Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 3,41 Mb.
бет1/18
Дата20.11.2018
өлшемі3,41 Mb.
#21887
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

___________________________ №_______________________

Астана қаласы город Астана

Азаматтық авиацияны

метеорологиялық қамтамасыз ету

қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 346 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 маусымда № 11277 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 23 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің

2017 жылғы ________

№ ___ бұйрығымен бекітілген

Азаматтық авиацияны
метеорологиялық қамтамасыз ету қағидалары



1-тарау. Жалпы ережелер
1. Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы
15 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 35-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның
3-қосымшасында және Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (бұдан әрі – ДМҰ) Техникалық регламентінде айтылған Халықаралық азаматтық авиацияның (бұдан әрі – ИКАО) метеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы халықаралық стандарттары мен ұсынымды практикасы негізінде әзірленді.

2. Осы Қағидалар азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамсыз етуді ұйымдастыруды, сондай-ақ ұшуды қауіпсіз, тұрақты және тиімді орындауға ықпал ету мақсатында, ұшуды орындау және қамтамасыз етумен байланысты пайдаланушыларға, ұшу экипажы мүшелеріне, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына, іздестіру-құтқару қызметінің органдарына, әуежай әкімшіліктеріне және басқа да органдарға метеорологиялық ақпарат алу, жүргізу және беру тәртібін айқындайды.



3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі анықтамалар мен терминдер:

1) абсолюттік биіктік теңіздің орта деңгейінен бастап тігінен қашықтық биіктік бойынша нүкте орнына алынған нүкте немесе объектінің деңгейіне дейінгі қашықтық;

2) авиациялық тіркелген қызмет аэронавигацияның қауіпсіздігің, сондай- ақ ең бастысы әуе қатынастардың тұрақтылығын, тиімділігін және үнемділігін қамтамасыз етуге бағытталған белгіленген тіркелген пункттердің арасындағы электр байланысының қызметі;

3) авиациялық тіркелген электр байланысының желісі – авиациялық тіркелген қызметтің бөлігі болып табылатын және байланыс немесе баламалы сипаттамадағы авиациялық тіркелген станциялардың арасында хабарлар және (немесе) цифрлық деректермен алмасуды көздейтін авиациялық тіркелген тізбектердің дүниежүзілік желісі;

4) авиациялық жұмыстар – басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделеріне қатысты азаматтық әуе кемелерін пайдалану арқылы пайдаланушы орындайтын мамандандырылған операциялар;

5) авиациялық метеорологиялық станция – халықаралық аэронавигацияда пайдалануға жататын метеорологиялық мәліметтерге бақылау және жинақтау жүргізуге арналған станция;

6) авиациялық пайдаланушы – метеорологиялық ақпаратты авиациялық мақсатта пайдаланатын пайдаланушылар, ұшу экипажының мүшелері, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары, іздестіру-құтқару қызметі органдары, әуежайлардың әкімшіліктері және басқа ұйымдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

7) аэронавигациялық қызмет көрсетуші – әуе қозғалысын ұйымдастыруды және (немесе) басқа аэронавигациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;

8) адам факторы аспектілері – жобалау, сертификаттау, кадрларды даярлау процестеріне, авиациядағы техникалық қызмет көрсету және пайдалану қызметіне қолданылатын және адам мүмкіншілігін тиісті есепке алу арқылы адам мен жүйенің басқа да компоненттері арасындағы қауіпсіз өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар;

9) аймақтық болжамдардың дүниежүзілік жүйесі – аймақтық болжамдардың дүниежүзілік орталықтарының маршруттары бойынша авиациялық метеорологиялық болжамдарды біркелкі стандартталған нысанда ұсынуды қамтамасыз ететін дүниежүзілік жүйе;

10) аймақтық болжамдардың дүниежүзілік орталығы – мемлекеттерге тікелей авиациялық тіркелген қызметтер шегінде Интернетті қолдануға негізделген қызметті қолдану арқылы әлемдік ауқымда цифрлы нысанда биіктік болжамдарын, ауа райының ерекше құбылыстарының болжамын дайындау және таратуға арналған метеорологиялық орталық;

11) арттыру – теңіздің орташа деңгейінен жер үстінің немесе сонымен байланысты объектінің нүктесі немесе деңгейінің тік бойынша ара қашықтығы;

12) аспаптар бойынша ұшу ережесі – әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары тарапынан міндетті бақылау мен әуе кемелері арасында белгіленген эшелондау интервалдарын олардың қамтамасыз етуі кезінде пилоттық-навигациялық аспаптар бойынша ұшудың орындалуын көздейтін ереже;

13) аэронавигациялық ақпараттар жинағы – мемлекет рұқсат еткен немесе шығарылған аэронавигация үшін маңызды ұзақ мерзімді аэронавигациялық ақпаратты қамтитын жарияланым;

15) әуеайлақ жер немесе су бетінің толықтай немесе ішінара әуе кемелерінің келуіне, жөнелтілуіне және осы жер бетімен қозғалуына арналған белгілі бір учаскесі (ғимараттарды, құрылыстарды және жабдықты қоса алғанда);



16) әуеайлақ (тікұшақ әуеайлағы) ауданы – көлденең және тiк жазықтықтың шекараларында белгiленген жергiлiктi жерге iргелес орналасқан және әуеайлақтың үстiнде анықталған әуе кеңістiгi. Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағы) көрсетілген шекарасын азаматтық және (немесе) мемлекеттік авиация саласында уәкілетті органдар бекітетін әдістемеге сәйкес ӘҚҚ органы белгілейді;

17) әуеайлақтық диспетчерлік пункт – әуеайлақтық қозғалыстың диспетчерлік қызмет көрсетуін қамтамасыз ету арналған орган;

18) әуеайлақтың бақылау нүктесі – әуеайлақтың географиялық орнын анықтайтын нүкте;

19) әуеайлақтың биік жері –қону алаңының ең жоғары нүктесінен асу;

20) әуеайлақтың климатологиялық кестесі - әуеайлақта бір немесе бірнеше метеорологиялық элементтерді бақылау нәтижелері туралы статистикалық деректерді қамтитын кесте;

21) әуеайлақтық климатологиялық мәлімет – статистикалық деректерге негізделген әуеайлақта белгіленген метеорологиялық элементтерді бақылау нәтижелерінің қысқаша мазмұны;

22) әуеайлақтық метеорологиялық орган – әуе кемелерінің ұшуын метеорологиялық қамтамасыз етуге арналған әуеайлақта орналасқан қызмет;

23) әуе кемесі – жер (су) бетiнен шағылысқан ауамен әркеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебiнен атмосферада қалықтайтын кез келген аппарат;

24) әуе кемесінің бортынан бақылау – ұшудағы орналасқан әуе кемесінің бортында жасалған бір немесе бірнеше метеорологиялық элементтерді бағалау;

25) әуе кемесінің командирі – пайдаланушы немесе жалпы мақсаттағы авиация жағдайында әуе кемесінің иесі командир міндетін орындауға және ұшудың қауіпсіз орындалына жауапты етіп тағайындаған пилот;

26) әуе қозғалысына қызмет көрсету органы – әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету органы, ұшу ақпараты орталығы немесе аэронавигациялық қызмет көрсетушінің әуе қозғалысына қызмет көрсетуіне қатысты хабарламаларды жинақтау пункті;

27) әуе трассасы –дәлiз түрiндегi бақыланатын әуе кеңiстiгi (немесе оның бір бөлігі);

28) басымды көріну – «көріну» терминінің анықтамасына сәйкес бақыланатын, көкжиек желісінің жартысы шегінде немесе әуеайлақ бетінің жартысы шегінде қол жеткізілетін көрінудің ең көп мәні. Шолуға жататын кеңістік іргелес немесе іргелес емес секторларды қамтуы мүмкін.

Бұл мән бақылау жүргізетін адамдармен және/немесе аспаптық жүйенің көмегімен белгіленеді. Аспаптар қондырылған жағдайларда, олар басымды көрінуді бағалау үшін пайдаланылады;



29) биіктік картасы – белгілі бір биіктік беттері немесе атмосфералық қабат үшін метеорологиялық карта;

30) болжам (ауа райының) – белгілі бір аймақта немесе әуе кеңістігінің бөлігінде белгілі бір сәтте немесе уақыт кезеңінде күтілетін метеорологиялық жағдайларды сипаттау;

31) болжамдық карта – әуе кеңістігінің белгілі бір беті немесе бөлігі үшін белгілі бір сәтте немесе уақыт кезеңінде белгілі бір метеорологиялық элементтің (элементтердің) болжам картасындағы графикалық сурет;

32) борттан (әуе кемесінің) хабарлау – орналасқан жері, ұшуды орындау барысы және (немесе) метеорологиялық жағдайлар туралы деректерді хабарлауға қатысты талаптарға сәйкес жасалған, ұшудағы әуе кемесінің бортынан хабарлама;

33) деңгей - әуе кемесінің ұшудағы тік жазықтығындағы жағдайға жататын және салыстырмалы биіктік, абсолютті биіктік немесе ұшу эшелонының тиісті жағдайын білдіретін жалпы термин;



34) диспетчерлік аудан – жер үстінде белгіленген шекарадан жоғары кесілген бақыланатын әуе кеңістігі;

35) жабдықталмаған ұшу – қону жолағы – қонуға көзбен шолып кіруге бет алған әуе кемелеріне арналған ұшу – қону жолағы;

36) жазық жер – 25 километр радиусте салыстырмалы түрде 200 метр дейiн бедерлi қырқасы бар жер;

37) жақындау диспетчерлік пункті– бір немесе бірнеше әуеайлақтарға келетін немесе олардан ұшатын әуе кемелерінің бақыланатын ұшуына диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге арналған орган;

38) жанартау күлі бойынша кеңес орталығы – метеорологиялық бақылау органдарына, аудандық диспетчерлік орталықтарына, ұшу ақпараттық орталықтарына, аймақтық болжамдардың дүниежүзілік орталықтарына және ОРМЕТ халықаралық банктеріне жанар таудың атылудан кейін атмосферадағы тік және көлденен қуаттылығы және жанартау күлінің ауысуына қатысты кеңестік ақпаратты ұсыну үшін өңірлік аэронавигациялық келісімге сәйкес тағайындалған метеорологиялық орталық;

39) оқиға – пайдалану қауіпсіздігіне ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін әуе кемесін пайдалануға байланысты авиациялық оқиғадан басқа, кез келген оқиға;

40) кеңес беру – ұшуды орындаумен байланысты нақты және/немесе күтілетін метеорологиялық жағдайларды метеорологпен немесе басқа маманмен талқылау (талқылау сұрақтарға жауапты қамтиды);

41) қону аймағы – қонатын ұшақтардың алғашқы ұшу-қону жолағы жанасуға арналған ұшу-қону жолағының табалдырығының алдындағы учаске;

42) қосалқы әуеайлақ –егер қонуға белгіленген әуеайлаққа ұшып бару немесе оған қону мүмкін болмаған немесе орынсыз болған жағдайда әуе кемесі ұшып баруы мүмкін әуеайлақ.

Ұшу кезіндегі қосалқы әуеайлақ – егер мұнда ұшқаннан кейін ұзамай қажеттілік пайда болса және ұшу әуеайлағын пайдалану мүмкін болмағанда әуе кемесі қона алатын әуеайлақ.

Бағыттағы қосалқы әуеайлақ – егер бағыт бойынша ұшу кезінде қосалқы әуеайлаққа кету қажет болған жағдайда әуе кемесі қона алатын әуеайлақ.

Межелі орынның қосалқы әуеайлағы – егер қонуға белгіленген әуеайлаққа қону мүмкін болмаған немесе орынсыз болған жағдайда жағдайда әуе кемесі қона алатын әуеайлақ;

43) көріну – авиациялық мақсаттар үшін көріну мынандай өлшемдерден басымды болып табылады:

жерге жақын орналасқан, ақшыл фонда бақылаған кезде қолайлы өлшемдегі қара нысанды анықтауға және тануға болатын ең ұзақ қашықтық (а);

жарықтандырылмаған фонда шамамен жарық күші 1000 кандел (кд) оттарды анықтауға болатын ең ұзақ қашықтық (b);

Осы екі қашықтықтың сіңісудің берілген коэффициентімен ауада әртүрлі мәндері бар, соңғысы (b) фонның жарықтандырылуына байланысты, алғашқысы (а) көрінудің метеорологиялық оптикалық қашықтығымен сипатталады (MOR);



44) крейсер эшелоны - ұшудың елеулі бөлігі бойы ұсталатын эшелон;

45) мәліметті беру пункті - әуе кемесінің орналасу жерін хабарлай алатын белгіленген географикалық бағдар;

46) метеорологиялық ақпарат – әуе кеңістігін пайдаланушыларға арналған нақты немесе күтілетін метеорологиялық жағдайларға қатысты метеорологиялық мәлімет, талдау, болжам және кез келген басқа хабарлама;

47) метеорологиялық бақылау – бір немесе бірнеше метеорологиялық элементтерді бағалау;

48) метеорологиялық бақылаулардың репрезентативтілігі – әуеайлақта анықталатын (өлшенетін) атмосфераның жағдайы үшін метеорологиялық деректердің сипаттылығы (көрсеткіштілігі);

49) метеорологиялық бюллетень – тиісті атауымен метеорологиялық ақпаратты қамтитын мәтін;

50) метеорологиялық мәлімет – белгіленген жерге және уақытқа байланысты метеорологиялық жағдайларды бақылау нәтижелері туралы хабарлама;

51) метеорологиялық орган – халықаралық аэронавигацияны метеорологиялық қамтамасыз етуге арналған орган;

52) метеорологиялық жерсерік – метеорологиялық бақылауларды жүргізетін және осы бақылаулардың нәтижелерін Жерге беретін, Жердің жасанды серігі;



53) метеорологиялық өкілетті орган –азаматтық және эксперименттік авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ететін немесе уағдаласушы мемлекеттердің атынан осындай қамтамасыз етуді ұйымдастыратын өкілетті орган;

54) нұсқаулық – нақты және/немесе күтілетін метеорологиялық жағдай бойынша ауызша кеңес беру;



55) октант – аспан күнбезінің сегізінші бөлігі;

56) орография – рельефтің (жоталардың, үстірттердің, қазаншұңқырлардың және т.т.) әртүрлі элементтерінің сипаттамасы және олардың пайда болуына қарамастан сыртқы белгілері бойынша жіктелуі;

57) ортаның турбуленттік қозғалысы – олардың статистикалық типтік орташа сипаттамасын анықтауға болатын кеңістікте, уақытта кездейсоқ өзгерту сынайтын оның өлшемін сипаттайтын ағынның осындай жай -күйі;

58) пайдаланушы – әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өзінің қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

59) радиохабар тарату ATIS (ағылшын тіліндегі қысқартылуы ATIS (бұдан әрі – ATIS) – әуеайлақ ауданында әуе кемелерінің экипаждарын қажетті метеорологиялық және ұшу ақпаратымен жедел қамтамасыз етуге арналған жүйелі радиохабар тарату;

60) репрезентативтік бақылаулар – жергілікті ықпалдардан барынша бос және үлкен ауданда атмосфераның жағдайын сипаттайтын бақылаулар, жалпы синоптикалық ереже үшін көріністі бақылаулар;

61) салыстырмалы биіктік – негізгі деңгейден нүкте орнына алынған нүктенің немесе нысанның деңгейіне дейінгі тігінен қашықтығы;

62) сапаны басқару – сапаға талаптарды орындау үшін пайдаланылатын жедел сипаттағы қызметтің әдісі мен түрлері (ИСО 9000*);

63) сапаны жалпы басқару – сапа саласындағы саясатты, мақсатты, жауапкершілікті белгілейтін басқарудың жалпы қызметінің аспектілері, сондай-ақ сапа жүйесі шеңберіндегі сапаны қамтамасыз ету және сапаны жақсарту, сапаны басқару, сапаны жоспарлау ретінде осындау құралдардың көмегімен оларды жүзеге асырады (ИСО9000*);

64) сапаны қамтамасыз ету – сапа жүйесі шеңберіндегі барлық жоспарланған және жүйелі жүзеге асырылатын, сондай-ақ нысан сапа талаптарын орындайтын жеткілікті сенімділікті құру үшін қажетті растайтын қызметтің түрлері (ИСО9000*);

65) сектордағы ұшудың ең аз абсолюттік биіктігі - орталығында радионавигациялық құрал орналасқан радиусы 46 километр шеңбер секторында орналасқан барлық нысандар үстінен биіктіктің 300 метр (1000 фут) ең аз қорын қамтамасыз ететін және пайдаланылатын ең аз абсолюттік биіктік;

66) стандарттық изобарлық беткі қабаты – графикалық елестеу және атмосфералық жағдайларды талдау үшін дүниежүзілік көлемде пайдаланылатын изобарлық беткі қабаты;

67) таудағы әуеайлақ – әуеайлақтың бақылау нүктесінен 25 километр радиустағы ойлы-қырлы рельефі 500 метрден астам салыстырмалы артықтары бар жерде орналасқан әуеайлақ, сондай-ақ теңіз деңгейінен 1000 метр және одан астам биіктікте орналасқан әуеайлақ;

68) төбелi жер – 25 километр радиусте жер бедерi салыстырмалы түрде 200-ден 500 метрге дейiн жоғары жер;

69) таулы жер – 25 километр радиусте бедерлi қималары мен салыстырмалы түрде 500 метрге және одан да астам қырқасы бар жер, сондай-ақ теңiз деңгейiнен 2000 метр және одан да астам биiктiктегi жер;

70) тігінен көру – жер бетінен жер бетіндегі нысандар тігінен төмен көрінетін деңгейге дейінгі максималды қашықтық;

71) тропикалық циклон – жерүсті желінің білінген конвективті және дамыған циклондық айналыммен тропикалық немесе субтропикалық аймақтың теңізде пайда болған синоптикалық масштабтың фронталдық емес циклонын белгілеуге арналған жалпы термин;



72) тропикалық циклондар бойынша кеңес беру орталығы – метеорологиялық бақылау органдарына, Дүниежүзілік аймақтық болжамдар орталықтары және ОРМЕТ халықаралық банкілерге тұрған жері, болжанатын бағыттарға және орын ауыстыру арқылы жылдамдыққа, ортадағы қысымға және тропикалық циклонның барынша жерге таяу желге қатысты кеңестік ақпарат беру үшін өңірлік аэронавигациялық келісімге сайкес тағайындалған метеорологиялық орталық;

73) турбуленттік – әуе бөлшектері күрделі траекториялар бойынша тұрақталмаған ретсіз ауысқан ауа қозғалысы. Атмосферада турбуленттік қозғалыс әдетте жалпы (орташа) ауа ағынында әр түрлі жылдамдықтарымен ауысатын әртүрлі өлшемдердегі құйындардың болуымен сипатталады. Ауа қозғалысының құйынды сипаты турбуленттік аймақта жел жылдамдығының белгі ауысатын, соның ішінде әуе кемесінің ұшуына елеулі әсер ететін желдің тікелей құраушысы соғуларының болуымен байланысты;

74) уақытша әуеайлақ – белгіленген тәртіпте есепке алынатын, стационарлық құрылыстары және жабдықтары жоқ, белгіленген кезеңінде әуе кемелерінің ұшуларын қамтамасыз етуге арналған әуеайлақ;

75) ұшу ақпараты ауданы – шегінде ұшу ақпараттық қызмет көрсету және апаттық хабарландыру қамтамасыз етілетін белгіленген көлемдегі әуе кеңістігі;

76) ұшу ақпаратының орталығы – апаттық хабарландыру және ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге арналған орган;

77) ұшу алаңы – бір немесе бірнеше ұшу жолағы, рульдік жол, арнайы белгілеудің перроны мен алаңы орналасқан әуеайлақтың бөлігі;

78) ұшуды басқару – ұшудың басталуы, жалғасы және аяқталуына қатысты өкілеттікті жүзеге асыру, сондай-ақ ұшудың жүйелілігі мен тиімділігі, әуе кемесінің қауіпсіздігі мүддесінде бағдарды өзгерту;



79) ұшу жоспары – әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына берілетін, әуе кемесінің белгіленген немесе ұшу бөлігі туралы белгілі бір мәліметтерден тұратын, белгіленген нысандағы құжат;

80) ұшу-қону жолағы – әуе кемелерінің қонуы және ұшуы үшін дайындалған құрлықтық әуеайлақтың белгіленген тік бұрышты учаскесі;

81) ұшу-қону жолағында көріну қашықтығы (RVR) – ұшу-қону жолағының білік желісінде орналасқан әуе кемесінің ұшқышы ұшу-қону жолағының бетіндегі таңбалау белгілерін немесе ұшу-қону жолағының шектейтін немесе онын білік-желісін белгілейтін жарықтарды көре алатын қашықтық;

82) ұшу-қону жолағының табалдырығы – қону үшін пайдаланылуы мүмкін ұшу-қону жолағы учаскесінің басы;

83) қауіпсіз биіктік – әуе кемесіне жер (су) қабатымен немесе олардағы кедергілермен қақтығысудан кепілдік беретін ұшудың рұқсат етілген ең аз биіктігі;

84) ұшу құжаттамасы – ұшу үшін метеорологиялық ақпаратты қамтитын қолмен жазылған немесе басылған құжаттар, соның ішінде карталар немесе нысандар;

85) ұшу үшін маңызды бұлт – төменгі шеттері 1500 метр (5 000 фут) биіктіктегі бұлт немесе кез келген биіктікте будақ жаңбырлы бұлттар немесе бекініс түріндегі бұлттар үлкенірек болғанына қарай сектордағы ең аз биіктіктен төмен бұлт;

86) ұшу экипажының мүшесі –ұшу уақыты ішінде әуе кемесін басқаруға байланысты міндеттер жүктелген авиациялық қызметкердің қолданыстағы куәлігі бар авиациялық қызметкерге жататын тұлға;



87) ұшу эшелоны - қысымның 1013,2 гПа белгіленген шамасына жатқызылған және қысымның белгіленген аралығы шамасындағы басқа да мұндай биіктіктен кейін қалатын тұрақты атмосфералық қысым беті;

Стандарттық атмосфераға сәйкес градуирленген барометрлік биіктік өлшеуіш:

QNH орнату кезінде абсолютті биіктікті көрсететін болады;

QFE орнату кезінде QFE тірек нүктесі үстінде салыстырмалы биіктікті көрсететін болады;

1013,2 гПа қысымға орнату кезінде ұшу эшелонын көрсету үшін пайдаланылуы мүмкін.

«Салыстырмалы биіктік» және «абсолютті биіктік» терминдері, геометриялық салыстырмалы және абсолютті биіктікті емес, аспаптықты білдіреді;



88) цифрлы нысандағы тұрақты жүйесінің торабындағы деректер - автоматтандырылған жүйелерде пайдалану үшін жарамды код нысанында бір метеорологиялық электронды есептеу машинасын басқасына тапсыруға арналған картада тең орналасқан нүктелерінің тобы үшін электронды есептеу машинасында өңделген метеорологиялық деректер;

89) шамамен алынған болжам - бастапқы метеорологиялық ақпарат болмаған кезде аэросиноптикалық материалдар бойынша жасалған болжам;

90) көзбен шолып ұшу ережесі – ұшқыштың әуе жағдайын көзбен шолып бақылауы арқылы ауада әуе кемелерінің және басқа материалдық нысандарының арасында белгіленген қашықтықты сақтайтын ереже;

91) іздеу және құтқарудың үйлестіру орталығы – іздеу-құтқару қызметінің тиімді жұмысын қамтамасыз етуге және іздеу және құтқару ауданы шегінде іздеу-құтқару операцияларын жүргізуді үйлестіруге жауапты орган;

92) іздеу-құтқару қызметінің органы – іздеу мен құтқарудың үйлестіру орталығының, іздеу мен құтқарудың қосалқы орталығы немесе апаттық хабарландыру постының әртүрлі жағдайларын білдіретін жалпы термин;

93) AIRMET ақпараты – метеорологиялық бақылау органы шығаратын кіші биіктікте ұшу қауіпсіздігіне ықпал ете алатын ұшу бағдары бойынша және ұшу ақпаратының тиісті ауданында немесе оның қосымша ауданында кіші биіктікте ұшулар үшін жасалған болжамға енгізілмеген ауа райының күтудегі немесе нақты белгіленген құбылыстарының пайда болуы туралы ақпарат;

94) аймақтық болжам – метеорологиялық өкілетті орган белгілеген және метеорологиялық өкілетті орган арасындағы келісім бойынша ұшу ақпаратының көршілес аудандарының әуеайлақтық метеорологиялық аудандарына берілетін, ұшу ақпаратының ауданына немесе әуеайлақтық метеорологиялық органның оның қосалқы ауданына қолданатын, кіші биіктікте ұшулар үшін қысқартулармен ашық мәтінмен жасалған болжам;

95) ОРМЕТ ақпараты - әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз етуге қолданылатын, болжам және бақылау деректері;



96) SIGMET ақпараты - метеорологиялық бақылау органы шығаратын әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігіне ықпал ете алатын ұшу бағдары бойынша ауа райының белгіленген нақты немесе күтудегі басқа құбылыстары туралы ақпарат;

97) QFE әуеайлақтағы қысым – ұшу-қону жолағы шегінің деңгейінде сынап бағанасының (бұдан әрі – мм рт ст) миллиметрінде немесе гектопаскальдағы (бұдан әрі - гПа) атмосфералық қысым;

98) QNH қысымы – гПа-ғы стандартты атмосфера үшін теңіздің орта деңгейіне келтірілген атмосфералық қысымы;

99) VOLMET- ұшудағы әуе кемесі үшін метеорологиялық ақпарат.

VOLMET(D-VOLMET) деректерін беру желісі. (METAR) әуеайлағы бойынша ағымдағы тұрақты метеорологиялық мәліметтерді және (SPECI) әуеайлағы бойынша арнайы метеорологиялық мәліметтерді, (TAF) әуеайлағы бойынша болжамдарды, SIGMET ақпаратын, борттан арнайы мәліметтерді және болған болса деректерді беру желісі бойынша AIRMET хабарландыруды беру.

VOLMET радиодан хабар тарату. Үздіксіз және қайталанатын радиодан хабар тарату арқылы SIGMET ақпаратын және TAF болжамын, METAR, SPECI ағымдағы мәліметтерінің тиісті жағдайда берілуі.

100) Метеорологялық қадағалау органы – оның жауапкершілік ауданында әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне ықпал етуі мүмкін атмосферадағы ұшу бағыты мен басқа құбылыстар бойынша нақты немесе ауа райының күтілетін белгілі бір құбылыстарының пайда болуы туралы ақпарат дайындап, ұсынатын орган;

101) мемлекеттік жанартау обсерваториясы – өз мемлекеті шегінде активті және әлеуетті активті жанартауларды қадағалау және жанартау әрекеті туралы тиісті аудандық диспетчерлік орталыққа/ұшу ақпараттық орталығына, метеорологиялық қадағалау органына және жанартау күлі бойынша кеңес беру орталығына ақпарат беру үшін өңірлік аэронавигациялық келісімге сәйкес тағайындалған жанартау обсерваториясы.



  1. Осы Қағидаларда мынадай қысқартулар қолданылады:

АДП – аудандық диспетчерлік пункт;

АДО – аудандық диспетчерлік орталық;

ӘДО – әуеайлақтық диспетчерлік орталық;

ӘАДП – әуеайлақ ауданының диспетчерлік пункті;

ЖДП – жергілікті диспетчерлік пункт;

ҰАА – ұшу ақпараты ауданы;



ҰАО – ұшу ақпаратының орталығы;

ЖДП – жақындау диспетчерлік пункті;

РДП – рульдеу диспетчерлік пункті;

СДП - старттық диспетчерлік пункті;

ШДП – шеңбер диспетчерлік пункті;

ӘДП – әуеайлақтық диспетчерлік пункт;

ӘҚҚ – әуе қозғалысына қызмет көрсету;

АМС – авиациялық метеорологиялық станция;

ӘМО – әуеайлақтық метеорологиялық орган;

МБО – метеорологиялық бақылау органы;

АНҚК – аэронавигациялық қызмет көрсетуші,

ДАБО – дүниежүзілік аймақтық болжам орталығы;

ӨАБО – өңірлік аймақтық болжам орталықтары;

ДАБЖ – дүниежүзілік аймақтық болжамдар жүйесі;



ИКАО – халықаралық азаматтық авиация ұйымы;

ДМҰ – дүниежүзілік метеорологиялық ұйым;

КШҰҚ – көзбен шолып ұшу қағидасы;

АҰҚ – аспаптар бойынша ұшу қағидасы;

АМӨЖ – автоматтандырылған метеорологиялық өлшеу жүйесі;

ӘБН – әуеайлақтың бақылау нүктесі;

ҰҚЖ – ұшу-қону жолағы;

ҚЖО – қарқындылығы жоғары оттар;

ҚТО – қарқындылығы төмен оттар;

БТШБ – бұлттың төменгі шегінің биіктігі;

МРЛ – метеорологиялық радиолокатор;

СТА - диспетчерлік аудан;

ААҚ – аэронавигациялық ақпарат қызметі;

SIGWX – ауа райының ерекше құбылыстары;

AMSL – теңіздің орта деңгейінен жоғары;

AFS – авиациялық тіркелген қызмет;

AFTN - авиациялық тіркелген электр байланысы желісі;

AIP - аэронавигациялық ақпарат жинағы;

VAAC – жанартау күлі бойынша консультативтік орталық;

MOR – көрудің метеорологиялық оптикалық қашықтығы;



ATIS - ATIS радиохабар тарату;

QNH – стандарттық атмосфера үшін орта теңіз деңгейіне келтірілген атмосфералық қысым;

QFE – әуеайлақтағы ҰҚЖ шегіне келтірілген атмосфералық қысым;

AIRMET – AIRMET ақпараты;

SIGMET - SIGMET ақпараты;

GAMET – аймақтық болжам;

METAR - тұрақты ауа райы мәліметі;

SPECI – арнайы ауа райы мәліметі.

жүктеу 3,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау