Азаматтық авиацияда ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»



жүктеу 6,16 Mb.
бет2/13
Дата22.05.2018
өлшемі6,16 Mb.
#16070
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2-тарау. ҰРТҚ және байланысты техникалық пайдалануды

ұйымдастыру
1-параграф. ҰРТҚ және байланыс құрылымы мен құралдары
7. ҰРТҚ және байланыс құрылымы әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында РТЖБП қызметі мен азаматтық авиация ұйымдарының басқа да қызметтері пайдаланатын ҰРТҚ және байланыстың радиотаратушы, радиоқабылдағыш жер үсті құралдары, басқа да құралдар кешенінен тұрады:

1) радиолокация (ӘҚҚ бақылау жүйесі);

2) радионавигация (РНК);

3) радиолокация (ӘҚҚ бақылау жүйесі) және радионавигация;

4) авиациялық электрбайланысы (АЭБ);

5) әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі;

6) ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету (ҰРТҚ);

7) ұшуларды электртехникалық қамтамасыз ету (ҰЭТҚ).

8. Аэронавигациялық қызмет көрсету аймағын кеңейту мақсатында алыс жердегі орындар (АЖО) құрылады.

9. ҰРТҚ және байланыс құралдары техникалық-пайдалану құжаттамасына сәйкес қатаң қолданылады. ҰРТҚ және байланыс құралдарының техникалық сипаттамалары техникалық-пайдалану құжаттамасында келтірілген параметрлердің мәндеріне сәйкес болады және пайдалану процесінде берілген шектерді ұстанады.

10. ҰРТҚ және байланыс құралдарын объектіде орналастыру пайдалану құжаттамасының талаптарына жауап береді.

11. Кешендердегі (нысандардағы) инженерлік-техникалық персоналдың саны нақты ҰРТҚ және байланыс құралдарын, белгіленген нысан, техникалық қызмет көрсету әдістерін ескере отырып белгіленеді және АА ұйымымен анықталады (табиғи монополия субъектісіне жататын АА ұйымдары үшін – «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын ескере отырып).



2-параграф. ҰРТҚ және байланыс объектілерінің жұмысын бақылау
12. ҰРТҚ және байланыс құралдары ӘҚҚ қызметінің ұшу басшысымен (диспетчерімен) келісім бойынша және РТЖБП қызметінің ауысымдық персонал журналына осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген нысанда және құжаттау құрылғысына міндетті түрде жаза отырып ауыстырып қосылады, қосылады және ажыратылады. Осы журналда ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс сапасы, олардың жұмысында ескертулердің бар болуы немесе жоқтығы туралы жазу жазылады.

13. ҰРТҚ және байланыс объектісінің жұмысқа қабілетсіз күйінің ұзақтығы жұмысты тоқтатқан сәттен бастап жұмыс істеу қабілеттігі қалпына келтірілгенге дейін есептеледі және РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналы журналына жазылады.

14. ҰРТҚ және байланыс құралының істен шығуының әрбір жағдайын, себептеріне қарамастан, АА ұйымының (бөлімшесінің) басшысы тағайындаған комиссия тексереді. Тексеру нәтижелері осы Қағиданың 2-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша істен шығуды (байланыстың бұзылуы) тексеру актісімен ресімделеді.

15. Инженерлік-техникалық персоналдың тұрақты емес қатысуымен жұмыс істейтін ҰРТҚ және байланыстың автоматтандырылған объектілерінің жұмыс істеу қабілеттілігін бақылауды РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналы (әуеайлақтар тәулік бойы жұмыс жасаған жағдайда кемінде екі маман) қашықтан бақылау мен басқару жүйесінің сигналдары, диспетчерлік және ұшу құрамының шақырулары бойынша жүзеге асырады.

16. ҰРТҚ және байланыстың автоматтандырылған объектілерінде қосымша мыналар болады:

1) жұмыс істеу қабілеттілігін қашықтықтан басқару мен бақылау жүйесі;


      2) резервтік электрлік қоректендіру көзін автоматты іске қосу  және қашықтықтан ажырату құрылғылары;

3) күзет және өрт сигнализациясы.

17. Объектілердің аусымдық персоналы және объектілердің инженерлік-техникалық персоналы бар ҰРТҚ және байланыс объектілерінде ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу қабілеттілігін объектінің құрылымы мен міндетіне, электр байланысы арнасына байланысты бақылауды объектінің құрылымы, электр байланысы арнасына байланысты автоматтандырылған құралдардың сигналдары, қондырылған бақылау-өлшеу аспаптарының, бақылау индикаторларының көрсеткіштері бойынша, ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс абонеттеріне сұрау жүргізу, олардың сөздерін тыңдау нәтижелері бойынша авиациялық электр байланысы арналарының жұмыс сапасын бағалай отырып, объект персоналы, РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналы жүзеге асырады.

18. РТЖБП қызметі техникалық құралдардың көмегімен диспетчерлік қызметтер мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін лауазымды тұлғалар арасындағы сөйлесулерді құжаттауды, сонымен қоса ӘҚҚ бақылау жүйесі ақпаратын, жоспарлы ақпаратты құжаттауды жүргізеді. Құжаттау тәртібі осы Қағиданың 3-қосымшасында берілген автоматты құжаттауды (жазбаны), сақтауды және ӘҚҚ дыбыстық байланыс арналары ақпаратын пайдалануды ұйымдастыру, бақылау жабдығы және деректерді беру бойынша үлгілік нұсқаулықпен анықталған.

РТЖБП қызметінде ҰРТҚ және байланыс жабдықтарының (олар болған жағдайда) автоматты түрде құралатын және жазатын (жабдықта сақталатын) оқиғалар журналын (LOG – файлдар) тексеру тәртібі анықталады.

19. Азаматтық авиация ұйымының (бөлімшесінің) басшы құрамы ҰРТҚ және байланыс объектілерінің жай-күйін және оларды техникалық пайдалануды төмендегіден сирек емес кезеңділікпен:

1) РТЖБП қызметінің бастығы (бастықтың орынбасары) – жарты жылда 1 рет (алыс жердегі орындарды – жылына 1 рет);

2) кешеннің немесе объектінің жетекші инженері – тоқсанына 1 рет (алыс жердегі орындарды – жарты жылда 1 рет) бақылайды.

20. Бақылау нәтижелері объектінің техникалық қызмет көрсету және жөндеу журналында белгіленеді.

3-параграф. РТЖБП қызметінің жұмысын ұйымдастыру
21. ҰРТҚ және байланыс объектілері тәулік бойы жұмыс жасаған жағдайда немесе ҰРТҚ және байланыс объектілерінің сенімді қызмет етуін қамтамасыз ету үшін ұйым басшысының шешімі бойынша РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналының кезекшілігі ұйымдастырылады.

22. ӘК ұшуларын радиотехникалық қамтамысыз ету бойынша ортақ міндеттерді орындайтын объектілердің ауысымдық персоналы және ҰРТҚ және байланыс объектілерінің инженерлік-техникалық персоналы пайдалану тобын құрайды және оперативтікке қатысты РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналына тікелей бағынады.

23. РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналы жердегі ҰРТҚ және байланыс құралдарының істен шығусыз және сапалы жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі РТЖБП қызметі объектілерінің жұмысына жедел басшылықты жүзеге асырады, ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмысы жөнінде ұшу және диспетчерлік персоналдың ескертулерін талдайды және олардың істен шығулары мен жарамсыздығы себептерін жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдайды, РТЖБП қызметі объектілерінің жұмысын бақылайды, автоматтандырылған объектілерді басқаруды және олардың жұмыс істеу қабілеттігіне жедел бақылауды жүзеге асырады.

24. ҰРТҚ және байланыс объектілерінің инженерлік-техникалық персоналының және объектінің ауысымдық персоналының авариялық жағдайдағы іс-әрекетін АА ұйымының (бөлімшесінің) басшысы белгілейді.

25. ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу қабілеттілігі бұзылған кезде қызметтің инженерлік-техникалық персоналы мыналарды:

1) резервтік жабдықты, резервтік электр қоректендіру көздерін, байланыс арналарын осы Қағиданың 77-тармағымен белгіленген тәртіпте бекітілетін резервке қою жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген нормативтік уақыт ішінде жұмысқа қосуды қамтамасыз етеді;

2) РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналына қалыптасқан жағдай мен қабылданған шаралар туралы баяндайды;

3) объектінің жедел журналына объектінің (байланыс арнасының) жұмысындағы үзілістің басталу және аяқталу уақытын белгілейді;

4) объектінің (байланыс арнасының) жұмыс істеу қабілеттілігі бұзылуының себептерін анықтау және жою үшін шаралар қабылдайды;

5) қалпына келтіру жұмыстары аяқталған соң, РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналына объектінің жұмыс істеу қабілеттігінің қалпына келтірілгені туралы баяндайды.

26. ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке қою жөніндегі нұсқаулықта төмендегілер көрсетіледі:

1) негізгі жабдық (байланыс арналары);

2) резервтік жабдық (байланыс арналары);

3) резервтік жабдыққа (байланыс арналары) ауысу тәртібі;

4) резервті қосу уақыты;

5) резервтік жабдықты (байланыс арналары) тексеру тәртібі.

27. РТЖБП қызметі мен ӘҚҚ қызметінің өзара әрекет ету тәртібі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 13 маусымда тіркелген № 7006 Әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықпен (бұдан әрі – ӘҚҰ жөніндегі нұсқаулық) анықталады.

28. ҰРТҚ және байланыстың негізгі құралдары зақымданған жағдайда РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналы ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервтік құралға ауыстыру жөнінде шаралар қабылдайды, ол туралы ӘҚҚ қызметінің ұшу басшысына (ӘҚҚ диспетчеріне) баяндайды.

29. ҰРТҚ және байланыс объектілерінің негізгі электр қоректендіру көздері зақымданған кезде, ауысымдық персонал резервтік электр қоректендіру көздеріне ауыстыру жөнінде шаралар қабылдайды, ол туралы ұшу басшысына (ӘҚҚ диспетчеріне), РТЖБП қызметі бастығына хабарлайды және электрмен жабдықтау ұйымының персоналын хабардар етеді.

30. ҰРТҚ және байланыстың автоматтандырылған объектілерін қашықтан басқару және электрмен қоректендіру байланыс желілерін қалпына келтіру жөніндегі жұмыс кезінде, олар үшін РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналымен байланыс тәсілдері мен құралдары анықталатын мамандардың тұрақты кезекшілігі белгіленеді.

31. Қалпына келтіру жұмыстарының аяқталғаны туралы РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналы ӘҚҚ ұшу басшысына (диспетчеріне) баяндайды және оның рұқсатымен ҰРТҚ және байланыстың автоматтандырылған объектілерін қашықтан басқаруға және электр энергиясымен қоректендірудің негізгі көздеріне ауыстыру туралы нұсқау береді.

32. ҰРТҚ және байланыс құралдары жұмысындағы ӘК ұшуларының қауіпсіздігі мен тұрақтылығының бұзылуына әкелетін барлық өзгерістер туралы РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналы РТЖБП қызметі басшылығына және ӘҚҚ ұшу басшысына (диспетчеріне) баяндайды.

33. РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналының жұмыс орны ҰРТҚ және байланыстың автоматтандырылған объектілерін қашықтан басқару және бақылау құралдарымен, ӘҚҚ қызметі ауысым кезекшілерінің жұмыс орындары және азаматтық авиация ұйымдарының аралас қызметтерімен телефон  және/немесе дауыс зорайтқыш байланысымен жабдықталады. Қызметтік сөйлесулер құжаттау құрылғысы арқылы автоматты түрде жазылады. РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналының қарамағында тәулік бойы радиоландырылған кезекші автокөлік болады.

34. РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналы өз қызметінде АА ұйымының (бөлімшесінің) басшысы бекіткен лауазымдық нұсқаулықты, ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервте сақтау жөніндегі нұсқаулықты (-тарды), АА қызметтерімен өзара әрекеттесу жөніндегі нұсқаулықтарды, осы Қағиданы және әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы заңнаманы басшылыққа алады.

35. РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналы ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмысы көрсетілген журналды осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес жүргізеді.

36. РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналы мен объектінің ауысымдық персоналы ауысымды қабылдау кезінде:

1) ҰРТҚ және байланыс құралдарының қызмет көрсететін негізгі  және резервтік жиынтықтарының бар болуын, жай-күйін және жұмысқа қабілеттілігін;

2) электр қуатымен қоректенетін резервтік көздердің дайындығын;

3) мүліктердің, пайдалану құжаттамасының, өлшейтін аспаптардың, керек қосалқы бөлшектерінің шұғыл жиынтықтарының, құрал-саймандардың тізімдеме бойынша болуын;

4) жеке қорғаныс құралдарының болуын, олардың дұрыстығы (көріп тексеру мүмкіндігі болған жағдайда) және оларды сынақтан өткізу мерзімінің өзектілігі, өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігін, жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету үшін дәрігерлік қобдишаның болуын;

5) өрт сөндіру құралдарының дұрыстығын және бар болуын (көріп тексеру мүмкіндігі болған жағдайда) және оларды сынақтан өткізу мерзімінің өзектілігі, объектінің өртке қарсы қауіпсіздік жағдайын тексереді.

37. Кезекшілікті қабылдау және тапсыру осы РТЖБП ауысымдық персоналы Қағидасының 1-қосымшасына сәйкес РТЖБП қызметі ауысымдық персоналының журналында және объектінің ауысымдық персоналы бар объектілері Қағидасының 4-қосымшасына сәйкес объектінің шұғыл журналында ресімделеді.

38. Кезекшілікті қабылдау мен тапсырудың нәтижелері мен объектінің (жабдықтың) жұмысқа дайындығы туралы объектінің ауысымдық персоналы РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналына баяндайды.

39. РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналы автоматтандырылған объектілердің бақылау құралдарынан алынған ақпарат, объектілердің ауысымдық персоналының баяндамалары негізінде осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес кезекшілікті қабылдау мен ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмысқа дайындығы туралы ӘҚҚ қызметінің ұшу басшысына (диспетчеріне) баяндайды.

40. РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналы ӘҚҚ қызметінің кезекші ауысымының нұсқама беруіне қатысады немесе нұсқаманы электр байланысы құралдары арқылы тыңдайды, радиотехникалық жабдықтар мен байланыстың күйі туралы шұғыл ақпаратты жеткізеді. Осы дыбыстық ақпараттың құжаттау құрылғыларында жазылуы қамтамасыз етіледі.

4-параграф. Пайдалану және авариялық жағдайлар үдерісінде РТЖБП қызметінің азаматтық авиацияның басқа қызметтері мен ұйымдарымен өзара іс-қимылы
41. Өндірістік қызметті қамтамасыз ету үшін РТЖБП қызметіне
техникалық ғимараттар, құрылыстар, өндірістік және қойма үй-жайлары
беріледі.

42. РТЖБП қызметі бастапқы талаптарды әзірлеуге, жобалауға қажетті техникалық тапсырмаларды келісуге, іздеу жұмыстарына, жобалау құжаттамасын қарау мен келісуге, құрылыс-құрастыру жұмыстарын техникалық қадағалауға, сондай-ақ қабылдау және пайдалану сынақтарына қатысады.

43. Әуеайлақтың ҰРТҚ және байланыс объектілеріне кіреберіс жолдарды, радиомаяк жүйесінің ауыспалы аймағын таңбалауды және күтіп ұстауды екі жақтың жауапкершілігі мен құқықтары белгіленетін азаматтық-құқықтық шарт шарт жасау арқылы әуежайдың әуеайлақтың қызметі қамтамасыз етеді.

44. Бөгде ұйымдар радиотехникалық объектілер мен желілік-кабельдік құрылыстарға іргелес жатқан учаскелер аумағында жер қазу және құрылыс жұмыстарын жүргізуі үшін, РТЖБП қызметімен келісуі тиіс. Жұмыстар РТЖБП қызметі өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

45. Бөгде ұйымдар ҰРТҚ және байланыс объектілері орналасқан жерлерде ғимараттар мен құрылыстарды салған, жер қазу жұмыстарын орындаған кезде, АА ұйымдары аталған құрылыстардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген әуе қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қызметке рұқсат беру қағидасына, сонымен қоса осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес, ҰРТҚ және байланыс радиотехникалық жабдықтары сигналының сапасы мен қолжетімдігіне әсерін (кері әсерін) бағалайды.

46. РТЖБП қызметі аэронавигациялық қызмет көрсетуге байланысты апатты жағдайларда басқа қызметтердің (АА ұйымдары) іс-қимылының жоспарын әзірлеуге қатысады.



5-параграф. ҰРТҚ және байланыс объектілерін электрмен жабдықтау
47. ҰРТҚ және байланыс объектілерін электрмен жабдықтау Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 246 бұйрығымен бекітілген тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану Қағидасына, жобалау құжаттамасына сәйкес, сонымен қоса:

1) әуеайлақтарда, тік ұшақ айлақтарында орналасқан объектілер үшін - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы


31 наурыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген азаматтық авиация әуеайлақтарының (тік ұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормасына сәйкес (бұдан әрі – ҚР АА ӘПЖН);

2) ҰРТҚ және байланыс объектілерінің алыс жердегі орындарында, авиациялық әуе электр байланысы ретрансляторлары мен жылжымалы электр байланысы тораптарында (ӘҚҚ-ның мобильді пункттері) – осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес қамтамасыз етіледі.

48. ҰРТҚ және байланыс объектілерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету (жылыту, желдету, ауабаптау, апаттық жарықтандыру) және жарықтехникалық жабдықтарды қашықтан басқару үшін, бұл жүктемелер тиісті токтан қорғанысы бар дербес автоматты ажыратқыштарға берілген жағдайда, метеорологиялық жабдықтар мен құрылғылардың электрмен жабдықтауын қосуды алмағанда, ұшуларды тікелей қамтамасыз етуге қатысы жоқ электр энергиясын тұтынушыларды ҰРТҚ және байланыс құралдарын кепілді электрмен қоректендіру қалқанына қосуға жол берілмейді.

49. Резервтік дизель-генераторлардың қуаты жеткілікті болған жағдайда, старт, қону және рульдеу диспетчерінің жұмыс орындарындағы әйнектің жылыту элементтерін кепілді электрмен қоректендіру қалқанына қосуға жол беріледі.

50. Орталықтандырылған электрмен жабдықтау болған жағдайда, ҰРТҚ және байланыс объектілерінде, ӘҚҚ пункттарында энергиямен жабдықтаушы (энергия таратушы) ұйым мен РТЖБП қызметі арасындағы теңгерімділік тиістілігі мен пайдалану жауапкершілігі энергиямен жабдықтаушы ұйыммен келісіле отырып орнатылады және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 246 бұйрығымен бекітілген тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану Қағидасына сәйкес рәсімделеді.

3-тарау. ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз ету


1-параграф. Сенімділік көрсеткіштері
51. ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу сапасы оның міндетіне сәйкес құралдардың белгілі бір функцияларды орындау қабілеттілігін сипаттайтын қасиеттерінің жиынтығымен айқындалады.

52. Жердегі ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу сенімділігі мыналармен анықталады:

1) схемалық-конструктивтік орындаумен, қолданылатын жинақтаушы элементтердің сапасымен;

2) автоматтандыру дәрежесімен, резервтеумен, электрмен жабдықтау, байланыс және басқару желілерінің сенімділігімен, техникалық пайдалануды ұйымдастырумен, техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің сапасымен, инженерлік-техникалық персоналдың кәсіби даярлығымен және тәртібімен;

3) пайдалану шарттарымен, электромагниттік жағдаймен, климаттық және метеорологиялық факторлармен, ионосфералық құбылыстармен, радиотолқынның өтпеуімен;

4) тасымалдау және сақтау шарттарымен.

53. ҰРТҚ және байланыс құралдарының істен шықпауы істен шығуға (зақымдануға) арналған орташа атқарымымен сипатталады.

54. Істен шығудың (зақымдану) атқарымы осы Қағиданың 8-қосымшасында берілген формула бойынша анықталады.

55. ҰРТҚ және байланыс құралдарының жөндеуге жарамдылығы оның жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтірудің орташа уақытымен сипатталады.

56. Жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтірудің орташа уақыты осы Қағиданың 8-қосымшасында келтірілген байланыстың резервтік арналарының сенімділігі мен санын есептеуге арналған формула бойынша анықталады.

57. ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтіру уақыты істен шығудың (зақымданудың) себептерін іздестіруге және істен шығудың (зақымданудың) салдарын жоюға жұмсалған уақытты қамтиды. Құралдардың жұмыс істеу қабілеттілігін қалпына келтіру кезіндегі ұйымдастырушылық кідірулер жеке ескеріледі.

58. ҰРТҚ және байланыс құралдарының сенімділік көрсеткіштері ұшу қауіпсіздігі талаптарын негізге ала отырып белгіленеді, оларды әзірлеу, шығару кезінде негізге алынады және пайдалану үдерісінде қамтамасыз етіледі.

59. ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу қабілеттілігі ресурсы пайдаланудың басынан немесе жөндеуден кейін шығынға жазылғанға дейінгі қалпына келтірілгенінен бастап атқарымы (ресурсы) мен пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығымен (қызмет ету мерзімімен) сипатталады.

60. Жұмысқа қабілеттілігі ресурсының көрсеткіштері бұйымның формулярында келтіріледі және пайдалану тәжірибесінің негізінде нақтылануы мүмкін.

61. ҰРТҚ және байланыс құралдарының қосылу, ажыратылу уақыты, жұмыс ұзақтығы РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналының журналында есепке алыну тиіс, журналдың формасы осы Қағиданың 1-қосымшасында берілген.

62. Атқарылған жұмысты есепке алу құралдың электр қоректенуін басқару элементін «Қосылған» деген қалыпқа ауыстыру сәтінен бастап жүргізіледі.

63. Атқарылған жұмысты есепке алу ай сайын бұйым формулярында мыналар үшін:

1) санауышпен жабдықталған құралдар үшін - санауыштың көрсеткіші бойынша;

2) жүктелген немесе жеңілдетілген резерві бар (өндірушімен көзделген) құралдар үшін - барынша көп жұмыс істеген құрал (негізгі немесе резервтік) санаушының көрсеткіштері бойынша;

3) өндіруші көздеген, жүктелмеген резерві бар құралдар үшін - көрсеткіштері қосылып есептелетін санауыштар бойынша жүргізіледі.

64. Санауыштармен жабдықталмаған ҰРТҚ және байланыс құралдары үшін олардың істелген жұмысы РТЖБП қызметі ауысымдық персоналының журналынан алынған деректер бойынша, тәулік бойғы жұмысы кезінде күнтізбелік деректер бойынша жүргізіледі.

65. ҰРТҚ және байланыс құралдарының пайдалану үдерісіндегі тоқтаусыз жұмыс істеуі, жөндеуге жарамдылығы істен шығулар мен зақымданулар жөніндегі статистикалық деректерін талдау, сондай-ақ олардың туындау себептерін талдау нәтижелері бойынша бағаланады.

66. ҰРТҚ және байланыс құралдарының істен шығулары мен зақымдануларын есепке алу мен талдау мынадай:

1) топтап шығарылатын ҰРТҚ және байланыс құралдарының сенімділігін оларды пайдалану нәтижелері бойынша бағалау;

2) істен шығулар мен зақымданулардың себептерін талдау, топтап шығарылатын және жаңадан әзірленетін ҰРТҚ және байланыс құралдарының сенімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар мен іс-шаралардың әзірленуі және іске асырылуы;

3) ТҚ мен жөндеудің көлемдерін және мерзімділігін оңтайландыру;

4) пайдалану және жөндеу құжаттамасын жетілдіру, ҚАҚ құрамы мен шығыс нормаларын оңтайландыру;

5) пайдаланылатын ҰРТҚ және байланыс құралдарының техникалық


ресурстарын (қызмет ету мерзімдерін) негіздеу мақсатында жүргізіледі.

67. Құралдардың барлық істен шығулары мен зақымданулары, олардың пайда болу себептері және жұмыс істеу қабілеттілігін қалпына келтіру уақыты ҰРТҚ және байланыс құралдарына берілген формулярлар мен паспорттарда ескеріледі. ҰРТҚ және байланыс құралдарына формулярды жүргізу тәртібі осы Қағиданың 9-қосымшасында келтірілген.

68. Жабдық формулярсыз (паспортсыз) келіп түскен жағдайда формулярды РТЖБП қызметі жүргізеді.

69. ҰРТҚ және байланыс құралдарының тоқтаусыз жұмыс істеу көрсеткіштерін талдау үшін, осы Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес қызмет ету мерзімі ішінде ҰРТҚ және байланыс құралдарының істен шығулары мен зақымдануларының жинақтауыш картасы толтырылады.



2-параграф. ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке қою

70. Ұшу қауіпсіздігі талаптарын негізге ала отырып, ҰРТҚ және байланыс құралдарының тоқтаусыз жұмыс істеуінің қажетті деңгейіне резервке қою арқылы қол жеткізіледі.

71. Аса жоғары жиіліктер мен жоғары жиіліктер ауқымындағы радионавигация, авиациялық әуе радиобайланысы, ӘҚҚ бақылау жүйелері (радиолокация), бақылау ақпаратын немесе ӘҚҚ мақсатында әуе қозғалысын басқаруды автоматтандыру құралдарын көрсету, сонымен қоса АЖЖ ауқымындағы авиациялық әуе байланысы арналарының ретрансляторлары резервіленеді.

72. Әуеайлақтық диспетчерлік пункттердің («Старт», «Мұнара», «Жақындау», «Шеңбер») АЖЖ ауқымындағы авиациялық әуе байланысының арналарында әр арна үшін қабылдау және тарату құрылғыларының немесе қабылдау-тарату құрылғысының (трансивердің) негізгі және резервтік жиынтықтары көзделеді, ал радиобайланыс құралдары жиынтықтарының біреуі үшін, «Іздестіру-құтқару» (123,1 МГц), «ӘҚҚ радиобайланысының резервтік жиілігі» (арна ӘҚҚ радиобайланысының негізгі жиілігін бұғаттауда қолданылады) қоспағанда, химиялық ток көздерінен ұзақтығы кемінде 2 сағат болатын авариялық электрмен қамтамасыз ету көзделуі тиіс.

73. Осы Қағиданың 71-тармағында көрсетілгеннен басқа, авиациялық электр байланысының өзге де арналары үшін, резервтік жабдық саны (радиостанциялар, радиотаратқыштар, радиоқабылдағыштар, АFTN автоматтандырылған жұмыс орындарын ұйымдастыруға арналған жабдықтар) осы Қағиданың 8-қосымшасында келтірілген сенімділік көрсеткішін және резервтік баланыс арналар санын есептеу формуласы бойынша анықталады.

74. Азаматтық авиация ұйымының тәулік бойғы жұмысы кезінде құжаттандыру жүргізу мақсаттарына арналған көпарналы құрылғылар ақпаратты құжаттандырудың бір объектісіне бір құрылғы есебімен резервтеледі.

75. Пайдаланымдағы ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке (жұмысқа толық қосылуды ескере отырып) ауыстырып қосудың (өткізудің) рұқсат етілген уақыты осы құралдарды өндіруші кәсіпорындардың (өнім берушілердің) пайдалану құжаттамасында көрсетіледі. Қажет болған жағдайда, осы не басқа ҰРТҚ және байланыс құралын пайдалану құжаттамасында резервке ауыстырып қосудың (өткізудің) рұқсат етілген уақыты туралы деректер болмаған жағдайда, РТЖБП қызметі мен ӘҚҚ қызметінің мамандары бірлескен хаттаманы ресімдей отырып, осы құралдарды резервке ауыстырып қосудың (өткізудің) рұқсат етілген уақытына хронометраж жүргізеді.

76. Резервке көшіру (ауысу) ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке қою жөніндегі нұсқаулықта белгіленген аз уақыт ішінде жүзеге асырылады.

77. ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке (электр байланысының айналма арналарына) ауыстырып қосудың (өткізудің) нормативтік уақыты, сондай-ақ инженерлік-техникалық персоналдың іс-қимылы ҰРТҚ және байланыс объектілерін резервтеу жөніндегі нұсқаулықтарда көрсетіледі.

78. Нұсқаулықтарға РТЖБП қызметінің басшысы қол қояды, ӘҚҚ қызметінің басшысымен келісіледі, АА ұйымы (бөлімшесі) басшысының бұйрығымен бекітіледі. Нұсқаулықтар РТЖБП қызметінде сақталады, ҰРТҚ және байланыс объектілерінде (кешендерінде) аталған нұсқаулықтардың көшірмелері қолданылады. ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке ауыстырып қосудың (өткізудің) нормативтік уақыты бойынша ақпарат осы Қағиданың 11-қосымшасына сәйкес ресімделеді.

79. ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке ауыстырып қосудың (өткізудің) нормативтік уақытының деректері РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналының пайдалану құжаттарында болуы тиіс.

4. ҰРТҚ және байланыс құралдарын техникалық пайдалану


1-параграф. ҰРТҚ және байланыс кешендерін (объектілерін) техникалық пайдалануды ұйымдастыру
80. ҰРТҚ және байланыс кешендерін (объектілерін) техникалық пайдалану ҰРТҚ және байланыс құралдарын (бұйымдары) оларға белгіленген қызмет ету мерзімі (ресурсы) кезеңінде олардың белгіленген сенімділік деңгейімен жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар кешені болып табылады.

81. ҰРТҚ және байланыс құралдарын (бұйымдарын) техникалық пайдалану мыналарды қамтиды:

1) ҰРТҚ және авиациялық электр байланысы құралдарын пайдалануға енгізу кезеңіндегі іс-шаралар;

2) ҰРТҚ және байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету;

3) ҰРТҚ және байланыс құралдарын жөндеу;

4) қызмет ету мерзімін (ресурсын) ұзарту;

5) ұшу кезіндегі және жердегі тексерулерді жүргізу;

6) ҰРТҚ және байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуді метрологиялық қамтамасыз ету;

7) инженерлік-техникалық персоналды кәсіби дайындау, тағылымдаман өткізу және дербес жұмысқа жіберу;

8) пайдалану құжаттарын осы Қағиданың 12-қосымшасына сәйкес пайдалану құжаттары тізбесіне сәйкес жүргізу;

9) материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

82. ҰРТҚ және байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсетуді  және жөндеуді метрологиялық қамтамасыз ету үшін, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құжаттармен белгіленген пайдалану шарттары мен талаптарына сәйкес келетін және өлшеулер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға сәйкес қолданылуға жол берілетін өлшеу құралдарын қолданады.

Қандай да бір физикалық шаманың болуын анықтауға арналған немесе физикалық шамалардың олардың мәнін шама бірлігімен нормаланған дәлдікпен бағалаусыз бақылау үшін қолданылатын өлшеу құралдары индикаторлар болып табылады, салыстырып тексерілмейді және «И» (индикатор) деген белгісі болуы тиіс. Өлшеу құралдарын индикаторларға өткізу тәртібі, олардың тізбесі, оларды есепке алуды және олардың жарамдылығын бақылауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы №522 «Өлшеу құралдарын индикаторларға өткізу тәртібі» ҚР СТ 2.8-2002 мемлекеттік стандартына сәйкес, АА ұйымы (бөлімшесі) басшысының бұйрығымен анықталады.

83. РТЖБП қызметінің басшылық құрамы инженерлік-техникалық басшылық құжаттарының талаптарын орындауды және уақытылы зерделеуді ұйымдастырады, құжаттардың есепке алынуын және сақталуын бақылайды.

84. Байланысты және ҰРТҚ нысандарын техникалық пайдалану осы Қағидалардың, пайдалану құжаттамаларының талаптарына сәйкестігін, байланыс және ҰРТҚ құралдарының Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясындағы әуеайлақтардың (тікұшақ айлағы) пайдаланылу жарамдылығы нормаларының талаптарына (ҚР АА ӘПЖН) сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады:

Сала шеңберінде – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;

АА ұйымдарының шеңберінде – АА ұйымының және РТЖБП қызметінің басшылығы.

2 Параграф. Байланыс және ҰРТҚ құралдарына техникалық қызмет көрсету
85. Байланыс және ҰРТҚ құралдарына техникалық қызмет көрсету (ТҚ) талап етілетін сенімділікті ұстау, істен шығуларды алдын-алу және бекітілген нормалар шегінде байланыс және ҰРТҚ құралдары (өлшемдері) пайдалану сипаттамаларын қолдау мақсатында және АА ұйымының РТЖБП қызметі инженерлік-техникалық қызметкерлері тарапынан жүзеге асырылады.

86. Байланыс және ҰРТҚ құралдарының ТҚ жабдықтың зауыт-өндірушісінің (жеткізуші) техникалық қызмет көрсету тізілімдемесіне сәйкес орындалады. Жабдықтың жеткізілу жиынтығында техникалық қызмет көрсету тізілімдемесі болмаған жағдайда немесе пайдалану шарттарын есепке ала отырып оны қайта жасау керек болса бұл құжат РТЖБП қызметінің тарапынан пайдаланудың жергілікті шарттарын есепке ала отырып жасалады және АА ұйымының (бөлімшесінің) басшысы тарапынан бекітіледі.

87. Байланыс және ҰРТҚ құралдары жүйесінде қалыпты жұмыс істеуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың көлемі нысанның (байланыс арнасының) немесе жеке құралдың техникалық жағдайы арқылы анықталады.

88. Техникалық жағдай (жұмысқа қабілеттілік, жарамдылық) анықтайтын өлшемдердің мәнін бақылаудың нәтижесі, белгіленген қызметті орындау сапасын сипаттайтын белгілер бойынша бағаланады.

89. Анықтайтын өлшемдерді олардың атаулы мәндерімен (талаптарымен) сәйкестендіру бойынша жұмыстар алдын-алу рұқсатнамаларының шекарасынан анықтайтын өлшемдердің мәндері ауытқыған жағдайда орындалады.

90. Мерзімділік бақылаумен ТҚ жалпы жағдайда мыналарды қарастырады: жұмысқа жарамдылықты жедел бақылау (ЖБ), жедел ТҚ (ТҚ-1) және мерзімді ТҚ-ның мынандай түрлері: апталық (ТҚ-2, 170 сағат атқарымнан соң), айлық (ТҚ-3, 750 сағат атқарымнан соң), тоқсандық (ТҚ-4, 2250 сағат атқарымнан соң), жарты жылдық (ТҚ-5, 4500 сағат атқарымнан соң),жылдық (ТҚ-6, 8800 сағат атқарымнан соң), мезгілдік ТҚ (ТҚ-С), бұл тұрғыда ТҚ мерзімділігі байланыс және ҰРТҚ нысанын (өнімді) пайдалану ерекшелігіне қарай басқа болуы мүмкін.

91. Мерзімдік техникалық қызмет көрсету егер осы ТҚ пайдалану-техникалық құжаттамада қарастырылған болса байланыс және ҰРТҚ құралдарын көктемгі-жазғы кезеңгі (КЖК) және күзгі-қысқы кезеңгі жұмыстарға дайындау кезінде жүргізіледі.

92. Мерзімді ТҚ жүргізу мерзімі тізілімдемеге сәйкес тек күнтізбелік мәні (айына, тоқсанда, жарты жылда, жылында бір рет) бойынша анықталған байланыс және ҰРТҚ құралдары үшін көрсетілген мерзімде аз атқарым болған жағдайда ТҚ-ны байланыс және ҰРТҚ құралдарының атқарымына сәйкес жүргізуге рұқсат етіледі.

93. Байланыс және ҰРТҚ құралдарының жұмысқа қабілеттілігін жедел бақылау олардың жұмысы барысында жүзеге асырылады. Жұмысқа қабілеттілікті шығыс сипаттамалары (мәндері), жабдықтың қашықтықтан бақылау және басқару дабылы бойынша жедел бақылау кезінде нысанның, өнімнің (байланыс арнасы) жұмысқа қабілеттілігі және оны тағайындалуы бойынша пайдалану мүмкіндігі анықталады.

94. Апаттық радиоарна радиостансасының жұмысқа қабілеттілігін тексеру ӘҚҚ қызметі арналарының жұмыс жиілігінде аптасына бір реттен аз емес жүргізіледі.

95. Түрлері, ТҚ мерзімділігі, регламенттік жұмыстардың тізімі, олардың орындалу технологиялары, орындаушылардың біліктіліктері, еңбек шығындары, қажетті өлшем құралдары, шығыс материалдар, құрал-жабдықтар, аспаптар, анықтайтын өлшемдердің (белгілердің) атаулы мәндері, олардың пайдалану және алдын-алу рұқсаттары техникалық қызмет көрсетудің регламентінде көрсетіледі.

96. Бақылау (радиолокация), радионавигация, қону және авиациялық электрбайланыс құралдарының ТҚ осы Қағиданың 13 қосымшасы формасына сәйкес, АА ұйымының (бөлімшесінің) басшысымен бекітілген және ӘҚҚ қызметімен келісілген байланыс және ҰРТҚ құралдарының ТҚ кестесі бойынша жүзеге асырылады.

97. Байланыс және ҰРТҚ басқа құралдарының ТҚ кестесі РТЖБП қызметінің бастығы тарапынан бекітіледі.

98. ТҚ кестелерін жоспарлаудың және жасаудың бастапқы мәліметтері болып мыналар есептеледі:

1) техникалық жағдайы, байланыс және ҰРТҚ құралдарының болжанатын атқарымы туралы мәліметтер;

2) регламенттерде немесе пайдалану бойынша басшылықтарда белгіленген ТҚ бойынша жұмыстардың мерзімділігі немесе көлемі;

3) радиолокация және радионавигация құралдары аялдамаларының жоспар-кестесі.

99. ТҚ жоспарлау және орындау кезінде техникалық қызмет көрсетудің басталу уақытын осы түрдің ТҚ-сы үшін бекітілген мерзімділігінен 15 %-ға ауытқуға жол беріледі.

100. Байланыс және ҰРТҚ құралдарының тұрып қалуын қысқарту мақсатында ТҚ-ның кезеңдік әдісі қолданылады, бұнда операция кезек-кезекпен (уақыт бойынша таратылып) нысанның толық сөнуінсіз байланыс және ҰРТҚ құралдарының негізгі және қордағы жиынтықтарында орындалады. ӘҚБ АЖ үздіксіз жұмысы оның реконфигурациясы есебінен қамтамасыз етіледі, радиолокациялық шепте радиолокациялық стансаның бірарналы режіміндегі жұмысы рұқсат етіледі. ТҚ-ны кезеңдік әдіспен орындау үшін осы түрдегі ТҚ-ның регламенттік жұмыстарының барлық көлемі тең бөліктерге бөлінеді. Әр бөліктің көлемі АА ұйымы жұмыс регламентімен бекіткен жұмыс уақытының аяқталуына 1 сағат қалғанға дейін оның сөзсіз орындалуын есепке ала отырып анықталуы қажет.

101. ТҚ кезеңдік әдісі кезінде инженерлік-техникалық қызметкерлердің біркелкі жүктелімі үшін жұмыс көлемін ТҚ біратаулы түрлері арасында барлық кезеңге үлестіру қажет, ТҚ регламенті бойынша жұмыстарды үлестірілген еңбексыйымдылығымен атқарған кезде – кезекті ТҚ түрлері арасында үлестіру қажет.

102. ТҚ жылдық кестесі негізінде кешеннің (нысанның) инженерлік-техникалық қызметкерлері үшін айлық жұмыс жоспары Осы Қағиданың 14-қосымшасына сәйкес нысанда жасалады.

103. Байланыс және ҰРТҚ кешендерінде (нысандарында) ауысымдық қызметкерлермен жұмыстар әр ауысымға теңдей үлестіріледі, ал автоматтандырылған нысандарда – нысанға ТҚ орындау үшін келу күндеріне үлестіріледі.

104. ТҚ тиімділігін арттыруға техникалық қызмет көрсетуді өлшемдерді үздіксіз бақылаумен пайдалу арқылы жетуге болады.

105. Өлшемдерді үздіксіз бақылаумен техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін қашықтықтан бақылау және басқару автоматтандырылған жүйелерін пайдалану қажет, олар мына міндеттерді шеше алады:

1) әр құралдың және нысанның жалпы жұмысқа қабілеттілігін бақылау;

2) бұзылыстарды автоматты іздестіру;

3) құралдарды және нысандарды қашықтықтан басқару;

4) құралдар мен нысандардың техникалық жағдайлары туралы ақпараттарды автоматты құжаттандыру.

106. Байланыс және ҰРТҚ нысандарының ТҚ жалпы элементтері (құрылғылары) бойынша операцияларды орындау үшін (жөндеу жұмыстары, түзеу, жабдықтарды ауыстыру), сонымен қатар нысанның толық сөнуін талап ететін операциялар үшін нысанның жоспарлы тоқтатылуы қарастырылады. Нысанның, өнімнің тоқтатылуы деген оның электрмен жабдықтау көздерінен толық ажыратылуы (жабдықтың негізгі және резервтік жиынтықтары) және белгіленген қызметтерді орындауды тоқтату болып табылады.

107. ТҚ орындау барысында аялдаудың ұзақтығы бекітілген регламенттегі байланыс және ҰРТҚ нысанының сөнуін талап ететін жұмыс көлемінде анықталады.

108. ТҚ орындау барысында жұмысқа қабілеттілікті тексеру және ұзақтығы 30 минут жөндеу жұмыстары үшін байланыс және ҰРТҚ нысандарының аз уақыттық тоқтатылулары (сөндіру, жұмыс істемейтін нысандардың қосылулары және резервтік жиынтықтарға қайта қосылулар) РТЖБП қызметі қызметкерінің ӘҚҚ ұшу басшысымен (диспетчер) келісілген рұқсаты арқылы жүргізіледі.

109. Байланыс және ҰРТҚ нысандарының ұзақтығы 8 сағаттан көп жоспарлы тоқтатылулары көп еңбекті қажет ететін мерзімді ТҚ немесе жоспарлы жөндеу жұмыстарын орындау үшін жүргізіледі, бұлар АА ұйымының басшылығының бекіткен ТҚ және жөндеу жұмыстары кестесіне сәйкес, алдын-ала ӘҚҚ қызметінің бастығына бұл туралы жұмыстың басталғанына дейін 8 сағаттан кешіктірмей хабарлай отырып өткізіледі.

110. Байланыс және ҰРТҚ нысандарының ұзақтығы 8 сағаттан көп жоспарлы тоқтатылулары АА ұйымының басшысы бекіткен байланыс және ҰРТҚ құралдарын жөндеу жұмыстары (қайта құру) кестесіне сәйкес жабдықтарды жөндеу жұмыстары (қайта құру) және ауыстыру бойынша жұмыстарды орындау үшін жүргізіледі. Байланыс және ҰРТҚ нысандарының ұзақтығы 8 сағаттан көп жоспарлы тоқтатылулары туралы хабарландыру жұмыс басталғанға дейін 7 күн бұрын аэронавигациялық ақпараттар басқармасы қызметі арқылы сөндіру себебін көрсете отырып жүргізіледі.

111. Байланыс және ҰРТҚ нысандарының ұзақтығы 8 сағаттан көп жоспардан тыс тоқтатылулары туралы РТЖБП қызметінің бастығы АА ұйымының (бөлімшесінің) басшысына есеп ебереді, байланыс және ҰРТҚ нысандарының жоспардан тыс тоқтатылулары туралы хабарламаны аэронавигациялық ақпараттар басқармасы қызметі арқылы жүзеге асырады.

112. Байланыс және ҰРТҚ нысандарының тоқтап қалуын қысқарту мақсатында жоспарлы тоқтатулар барлық дайындық жұмыстарының толық аяқталуы кезінде өткізіледі. Зақымдану анықталған жағдайда тоқтаудың ұзақтығы зақымдануды жою үшін қажетті жұмыс көлемімен анықталатын уақытқа ұлғайтылады.

113. Байланыс және ҰРТҚ құралдары жөндеу жұмыстары бойынша орындалған жұмыстарды есепке алу өнімнің формулярында, байланыс және ҰРТҚ құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жұрналында осы Қағиданың 15-қосымшасында келтірілген нысанда жүргізіледі.

114. ТҚ-ны орындау аяқталысымен жұмыстардың басшысы (орындаушы) орындалған ТҚ туралы жазбаны өнімнің формулярында, байланыс және ҰРТҚ құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жұрналында жасайды. ТҚ және жөндеу жұмыстары жұрналындағы жазбалар құрамына орындалған жұмыстар тізімі, шығындалған материалдар тізімі, жабдықтың техникалық жағдайы және оның жұмысқа дайындығы туралы қорытынды кіреді.

115. ТҚ орындалуының уақытында, толық болуын және сапасын бақылауды байланыс және ҰРТҚ кешенінің (нысанының) басшысы жүзеге асырады.

116. Байланыс және ҰРТҚ құралдары белгіленгені бойынша жарамды болып табылады, егер олардың қызмет ету мерзімі (ресурс) өтіп кеткен және ұзартылған болмаса, негізгі өлшемдері сертификатталған талаптарға сәйкес келетін болса, жер үсті және ұшу тексерулері уақытында және толық көлемде жүргізілген болса.

117. Мезгілдік техникалық қызмет көрсету, нысанды сөндіруді талап ететін ТҚ және жөндеу жұмыстары операциялары ұшулар үшін мейлінше қолайлы ауа-райы жағдайы кезіне жоспарланады.

118. Техникалық қызмет көрсету байланыс және ҰРТҚ кешендерінің (нысандарының) инженерлік-техникалық қызметкерлері, сонымен қатар байланыс және РТҚ өнімдеріне техникалық қызмет көрсетуге және техникалық қолдауға шарттар жасалған ұйымдар тарапынан РТЖБП қызметінің инженерлік-техникалық қызметкерлерінің бақылауында орындалады. Сырт ұйымдардың орындаған жұмыстарының нәтижелерін жұмыс басшысы (орындаушы, өнімнің пайдалануы үшін жауапты тұлға) байланыс және ҰРТҚ құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жұрналында, өнімнің формулярында тіркейді.

3 параграф. Байланыс және ҰРТҚ нысандарын электрмен жабдықтау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету
119. Байланыс және ҰРТҚ нысандарын электрмен жабдықтау жүйелеріне ТҚ талап етілетін сенімділікті ұстау, істен шығуларды алдын-алу және бекітілген нормалар шегінде пайдалану сипаттамаларын қолдау мақсатында және АА ұйымының РТЖБП қызметі инженерлік-техникалық қызметкерлері тарапынан жүзеге асырылады.

Байланыс және ҰРТҚ нысандарын электрмен жабдықтау жүйелеріне ТҚК жабдықты дайндаушы зауыттың (жеткізушінің) пайдалану жөніндегі нұсқаулығына, осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 246 бұйрығымен бектітілген Тұтынушылардың электр қондырғыларды техникалық пайдалану қағидаларына сәйкес орындалады (бұдан әрі - Тұтынушылардың электр қондырғыларды техникалық пайдалану қағидалары).


      Электрмен жабдықтау жүйелерінің техникалық қызмет көрсету регламенті РТЖБП қызметінің тарапынан жабдықты дайндаушы зауыттың (жеткізушінің) пайдалану жөніндегі нұсқаулығын, осы Қағидаларды және Тұтынушылардың электр қондырғыларды техникалық пайдалану қағидаларын, пайдаланудың жергілікті шарттарын есепке ала отырып жасалады және АА ұйымының (бөлімшесінің) басшысы тарапынан бектіледі.

Техникалық қызмет көрсетудің және жоспарлы-алдын алу мерзімді жөндеу жұмыстарының көлемі электр қондырғыларының жұмысқа қабілеттілігін, олардың мерзімді қалпына келуін және жұмыстардың өзгермелі шарттарымен сәйкестендірулерін қолдау қажеттілігімен анықталады және мыналарды қамтуы тиіс:

1) жедел ТҚК-1;

2) мерзімді бақылаумен ТҚ.

120. Жедел ТҚК-1 РТЖБП қызметінің ауысым персоналы орындайды және қашықтан бақылау жүйелері бойынша жұмыс істеу қабілеттілігін күн сайынғы бақылауды қамтиды.

Электр жабдықтарын мерзімді техникалық қарау инженерлік-техникалық қызметкерлердің тарапынан мына мақсаттар үшін жүргізіледі:

1) электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша   орындалатын операциялардың толықтығын және сапалылығын тексеру;

2) жабдықтың сынуына және апаттық істен шығуына әкеп соғатын бұзылыстарды анықтау;

3) мейлінше жауапты бөлшектердің және тораптардың техникалық жағдайын бекіту және алдағы жөндеу жұмыстарының түрі мен көлемін анықтап алу.

121. Электр энергиясының резервтік генераторлары (дизель-генераторлар, бензиндік генераторлар) екі аптада бір рет 20 минуттан кем емес ұзақтықпен номиналды жүктеме бойынша тексеріледі, бұл ретте дизель-генератордың автоматты қосу құрылғысының дұрыс жұмыс істеуі, айналыстың жиілігі мен кернеуі тексеріледі.

122. Жұмыс аяқталғаннан кейін барлық жергілікті басқару органдарының жағдайы тексеріледі, анықталған және жойылған кемшіліктерді көрсете отырып, кемшіліктер жойылғанға дейінгі және одан кейінгі параметрлер шамасы, жұмсалған материалдар жөнінде техникалық қызмет көрсету және байланыс және ҰРТҚ құралдары жөндеу жұмыстары журналында жазу жазылады және электрмен қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеу қабілеттілігі мен жұмысқа дайындығы туралы қорытынды жасалады.
      123. АА ұйымының басшысы электр қондырғыларын пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі функцияларды тікелей орындау үшін электр шаруашылығына жауаптыны және оны алмастыратын тұлғаны тағайындайды.


жүктеу 6,16 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау