Азаматтық авиацияда ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»


-параграф. ҰРТҚ және байланыс құралдарына ерекше жағдайларда техникалық қызмет көрсету



жүктеу 6,16 Mb.
бет3/13
Дата22.05.2018
өлшемі6,16 Mb.
#16070
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

4-параграф. ҰРТҚ және байланыс құралдарына ерекше
жағдайларда техникалық қызмет көрсету

      124. Ерекше жағдайларға қауіпті метеорологиялық және апатты құбылыстар жатады: 20 м/с жылдамдықпен және одан да жоғары жел, шаңды, құмды немесе қарлы боран, дауыл, ұзақ қарқынды жауын-шашын, бұршақ, қатты мұздану, температураның 30 С төмендеуі, жер сілкінуі, шектелген көрініс жағдайлары.

125. Ауа райының қауіпті құбылыстары туралы ескертулер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Заңының 35-бабы, 2-тармағына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидалары) сәйкес жасалады және беріледі.

126. ҰРТҚ және байланыс құралдарына ерекше жағдайларда техникалық қызмет көрсету күткен қауіпті табиғат құбылысы басталғанда (күшейгенде) объектілерді уақтылы дайындауға, жабдықтың сақталуына, апатты құбылыстың салдарын жоюға бағытталған.

127. Нысандарды күткен қауіпті табиғат құбылысына (күшейгенде) уақытында дайындауды қамтамасыз ету үшін ерекше жағдайлар (қауіпті құбылыстар) туралы ескерту алған кезде инженерлік-техникалық персоналдың әрекеттері туралы РТЖБП қызметінің басшысы қол қойған және АА ұйымның (бөлімшесінің) басшысы бекіткен нұсқаулар дайындалады. Нұсқаулық РТЖБП қызметінде сақталады, ҰРТҚ және байланыс объектілерінде (кешендерінде) көрсетілген нұсқаулықтың көшірмелері орналастырылады.

128. РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналы ерекше жағдайлар туралы ескерту алған соң қажетті шараларды қабылдау үшін РТЖБП қызметінің кезекші инженерлік-техникалық персоналына шұғыл түрде хабарлайды.


      129. Ерекше жағдайлар аяқталғаннан соң ҰРТҚ және байланыс объектілер (өнімдер), антенналы-фидерлік қондырғылар мен желілік-кәбілдік құрылыстар тексеріледі, зақымдануларды жою бойынша шаралар қабылданады және қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылады.


5-бөлім. ҰРТҚ және байланыс құралдарын жердегі және ұшу
кезіндегі тексерулер




1-параграф. ҰРТҚ және байланыс құралдарын жердегі тексерулер

130. Жердегі тексерулер ҰРТҚ және байланыс құралдарының негізгі техникалық параметрлерінің пайдалану құжаттамасының талаптарына, пайдалану шарттарына сәйкестігін бағалау үшін мынадай жағдайларда:

1) ҰРТҚ және байланыс нысандарының (өнімдерінің) құрылысы аяқталғандарын қабылдауға дайындау кезінде;

2) ұшулар кезіндегі мерзімді тексерулер алдында;

3) ҰРТҚ және байланыс объектілерін қайта жаңартқаннан кейін;

4) ӘҚҰ қызметінің талаптары бойынша.

131. ҰРТҚ және байланыс құралдарын жердегі тексерулер мынадай жұмыстарды қамтиды:

1) жабдықтың жұмыс істеу қабілеттілігін тексеру;

2) жабдықты реттеуді және баптауды;

3) негізгі анықтауыш техникалық параметрлерін өлшеу;

4) баптау кестесі мен бақылау режимдері картасын осы Қағидаларға 16-қосымшаға және осы Қағидаларға 17-қосымшада көрсетілген жердегі тексеру мен баптау хаттамасына сәйкес жасау.

132. ҰРТҚ және байланыс құралдарын жердегі тексерулерді РТЖБП қызметінің инженерлік-техникалық персоналы жүргізеді. ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалануға енгізу кезіндегі жердегі тексерулер жабдықтарды жасаушылардың (әзірлеушілердің) өкілдерімен бірлесіп жүргізіледі.

133. ҰРТҚ және байланыс жердегі құралдарын жердегі тексеруге қойылатын талаптар осы Қағидаға 18-қосымшада келтірілген.


2-параграф. ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшулар
кезіндегі тексерулер

134. ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшулар кезіндегі тексерулер нормативтік-пайдаланымдық құжаттаманың талаптарымен ҰРТҚ және байланыс құралдары техникалық сипаттамаларының сәйкестігін растау мақсатында жердегі тексеруден кейін жүргізіледі.

135. Ұшулар кезіндегі тексеруге арналған әуе кемесі-зертханасының мынадай сипаттамалары болуға тиіс:

1) беріктік, үнемділік, қажетті жабдықтың және аспаптармен ұшу қағидалары бойынша ұшуларды орындау құқығын беретін сертификаттың болуы;

2) ұшу экипажын орналастыру үшін жеткілікті жүк көтергіштігі, қажетті электрондық және жазатын жабдық пен қосалқы компоненттері. Сондай-ақ жердегі персоналы мен жабдықты тасымалдауға арналған қосымша жүк көтергіштігі қажет етілуі мүмкін;

3) қайта техникалық қызмет көрсету үшін жерге қонусыз, қарапайым тапсырманы орындауға жеткілікті ұшу алыстығы мен ұзақтығы;

4) жылдамдықтың барлық диапазонында, әсіресе ұшулар кезінде тексеру сипатындағы жылдамдық кезінде әуеайлақтық орнықтылығы;

5) шуыл мен дірілдің рұқсат деңгейі;

6) электрлік шуылдардың қабылданатын дабылдарға кедергілер жасамау үшін олардың төмен деңгейі; мысалы, бұранда айналымына шарттасатын қабылданатын дабылдың амплитудалы модуляциясы ең төмен болуы тиіс;

7) штаттық борттық жабдықтың ғана емес, бірақ қажетті қосымша электрондық жабдықтың қоректендіруіне арналған жеткілікті қуаты бар электрмен қоректендірудің тұрақты жүйесі;

8) пайдаланушылар тап болатын жағдайлар сияқты жағдайларда мүмкіндігі бойынша ұшу тексеру жүргізуді қамтамасыз ететін жылдамдықтар мен ұшу биіктіктерінің жеткілікті кең диапазоны. Шағын жылдамдықтардағы жақсы ұшу сипаттамаларының әуе кемелерін теодолиттер көмегімен жердегі бақылаушылардың сүйемелдеуі кезінде елеулі маңызы бар.

9) радионавигациялық құралдардың жаңа түрлерін тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ету немесе қолда бар навигациялық құралдарды тексеру кезінде алынатын деректердің нақтылығын немесе өңделу жылдамдығын арттыру мақсатында жабдықты одан әрі модификациялау немесе оның құрамын кеңейту үшін жарамдылығы;

10) ұшу тексеру кезінде қолданылатын аса сезгіш сынау жабдықтарында температура мен ылғалдылықтың зиянды әсерін болдырмайтын, және экипаждың ыңғайлы жұмыс істеуін қолдайтын экипаж кабинасындағы климаттық жағдайларды бақылау жабдығының болуы;

11) ұшу экипажының жұмыс жүктемесін төмендету үшін автоұшақтың болуы.

136. ӘКЗ-сын қолдану арқылы өткізілетін ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшулар кезіндегі тексеруді ӘКЗ-ге ие болған азаматтық авиация ұйымы жүзеге асырады.

137. Міндеттерге байланысты ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшулар кезіндегі тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) пайдалануға беру кезінде;

2) кезеңдік;

3) арнайы.

138. Пайдалануға беру кезіндегі ұшулар кезінде тексерулер құралдар жұмысының сапасы туралы толық және жан-жақты ақпарат алу мақсатында және жабдықтың пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкестігін анықтау үшін ҰРТҚ және байланыс құралдарының параметрлері мен сипаттамаларын жердегі тексерулерден кейін жүргізіледі. Осы тексерулердің нәтижелері жердегі тексерулермен бір кешенде ҰРТҚ және байланыс құралдарының пайдалануға жарамдылығын анықтауға негіз болады.

139. Кезеңдік ұшулар кезіндегі тексерулер жердегі ҰРТҚ және байланыс құралдарының параметрлері мен сипаттамаларын пайдалану құжаттамаларының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында тұрақты негізде жүргізіледі.

140. Арнайы ұшулар кезіндегі тексерулер жердегі ҰРТҚ және байланыс құралдарының параметрлері мен техникалық сипаттамаларының пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі және мынадай жағдайларда орындалады:

1) жабдықтың кеңістіктік сипаттамасына әсер ететін бюлеттеньдер бойынша құралдарды жетілдіруді (жаңғыртуды) жүргізу - пайдалануға беру бағдарламасы бойынша;

2) алты айдан астам мерзімге регламенттен алынып тасталғаннан кейін жабдықтың жұмысын қалпына келтіру және оны пайдалануға беру - пайдалануға беру бағдарламасы бойынша;

3) жабдықтың антенналы-фидерлік қондырғысын ауыстыру, жөндеу немесе оның орнатылған орнын өзгерту - пайдалануға беру бағдарламасы бойынша;

4) әуе кемелерінің қонуға аспаптық кіруінің радиомаяк жүйесін (PMC/ILS/CП), азимуттық-алыстан өлшеуіш радиомаяктарды (PMA/VOR, PMД/DME), жетекті радиостанцияларды/бағытталмаған радиомаяктарды (ПРС, NDB) жаңа жұмыс жиілігіне ауыстыру - жабдықтың негізгі және резервтік жиынтығын тексере отырып, кезеңдік бағдарлама;

5) әуе кемелерінің қонуға аспаптық кіруінің радиомаяктік жүйесі глиссадасының көлбеу бұрышын өзгерту (РМС/ГРМ) - жабдықтың негізгі және резервтік жиынтығын тексере отырып, кезеңдік бағдарлама;

6) жердегі немесе ұшу кезіндегі бақылау нәтижелері бойынша құралдардың техникалық сипаттамаларының сәйкессіздігін анықтау - ҰРТҚ және байланыс құралдарын техникалық пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың басшысы бекіткен бағдарлама бойынша;

7) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру - тексеру жөніндегі комиссияның басшысы бекіткен бағдарлама бойынша;

8) радиокедергілердің көздерін және құралдардың тұрақсыз жұмысының басқа да себептерін анықтау - ҰРТҚ және байланыс құралдарын техникалық пайдалануды жүзеге асыратын АА ұйымының басшысы бекіткен бағдарлама бойынша.

141. ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшулар кезіндегі тексерулер әдістемелері мен бағдарламалары (мерзімділігі мен көлемі) осы Қағиданың 18-қосымшасында келтірілген.

142. ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшулар кезіндегі кезекті тексерулерді өткізу мерзімі алдыңғы ұшулар кезіндегі тексерулер актісінің бекітілген күнінен бастап саналады.

143. ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшулар кезіндегі тексерулерді өткізу мерзімін өзгерту II және III санатты радиомаяк жүйесі үшін 60 тәуліктен аспауы, ал қалғандары үшін алдыңғы ұшулар кезіндегі тексерулерден кейін 90 тәуліктен аспауы керек. ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалануда ұшулар кезіндегі тексерулердің кезеңдігі бұзылуына жол берілмейді.

144. Жер үстіндегі ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалануды қамтамасыз ететін ұйымдар осы құралдарды ұшулар кезіндегі тексеруді өткізудің жоспарын осы Қағиданың талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

145. Кесте құру кезінде ұшулар кезіндегі тексерудің бағытталған санаттағы РМЖ қонуына бірінші кезекте қамтамасыз етіледі.

146. Ұшулар кезіндегі тексеруді өткізудің жоспары негізінде жер үстіндегі ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдар мен ӘКЗ қолданатын АА ұйымдары арасында шарт негізінде ұшулар кезіндегі тексеру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

147. Жер үстіндегі ҰРТҚ және байланыс құралдарының дайындығы мерзімінің расталуы негізінде, шарт жасасқан, ӘКЗ-ны қолданатын АА ұйымдарымен келесі айға ұшулар кезіндегі тексеруді өткізудің ай сайынғы жоспар-кестесі құрылады (түзетіледі) және жер үстіндегі ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын ұйым атына жіберіледі, сондай-ақ ӘКЗ-ның келген күнін растайтын телеграммалар (телефонограммалар, факс және басқалар) жіберіледі.

148. Жер үстіндегі ҰРТҚ және байланыс құралдары параметрін бағалауда АЛК,КЛП ұшулар кезіндегі тексеру кешенін қолдану қажет болмаған жағдайда, ұшулар кезіндегі тексеру арнайы бөлінген көлікпен, рейстік және жаттығатын ӘК-мен жүргізіледі.

149. АЖЖ ауқымындағы радиолокаторларды, жетекті радиостанцияларды және АЖЖ диапазонды авиациялық-әуе электрбайланыс арналарын ұшулар кезіндегі тексерулерді көліктік, рейстік және жаттығулық ұшуларды орындайтын ӘК жүргізеді. Азаматтық авиация әуеайлақтарында ҰРТҚ және байланыстың жердегі құралдарын ұшулар кезіндегі тексерулердің уақтылығын, толымдылығын және сапасын бақылауды азаматтық авиация ұйымының басшылары жүзеге асырады, ал осы құралдардың ұшулар кезіндегі тексерулерге даярлығының уақтылығы мен сапасын бақылауды РТЖБП қызметінің бастықтары жүзеге асырады.

150. Радиомаяк жүйесін, барлық бағыттағы АЖЖ радиомаякты, алыстан өлшеуіш жабдықты және автоматты радиопеленгаторларды ұшулар кезіндегі тексерулер ӘКЗ жүргізіледі.

151. Жердегі байланыс және ҰРТҚ құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын ұйым ӘКЗ экипажына мыналарды ұсынады:

1) бұдан бұрынғы құралдарды ұшу тексеру материалдары;

2) РМЖ/ILS(ҚЖ), АРМ/VOR, ҚӨРМ/DМЕ орнату орнының, радиопеленгатордың (АРП/VDF) орнатылған позициясының, ұшу-қону жолағы шегінің координаталары және әуе трассаларының (дәліздерінің) тізбесі;

3) координаталардың полярлық (азимут, қашықтық) жүйесіндегі бақылау бағдарларының географиялық координаталары;

4) азимуталды - қашықтық өлшеуіш радиомаяктарының тірек бақылау нүктелерінің координаталары (АРМ/VOR);

5) телеметр өлшемдерінің сызығы үшін байланыс арналарының жиілілік мәні.

152. Әуе кемесі - зертханасының экипажы:

1) жер үсті ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын ұйыммен ұшу тексерулерді жүргізу бағдарламасын келіседі және алдынғы ұшу тексерулердің қорытындысын талдайды;

3) ұшу тексерулерге жататын жер үсті ҰРТҚ және байланыс құралдарының есептеліп шығарылған қызмет ету аймағын бағалайды;   
      4) сол әуеайлақтағы жердегі ҰРТҚ және байланыс құралдарының орналасу схемасын нақтылайды, антенна-фидерлі құрылғылардың, ұшу-қону жолағы шегінің координаталарын және басқа да қажет мәліметтерді анықтайды;
      5) жердегі ҰРТҚ және байланыс құралдарының көрсетілген номинальды параметрлерін және жердегі ҰРТҚ және байланыс құралдарының сипаттамаларын анықтау бойынша қажет есептерді жүргізеді;
      6) ӘКЗ экипажы мен жердегі қызметтер арасындағы ақпарат тарататын және байланыс арнасын анықтайды;

7) белгіленген әдістерге сәйкес жердегі ҰРТҚ және байланыс құралдарының параметрлері мен сипаттамасын өлшеуді жүргізеді;

8) тексеру барысында алынатын нәтижелерге талдау жасап, бағалайды;
      9) атқарылған жұмыс нәтижесін сапалы, дұрыс және уақтылы құжаттайды;
      10) іс-әрекеттерін жер үсті ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын ұйымның ӘҚҚК қызметімен және инженерлік-техникалық персоналмен үйлестіреді;

11) ұшу кезіндегі тексерулерді орындағанда ұшудағы тағайындалған тәртіпті және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтайды.

153. Ұшу тексерулерге қатысатын ӘКЗ экипажын, диспетчерлік құрамды және жердегі инженерлік-техникалық персоналды ұшу кезіндегі тексерулерге дайындау әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте мынадай мәселелер пысықталады:

1) ұшу тексерулерді өткізу мерзімдері анықталады;

2) ұшу тексерулерді орындау тәртібі мен кезектілігі белгіленеді;

3) ұшу тексерулердің маршруты салынып зерделенеді, қажет есептер жүргізіледі;

4) ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын әуедегі кеме-зертханасының экипажы, ұйымның ӘҚҚК қызметі мен инженерлік-техникалық персоналы арасындағы өзара іс-әрекеттері жөніндегі мәселелер анықталады;

5) ұшу тексерулерді өткізу маршруттарында ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар және ерекше жағдайда қолданылатын іс-әрекеттер зерделенеді, бұл ретте әуеайлақ (әуеторап) ауданында кедергілердің болып қалуына ерекше назар аударылады;

6) метеожағдайдың бұзылуы бола қалған жағдайға қосалқы әуеайлақтар анықталады;

7) метеорологиялық және орнитологиялық жағдайлар, сондай-ақ ұшу тексерулердің бағытына ауа райы болжамы анықталады;

8) ұшулар ауданындағы әуе жағдайы, жер үсті және навигациялық жағдайлар, сондай-ақ ұшуларды басқару ерекшеліктері талданады;

9) ұшу тексерулері бойынша басқа да мәселелер пысықталады.

154. Жердегі ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшу кезіндегі тексеруге дайындау, ӘКЗ-ның ұшуына 30 минут қалғанда түгел қалыпты күйге келтіру жұмыстары тоқтатылатындай, аппаратура тексеріліп, осы жабдықты пайдалану бойынша басшылықта (нұсқаулықты) көзделген жұмыс режиміне қосылып дайын болатындай есеппен орындалады.

155. Ұшу кезіндегі тексерулерді жүргізгенде ҰРТҚ жабдықтарын тағайындалуы бойынша қолдануға, әуе кемелерінің және басқа техникалардың қауіпті аймақтарда тұруына тыйым салынады. Ұшу кезіндегі тексерулерді жүргізу кезеңінде бұл ҰРТҚ құралдарының жұмыстан шеттетілуі жөнінде хабарландыру СУАИ арқылы жасалады.

156. Жер үсті ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшу тексеруден өткізу үшін нақтылы әуежайдан ӘКЗ-нің ұшуы туралы шешімді, тексеру жүргізетін маршруттардың шын және болжамды метеожағдайларын талдау негізінде және ұшатын зертхананың борт инженер-сынаушысының (борт инженер-операторының) жер үсті құралдарының, сондай-ақ жер үсті қызметтердің жұмысқа дайын болуы туралы хабарлауы негізінде ӘК командирі қабылдайды.

157. Жер үсті ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшу тексеру аяқталғаннан кейін атқарылған жұмыс туралы есеп осы Қағиданың 18-қосымшасына сәйкес Ұшу кезіндегі тексеру актісі нысанында жасалады.

158. Уақтылы, сапалы түрде және дұрыс жасалған есепті тексерілген құрал-жабдықтың параметрлері мен сипаттамасының нормативті-техникалық құжаттаманың талаптарына сай болуын бағалай отырып жер үсті ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшу тексеру нәтижелері анық көрсетілуді ұшатын зертхананың борт инженер-сынаушысы қамтамасыз етеді.

159. Жер үсті ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшу тексеру бойынша есепті жасау үшін:

1) құралдардың параметрлері мен сипаттамаларын жазатын борттағы және жердегі құрылғыларда көрсетілген;

2) ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалану қызметтері персоналдарының техникалық пайдалануға жауапты ӘКЗ экипажы мүшелерінің, ӘҚҚК қызметінің есептеп шығарулары, жеке бақылаулары мен тәжірибелік қорытындыларының нәтижесінде алынған;

3) ӘҚҚ бақылау жүйесінің жұмыс істеу қабілеттілігін автоматтандырылған бақылау жүйесі аппаратурасында көрсетілген деректер пайдаланылады.

160. Ұшу тексеру актісі жер үсті ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшу кезіндегі тексеру бойынша есептің негізгі құжаты болып табылады. Ұшу тексеру актісінде:

1) жер үсті ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын ұйымның атауы;

2) тексерілетін құралдың атауы, үлгісі және зауыттық нөмірі;

3) әуе кемелерінің қонуға аспаптық кіруінің радиомаяктік жүйесі үшін және қону жүйесінің жабдықтары үшін қонудың магниттік курсы;

4) ұшу кезінде тексеру жүргізу мерзімі және үлгісі;

5) ӘКЛ-ді пайдаланатын авиациялық ұйымның атауы;

6) ӘКЛ-дің үлгісі және борт нөмірі;

7) ұшу кезіндегі тексеру кешенінің (АЗК) үлгісі және зауыттық нөмірі;

8) ӘК ұшуларын қамтамасыз ету үшін тексерілген құралды пайдалану мүмкіндігі:

әрекет ету аймағы шегінде белгіленген стандарттарға сәйкес кеңістікке дабыл шығаратын, шектеусіз пайдалануға жарайтын құрал;

кеңістікке әрекет ету аймағының барлық жағынан немесе барлық секторларында белгіленген стандарттарға сәйкес келе бермейтін, дабыл шығаратын, шектеулермен пайдалануға жарайтын құрал;

кеңістікке сапасы белгісіз, белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтін сигналдар шығаратын, пайдалануға жарамайтын құрал.

161. Жер үсті ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшу кезінде тексеру актісіне мыналар қоса беріледі:

1) құралдардың параметрлері мен сипаттамаларын өлшеу нәтижелері көрсетілген кесте;

2) тексерілетін құралдардың параметрлері мен сипаттамаларын тіркейтін борт құрылғыларының шифры ашылып жазылған материалдары;

3) ӘКЗ-нің ұшу маршрутының және қырынан қарағандағы схемалары (қажеттілігіне қарай);

4) ӘҚҰ бақылау жүйелерінің ақпараттар көрінетін құралдарынан (қажеттілігіне қарай) жасалған фотосуреттер (ақпарат көздерін тіркеу құрылғысының материалдары);

5) тексерілетін құралдардың өзгеше ерекшеліктерін көрсететін басқа да материалдар.

162. Шолу радиолокаторы, АРП және ҰЖЖ диапазонындағы авиациялық-әуе электр байланысының арналары үшін ұшу биіктігіне байланысты олардың әрекет ету қашықтығының кестелері жасалады.

163. Жер үсті ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалануға енгізу кезінде ұшу тексеру актісі төрт данада толтырылады:

1) тексерілетін құралдардың параметрлері мен сипаттамаларын тіркейтін борт құрылғыларының шифры ашылып жазылған материалдары бар бірінші және екінші даналары, жер үсті ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын ұйым үшін;

2) ӘКЗ-ні пайдаланатын азаматтық авиация ұйымы үшін үшінші данасы;

3) дайындаушы үшін - төртінші данасы.

164. Жер үсті ҰРТҚ және байланыс құралдарын мерзімді тексеру кезінде ұшу тексеру актісі үш данада толтырылады:

1) тексерілетін құралдардың параметрлері мен сипаттамаларын тіркейтін борт құрылғыларының шифры ашылып жазылған материалдары бар бірінші данасы, жер үсті ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын ұйым үшін;

2) ӘКЗ-ні пайдаланатын азаматтық авиация ұйымы үшін - екінші данасы;

3) жердегі ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалануды бақылауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін - үшінші дана.

165. Авиациялық оқиғаларды (оқыс оқиғаларды) тексеру кезінде орындалатын жер үсті ҰРТҚ және байланыс құралдарын арнайы тексеру кезіндегі ұшу тексеру актісі даналарының санын тексеруді ұйымдастыратын комиссия басшысы анықтайды.

166. Ұшу тексеру актісін жер үсті ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын АА ұйымының (бөлімшесінің) басшысы бекітеді.

167. Жер үсті ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшу тексеру актісі бекітілгеннен кейін тексерудің негізгі нәтижелері әуе қозғалысына қызмет көрсету барысында басшылыққа алу үшін ӘҚҚК қызметінің персоналына (диспетчерлік құрамға) хабарланады.

Ұшу кезінде тексеру нәтижелері ҰРТҚ және байланысты пайдалануды жүзеге асыратын инженерлік-техникалық персонал үшін қолжетімді болады.

168. ҰРТҚ және байланыстың жердегі құралдарын ұшу кезінде тексеру актілері, тиісті қосымшаларымен бірге, бұл құралдарды пайдалануды жүзеге асыратын ұйымда осы жабдықтың өмірлік циклы бойы сақталады.

6. ҰРТҚ және байланыс құралдарының қызмет
ету мерзімін (ресурсын) ұзарту

169. ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалануға беру кезінде бұйымның қызмет ету мерзімі ПТҚ-ға сәйкес Техникалық жай-күй актісінде көрсетіледі, ПТҚ-да зауыт-жасаушы белгілеген қызмет ету мерзімі болмаған жағдайда, қызмет ету мерзімін пайдаланушы ұйым тағайындайды. ҰРТҚ және байланыс құралдарының техникалық жай-күйі актісі осы Қағидаларға 1-қосымшадағы нысанға сәйкес жасалады.

170. ҰРТҚ және байланыс құралдарының қызмет ету мерзімін (ресурсын) ұзарту жөніндегі жұмысты АА ұйымы басшысы тағайындаған комиссия жүргізеді. Комиссия төрағасы болып РТЖБП қызметінің бастығы тағайындалады. Комиссия құрамына осы құралдарды пайдаланушы мамандар кіреді. Оның құрамына кәсіпорын-жасаушының өкілдері кіруі мүмкін.

171. Тексеру нәтижелері бойынша жөндеу жүргізу қажеттілігі, көлемі және мерзімдері белгіленеді, жөндеу РТЖБП қызметінің кәсіпорын-жасаушының күшімен жүргізіледі.

172. ҰРТҚ және байланыс құралдарының шекті жай-күйін және қызмет ету мерзімін (ресурсын) ұзарту уақытының ұйғарынды аралығын анықтау осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес орындалады. ҰРТҚ және байланыс құралдарының техникалық жай-күйін тексеру нәтижесі осы Қағидаларға 19-қосымшада келтірілген нысан бойынша ҰРТҚ және байланыс құралдарының техникалық жай-күйі актісімен ресімделеді.

173. Белгіленген ресурсын өтеген және шекті жай-күйге жеткен ҰРТҚ және байланыс құралдары қызмет ету немесе сақтау мерзімдері өткен соң ұйым теңгерімінен есептен шығарылуға тиіс.

7. Авиациялық электр байланысы
174. Авиациялық электр байланысы – ӘК ұшуын қамтамасыз ету мақсатында электр байланысы желілерінде өзара байланысқан орталықтардың, станциялардың, шеткі құрылғылардың, электр байланысының әр түрлі құралдарының жиынтығы.

175. Авиациялық электр байланысы мынадай негізгі міндеттерді орындау арқылы қамтамасыз етіледі:

1) әуе қозғалысын басқару (бұдан әрі - ӘҚБ) орталықтарының (пункттерінің) әуе кемелері экипаждарына әуе қозғалысының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқауларын, өкімдерін және әр түрлі хабарламаларын беруі және олардан ұшулардың барлық кезеңдерінде мәліметтер мен хабарламалар алуы;

2) әуе қозғалысына қызмет көрсету, ұшуларды жоспарлау және ұйымдастыру үдерісінде ӘҚБ орталықтарының (пункттерінің) өзара әрекет етуі;

3) азаматтық авиация ұйымдары қызметтерінің жедел өзара әрекет етуі;

4) әкімшілік-басқару және өндірістік ақпарат беру;

5) азаматтық авиацияның әр түрлі автоматтандырылған басқару жүйелерінің деректерін беру.

      176. Азаматтық авиацияның авиациялық электр байланысына қойылатын негізгі талаптар:

1) байланыс орнатудың уақтылығы;

2) байланыстың сенімділігі мен үздіксіздігі;

3) ақпарат берудің талап етілетін жылдамдығын қамтамасыз ету;

4) ақпарат берудің талап етілетін растығын қамтамасыз ету;

5) ақпарат беру кезінде қажетті қолжеткізуді шектеуді қамтамасыз ету;
6) жұмыс істеудің тиімділігі және үнемділігі.


жүктеу 6,16 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау