Үй жұмысы
1-есеп. Егер фокустық қашықтығы 18 см линзадан дене 27 см қашықтықта орналасқан болса, линзаның кескініне дейінгі арақашықтығы қанша болады?
2-есеп. Фокустық қашықтығы 8 см жинағыш линзадан 24 см қашықтықта дене орналасқан
А) Кескінге дейінгі қашықтықты анықта.
Ә) Линзаның сызықтық ұлғайтуын анықта.
3-есеп. Оптикалық күші 10 дптр болатын линзадан алынған кескіннің өлшемі 5 есе үлкейтілген. Бұл жалған кескін дененің өзінен қандай қашықтықта орналасады?
4-есеп. Егер дененің кескіні жинағыш линзада 1,5 есе үлкейтілген болса, дене линзадан қандай қашықтықта орналасқан? Денеден кескінге дейінгі арақашықтық 1 м.
А) Дене мен линзаның арасындағы қашықтықты анықта.
Ә) Линза мен кескін арасындағы қашықтықты анықта.
Б) Линзаның оптикалық күшін анықта.
Достарыңызбен бөлісу: |