2-тарау. Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз
етуді ұйымдастыру
1-параграф. Метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру тәртібі
5. Қазақстан Республикасында азаматтық және эксперименттік метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды Заңның 35-бабы 1-тармағына сәйкес метеорологиялық өкілетті орган қызметін атқаратын Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
6. Азаматтық және эксперименттік авиация ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз етуді АНҚК жүзеге асырады.
7. АНҚК пайдаланушылар үшін: пайдаланушылар, ұшу экипажының мүшелері, ӘҚҚ органдары, іздестіру-құтқару қызметтері, әуежайлардың әкімшіліктері және ұшуды орындауға қажетті метеорологиялық ақпаратты жүзеге асыру мен қамтамасыз етуге қатысты басқа органдар үшін метеорологиялық қамтамасыз етуді ұсынады.
8. АНҚК өз функциясын орындау үшін, метеорологиялық органдардың қажетті мөлшерін құрады және авиациялық пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында метеорологиялық қамтамасыз етуге қатысты осы Қағиданың ережелеріне сәйкес олардың қызметін ұйымдастырады.
9. Өкілетті метеорологиялық орган пайдаланушылармен, ӘҚҚ органдарымен және азаматтық авиацияның басқа қызметтерімен метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселесі бойынша АНҚК кеңес жүргізуді ұйымдастырады.
10. АНҚК ИКАО/ДМҰ басшылық құжаттары негізінде өз басшылығындағы барлық метеорологиялық органдардың қызметіне әдістемелік басқаруды жүзеге асырады. Әдістемелік материалды АНҚК басшысы өкілетті метеорологиялық органмен келісе отырып бекітеді.
11. Нақты әуеайлақта авиациялық пайдаланушыларды метеорологиялық қамтамасыз етуді осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес әзірленген әуеайлақта ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі үлгілік нұсқаулығына сәйкес метеорологиялық орган жүзеге асырады және ӘҚҚ қызметі мен әуежай әкімшілігімен келісе отырып, АНҚК басшысымен немесе оның филиалы/құрылымдық бөлімшесі басшысымен бекітіледі.
12. АНҚК азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітілген БМҰ және авиациялық персоналды кәсіби даярлау Қағидасының авиациялық метеорологиялық персоналының біліктілігіне, біліміне және кәсіби даярлығына қойылатын талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
13. Авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігін бағалау жөнінде ДМҰ талаптарын жүзеге асыру үшін, АНҚК өздері әзірлеген және бекіткен құзыреттілікті бағалау әдістемесі негізінде авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігін бағалайды.
14. Қазақстан Республикасында азаматтық және эксперименталдық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын персонал АНҚК басшысымен бекітілген үлгілік лауазымдық нұсқаулықтар негізінде әзірленген лауазымдық нұсқаулықтарды басшылыққа алады.
2-параграф. Метеорологиялық ақпараттың сапасын басқару
15. АНҚК пайдаланушыларға ұсынылатын метеорологиялық ақпараттың сапасын жалпы басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті қағидаларды, процестерді және ресурстарды қамтитын тиісті түрде ұйымдастырылған сапа жүйесін әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз етеді.
16. Осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген сапа жүйесі Стандарттау бойынша халықаралық ұйымның (ИСО) 9000 сериясының сапаны қамтамасыз ету стандарттарына сәйкес келуі және сапаны басқару жүйесі саласындағы уәкілетті органмен аккредиттелген ұйыммен сертификатталуы тиіс.
Ескерту: сапа жүйесін әзірлеу және енгізуге қатысты нұсқаулық материал халықаралық аэронавигацияны метеорологиялық қамтамасыз ету кезіндегі сапаны басқару жөніндегі Нұсқауда келтіріледі, құжат 9873 AN/465 ДМҰ/ИКАО.
17. Сапа жүйесі ұсынылатын метеорологиялық ақпарат оның әрекет ету кеңістігі және географиялық аймағына қатысты, нысан және мазмұнның, уақыттың және шығару жиілігінің және ақпараттың әрекет ету мерзімі, сонымен бірге өлшеу, бақылаулардың және болжамдардың нақтылығының белгіленген талаптарға сәйкес екеніне пайдаланушыларға кепіл беруі тиіс. Егер, сапа жүйесі пайдаланушыларға ұсынуға жататын метеорологиялық ақпарат белгіленген талаптарға сәйкес еместігін көрсеткен жағдайда және қателерді түзетудің тиісті автоматты рәсімдері болмаса, онда жіберушінің рұқсатынсыз мұндай ақпарат пайдаланушыларға жіберілмеуі тиіс.
18. Сапа жүйесі тексеру және растау рәсімдерін және алмасуға жататын жеке мәліметтердің және/немесе бюллетеньдерді жіберудің ұсынылған кестелерінің сақталуын бақылау құралдарын, сондай-ақ оларды жіберу үшін ұсынудың мерзімдерін көздейді. Сапа жүйесі алынған мәліметтердің және бюллетеньдердің кешігіп өтуін анықтауға қабілетті болуы тиіс.
19. Қолданылатын сапа жүйесінің сақталуын ішкі және сыртқы аудитті ұйымдастыру арқылы АНҚК жүзеге асырады. Егер жүйенің сәйкессіздігі анықталса, оның себебін анықтау және жою бойынша шаралар қолданылады. Барлық тексеру қорытындысы деректермен расталады және тиянақты түрде құжатталады.
20. Метеорологиялық элементтердің кеңістікте және уақытта өзгергіштігіне, бақылау әдісінің шектеулері және кейбір осындай элементтердің мәнімен келтірілген шектеулерге байланысты, қандай да бір хабарламада көрсетілген элементтердің кез келгенінің нақты мәнін пайдаланушы бақылау сәтінде нақты жағдайға ең жақын жақындау ретінде түсінеді.
Пайдалану тұрғысынан қалаулы өлшеу немесе бақылау дәлдігіне қатысты нұқсаулық тапсырмалар осы Қағиданың 2-қосымшасында келтіріледі.
21. Метеорологиялық элементтердің кеңістік пен уақытта өзгергіштігіне, болжау әдістерінің шектеулеріне және кейбір осындай элементтердің мәніне байланысты, қандай да бір болжамда көрсетілген элементтердің кез келгенінің нақты мәнін пайдаланушы осы элементтің болжанатын кезең ішінде иеленуі мүмкін ықтимал мәні деп түсінеді. Сол сияқты, болжамда қандай да бір элементтің пайда болу немесе өзгеру уақыты көрсетілсе, онда ол ең ықтимал уақыт деп түсініледі.
Пайдалану тұрғысынан қалаулы болжам дәлдігіне қатысты нұсқаулық тапсырмалар осы Қағиданың 2-қосымшасында келтіріледі.
22. Осы Қағиданың 2-қосымшасында аталған пайдаланушыларға берілетін метеорологиялық ақпарат адами фактор аспектілерін ескереді, оны ұсыну нысаны ол пайдаланушылардан оны түсіндіру үшін көп күшті талап етпейді.
3-параграф. Пайдаланушылардан талап етілетін хабарламалар
23. Метеорологиялық қамтамасыз етуді немесе метеорологиялық қамтамасыз етудің сипаттамасын өзгертуді қажет ететін пайдаланушы тиісті АНҚК-ге осы туралы алдын ала хабарландырады. Алдын ала хабарландырудың ең қысқа мерзімі АНҚК мен пайдаланушының арасындағы келісім бойынша белгіленеді.
24. Пайдаланушылар мынадай жағдайларда АНҚК немесе тиісті метеорологиялық органдарға жазбаша түрде хабарлайды:
1) жаңа бағыттардың ашылуы немесе ұшулардың жаңа түрлерінің орындалуы жоспарланса;
2) тұрақты рейстердің кестесіне ұзақ сипаттамадағы өзгерістер енгізілсе;
3) метеорологиялық қамтамасыз етуге ықпал ететін басқа өзгерістер жоспарланса.
Хабарламада метеорологиялық органға тиісті өзгерістерді жоспарлау үшін қажетті барлық мәліметтер бар.
25. Пайланалушылар немесе ұшу экипажының мүшелері ӘҚҚ органдары арқылы немесе тікелей метеорологиялық органға:
1) ұшу кестесі туралы;
2) тұрақты емес рейстерді орындауды жоспарлау кезінде;
3) рейстер кешіктірілген, белгіленген уақыттан ерте орындалған немесе орындалмауы кезінде хабарлайды.
26. Пайдаланушының метеорологиялық органға ӘҚҚ органы арқылы, немесе тікелей, жеке рейстер туралы жіберетін хабарламасы келесі ақпаратты қамтуы тиіс:
1) ұшып шығу әуежайы және ұшып шығудың есептік уақыты;
2) ұшып келу пункті және ұшып келудің есептік уақыты;
3) белгіленген ұшу бағыты және аралық әуежай(лар)ға ұшып келудің немесе ұшып шығудың есептік уақыты;
4) өңірлік аэронавигациялық жоспардағы тиісті тізбеден алынған қажетті қосалқы әуеайлақтар;
5) крейсерлік эшелон;
6) ұшу түрі (көзбен шолып ұшу немесе аспаптар бойынша ұшу қағидалары бойынша);
7) ұшу экипажының мүшесіне ұсынылатын метеорологиялық ақпарат түрі (ұшу құжаттамасы немесе кеңес);
8) кеңес жүргізу және/немесе ұшу құжаттамасын беру уақыты.
4-параграф. ДАБО ақпараты
27. ИКАО талаптарына сәйкес, ДАБО АНҚК және басқа тұтынушыларды енгізіліп жатқан технологиялармен қамтамасыз етілетін басымдылықтарды пайдалана отырып, тиімді нысанда тегіс қамтитын өзара байланысты, дүниежүзілік және біркелкі жүйенің көмегімен цифрлы нысанда бағыттағы метеорологиялық жағдайдың авиациялық болжамымен қамтамасыз етеді.
28. АНҚК метеорологиялық органдарға ДАБЖ шегінде ДАБО және/немесе ӨАБО-дан таратылатын өнімге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
29. ДАБО аймақтық болжам жүйесі шегінде:
1) барлық талап етілетін деңгейлері үшін тұрақты тордың торабында ғаламдық болжамдарын дайындайды:
түйдек-жауынды бұлттар;
мұздану;
турбуленттілік;
биіктіктердегі желдің;
биіктіктерде температураның және ылғалдылықтың;
ұшу эшелонының геоәлеуетті абсолюттік биіктігін;
тропопаузаның биіктігін ұшу эшелоны бірлігінде және тропопаузаның температурасын;
максималды желдің бағытын, жылдамдығын және ұшу эшелоны бірлігінде оның биіктігін.
2) цифрлы нысанда ауа райының ерекше құбылыстарының ғаламдық болжамдарын (SIGWX) дайындайды;
3) АНҚК және басқа пайдаланушыларға цифрлы нысанда осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген болжамдарын таратады;
4) SIGWX болжамдарына ақпаратты енгізу мақсатында өзінің тиісті ДМҰ өңірлік мамандырылған метеорологиялық орталығынан атмосфераға радиоактивті материалдардың апатты шығарылуы туралы ақпаратты қабылдайды;
5) SIGWX болжамдарына жанартаудың атылуы туралы ақпаратты енгізуді үйлестіру мақсатында жанартаудың қызметі туралы ақпаратпен алмасу үшін VAAC-пен қатынасты белгілейді және қолдайды.
30. ДАБО метеорологиялық жағдайлардың ғаламдық болжамдары барлық талап етілетін деңгейлер үшін болжамдарды құрайды:
1) биіктіктегі жел;
2) биіктіктегі ауаның температурасы мен ылғалдылығы;
3) ұшу эшелонының геопотенциалды абсолюттік биіктігі;
4) тропопаузаның ұшу эшелоны бірлігіндегі биіктігі және тропопауза температурасы;
5) максималды желдің бағыты мен жылдамдығы және оның ұшу эшелонының бірлігіндегі биіктігі;
6) цифрлы нысандағы SIGWX болжамдары.
31. Метеорологиялық органдар BUFR код нысанында ДАБЖ мәліметтерін пайдалана отырып, SIGWX болжамдары бойынша ДАБО-ға дайындалған маңызды ауытқулар анықталған немесе хабарланған жағдайларда, дереу тиісті ДАБО-ға төмендегілерге қатысты:
1) мұздану, турбуленттік, жасырын, жиі, бүркемеленген немесе дауыл желісі бойымен және құмды/шаңды боранмен болатын түйдек-жауынды бұлттар;
2) жанартау жарылысы немесе әуе кемелерінің ұшуларын жүргізу үшін маңызы бар атмосфераға радиоактивті материалдар шығарылған жағдайларда хабарланады.
5-параграф. Метеорологиялық органдар
32. Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етуге тікелей қатысатын метеорологиялық органдарға төмендегілер жатады:
1) АМС;
2) ӘМО;
3) МБО
33. АМС келесі қызметтерді атқарады:
1) әуеайлақтағы метеорологиялық жағдайларды бақылайды және бақылау қорытындысын авиация тұтынушыларына жіберуді қамтамасыз етеді;
2) авиация тұтынушыларына ауа райы мәліметін, болжамдарды және басқа әуеайлақтық метеорологиялық органдардан алатын әуеайлақтар мен ұшу бағыттары (аудандары) бойынша ескертулерді ұсынады.
34. ӘМО әуеайлақ ауданында ұшуларды орындауға байланысты қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында, келесі қызметтерді немесе олардың кейбірін қажеттілігіне қарай орындайды:
1) өздері қамтамасыз ететін ұшулар үшін болжамдарды және басқа тиісті ақпаратты жасайды және/немесе алады; мұндай органдардың болжамдар жасау үшін жауапкершілік дәрежесі осы ауданда басқа органдардан алған бағыттар мен әуеайлақтар бойынша болжау материалдарының болуы мен пайдаланылуына байланысты болады;
2) жергілікті метеорологиялық жағдай болжамын жасайды және/немесе алады;
3) болжам жасайтын әуеайлақтар ауданында метеорологиялық жағдайға тұрақты бақылау жүргізеді;
4) ұшу экипажына және/немесе ұшуларды орындауға қатысты басқа персоналға нұқсау жүргізеді, кеңес береді және ұшу құжаттамасын ұсынады;
5) авиация тұтынушыларын басқа да метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етеді;
6) бар метеорологиялық ақпаратты көрсетеді;
7) басқа метеорологиялық органдармен метеорологиялық ақпаратпен алмасады;
8) өздерімен байланысты ӘҚҚ, САИ және МБО органдарын (мүдделі метеорологиялық органдар, САИ және ӘҚҚ органдары арасындағы келісім бойынша) жанартау туралы, алдағы болатын атқылаулар немесе жанартау күлінің бұлты туралы алатын ақпаратпен қамтамасыз етеді;
9) өз жауапкершілігі аймағына кіретін әуеайлақ, бағыттар және ұшу аудандары мен АМС бар әуеайлақтар бойынша ауа райы болжамын және ескертулерді құрастырады;
10) әуеайлақ ауданы бойынша авиациялық климатологиялық ақпаратты жинайды және әуеайлақтық климатологиялық мәліметтерді, әуеайлақтық климатологиялық кестелер мен әуеайлақтың климаттық сипаттамасын құрастырады;
11) тиісті ӘҚҚ органдарының жауапкершілігіндегі аудан арқылы өтетін әуе трассалары бойынша ескертулер шығарады;
12) тиісті ӘҚҚ органдарының жауапкершілігіндегі ауданда ұшуларды орындауға әсер ететін метеорологиялық жағдайларды бақылайды;
13) көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдерге дайындық кезінде бекітілген жоспарларға сәйкес сабақтар мен техникалық оқулар жүргізеді;
14) АНҚК бекіткен рәсімге сәйкес ақталмаған болжамдарға талдау жасайды;
15) метеорологиялық аспаптар мен жабдықтардың пайдаланылуын жүзеге асырады;
16) метеорологиялық бақылау жүргізуге тартылған авиациялық персоналға жіктелмеген және уақытша әуеайлақтарда, және қону алаңдарында нұқсау жүргізеді.
35. ӘМО өз қызметін атқару кезінде: биіктіктегі жел, температура және ылғалдылық болжамы, максималды желдің бағыты, жылдамдығы және биіктігі, тропопауза биіктігі мен температурасы, сонымен қоса ДАБЖ болжау орталықтарынан, сонымен қатар халықаралық метеорологиялық деректер банкінен алатын цифрлы нысандағы ауа райының ерекше құбылыстары болжамы ақпаратын қолданады.
36. ӘМО ұсынған деректер, негізінде әуе кемелерінің ұшып шығуына, ұшуына және қонуына шешім қабылданатын әуеайлақтағы нақты және болжамды ауа райы туралы ресми деректер болып табылады.
37. ӘМО төмендегілерді қамтамасыз етеді:
1) авиация пайдаланушыларының әуе кемелерін метеорологиялық қамтамасыз ету сапасын;
2) метеорологиялық элементтер мен ауа райы құбылыстарын бақылау сапасын және ол мәліметтерді ӘҚҚ органдарының, әуежайдың диспетчерлік пункттеріне және хабар тарату радиоарналарына (VOLMET және ATIS) уақытында таратуды;
3) әуе кемелері экипаждарына берілетін метеорологиялық құжаттама мен ақпараттың дұрыс рәсімделуін;
4) жедел және есептік құжаттаманың тиянақты жүргізілуін;
5) метеорологиялық жеделхаттардың дұрыс рәсімделуін және байланыс тораптарына уақытында жеткізілуін;
6) метеорологиялық аспаптардың, қондырғылардың жарамды техникалық жай-күйін.
38. Әуеайлақта орналасқан ӘМО/АМС жоқ әуеайлақтар үшін, әуеайлақ пайдаланушысы, АНҚК өтінімі бойынша:
1) осы әуеайлақ үшін қажеттілігіне қарай метеорологиялық ақпарат беру үшін, өзінің құрылымдық бөлімшелерінен бір немесе бірнеше ӘМО белгілейді;
2) әуеайлақ пайдаланушысымен бірлесе отырып, тиісті әуеайлақ пен ӘҚҚ органдарын осындай ақпаратпен жабдықтау тәсілін анықтайды.
39. ӘМО/АМС жоқ әуеайлақтарда метеорологиялық қамтамасыз ету төмендегідей жүзеге асырылады:
1) метеорологиялық бақылауды арнайы дайындықтан өткен және осындай бақылау жүргізуге жіберілген әуеайлақтың авиациялық персоналы жүзеге асырады;
2) болжамдар, ескертулер мен басқа да ақпаратты АНҚК және осы әуеайлақтың метеорологиялық ақпаратты пайдаланушылары арасындағы келісім бойынша тағайындалған жақын орналасқан ӘМО ұсынады. Метеорологиялық ақпаратты тарату үшін қолданыстағы байланыс құралдары қолданылады.
40. ӘМО кезекші ауысымы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша жеделдікке қатысты ӘҚҚ органының ұшу басшысына (ауысымның аға қызметкеріне) бағынады.
41. ҰАА немесе СТА шегінде әуе қозғалысына қызмет көрсетуді метеорологиялық қамтамасыз ету үшін, АНҚК тиісті МБО-ны тағайындайды.
42. МБО қызметін АНҚК тағайындаған ӘМО орындайды.
43. АНҚК МБО тағайындау туралы ақпараттың өкілетті метеорологиялық органға жіберілуін қамтамасыз етеді.
44. Егер қандай да бір МБО қандай да бір себеппен өз жауапкершілігіндегі аудан ішінде ұшуларды орындауға әсер ететін метеорологиялық жағдайды үздіксіз бақылауды қамтамасыз ете алмаса, соның ішінде тиісті ӘҚҚ органдарына SIGMET ақпаратын дайындау және жабдықтау, онда АНҚК белгілі уақыт кезеңінде басқа МБО-ның осы міндеттерді орындауды өзіне алуы бойынша шаралар қолдануы тиіс.
Осындай міндеттерді табыстау туралы хабарлама NOTAM хабарламасы арқылы жіберілуі тиіс.
45. ҰАА немесе СТА шегінде ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету үшін, МБО төмендегі қызметтерді қамтамасыз етеді:
1) өз жауапкершілігіндегі аудан шегіндегі ұшуларға әсер ететін метеорологиялық жағдайларды үнемі бақылап отырады;
2) өз жауапкершілігіндегі аудан бойынша SIGMET ақпаратын және басқа да ақпараттарды дайындайды;
3) тиісті ӘҚҚ органдарын SIGMET ақпаратымен және, қажеттілігіне қарай, басқа да метеорологиялық ақпаратпен жабдықтайды;
4) SIGMET ақпаратын таратады;
5) жауапкершілігіндегі аудан бойынша AIRMET ақпаратын дайындайды;
6) тиісті ӘҚҚ органын AIRMET ақпаратымен жабдықтайды;
7) AIRMET ақпаратын таратады;
8) өзімен байланысты ҰАО және/немесе АДО, сонымен қоса VAAC-ты жанартаудың атқылау алдындағы әрекеті, жанартау атқылауы және жанартау күлінің бұлттары туралы әлі SIGМЕТ хабарламасы шығарылмаған алатын ақпараттарымен жабдықтайды;
9) өзімен байланысты ҰАО және/немесе АДО, сонымен қоса САИ-ді бақылау жүргізетін аудандардағы, немесе көршілес аудандардағы атмосфераға радиоактивті материалдардың шығарылымы туралы алатын ақпараттарымен жабдықтайды. Бұл ақпарат шығарылымның орны, күні мен шығарылған уақыты және радиоактивті материалдардың болжанған қозғалыс траекториясы туралы деректерден тұрады.
46. МБО бақылау жүргізуі тиіс ауданның шекарасы ҰАА немесе СТА шекараларымен немесе ҰАА және/немесе СТА комбинацияларымен сәйкес келуі тиіс.
3-тарау. Метеорологиялық бақылаулар мен мәліметтер
1-параграф. Метеорологиялық бақылауларды ұйымдастыру
47. АНҚК әуеайлақтарда жеке станция түріндегі немесе синоптикалық станциялармен бірге орналасатын АМС құрайды.
48. АМС белгіленген уақыт аралықтары бойынша тұрақты бақылаулар жүргізеді. ҰҚЖ-да қашықтықтың, көрудің, жер үсті желінің, сол күнгі ауа райының, бұлтты және/немесе ауа температурасының белгілі өзгерістері кезінде әуеайлақтардағы тұрақты бақылаулар арнайы бақылаумен толықтырылады.
49. Бақылаулар ұшу алаңының жұмыс учаскелері үшін сипатты мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында орнатылған және жабдықталған пункттерде жүргізіледі. Сонымен қатар ауа райы құбылыстарын және көру мүмкіндігін көзбен шолып бақылау орнынан ұшу алаңының толық шолып көрінуі қамтамасыз етілуі тиіс.
50. Метеорологиялық органдардың метеорологиялық жабдықтарының құрамы және орналасуы, метеорологиялық жабдықтың және байланыс құралдарының электр қуат көзі осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес келеді.
51. Бақылау мәлімет құрастыру әуеайлағында және оның шегінен тыс таратуға жататын мәліметтерді құрастыруға негіз болады.
52. Бақылаудың жоғары сапасын және аспаптар мен олардың индикаторларының дұрыс жұмыс жасауын, оларды орнатуды және резервтеуді қамтамасыз ету үшін, АНҚК өзінің басқаруындағы АМС-ны тексеруді ұйымдастырады.
53. Бақылаулардың жоғары сапасына жету үшін АНҚКЖ АМС ұстанымдарын қамтамасыз етеді:
1) Осы Қағиданың ережелерін;
2) метеорологиялық уәкілетті органдармен келісім бойынша АНҚКЖ бекіткен әдістемелік материалдарды;
3) метеорологиялық ақпараттарды көрсететін құралдар мен аспаптардың дұрыс қызмет етуін.
54. Метеорологиялық жабдықтарға және кешенді автоматтандырылған жүйелерге қызмет көрсетуді өткізу тәртібі және пайдалану сипаттамалары метеорологиялық жабдықтың әр түріне техникалық қызмет көрсету және пайдалану бойынша нұсқамалықтағы өндіруші зауытттың бекіткен талаптарында анықталады.
55. Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың, қону алаңдарында, метеорологиялық органдар жоқ теңіз кемелері және бұрғылау платформаларында ауа райын бақылауды бақылауларды метеорологиялық жабдықтарды пайдалану үшін рұқсат алған авиациялық пайдаланушылардың мамандары қамтамасыз етеді.
56. Әуе кемелерінің қонуларын қамтамасыз ететін және ИКАО I, II және III санаттары бойынша құралдар бойынша қонуға арналған ҰҚЖ бар әуеайлақтарда АМӨЖ және желдің, көрінудің, ҰҚЖ көріну қашықтығының, бұлттылықтың төменгі шекарасының биіктігін, ауа температурасының және шық нүктесінің және атмосфералық қысымның дистанционды индикатор көрсеткіштері орнатылады.
57. АМӨЖ дегеніміз әуе кемелерінің ұшуы мен қонуына әсер ететін метеорологиялық параметрлерді шынайы уақытта алу, өңдеу, тарату және көрсету жүйесінің автоматтандырылған комплексі. АМӨЖ адам факторы аспектілерін есепке алады және резервтеу рәсімдерін қарастырады.
58. АМӨЖ пайдалануда автоматтық жүйелер көмегімен анықталмайтын метеорологиялық элементтер үшін аталған бақылауларды қолмен енгізу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
59. Автоматикалық жабдықтар кешенді жарты автоматикалық бақылаулар жүйесінің құрамына кіретін жағдайда ӘҚҰ жергілікті органдарына жіберілетін бейнелер, бақылаулар, мәліметтер метеорологиялық қызметтің жергілікті органында бар мәліметтердің құрамдық бөлігі болып табылады және олармен бірге көрсетіледі. Көрсетілу барысында әр метеорологиялық элемент репрезентативтік болып табылатын пункттерді тиісті белгілеумен шығарылады.
60. Аспаптық құралдарды пайдалану барысында көрсеткіштерді автоматты тіркеу қамтамасыз етіледі және олардың сөну және қосылу уақыттары тіркеледі.
61. Негізгі құрал бойынша бақылаудан резервтік құрал бойынша бақылауға өту барысында бақылаушылар бақылау жұрналына өту уақытын және себебін көрсете отырып жазба енгізеді.
62. Негізгі және резервтік жабдық істен шыққан кезде бақылаушылар аспаптық бақылаудан көзбен көру бақылауына өтеді, бұл кезекші синоптикке, ӘҚҚ органдарына хабарланады және бақылаулар жұрналында өту уақытын және себебін көрсете отырып жазба енгізіледі.
63. АНҚКЖ метеорологиялық органдар мен радиотехникалық жабдықтарды пайдаланудың тиісті қызметтері және мен ӘҚҰ органдарының арасында келісім жасалуды қамтамасыз етеді (шарттар, нұсқамалықтар), олар мыналарды көздейді:
1) әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарда кешенді автоматикалық жүйелерінің ақпаратын көрсету үшін дисплейлердің болуын қамтамасыз ету;
2) осы дисплейлерге және ( немесе) аспаптарға техникалық қызмет көрсету және калибрлеу;
3) осы дисплейлерді/аспаптарды әуе қозғалысының қызмет көрсету органдары қызметкерлерінің пайдалануын;
4) шамамен және қажет болған жағдайда қосымша шолу бақылаулардың мәліметтерін ұсыну (мысалы, бастапқы биіктікті алу және қонуға бет алу аймағында ұшуды орындауға әсер ететін метеорологиялық құбылыстарға) егер осы тәрізді бақылаулар метеорологиялық станция ұсынған ақпараттарды толықтыру немес жаңарту үшін әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының қызметкерлері тарапынан орындалатын болса;
5) ұшуға немесе қонуға бет алғанда әуе кемелерінің бортынан алынатын метеорологиялық ақпаратты (мысалы: желдің ауысуы туралы) ұсыну;
6) жердегі метеорологиялық радиолокатор арқылы алынатын метеорологиялық ақпаратты (бар болса) ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: |