Азаматтық авиацияда ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»


-параграф. Авиациялық электр байланысын ұйымдастыру және оның құрылымы жөніндегі негізгі ережелер



жүктеу 6,16 Mb.
бет4/13
Дата22.05.2018
өлшемі6,16 Mb.
#16070
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1-параграф. Авиациялық электр байланысын ұйымдастыру және оның
құрылымы жөніндегі негізгі ережелер

177. Авиациялық электр байланысы үш бөлікке бөлінеді:

1) әуедегі авиациялық электр байланысы;

2) жердегі авиациялық электр байланысы;

3) авиациялық радиохабар тарату.

177. Авиациялық әуе электр байланысы:

1) әуе қозғалысын басқару (ӘҚБ) орталықтарының (пункттерінің) диспетчерлері әуе кемелері экипаждарымен тікелей радиотелефон байланысын жүргізу және рульдеу басталғаннан қонғанға және рульдеу аяқталғанға дейінгі ұшулардың барлық кезеңінде деректер беру үшін;

2) әуе қозғалысын басқару (ӘҚБ) орталықтары (пункттері) ұшып жүрген әуе кемелері экипаждарымен, оның ішінде байланыс операторларының көмегімен радиотелефон байланысын жүргізуі үшін;

3) ӘҚБ орталықтары (пункттері) және авариялық-құтқару қызметтері апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелерінің экипаждарымен байланыс жүргізуі үшін ұйымдастырылады.

179. Жердегі авиациялық электр байланысы:

1) ӘҚБ орталықтарының (пункттерінің) өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

2) азаматтық авиация ұйымдары қызметтерінің өзара іс қимылын қамтамасыз ету;

3) азаматтық авиацияның өндірістік-диспетчерлік қызметтері мен әкімшілік басқару персоналының қызметін ұйымдастыру;

4) азаматтық авиация әуе кемелерінің ұшуларын қамтамасыз ету;

5) деректер беру үшін ұйымдастырылады.

180. Авиациялық радиохабарлау:

1) ұшып жүрген әуе кемелерінің экипаждарын жедел ұшу-ақпараттық қызмет көрсету кезінде ақпараттандыру (AFIS);

2) әуеайлақ ауданында ақпаратты автоматты түрде беру (АТIS);

3) бағыттағы әуе кемелерінің экипаждарына арналған метеоақпаратты автоматты түрде беру (VOLMET) үшін ұйымдастырылады.



2-параграф. Авиациялық электр байланысы станцияларының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жалпы талаптар
181. Авиациялық электр байланысы станциясы жұмысының уақытын (сағатын) қарамағына Станция қарайтын ұйымның басшысы белгілейді.
      182. Ұшулардың аэронавигациялық ақпарат жинақтарында авиациялық электр байланысы станцияларының жұмыс тәртібі көрсетіледі.

183. Егер авиациялық электр байланысы органының (станцияның) жұмыс уақыты регламенттік, сынақтық жұмыстарды жүргізуге, аппаратураны алмастыруға, әуежайдың жұмыс уақытының (жұмыс режимінің) өзгеруіне байланысты қалыптасқан режимнен өзгерсе, онда Аэронавигациялық ақпараттар жинақтарына белгіленген тәртіпте өзгерістер енгізіледі және өзгертілген жұмыс уақыты басталғанға дейін 7 тәуліктен кешіктірмей НОТАМ хабарламалары таратылады.

184. Станцияның жұмысын ұзарту ұшулар жүргізуді қамтамасыз ету үшін қажетті трафикпен шартталады.

185. Жұмысты тоқтату алдында станция ол туралы тікелей байланыстағы барлық басқа станцияларды хабардар етеді, жұмыс сағатын ұзартудың қажет еместігін нақтылайды, егер әдеттегі жұмыстың басталуынан ерекшелігі болса, жұмысты қайта бастау уақыты туралы хабарлайды.

186. Станция желі құрамында тұрақты жұмыс істеген жағдайда жалпы тізбек бойынша қабылдау мен беруді қамтамасыз ете отырып, ол өзінің жұмысты тоқтату туралы ниетін, не бас станцияға, егер ондай болған жағдайда, не осы желі ішіндегі барлық басқа станцияларға хабарлайды. Станция кезекшілікті екі минут бойы жалғастырады, ал кейін егер осы кезең ішінде ол шақыру алмаса, жұмысты тоқтатуы мүмкін.

187. Тәулік бойы жұмыс істемейтін, апат, шұғыл жағдайларда, заңсыз араласу немесе тосқауыл жасау жағдайында іске қосылған немесе іске қосылуы мүмкін станциялар байланыс құралдарымен қажетті қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін өз жұмысының әдеттегі сағатын ұзартады.

188. Әрбір Станция өз жұмысын осы Қағидаларда баяндалған ережелерге сәйкес жүзеге асырады.

189. Авиациялық электр байланысы станцияларының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бұзушылықтар мүдделі тараптар арасында хат жазысу немесе жеке сөйлесулер арқылы шешіледі;

190. Барлық станциялар дүниежүзілік үйлестірілген уақытты (бұдан әрі - UTC) пайдаланады. Тәуліктің соңы болып сағат 24.00, ал басталуы болып сағат 00.00. саналады. Жергілікті уақыт ретінде Қазақстан Республикасының үйлестірілген уақытының UTC (KZ) Ұлттық шкаласы уақыты пайдаланылады.

3-параграф. Авиациялық әуе электр байланысына қойылатын жалпы талаптар

     


191. Авиациялық әуе электр байланысы:

1) әуе кемелерінің экипаждарымен ұшқаннан қонғанға дейінгі бүкіл ұшу бойына қозғалыс қызметі диспетчерлерінің радиотелефондық байланысты тікелей үздіксіз жүргізуін;

2) байланыс операторлары арқылы ұшудағы әуе кемелерінің экипаждарымен қозғалыс қызметі диспетчерлерінің радиотелефондық байланыс жүргізуін;

3) қозғалыс қызметінің диспетчерлік пункттері, байланыс операторлары және әуе кемелерінің экипаждары арасында хабарламалар алмасуға тұрақты дайындықты;

4) жоғары сапалы байланысты;

5) іздеусіз және баптаусыз байланысты;

6) әуе кемелерінің экипаждарына хабарламаларды айналмалы беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

192. Авиациялық әуе электр байланысы Қазақстан Республикасының әуе қозғалысына қызмет көрсетудің қабылданған қағидаттарына сәйкес ұйымдастырылады.

193.ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдаланатын әрбір ұйымда қозғалысын ұйымдастырудың қабылданған құрылымы негізінде авиациялық әуе электр байланысын ұйымдастыру схемасы әзірленеді.

194. Авиациялық әуе электр байланысын ұйымдастыру үшін ӨЖЖ, ЖЖ диапазондардағы радиобайланыс құралдары пайдаланылады. ЖЖ диапазонының құралдары әуе кемелерінің экипаждарымен алыс байланысты және ӨЖЖ радиобайланысы жоқ ұшу учаскелеріндегі байланысты қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

195. Әуе қозғалысын ұйымдастыру қызметінің әрбір диспетчерлік пунктінде авиациялық әуе электр байланысы құралдарының болуы, олардың радиомәліметтері, жұмыс режимі Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинағында (AIP) немесе әуеайлақтар ауданында ұшуларды орындау жөніндегі нұсқаулықта жұмыс регламентінде келтіріледі.

196. Авиациялық әуе электр байланысы жоғары сенімділікке ие болуға тиіс. Байланыс жоғалған кезде оны қалпына келтіру бойынша мүмкін болатын барлық шаралар шұғыл қолданылады.

197. Авиациялық әуе электр байланысының сенімділігін арттыру үшін радиостанция желісінің электр байланысы осы Қағидалардың 2-параграфының 70-72-тармақтарына сәйкес резервтеледі.

198. Хабарламаларды беру үшін жердегі электр байланысын пайдалануға болатын жағдайларда, оларды авиациялық әуе электр байланысының жиіліктерінде беру жүргізілмейді.

199. Авиациялық станцияны бір уақытта бірнеше борттық станция шақырған жағдайда, әуе кемелерімен байланысты белгілеу тәртібіне қатысты шешімді авиациялық тіркелген станция қабылдайды.

200. Қажет болған жағдайда әуе кемелерімен радиобайланыстың қашықтығын және үздіксіздігін арттыру бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жүргізіледі. Ондай іс-шаралар:

1) ұшу трассаларына шығарылған ӨЖЖ диапазонының қайта таратқыштарын ұйымдастыру;

2) төңіректегі биіктіктерді және биік құрылыстарды оларға ӨЖЖ диапазонының радиобайланыс құралдарын орналастыру үшін пайдалану;

3) жоғары қуатты ӨЖЖ диапазонының радиобайланыс құралдары мен және арнайы антенналық жүйелерді қолдану;

4) пайдалануға жаңа радиобайланыс және спутниктік байланыс құралдарын енгізу;

5) ӨЖЖ арналары істен шыққан (олар болмаған) немесе радиобайланыстың үздіксіздігі бұзылған кезде диспетчерлердің нұсқауларын және экипаждардың хабарламаларын беру үшін ЖЖ арналарды ұйымдастыру болуы мүмкін.

201. Авиациялық әуе электр байланысын ұйымдастырған кезде:

1) қолданылатын радиоқұралдардың тактикалық-техникалық мүмкіндігін;

2) қолданылатын радиотехникалық құралдардың электрмагниттік үйлесімділігін;

3) радиожиіліктерді іріктеуді;

4) радиотолқындардың өту жағдайын, атмосфералық, өнеркәсіптік және басқа да электрлік кедергілерді, авиациялық әуе электр байланысын оның жұмысы барысында жетілдіру жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізу мүмкіндіктерін ескеру қажет.

202. ӘҚҚ арналған авиациялық әуе радиобайланысын ұйымдастырудың үлгілік схемалары осы Қағидаларға 22-қосымшада келтірілген.

4-параграф. Авиациялық әуе электр байланысы
өңдейтін хабарламалар

203. Авиациялық әуе электр байланысы өңдейтін хабарлар санаты және байланысты белгілеу кезектілігі мен хабарларды беру тәртібі осы Қағиданың 23-қосымшасында айқындалған.

204. Шұғыл хабарламалар - әуе кемесінің немесе басқа да көлік құралының немесе борттағы не оның шегінде көрінетін, бірақ жедел көмек талап етпейтін, қандай да бір адамның қауіпсіздігіне жататын хабарламалар.

205. Ұшу қауіпсіздігіне қатысты хабарламалар:

1) қозғалыс пен басқаруға қатысты хабарламаларды;

2) ұшу-пайдалану агенттігі немесе ӘК бортында жасалған және ұшудағы әуе кемесіне немесе ұшуға дайындалған ӘК тікелей қатысы бар хабарламаларды;

3) ұшудағы немесе ұшуға дайындалған әуе кемесіне тікелей қатысы бар (жеке берілетін немесе радиохабарға арналған) метеорологиялық ақпаратты;

4) ұшудағы немесе ұшуға дайындалған ӘК қатысы бар басқа да хабарламаларды қамтиды.

206. Метеорологиялық хабарламалар - осы Қағидалардың 205-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ақпаратты қоспағанда, ӘК бортына немесе бортынан берілетін метеорологиялық ақпарат.

207. Ұшу тұрақтылығына қатысты хабарламалар:

1) әуе кемелері ұшуының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызы зор құралдарды пайдалануға немесе техникалық қызмет көрсетуге қатысты хабарламаларды;

2) әуе кемелеріне қызмет көрсетуге қатысты хабарламаларды;

3) ұшу-пайдалану агенттіктерінің өкілдері беретін және әдеттегі кестеден ауытқуларға байланысты туындаған, жолаушыларға, экипажға және жүктерге байланысты қажеттіліктердің өзгерістеріне қатысты нұсқауларды;

4) жоспарланбаған қонуға қатысты хабарламаларды;

5) әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ету үшін шұғыл қажет бөлшектер мен материалдарға қатысты хабарламаларды;

6) ұшуларды орындау кестелеріндегі өзгерістерге қатысты хабарламаларды қамтиды.

5-параграф. Авиациялық әуе электр байланысының радиожелілерін ұйымдастыру
208. Авиациялық әуедегі электр байланысы әуе кеңістігінің құрылымына сай және ӘҚҰ жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырылады.

209. Әуе кеңістігінің құрылымына, әуе қозғалысына қызмет көрсету түрлеріне байланысты әуе қозғалысына қызмет көрсету қамтамасыз ету ӨЖЖ және (немесе) ЖЖ диапазандарының радиобайланыс құралдарымен жүзеге асырылады.

210. ӘҚҚ және байланысты қамтамасыз ету үшін мынадай радиожелілер ұйымдастырылады:

1) ӨЖЖ диапазонында (қажет болғанда (ӨЖЖ өрісімен жабылмаған кезде) ЖЖ диапазонында) секторлардың саны бойынша аудандық диспетчерлік орталық үшін;

2) ӨЖЖ және ЖЖ диапазондарында ұшу ақпаратының орталықтары үшін;

3) ӨЖЖ диапазонында әуеайлақтық диспетчерлік пункттері үшін;

4) ӨЖЖ диапазонында авариялық құтқару байланысы.

211. ӘК экипаждары мен әуежайлар, авиакомпаниялар, авиациялық техникалық орталықтар арасындағы байланыс үшін ӨЖЖ диапазонында коммерциялық ақпаратты беруге арналған радиоарналар ұйымдастырылады.

212. ӘҚҚ және байланысты қамтамасыз ету үшін электр байланысының қолданыстағы желілері пайдаланылады. Қажет болғанда, стационарлық байланыс желілері болмаған кезде және/немесе жабдықтарды резервтеу мақсатында электр байланысының жекеленген желілері (арналары), оның ішінде тұрақты немесе уақытша (жылжымалы) байланыс тораптарын құру, сондай-ақ басқа ведомстволардың, заңды және жеке тұлғалардың арналарын келісім бойынша пайдалану жолымен ұйымдастырылады.

6-параграф. Авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарына
арналған авариялық электр байланысы

213. Авариялық радиожелілер әуе трассаларында және әуеайлақтардың аудандарында немесе ӘҚҰ қызметі анықтайтын кез келген басқа диспетчерлік пунктте ӘҚҚ қамтамасыз ететін диспетчерлік пункттер үшін ұйымдастырылады.

214. ӘҚҚ қызметінің диспетчерлік пункттері авариялық радиожелілерді үздіксіз тыңдауды және ӘК экипаждарымен байланыс жүргізуді қамтамасыз ететін құралдармен жабдықталады.

215. Авариялық радиожелілер олар ұйымдастырылған диспетчерлер пункттерінің жұмысы анықтайтын уақыт ішінде жұмыс істейді.

216. Авариялық радиожелілер тек:

1) негізгі радиожелі бойынша ақпаратты беру қиындаған, не болмаса, онда радиобайланыс жоғалған;

2) мәжбүрлі түрде қонған ӘК және іздестіру-құтқару операцияларымен айналысқан ӘК арасында байланыс орнату қажет болған жағдайларда пайдаланылады.

217. ӘК арасындағы, сондай-ақ іздестіру-құтқару жұмыстарымен айналысатын ӘК мен жердегі қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін 123,1 МГц жиілігінде қосымша радиожелі ұйымдастырылады. Осы ретте жеке радиостанция пайдаланылуға тиіс.

7-параграф. Спутниктік электр байланысы
218. Спутниктік электр байланысы ӘҚҰ органдарының, электр байланысы станцияларының өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету, сондай-ақ ӘҚҰ органдарының ӘК байланысын қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады.

219. Спутниктік электр байланысы жердегі электр байланысы құралдарын пайдалану қиын немесе мүмкін емес аудандарда пайдаланылады.

220. Спутниктік электр байланысы спутниктік байланыс арналарын жалға алу жолымен ұйымдастырылады.

8-параграф. ӘҚҰ органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз
етуге арналған авиациялық жердегі электр байланысын ұйымдастыру

221. Авиациялық жердегі радиобайланыс желілері (арналары) жердегі электр байланысы желілерін (арналарын) ұйымдастыру мүмкін болмаған кезде ӘҚҰ органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін және қажет болғанда электр байланысының жердегі желілерін (арналарын) резервтеу үшін ұйымдастырылады.

222. ЖЖ радиобайланыстың құрылымын (басты радиостанцияларын көрсету арқылы), радиожелі корреспондеттерінің құрамын АА ұйымы анықтайды.

223. ӘҚҰ органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған сөйлесу (телефондық) байланысының арналары ӘҚҰ органдарындағы диспетчерлердің жұмыс орындарына жедел байланыс аппаратурасын орната отырып, тікелей немесе коммутацияланатын қосылу қағидаты бойынша ұйымдастырылады.

224. Сөйлесу байланысының коммутацияланатын арналары ӘҚҚА өзара іс-қимылы үшін ӘҚҚ қызметінің келісімі бойынша қолданылады.

225. Сөйлесу байланысының арналары ретінде тоналдық жиіліктің байланыс арналары пайдаланылады. Тоналдық жиіліктің байланыс арналарын пайдалану мүмкіндігі жоқ бағыттарда радиорелелік арналар, ЖЖ радиобайланыс арналары (желілері), спутниктік байланыс арналары, мәліметтер беру желілері ұйымдастырылады.

226. Сөйлесу байланысының арналары авиациялық электр байланысын ұйымдастыру схемаларына сәйкес ұйымдастырылады.

227. Авиациялық жердегі электр байланысын ұйымдастырудың үлгілік схемалары осы Қағидалардың 22-қосымшасында берілген.

9-параграф. Әуежайішілік электр байланысы
      228. Әуежайішілік электр байланысы ӘҚҰ органдарының, әуежай және авиакомпаниялар қызметтерінің өндірістік қызметін және олардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған.

229. Әуежайішілік электр байланысының желілері жердегі жылжымалы станциялары бар радиобайланыс желілерін қоса алғанда, электр байланысы мен деректерді беру құралдарын пайдалана отырып, АА ұйымының (бөлімшесінің) басшысы бекіткен схемалар бойынша және әуеайлақ аумағындағы электрмагниттік үйлесімділіктің талаптарын ескере отырып , ұйымдастырылады.

230. Әуежайішілік электр байланысы:

1) әуе кемелерінің рейстерін жоспарлау, дайындау және қызмет көрсету, тасымалдарды ұйымдастыру және жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсету үдерісінде ӘҚҰ органдарының, әуежайлар мен авиакомпаниялар қызметтерінің қызметін жедел басқару мүмкіндігін;

2) ӘҚҰ органдары мен әуежай қызметтерінің өзара іс-қимылын;

3) әуе көлігінің көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын кәсіпорындардың, жолаушылардың және басқа тұлғалардың қажетті ақпаратты алуын қамтамасыз етеді.

231. Жалпы пайдалану желілеріне қосылу тәртібі, жалпы пайдалану желілерінің трафигін реттеу тәртібі және ведомстволық желілер мен жалпы пайдалану желілері арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі байланыс саласындағы заңнамамен реттеледі.

232. Азаматтық авиация ұйымдарының жылжымалы жердегі станцияларымен технологиялық радиобайланысы ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдаланатын қызметкерлермен және көлік құралдарымен, маневр жасау алаңындағы көлік құралдарымен жедел байланысты қамтамасыз етуге арналған қуаты аз (5 Ваттқа дейін) ӨЖЖ диапазонының стационарлық, ұтқыр және тасымалданатын радиостанцияларының көмегімен ұйымдастырылады.

233. Әуежайішілік радиобайланыс АА қызметтерінің жұмыс технологиясына сәйкес ұйымдастырылады.

234. Радиобайланысты ұйымдастыру схемасын, радиостанциялардың саны мен түрін АА ұйымының (бөлімшенің) басшысы анықтайды.

235. Әуежайдың, авиакомпанияның әрбір қызметі үшін тиісті шақыру белгілері бар жеке радиожелі (радиобағыт) ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда бірнеше желілерді жеке шақыру белгілерімен бір желіге біріктіруге рұқсат беріледі.

236. Әрбір ұйымда әуежайішілік радиобайланыстың жалпы схемасы онда барлық радио желілерді (радиобағыттарды) бейнелей, радиостанциялардың үлгілерін, олардың жиіліктері мен орнатылған шақыру белгілерін көрсете отырып схемасы әзірленеді.

237. Әуежайішілік радиобайланысты жүргізу осы Қағидалардың талаптарына, АА байланыс желілері бойынша ашық беруге рұқсат етілген мәліметтер тізбесіне сәйкес, маневр жасау алаңында көлік құралдарын пайдаланған кезде – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы №454 бұйрығымен бекітілген ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының қағидаларының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 15 қарашада N 6635 тіркелді) ерекшеліктерін ескере отырып орындалады.

238. Рұқсат етілмеген жиіліктерде және бекітілмеген шақыру белгілеріндегі жұмысқа тыйым салынады.

239. Технологиялық, іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарды жүргізуге, табиғи апатты жоюға, РТЖБП қызметінің объектілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты ерекше жағдайларды қоспағанда, тасымалданатын радиостанциялар АА ұйымының аумағынан шығарылмайды.

240. Радиостанцияларды техникалық пайдалану, оларды жөндеу, жұмыс істеу қабілетін тексеру, беру және алу, сақтау, жұмысын есепке алу, қызметтер қызметкерлерінің радиостанцияларда жұмыс істеуге рұқсат алу және олардың жұмысын бақылау тәртібін осы желіні пайдаланушы ұйым әзірлейді.



10-параграф. Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз
етуге арналған электр байланысы

     


241. Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған электр байланысы:

1) Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің өзара әрекет ететін ӘҚҰ орталықтарын (пункттерін) сөйлеу байланысымен қамтамасыз ету;

2) аэронавигациялық ақпараттарды және ұшуларды жоспарлау мен әуе кемелерінің қозғалысы жөніндегі ақпаратты, оның ішінде әуе кемелерінің экипаждарына беруді қамтамасыз ету;

3) деректерді беру;

4) метеорологиялық ақпаратты беру мақсатында ұйымдастырылады.

242. Қазақстан Республикасы мен шетел елдерінің тиісті ӘҚҰ органдарының өзара әрекет етуін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы №279 бұйрығымен бекітілген «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес тікелей сөйлеу байланысының арналары ұйымдастырылады.

243. Радиобайланысты, спутниктік байланысты, жалпы пайдаланудағы телефон желісін қолдана отырып, сөйлеу арнасын ұйымдастырған кезде сөйлеу байланысының осы арналары ӘҚҚ қызметінің келісімімен пайдаланылады.

244. Сөйлеу байланысы арналары үшін резерв ретінде АFTN, факсимильді байланыс арналары, Интернет және басқа да байланыс жүйелері пайдаланылады.

245. Өзара әрекет ету арналарын ұйымдастыру тәртібі мен оларды пайдалану тәртібін іргелес мемлекеттердің диспетчерлік қызмет көрсететін шектес органдары арасында жасалатын өзара әрекет ету рәсімдері туралы келісім белгілейді.

246. Аэронавигациялық ақпарат және ұшуларды жоспарлау мен әуе кемелерінің қозғалысы жөніндегі ақпарат сөйлеу арналары, АFTN, Интернет, факсимильді және басқа да байланыс бойынша беріледі.

247. Қазақстан Республикасы мен басқа елдердің ӘК халықаралық ұшулары үшін қажетті метеоақпаратты беру мен қабылдау ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

248. Авиакомпаниялар арасындағы коммерциялық және қызметтік ақпаратпен алмасу АFTN желісінің және халықаралық авиациялық электр байланысы қоғамының деректерін беру желісінің арналары бойынша жүзеге асырылады.

249. Халықаралық желілердің және электр байланысы жүйелерінің (АFTN, SITA) арналарын пайдалану кезінде осы желілер үшін қабылданған электр байланысын белгілеу мен жүргізу қағидалары сақталады.

11-параграф. Авиациялық бекітілген электр байланысының желісі
250. Авиациялық бекітілген электр байланысының желісі осы желі шегінде авиациялық электр байланысы станциялары арасында хабарлар алмасуға арналған.

251. Желі АFTN ретрансляторлық станциялар жүйесін пайдалану негізіндегі халықаралық талаптарға сәйкес құрылған. Қазақстан Республикасының AFTN желісінде байланысты ұйымдастыру және енгізу тәртібі осы Қағидаларға 24-қосымшада берілді.

252. Желіде халықаралық трафикке кіру/шығу нүктелері бар. Желі радиалды-торапты схема бойынша ұйымдастырылады және:

1) хабарлар коммутациясының бас орталығынан;

2) аймақтардың хабарлар коммутациясының орталықтарынан;

3) аудандардың хабарлар коммутациясының орталықтарынан;

4) хабарлар коммутациясының шеткі орталықтарынан;

5) шеткі АFTN станцияларынан тұрады.

Желіні жедел басқаруды ХКБО жүзеге асырады.

253. Желіні ұйымдастыру үшін АА ұйымының меншікті электр байланысының арналары және жалдау құқығында байланыс операторларының арналары пайдаланылады.

254. Әрбір байланыс бағытындағы арналардың (телеграфтық немесе деректер беру) түрі және саны арналардың өткізу қабілеті мен айналып өту жолдарын ұйымдастыру қажеттілігін ескере отырып, ақпараттардың көлеміне байланысты есептеу арқылы анықталады.

255. АFTN станциялары арасында сымды немесе спутниктік арналарды резервілеу үшін барлық байланыс түрлері қолданылады.



12-параграф. Радиобайланыс орнату және жүргізу тәртібі
256. ҰРТҚ және байланыс абоненттері және АА ӘК арасындағы радиобайланыс осы Қағидаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы №454 бұйрығымен бекітілген ұшуларды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының қағидаларының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 15 қарашада N 6635 тіркелді) ерекшеліктеріне сәйкес жүзеге асырылады.

АА ұйымында:

1) радиобайланыс орнату;

2) сөйлеу хабарламаларын беру және қабылдау;

3) радиобайланыс арналарында келіссөздер жүргізу;

4) сөйлеу хабарламаларын ресімдеу және радиобайланыс бойынша есепке алу құжаттамасын жүргізу тәртібі белгіленеді.

Радиобайланыс жүргізген кезде байланыс операторлары осы Қағидаларға 25-қосымшада берілген авиациялық радиобайланыс желісіндегі жұмыс технологиясын басшылыққа алады.

257. Радиобюрода (жеке радиостанцияларда) радиобайланыс орнату және жүргізу үшін радиожелілердің жиіліктерін, шақыру белгілерін, жұмыс кестелерін қамтитын радиодеректер ұсынылады.

258. Қолданыстағы радиожелілер мен радиобағыттардың құрамына кіретін әуе кемелері мен жердегі пункттердің радиостанциялары оларға белгіленген жиіліктерде үздіксіз тыңдаулар жүргізеді. Байланыс сапасының сипаты осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес бағаланады

13-параграф. Авиациялық радиохабар
259. ӘК экипаждарына метеорологиялық және ұшу ақпаратын беруді қамтамасыз ету үшін арнайы радиохабар желілері ұйымдастырылады.

260. Әуеайлақ ауданында ӘК экипаждарын ұшу және метеорологиялық ақпаратпен жедел қамтамасыз ету үшін АТIS радиохабарларын тарату желілері ұйымдастырылады, олардың мазмұны Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету нұсқаулығымен және Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларымен айқындалады.

261. Ұшудағы ӘК экипаждарын метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, қажет болғанда, ӨЖЖ немесе ЖЖ диапазондарындағы VOLMEТ радиохабарларын тарату ұйымдастырылады, олардың мазмұны Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету нұсқаулығымен және Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларымен айқындалады.

262. ЖЖ диапазонындағы VOLMEТ радиохабарларын тарату ақпаратын сенімді қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында 1500-3000 км шегінде желілер бір уақытта бірнеше жиілікте жұмыс істейді.

263. ӘК экипаждары ұшуда радиохабар тарату желілері бойынша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинағын (АІР) басшылыққа алады.

264. Радихабар материалдарының мәтіндерін жасаушы беруге қажет нысанда дайындайды.

265. Радиохабарлар беру белгіленген жиіліктерде және белгіленген уақытта жүргізіледі. Барлық радиохабар берілімдерінің бағдарламалары мен жиіліктері тиісті құжаттарда жарияланады. Жиіліктердің немесе беру уақытының кез келген өзгерістері НОТАМ көмегімен нақтылы өзгерістерге дейін кемінде екі апта алдын ала хабарланады. Мұндай кез келген өзгеріс туралы, егер оны жүзеге асыру мүмкін болатын болса, нақты өзгерістерге дейін 48 сағат бұрын барлық тұрақты радиохабар берілімдерінен хабарланады және мұндай хабарландырулар әрбір радиохабар берілімінің басында бір рет және соңында бір рет беріледі.

266. Бағдарламаларға сәйкес жүргізілетін радиохабарлар берілімі (белгіленген тәртіппен жүргізілетін ұжымдық берілімдерден басқа) бағдарламада белгіленген жалпы шақырылым уақытында басталады. Егер радиохабарлар берілімі кешіктірілсе, белгіленген уақытта қысқа хабарландыру беріледі, онда абоненттерге күту ұсынылады және кешіктіру кезеңінің шамасы минуттармен көрсетіледі.

267. Берілімді күту қажеттілігі туралы белгілі хабарландырудан кейін, радиохабар берілімі аталған күту мерзімі аяқталмайынша біраз уақыт бойы басталмайды.

268. Радиохабар берілімдері бөлінген уақыт шегінде жүргізілген кезде, берілім әрбір станцияда берілім үшін бөлінген кезеңнің соңында барлық материалдардың берілімі бітуіне қарамастан дереу аяқталады.

269. Ұжымдық радиохабар берілімін жүргізу кезінде әрбір станция өз берілімдерін белгіленген уақытта бастайды. Егер қандай да бір себеппен станция белгіленген уақытта өз радиохабар берілімін бастамаса, ол станциядан кейін беруі тиіс станция күтеді және өзінің радиохабар берілімін ол үшін белгіленген уақытта бастайды.

270. Радиохабар берілімін жүргізу үшін жауапты станцияның жұмысында үзіліс болған жағдайда, берілімді алғашқы станцияның жұмысы қалпына келгенше басқа станция жүргізеді.

271. Әрбір радиохабар берілімінің сөзбасы жалпы шақырылымнан, станцияны тағайындаудан және UTС берілім уақытынан құралады. Берілімдер олардың айқындығы қамтамасыз ететін дәрежеде түсінікті, қысқа және нұсқа болады. Радиохабар берілімін жүргізу кезінде сөйлеу жылдамдығы минутына 100 сөзден аспайды.


жүктеу 6,16 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау