретінде көрсетіледі.

Мұнара тәрізді будақ бұлттар тігінен созылыңқы үлкен күшті будақ бұлттардың болуын растайды.

166. Есептеу шкаласына салынбайтын, осы Қағидалардың 163, 164, тармақтарында және 165-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген бақылаудағы кез келген шама шкаланың келесі ең төмен мәніне дейін азайтылып дөңгелектенеді.

167. Жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларда:

1) бұлттардың төменгі шегінің биіктігі және тігінен көру мүмкіндігі туралы деректерді ұсыну үшін пайдаланылатын өлшем бірліктері көрсетіледі;

2) бірнеше ҰҚЖ пайдаланылған және осы ҰҚЖ бұлттардың төменгі шектеріне бақылаулар аспаптар арқылы жүргізілген жағдайда, мәліметтерде әр ҰҚЖ үшін бұлттардың төменгі шектерінің қолданыстағы мәндері жазылады және олар жататын ҰҚЖ көрсетіледі.

168. Автоматтандырылған жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларда, METAR мен SPECI ақпарларында:

1) бұлттардың түрін автоматтандырылған бақылау жүйесі арқылы бақылауға мүмкіндік болмаған жағдайда бұлттылықтың әр тобына бұлттар туралы мәліметтерді «///» белгімен ауыстырылады;

2) автоматтандырылған бақылау жүйесі бұлттарды анықтамаған жағдайда, NCD (бұлттар анықталмады) қысқарту пайдаланылады;

3) будақ-жаңбырлы және мұнара тәрізді будақ бұлттарды автоматтандырылған бақылау жүйесі анықтаған кезде, бұлттардың төменгі шегінің биіктігін және бұлттардың көлемін анықтауға мүмкіндік болмаса, бұлттардың төменгі шегінің биіктігі және көлемі туралы мәліметтер «//////» белгісімен өзгертіледі.

4) аспан жабық және тігінен көру мүмкіндігінің мәнін астоматтық бақылау жүйесінің көмегімен анықтау мүмкін болмаған жағдайларда, жүйенің/датчиктің уақытша істен шығуы салдарынан тігінен көру мүмкіндігі туралы мәліметті «///» белгісімен ауыстыру қажет.

169. Бұлттардың төменгі шегі биіктігінің негізгі және қосымша датчиктері істен шыққан және аспаптық құралдары болмаған жағдайда бұлттылықтың қабаты сөгілген және оның биіктігі өлшенбейтін жағдайда, БТШБ әуе кемелері экипаждарының деректері бойынша бағаланады.

170. METAR мен SPECI ақпарларында бұлттылықтың төменгі шегінің биіктігі туралы (немесе тігінен көру мүмкіндігі) ақпарат 200 метр және одан кем мәнде болғанда, төмендегі қосымша ақпарат тобында (RMK) нақтыланады. Бұл ретте QBB қысқарту пайдаланылады және бұлттардың төменгі шегінің өлшенген биіктігі метрмен көрсетіледі (бұлттардың төменгі шегінің биіктігі - 140 метр, бұл QBB 140 ретінде кодталады, 80 метр бұлттылық биіктілігі QBВ 080 кодыен жазылады.



10-параграф. Ауа температурасы және шық нүктесінің температурасы
171. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтер және METAR мен SPECI мәліметтері үшін арналған ауа температурасын және шық нүктесінің температурасын бақылау ҰҚЖ барлық кешені үшін репрезентативті болып табылады.

172. Ауа температурасы және шық нүктесінің температурасы Цельсий (бұдан әрі - 0С) градусымен хабарланады.

173. Жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларда және METAR немесе SPECI ақпарларында ауа температурасы және шық нүктесінің температурасы туралы мәліметтер 0С толық градустарына еселі өлшемдерде хабарланады. Деректерді хабарландыру үшін пайдаланылатын шкалаға енгізілмейтін кез келген бақылаудағы мән 0С жақын градусына дейін дөңгеленеді, осының барысында 0,5 градус бақылаудағы мәндер 0С жақын градусына дейін жоғары дөңгеленеді.

174. Жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларда және METAR немесе SPECI ақпарларында температура 0 градус 0С төмен көрсетіледі.

METAR немесе SPECI ақпарларында ауа температурасы мен шық нүктесінің температурасы «/» белгісімен бөлінген екі цифрмен көрсетіледі. 0С төментемпературалардың алдында «М» (минус) индексі тұрады.

175. Ауа температурасының және шық нүктесі температурасы градусының дөңгеленген толық өлшемдеріне минус 9-дан плюс 9-ға дейінгі диапазонның алдында «0» қойылады.

176. Қысқартулармен ашық мәтінді хабарландыру үшін мәліметтерде ауа температурасын «Т» символымен, шық нүктесінің температурасын «ТР» символымен белгілеу қажет. 0 градус 0С болғанда төмен температураны көрсету барысында температура мәнінің алдында «МS» символы қойылады.

11-параграф. Атмосфералық қысым
177. Атмосфералық қысым өлшенеді, ал QNH және (немесе) QFE өлшемдері гПа немесе сынап бағанасының миллиметрлерінің (бұдан әрі - сн.бғ.мм.) он бөлігіне дейін нақты есептеп шығарылады.

178. Қонуға дәл кіру үшін жабдықталмаған, табалдырықтары әуеайлақтан 2 метр (7 фут) төмен немесе жоғары орналасқан ҰҚЖ, сондай-ақ қонуға нақты бет алу үшін жабдықталған ҰҚЖ QFE өлшемдер табалдырықтың тиісті арттыруына қатысты есептеледі.

179. Барометр ҰҚЖ табалдырығынан 2 метр деңгейден жоғары немесе төмен орналасқан жағдайда өлшенген мәнге биіктіктердің әр түріне түзету енгізіледі. Барометр (сынап бағанасының «нөлі») мен ҰҚЖ тиісті табалдырығы арасында биіктіктердің әралуан түрлері туралы деректерді әуежай қызметтері әуеайлақ метеорологиялық органына хабарлайды.

180. Жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларға және METAR немесе SPECI ақпарларына енгізілетін QNH мен QFE деректері гПа он бөлігімен есептеледі және мәліметтерде толық гПа еселі өлшемдерде төрт цифрды пайдаланумен хабарландырылады. Деректерді хабарландыру үшін пайдаланатын шкалаға енгізілмеген кез келген бақыланатын мән жақын толық гПа дейін дөңгеленеді.

181. Атмосфералық қысымды өлшеу үшін автоматты жабдық, QNH дисплейлері пайдаланылатын жағдайларда және егер, осы Қағидалардың 182-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қажет болса, барометрмен байланысты QFE дисплейлері ӘМҚ-ға тиісті ӘҚҚ органдарының тиісті дисплейлерімен қатар орнатылады. QFE (QNH ) бейнеленетін мәндері осы Қағидалардың 182-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бірнеше ҰҚЖ-ға тиесілі болса, дисплейлер QFE (QNH ) бейнеленетін мәндері тиесілі ҰҚЖ-ны көрсете отырып, анық таңбаланады.

182. Жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларға:

1) QNH және QFE туралы ақпарат пен олардың өлшем бірліктері;

2) QFE мәндері бірнеше ҰҚЖ қажет болса, осы мәндер қатысты ҰҚЖ-ны көрсете отырып, әрбір ҰҚЖ үшін талап етілетін QFE мәні енгізіледі.

183. METAR мен SPECI ақпарларына гПа түріндегі QNH мәндері енгізіледі, ал QFE мәндері (с.б.мм және гПа) қосымша ақпараттың тобына (RMK) енгізіледі.

183. METAR мен SPECI ақпарларына тек гПа түріндегі QNH мәндері енгізіледі, ал QFE мәндері (с.б.мм және гПа) қосымша ақпараттың тобына (RMK) енгізіледі.



12-параграф. Қосымша ақпарат
184. Жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларға, METAR немесе SPECI ақпарларына ең көп дегенде үш топты пайдалана отырып, мынадай ақпарат (ауа райының жақында болған құбылыстары, яғни соңғы шығарылған тұрақты мәліметтен кейінгі кезеңде немесе өткен сағатта, бірақ бақылау сәттегі емес, осы кезеңдердің қысқасына тәуелді, әуеайлақта бақыланған ауа райының құбылыстары туралы) енгізіледі:

1) мұзданатын жауын-шашын (REFZDZ, REFZRA);

2) орташа немесе қатты жауын-шашын, соның ішінде нөсер (REDZ, RERA, RESN; RESG, REPL, RESHRA; RESHSN, RESHGR; RESHGS);

3) сырғыма бұрқасын (REBLSN);

4) шаңды дауыл, құмды дауыл (REDS, RESS);

5) найзағай (RETS, RETSRA, RETSSN, RETSGR, RETSGS);

6) құйғыш тәрізді бұлт (торнадо немесе құйын) (REFC);

7) жанартау күлі (REVA);

Жоғарыда аталған құбылыстар кезінде ауа райы жақындағы ерекше құбылыстарының қарқындылығы көрсетілмейді.

185. Жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларға қосымша ақпарат ретінде төменде аталған ерекше метеорологиялық жағдайлар немесе олардың жиынтығы туралы ақпарат енгізіледі:

1) будақты-жаңбырлы бұлттар (CB);

2) найзағай (TS);

3) орташа немесе қатты турбуленттілік (МOD TURB, SEV TURB);

4) желдің ауысуы (WS);

5) бұршақ (GR);

6) қатты дауылдың желісі (SEV SQL);

7) орташа немесе қатты мұздану (MOD ICE, SEV ICE);

8) қататын жауын-шашын (FZDZ, FZRA);

9) күшті тау толқындары (SEV MTW);

10) шаңды дауыл немесе құмды дауыл (DS, SS);

11) жаяу бұрқасын (BLSN);

12) құйғыш тәрізді бұлт (торнадо немесе құйын) (FC).

Мүлдем мүмкін емес жерлерде жағдайлардың орнын көрсету қажет. Ол үшін қысқартуларымен қоса ашық мәтінді қолдана отырып, қосымша ақпаратты қажет кезде қосу керек.

Қонуға кіру және ұшып көтерілу аймақтарындағы ерекше метеорологиялық жағдайлар туралы ақпаратты жерден анықтау мүмкін болмаған кезде, қосымша ақпарат ретінде (100 километр радиуста найзағай ошақтарының болуы туралы және басқа да) МРЛ деректерін немесе биіктікке көтерілу немесе қонуға кіру сатысында әуе кемелерінің бортынан бақылау деректерін алады.

186. Жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларға, METAR немесе SPECI ақпарларына жергілікті жағдайлармен расталғандай желдің ауысуы туралы ақпаратты енгізу қажет, қажет болған жағдайда осы ақпарат қабылданған қысқартулармен ашық мәтінмен көрсетіледі.

187. Жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларға, METAR немесе SPECI ақпарларына қосымша ретінде:

1) тікұшақтардың ұшуын қамтамасыз ету мақсатында ашық теңізде құрылыстарда орнатылған авиациялық метеорологиялық станцияларынан теңіз бетінің температурасы және жағдайы туралы;

2) тиісті әуеайлақтық қызметтер ұсынатын ҰҚЖ жағдайы туралы ақпараттар енгізіледі.



13-параграф. Метеорологиялық радиолокаторлардың көмегімен автоматтандырылған бақылау
188. Метеорологиялық радиолокаторлармен (МРЛ) жабдықталған әуеайлақтарда бұлттардың құралуына, найзағай ошақтарының, жауын-шашын аймақтарының кеңістікте таратылуына және олардың ауысуы мен дамуына бақылау жүргізіледі.

189. Автоматтандырылған радиолокациялық жүйесінің бақылау жүргізу кезеңділігі метеорологиялық және синоптикалық жағдайлармен анықталады.

МРЛ-дың таралу радиусында найзағай қаупі бар будақты-нөсерлі және (немесе) нөсерлі жауын-шашынды, бұршақты, дауылды бұлттардың ошақтары анықталған кезде бақылау 10 минуттан 30 минутқа дейінгі аралықта жүргізіледі және автоматтандырылған радиолокациялық жүйелердің мүмкіндіктерімен анықталады.

190. МРЛ-мен бақылау нәтижелері қашықтықтан өңделеді және кезекші синоптик пен ӘҚҚ диспетчерінің жұмыс орындарында орнатылған арнайы дисплейлерде радиолокациялық метеорологиялық деректер түрінде бейнеленеді.

Сондай-ақ өңделген радиолокациялық ақпарат электронды түрде ӘҚҰ органының автоматтандырылған жұмыс орындарына берілуі мүмкін.

Егер МРЛ ақпараты ӘҚҰ органдарына тікелей сөйлеу арналарымен немесе телефонмен ауызша түрде берілетін болса, онда бұлттылық және найзағай ошақтары аймақтарының орналасу орындары әуеайлақтың бақылау нүктесіне қатысты көрсетіледі.

191. Әуеайлақтан 100 километр радиуста ошақтар пайда болған кезде олардың орналасуы туралы ақпарат ATIS хабарламаларына енгізіледі. Аталған ақпаратқа мынадай мәліметтер енгізіледі:

1) ошақтың сипаттамасы;

2) әуеайлақтың бақылау нүктесіне қатысты ошақ орталығының орналасу жері (азимут және қашықтық);

3) сегіз румбадағы бағыт және ошақтың ауысу жылдамдығы (с/км).

192. Найзағай ошақтарының орналасқан орны туралы ақпарат сағат тілі бойынша азимуттар туралы және ошақ шекарасы немесе ошақ аймағының бойымен таңдалған нүктелер бойынша арақашықтық туралы деректерді көрсете отырып беріледі.

193. МРЛ-мен жабдықталған әуеайлақтарда метеорологиялық радиолокациялық ақпарат алу үшін басқа метеорологиялық органдар пайдаланатын, әуеайлақтан 50 километр радиуста орналасқан, МРЛ ақпараты пайдаланылады.

194. Әуеайлақта найзағай пеленгаторы болған жағдайда оның деректері найзағай ошақтарының орналасқан орнын нақтылау үшін пайдаланылады.

195. Автоматтандырылған қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы алынған радиолокациялық мәліметтерді пайдалану жөніндегі арнайы нұсқаулықтарда және басшылықтарда анықталады.



14-параграф. Метеорологиялық бақылау жүргізудің автоматтандырылған жүйелері
196. Бақылау жүргізудің автоматтандырылған жүйелері ұсынатын жергілікті тұрақты және арнайы ақпарлар, METAR және SPECI ақпарлары (ағымдағы ауа-райы құбылыстары мен бұлттылық мөлшерін бақылауды қоса алғанда) адамның араласуынсыз беріледі.

197. Автоматты бақылау жүргізу жүйелерінен (адамның араласуынсыз) алынатын METAR немесе SPECI ақпарлары әуеайлақ жұмыс істемейтін кезеңде, сондай-ақ пайдаланушымен келісім бойынша метеорологиялық орган белгілегендей, әуеайлақтың жұмыс уақытында қолданылады.

198. Автоматты бақылау жүйелерінен (адамның араласуынсыз) алынатын жергілікті тұрақты және арнайы ақпарлар, METAR және SPECI ақпарлары пайдаланушымен келісім бойынша метеорологиялық орган белгілегендей, әуеайлақ жұмыс істейтін кезеңде қолданылады.

199. Автоматты бақылау жүйелерінен алынатын жергілікті тұрақты және арнайы ақпарлар, METAR және SPECI ақпарлары «AUTO» сөзімен белгіленеді.



4-тарау. Әуе кемелерінің борттарынан бақылау және жеткізу
1-параграф. Әуе кемелерінің борттарынан бақылауды ұйымдастыру
200. Әуе кемелерінің борттарынан жүргізілетін метеорологиялық бақылау дағдылы жердегі бақылаумен толық жабдықталмаған аудандардың жағдайлары туралы ақпаратты алу үшін және орташа және қатты турбуленттік, орташа және қатты мұздану, желдің ауысуы және әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне жағымсыз ықпал ете алатын басқа құбылыстар туралы ақпаратты алу үшін пайдаланылады.

201. ӘМО немесе МБО әуе кемелерінің борттарынан бақылау деректері (басқа көздерден алынатын ақпарат кешенінде) бойынша метеорологиялық жағдайлардың өзгеруін бақылауды және ұшу бағдары және аудандары бойынша болжамдарға және ескертулерге түзетулер жасауды қамтамасыз етеді.

202. Әуе кемелерінің борттарынан бақылау:

1) биіктікке көтерілу және бағдар бойынша ұшу сатыларында борттан тұрақты бақылауды;

2) ұшудың кез келген сатысында борттан арнайы және басқа да тұрақты емес бақылауды қамтиды.

203 Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде AIKEP беріліміне арналған міндетті жеткізу нүктелері жоқ, сондықтан әуе кемелерінің экипаждары әуе кемелерінің борттарынан тұрақты бақылау жүргізуден босатылады.

Арнайы және басқа да тұрақсыз бақылаулардың деректері барлық әуе кемелерінің борттарынан сөйлеу байланысының құралдарын пайдалана отырып:

1) ұшу уақытында бақылау жүргізу сәтінде немесе оларды жүргізіп болғаннан кейін мүмкіндігіне қарай;

2) биіктікке көтерілу кезінде – қауіпсіз биікке жеткеннен кейін;

3) қонуға кірген кезде – қонғаннан кейін беріледі.



2-параграф. Әуе кемелерінің борттарынан арнайы және басқа да тұрақсыз бақылау
204. Арнайы бақылау мынадай жағдайларда әуе кемелерінің борттарынан жүргізіледі:

1) орташа және қатты турбуленттік;

2) орташа және қатты мұздану;

3) қатты тау толқыны;

4) жасырын, бүркелген ақ жауынды немесе дауыл желісі бойынша бұршақсыз найзағай;

5) жасырын, бүркелген ақ жауынды немесе дауыл желісі бойынша бұршақты найзағай;

6) қатты шаңды немесе қатты құмды дауыл;

7) жанартау күлінің бұлты.

205. Әуе кемесінің командирі диспетчерге биіктікке көтерілу немесе қонуға кіру аймақтарында хабарлайтын метеорологиялық жағдайларға мыналар жатады:

1) турбуленттіліктің болуы;

2) мұзданудың болуы;

3) желдің ауысуы.

206. Осы Қағидалардың 204-тармағында көрсетілген көрсетілмеген, әуе кемесі командирінің пікірі бойынша ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін немесе басқа әуе кемелерінің ұшу тиімділігіне елеулі ықпалын тигізетін өзге де метеорологиялық жағдайлар болған кезде, әуе кемесінің командирі бұл туралы қысқа мерзімде тиісті ӘҚҚ органына хабарлайды.

207. Мұзданудың, турбуленттіліктің және желдің ығысуының болуын әуе кемелерінің борттарынан алынған бақылау деректері растайды, өйткені бұл құбылыстар жерден бақыланбайды.

208. желдің жылжуы туралы хабарлама (жеткізу) болған жағдайда:

1) әуе кемесінің үлгісі хабарлануға тиіс;

2) егер желдің болжанған жылжуы байқалмаса, ұшқыштар қысқа мерзімде тиісті ӘҚҰ органдарына ескертуі керек.

209. Әуеайлақтың метеорологиялық органы биіктікке көтерілу немесе қонуға бет алу аймақтарындағы шын мәнісінде жоқ желдің жылжуы туралы ескертуді немесе ақпарды шығарған кезде әуе кемесінің командирі ол туралы тез арада әуе қозғалысын басқару диспетчеріне хабарлайды.

210. Әуе кемелерінің бортынан арнайы бақылау жүргізу, сондай-ақ, ӘМО сұранысы бойынша жүргізіледі.

211. Сөйлеу байланысын пайдаланған кезде борттан берілетін хабарламалар (жеткізулер) мына элементтерді қамтиды:

1) хабарлама түрінің көрсеткіші;

2) 1-тарау (орналасқан орны туралы ақпарат): әуе кемесінің тану индексі, орналасқан орны немесе ендігі және бойлығы, уақыты, эшелоны немесе эшелондар диапазоны;

3) 2-тарау (метеорологиялық ақпарат): беруді талап ететін жағдайлар осы Қағидалардың 204-тармағында аталған тізбеден алынады және төмендегі таңбаларға сәйкес белгіленеді:

SEVTURB;


SEVICE;

SEVMTW;


TSGR;

TS;


HYY SS;

VACLD;


VA;

MODTURB;


MODICE.

3-параграф. Әуе кемелерінің борттарынан алынған хабарламаларды (жеткізулерді) алмасу
212 Ұшу кезінде әуе кемелері сөйлеу байланысының құралдарын пайдалана отырып берген арнайы жеткізулер ӘМО/МБО беріледі.

213. Сөйлеу байланысының құралдарын пайдалана отырып, борттан алынған арнайы жеткізулерді МБО кідіртпей дүниежүзілік аймақтық болжау орталықтарына және авиациялық бекітілген қызмет шеңберінде деректерді таратудың спутниктік жүйесін пайдалануға және Интернетті пайдалануға негізделген қызметтерді пайдалануға арналған өңірлік авиациялық келісімге сәйкес тағайындалған орталықтарға жібереді.

214. МБО жанартау күлінің бұлты туралы борттан алынған жеткізулерді дереу, тиісінше, жанартау күлі бойынша кеңес беру орталығына (VAAC) жібереді.

215. Сөйлеу байланысын қолдану кезінде орналасу жері ӘҚҰ органдарына жеткізулер беру пунктін көрсету жолымен беру жағдайларын қоспағанда, бортпен хабар алмасу олар қабылданған түрде жүзеге асырылады және ӘМО/МБО бұл деректердітиісті ендікке және бойлыққа ауыстырады.

216. МБО борттан арнайы жеткізу қабылдаған, бірақ, синоптиктің пікірі бойынша, осы жеткізуге себеп болған құбылыс тұрақты болмайды, сондықтан SIGMET хабарламасын шығару талап етілмейді деп есептеген жағдайда борттан алынған бұл арнайы жеткізу осы Қағидалардың 320-тармағында сөз болған SIGMET хабарламасын тарату қағидаларына сәйкес таратылады.

217. Әуе кемесінің бортынан алынған арнайы жеткізуді ӘҚҚ органының диспетчерінің басқа әуе кемелерінің бортына беруі МБО-ның осы жеткізу негізінде жасаған SIGMET және (немесе) AIRMET ақпараты шыққаннан кейін тоқтатылады.

218. Осы Қағидалардың 211-тармағында аталған құбылыстар туралы әуе кемесінің бортынан алынған арнайы жеткізулер және ӘҚҚ органдары әуе кемелеріне жіберетін SIGMET және AIRMET ақпараты осы сәтте әуе кемесінің ұшу бағытында орналасқан әуе кемесінен 2 сағаттық ұшу уақытының шегіндегі маршруттың бөлігін қамтиды.

4-параграф. Әуе кемелерінің борттарынан алынған бақылау деректерін тіркеу
219. Әуеайлақ метеорологиялық органы ӘҚҚ органы арқылы әуе кемелерінің борттарынан алған хабарламаларды арнайы журналға тіркейді.

220. Жанартау күлінің бұлты туралы бұлт артындағы борттан алынған арнайы бақылау осы Қағидалардың 211-тармағына сәйкес борттан алынған жеткізу түрінде тіркеледі. Алынған жеткізулер ӘМО пікірі бойынша жанартуа күлінің бұлты басуы мүмкін маршруттар бойынша ұшуға арналған ұшу құжаттамасына енгізіледі.

221. Әуе кемесі әуеайлаққа келісімен жанартау күлінің бұлты туралы хабардың толтырылған нысанын пайдаланушы немесе ұшу экипажының мүшесі әуеайлақтың метеорологиялық органына береді.

222. Әуеайлақтық ақпарларда және ATIS хабарламаларында желдің жылжуы туралы әуе кемесінің бортынан алынған ақпарат 30 минут бойы, мұздану және турбуленттілік туралы ақпарат 2 сағат бойы сақталады, сосын олардың болуы туралы жаңа ақпарат болмаған кезде автоматты түрде жойылады.



5-тарау. Ауа райының авиациялық болжамдары
1-параграф. Әуеайлақ бойынша болжамдар
223. Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету үшін метеорологиялық органдар:

1) әуеайлақ бойынша болжамдар мен төмен биіктіктерде ұшуға арналған аймақтық болжамдарды шығарады;

2) ВЦЗП өнімін пайдаланады.

224. Әуеайлақ бойынша болжамды уәкілетті метеорологиялық орган тағайындаған әуеайлақтың метеорологиялық органы жасайды.

225. Әуеайлақ бойынша болжам белгіленген уақытта, болжам қолданылатын кезеңнің басталуына 1 сағат қалғанда шығарылады және белгіленген уақыт кезеңінің ішінде әуеайлақ ауданында күтілетін метеорологиялық жағдайлар туралы қысқа хабарламадан тұрады.

226. Әуеайлақтық метеорологиялық органның жаңа болжамды шығаруы, сол орын үшін және сол уақыт кезеңі үшін бұрын шығарылған бірүлгілі болжам автоматты түрде жойылатындығын білдіреді.



227. Әуеайлақ бойынша болжамдар және оларға түзетулер TAF болжамдары түрінде шығарылады және көрсетілген тәртіппен мынадай ақпаратты қамтиды:

1) болжам түрінің идентификаторы;

2) орналасу жерінің көрсеткіші;

3) болжамды шығару уақыты;

4) жоқ болжамның идентификаторы, қолданатын жағдайда;

5) болжамның әрекет ету күні және кезеңі;

6) жойылған болжамның идентификаторы, қолданатын жағдайда;

7) жерге жақын жел;

8) көріну;

9) ауа райы құбылысы;

10) бұлттылық;

11) TAF болжамының әрекет етуі кезеңінде күтілетін ауаның ең жоғарғы және төменгі температурасы және осы шамаларға жетудің тиісті уақыты (болжамдарда 24 сағатқа көрсетіледі);

12) әрекет ету кезеңі ішінде осы элементтердің бірі немесе бірнешеуінің ауа температурасы және күтілетін маңызды өзгерістері.



228. Әуеайлақ бойынша Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым ұсынған TAF код нысанында шығарылады.

229. TAF болжамдары және оған түзетулер белгіленген мекенжайларға:

ОРМЕТ деректердің халықаралық және өңірлік банктері;

Қазақстан Республикасының АМО;

AFS аясында Интернетті пайдалануға негізделген орталықтарға жіберіледі.

230. TAF болжамдарын жасайтын АМО болжамдарға үнемі бақылау жүргізеді және қажет болғанша оларға тиісті түзетулерді дереу енгізеді. Болжамдар мәтіндерінің көлемі және оларды көрсетілген өзгерістер минимумға жеткізіледі.

231. Үнемі жаңартылмайтын TAF болжамдары жойылады.

232. TAF шығару кезінде АМО әуеайлақта кез келген уақытта бірден артық емес қолданыстағы TAF болжамының бар болуын қамтамасыз етеді.

233. TAF әуеайлағы бойынша тұрақты болжамдарының әрекет ету кезеңі кемінде 6 сағатты құрайды және 30 сағаттан аспайды, осы кезең пайдаланушымен жасалған келісімге сәйкес белгіленеді. 12 сағаттан кем кезеңімен TAF тұрақты болжамдары әр 3 сағат сайын, ал 12 ден 30 сағатқа дейінгі әрекет ету кезеңімен әр 6 сағат сайын шығарылады.



АМС әуеайлақтары бойынша ауа райының болжамдарының ұзақтығы синоптикалық бөлігінсіз 6 сағатты құрайды.

234. Болжамдар әрекетінің басталуының стандартты уақыт Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт (UTC) бойынша 00.00 сағаттан бастап белгіленеді.

235. Тәулік бойы жұмыс істемейтін әуежайларда, бірінші болжамның кезеңінің басталуы стандартынан ауытқуы мүмкін, ал шығарылу алды әрекеттің басталуына дейін кемінде 1 сағатты құрайды.

236. Әуеайлақ бойынша ауа райының болжамы TAF, оларға түзетулер TAF AMD деп белгіленеді, ал синтаксистік қатемен түзетілген болжам TAF COR. TAF AMD әрекет етудің басталу уақыты жақын алдағы тұрған бір сағатқа дейін дөңгелектенеді.

237. Таулы әуеайлақтар бойынша ауа райының болжамдарына 2000 метр биіктікте және одан кем әуеайлақ деңгейінде орта қабаттың бұлттылығы пайда болу күтілсе, барлық жағдайларда бұл туралы деректер енгізіледі.

CAVOK термины таулы әуеайлақтар бойынша ауа райының болжамдарында қолданылмайды.

238. Синоптиктік бөліммен метеорологиялық органдар жоқ әуеайлақтарды метеорологиялық орган мен ақпарат пайдаланушыларының арасында келісім бойынша жақында орналасқан синоптиктік бөліммен метеорологиялық орган аудан (алаң) бойынша ауа райының болжамдарымен қамтамасыз етеді.

Тек қана АМҚ бар әуеайлақтарда метеорологиялық қамтамасыз етуді ұсыну тәртібі АМҚ және тағайындалған АМО әуеайлақтарында ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықтарда көрсетіледі.

239. Әуеайлақтар бойынша нақты ауа райы туралы ақпарат болмаған жағдайда шама болжам жасалады. Ауа-райы мәліметі алынғаннан кейін шама болжамы нақтыланады және тұрақты болжам жасалады.

Шама болжам әуеайлақтық метеорологиялық органның ұшу құжаттамасында көрсетіледі.

жүктеу 3,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау