9.3 Иса Байзақов (1900-1946 жж.)
Иса Байзақов – қазақтың халық ақыны, әнші, әртіс, домбырашы, композитор. Павлодар облысы Ертіс ауданының Үлгілі ауылында туған. Семейдегі жұмысшылар факультетін, Орынбордағы қазақ халық ағарту институтын, Қазақ педагогикалық институтын бітірген.
Әкесі Байзақ жасында ән салып, өлең шығарған, шағын шаруалы, сауыққой кісі болған. Иса 9-ға шыққанда шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Кішкентайынан ол «Домбырашы бала», «Әнші Иса» атанады.
Революцияға дейін байлардың қозысын бағады, қойын жаяды, шахтада жұмысшы болады. Оқып жүрген кезінде суырып салма ақындығы, әншілігі, домбырашылығымен ерекше көзге түседі. Өлеңдері баспасөзде бірінші рет 1924 жылы жарияланған.
1926 жылы Қызылордада Қазақтың тұңғыш ұлттық театры ашылғанда Әміре Қашаубаев, Қалыбек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, тағы басқа актерлармен бірге жаңа театрдың негізін қалаушылардың бірі болды. Жас театр қойған алғашқы пьесаларда – Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебегі» мен «Бәйбіше-тоқалында» басты рөлдерде ойнаған.
Ал өзі инсценировка жасаған «Біржан-Сара» қойылымында Біржан болып ойнап, ақындық, әншілік, домбырашылық өнерімен жұртты ерекше сүйсіндіреді. Театрда спектакль соңынан үнемі қойылатын концерттерге де белсене ат салысқан.
Әншілік, артистік, домбырашылық өнерінің үстіне, серіктес артистері Әміре Қашаубаев, Елубай Өмірзақов тағы басқалардың айтатын халық әндеріне жаңа мазмұнды мәтіндерін жазып берген. Халыққа кең тарап кеткен мұндай ән мәтіндерінің саны қырықтан асады.
Қазақтың халық әндерін тұңғыш жинап бастырушы Александр Затаевич Иса Байзақовтың аузынан бірнеше халық әндері «Кәкен», «Бике», «Жар-жар», тағы басқаларын жазып алып, нотаға түсірген. Иса Байзақов орындайтын бірсыпыра халық әндері «Айман-Шолпан», «Ер Тарғын» операларының музыкасына енген.
Ал атақты «Гәкку» әні Иса Байзақовтың орындауымен ешбір өңдеусіз «Қыз Жібек» операсына көшті. Театрға жиналған жұрттың қалаған тақырыбына іркілместен суырып салып, өлең шығаруымен «ақын-артист» атанған Иса Байзақовтың ақындық дарыны да шарықтап өсе берді. Күн сайын театрда суырып салып айтатын жаңа жырлары, газеттерде жарияланып жататын ұсақ өлеңдерінен басқа, оның этникалық шығармалары да жиі-жиі жарық көріп отырды.
1932-1940 жылдар аралығында Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода, филармонияда, Жазушылар одағында қызметтер атқарған. Ұлы Отан соғысы жылдарында Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұрып, ел аралап, үгітшілік қызмет атқарды. Халықты жауын жеңуге шақырды. Бұл кездерде оның композиторлық дарыны да кең өрістеді. Оның атақты «Желдірмелері» (бес желдірме) халықтың жан-жүрегін тербеді.
Еңбек Қызыл Ту орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.
Тапсырмалар
Мәтінді оқып, «шын» немесе «жалған» екенін анықтаңыздар (дұрыс сөйлем- бұрыс сөйлем).
Ұлы Отан соғысы жылдарында Солтүстік Қазақстан облыстарында тұрып, ел аралап, үгітшілік қызмет атқарды.
Иса 9-ға шыққанда шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі.
1933-1941 жылдар аралығында Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода, филармонияда, Жазушылар одағында қызметтер атқарған.
Өлеңдері баспасөзде бірінші рет 1934 жылы жарияланған.
И. Байзақов Павлодар облысы Ертіс ауданының Үлгілі ауылында туған.
Ол қазақ педагогикалық институтын бітірген.
1926 жылы Қызылордада Қазақтың тұңғыш ұлттық театры ашылғанда Әміре Қашаубаев, Елубай Өмірзақов тағы басқа актерлармен бірге жаңа театрдың негізін қалаушылардың бірі болды.
Тыңдалым. Есіңізде қандай сөздер мен сөз тіркестері қалғанын жазыңыздар. Осы сөздердің негізінде мәтін құраңыздар.
Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.
Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.
Мәтіннен мекенжайды, мезгілді, бағытты, анықтағышты, толықтауышты, субъектіні, бірлескен іс- әрекетті білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.
Мәтіннен етістіктерді, етістік формаларын жазып алып, құрамын көрсетіп, түсіндіріңіздер.
Мәтін бойынша кез келген сөздерді қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, сөз құрамына талдау, синтаксистік талдау.
Мәтіндегі бірыңғай сөйлем мүшелері кездесетін сөйлемдерді жазып алып, сол сөйлемдердің синтаксистік талдауын орындаңыздар.
9.4 Күләш Бәйсейітова (1912-1957 жж.)
Күләш Бәйсейітова – қазақтың әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. К.Бәйсейітова КСРО халық артисі. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
К. Бәйсейітова қазіргі Алматы қаласында 1912 ж. 02 мамырда дүниеге келген. Күләштің әншілік өнерге бейімділігі жас кезінен-ақ байқала бастаған. Жеті жылдық мектепті бітірген соң Күләш Қазақтың педагогикалық институтына түсіп, мұндағы көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене араласады. Қала жастарының өнер байқауларында әншілік дарынымен көзге түседі.
1930 жылы қазақтың тұңғыш драма театрының труппасына қабылданады. Ол аз уақыттың ішінде сахналық тамаша қабілетімен танылады.
Күләш 1933 жылы жаңадан ашылған музыка студиясына қабылданады. Алғаш рет Қазақ музыка театрының шымылдығы 1934 жылы «Айман-Шолпан» (М.Әуезов, И.В.Коцых) музыкалық комедиясымен ашылғанда, Күләш басты рольді үлкен шеберлікпен ойнап, Айман бейнесі арқылы қазақ қыздарының ар-намыстан жаралғандай парасатты болмысын шабытпен тұлғалайды.
Е. Брусиловскийдің «Жалбыр» , «Ер Тарғын», «Алтын астық», «Гвардия алға», А.А. Зильбердің «Бекет», И.Н. Надировтың «Терең көл», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», М. Төлебаевтың «Біржан-Сара», Д.Ж. Пуччинидің «Чио-Чио-Сан», П.И. Чайковскийдің «Евгений Онегин», А.Рубинштейннің «Демон» сияқты операларында басты рольдерде ойнап, басты вокальдық партияларды орындап, қайталанбас хас шеберлігімен танылды.
К. Бәйсейітова 1957 ж. 06 маусымда қайтыс болды.
Сөздік
негізін салушы – вкладчик, строитель
қоғам қайраткері – общественный деятель
дүниеге келу – родиться
өнерге бейімділік – склонность к искусству
жас кезінен – с молодых лет
байқалу – проявиться
бітірген соң – по окончанию
түсу – поступать
көркемөнерпаздар үйірмесі – кружок художественного мастерства
байқау – конкурс
дарын – талант
тұңғыш, алғашқы – первый
қабылдау – принимать
аз уақыттың ішінде – за короткое время
шеберлік – мастерство
шымылдық – занавес
басты – главный
ар - намыс – честь
парасатты – порядочный
болмыс – бытие ????
шабыт – вдохновение
тұлғалау – выделяться
қайталанбас – неповторимый
хас шеберлік – настоящее мастерство
танылу – стать известным
Тапсырмалар
Мәтінді оқып, «шын» немесе «жалған» екенін анықтаңыздар (дұрыс сөйлем-бұрыс сөйлем).
1931 жылы қазақтың тұңғыш драма театрының труппасына қабылданады.
К. Бәйсейітова қазіргі Алматы қаласында 1912 ж. 2 мамырда дүниеге келген.
Күләш Бәйсейітова КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Ол аз уақыттың ішінде сахналық тамаша қабілетімен танылады.
Пуччинидің «Чио-Чио-Сан», Чайковскийдің «Евгений Онегин» операларында басты вокалдық партияларды орындады.
Қазақ музыка театрының шымылдығы 1936 жылы «Айман-Шолпан» спектаклімен ашылғанда, Күләш басты рольді ойнады.
К. Бәйсейітова 1957 ж.06 маусымда қайтыс болды.
Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыз.
Мәтіннен бағытты, толықтауышты, құралды білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыз.
Берілген сөз тіркестерін сәйкестендіріңіздер.
өнерпаздар үйірмесіне --------------------- бітірді
қайталанбас хас шеберлігімен --------------- орындады
парасатты болмысын ---------------------- қабілетімен танылады
аз уақыттың ішінде --------------------- шабытпен тұлғалайды
көркемөнерпаздар үйірмесіне------------------ дүниеге келген
Алматы қаласында------------------------------- белсене араласады
әншілік өнерге бейімділігі ------------------ белсене араласады
басты вокалдық партияларды ------------------ байқала бастаған
жеті жылдық мектепті ------------------------ танылды
Мәтіннен Сіз үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
Мәтіннен келесі сөз тудырушы жұрнақтармен сөздерді теріп жазыңыздар: -лық, -лік,-дық, -дік, -тық, -тік; -шы, -ші; -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті; -паз; -гер, -кер.
Мәтіннен көмекші сөздерді қатысты сөздермен теріп жазыңыздар.
Мәтіннен үстеулерді қатысты сөздермен теріп жазыңыздар. Үстеулердің мағынасын белгілеңіздер.
9.5 Роза Бағланова
Роза Тәжібайқызы Бағланова (01.01.1922 жылы туған) – қазақ әншісі (сопрано), КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы, Қызылорда облысының Қазалы қаласы... туған.
1939-1941 жж. Қызылорда педагогика институтында оқыды. 1941-1949 жж. Ташкент филармония...ндағы мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде әнші-солистік қызмет атқарды. Сол ансамбль... Ұлы Отан соғысы жылдары майданда өнер көрсетіп, 1945 ж. 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концерті... қатысқан. 1947-1949 жж. Қазақ опера және балет театрының, 1949 жылдан Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әнші-солисі болып, ұлттық ән-өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосты, ерекше сазды мектептің қалыптасу...на ықпал жасады.
Р. Бағланова кеңес сазгерлер...нің, Кеңес Одағы халықтар...ның, сондай-ақ шетел халықтар...ның (моңғол, чех, швед, венгр, қытай, корей, үнді т.б.) әндер...н орындайды. Әнші Австрия, Ауғанстан, Бельгия, Бирма, Венгрия, Герман Демократиялық Республикасында, Канадада, Үндістанда, Чехословакияда т.б. елдерде концерттік сапарда болды. Ленин ордені..., медальдар... марапатталған.
Жарты ғасырдан астам уақыт бойы Р. Бағланова қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің, кәсіби өнерінің өркендеп, әлемдік арна... шығуына үлкен үлес қосты.
Тапсырмалар
Тыңдалым. Есіңізде қандай сөздер мен сөз тіркестері қалғанын жазыңыз. Осы сөздердің негізінде мәтін құраңыз.
Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыз.
Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.
Көп нүктенің орнына жалғауларын қосыңыз.
Мәтіннен құралды білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыз.
Мәтіндегі келесі зат есімдерге сын есімдерді табыңыздар: қызмет, майдан, өнер, ән, әнші, сапар, мәдениет, арна.
Мәтін бойынша кез келген сөздерді қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, сөз құрамына талдау, синтаксистік талдау.
Мәтіннен сын есімдерді жазып алып, сапалық және қатыстық екенін белгілеңіз.
9.6 Досқан Жолжақсынов
Досқан Қалиұлы Жолжақсынов– ҚазКСР-інің енбек сіңірген артисі, жастар одағы сыйлығының лауреаты, белгілі сахна шебері, киноактер, театр өнерінің Кұлагері.
Досқан Қалиұлы сегіз қырлы, бір сырлы талант, домбырада ойнауды, әуен шырқауды қатар меңгерген дарын. «Менің өнердегі алғашқы ұстаздарым – әкем мен анам!» деп тебіренеді Досқан. Ол Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданына қарасты Зайсан көлінің жағасында орналасқан Болықшы ауылында 1951 жылы 7 қазанда дүниеге келді.
1969 жылы орта мектепті бітірген соң, Алматыдағы Өнер институтының актерлік факультетіне оқуға түседі.
Досқан 40- тан астам киноларда, театр сахнасында 50-ден астам спектакльде басты рөлдерді сомдады. Мәскеуде өткен Халықаралық киноаламанында Гран при бас жүлдесін алды. Атақты актриса Софи Лорен өз қолынан тапсырған еді.
Өзінің сахналық қызметінде көптеген ойнаған рөлдері: «Ақан Сері» спектаклінде Ақан, («Қаладан келген қылжылпас» спектаклінде) Сматбек, «Індет» драмасында) Әзберен, т.б. Досқан Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық Жастар мен жасөспірімдер театрының директоры, көркемдік кеңесінің төрағасы, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері.
Тапсырмалар
Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.
Берілген тірек сөзден, сөз тіркестен толық сөйлем құрастырыңыз.
Жолжақсынов Досқан, басты рөлдері, оқуға түседі, сахналық
қызметінде, бас жүлдесін алды, актерлік факультетіне, дүниеге келді.
Мәтіннен мекенжайды білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыз.
Мәтіннен көмекші сөздерді қатысты сөздермен теріп жазыңыздар.
Асты сызылған сөздерді формалдық белгілері арқылы қай сөз табына жататынын анықтаңыздар.
Мәтін бойынша кез келген сөздерді қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, сөз құрамына талдау, синтаксистік талдау.
Мәтіннен сан есімдерді теріп алып, мағынасын анықтаңыздар.
9.7 Шәмші Қалдаяқов (1930-1992 жж.)
Ш.Қалдаяқов – ұлы қазақ совет композиторы. Ш.Қалдаяқов Шымкент облысы Отырар ауданында 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келген. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдардан бастап айналысқан. Ол 1956-1962 жж. Қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында оқыды.
Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш. Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Өзінің қарапайымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды.
40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқов 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Ш.Қалдаяқовтың қолтаңбасы халықтың бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі әнін, өнерін биік белеске көтерді. Оның ғажап шығармашылығы ұлттық мәдениеттің тамаша көрінісінің бірі.
Халықтың сүйікті композиторы Ш.Қалдаяқовтың жарқын бейне тыңдаушылар жүрегінде әрдайым сақталады. Шәмші Батыс өнеріндегі вальсті қазақ топырағына, қазақ табиғатына жақындатып, ұлтымыздың төл өнері санатына қосып жіберген композитор. Әлемдік музыкада Штраус, Шопеннің вальстері қандай орын алса, Шәмшінің вальс ырғақтары да сондай әсем. Содан оны қазақ халқы аса құрметтеп «қазақ вальсінің королі» - деп орынды мақтан етеді.
Танымал әндер жазудағы табысы үшін композитор 1965 жылы Қазақстан ЛКСМ атындағы сыйлықтың лауреаты болды. Шәмшінің әндері ерекше жұмсақ, жылы сазымен ел назарын бірден аударды. Оның әндері қазақ эстрада музыкасын байытты. 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әртісі құрметті атағы берілді.
1992 жылы 29 ақпанда жасы 62-ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан көрнекті халық әртісі Ш. Қалдаяқов көз жұмды.
Шәмші әндері ойлылығымен, тазалығымен адам жүрегіне қуаныш, өмірге құштарлық, махаббат пен мейірім, туған елін, туған жерін шексіз сүю сезімдерін ұялатады. Шәмші Қалдаяқовтың өзі өмірден өтсе де, әні ешқашан да қазақ халқының жадында сақталады.
Сөздік
шығармашылық жұмыс – творческая работа
жарық жұлдыздай – как яркая звезда
сәуле шашу – осветить
айырықша із қалдыру – оставить особый след
күллі – весь
мақтаныш – гордость
қарапайымдылық – скромность, простота
ізгілігі мол адам ретінде – как человек, оставивший большой след
жүрегінен мәңгі орын алу – навсегда остаться в сердцах
музыкалық туынды – музыкальное произведение
қолтаңба – подпись, автограф
бояу – краски
қанық – насыщенный
белеске көтеру – поднять на высоту
ғажап шығармашылығы – удивительное творчество
көрінісінің бірі – один из этюдов
сүйікті – любимый
жарқын бейне – яркий образ
тыңдаушылар жүрегінде – в сердцах слушателей
сақталу – сохраниться
қазақ топырағына – на казахскую землю
жақындату – приблизить
төл өнері санатына – исконное искусство
қосу – присоединить
қандай орын алса – какое место они получили
ырғақ – ритм
орынды – зд: заслуженно
мақтан ету – гордиться
танымал әндер – известные песни
табыс – успех
ерекше жұмсақ – особенно мягки
жылы сазы – теплая мелодия
ел назары бірден аудару – внимание народа ?????
байыту – обогатить
ұзаққа созылған – продолжительная
ауыр науқас – тяжелая болезнь
көз жұму – скончаться
құштарлық – увлеченность
шексіз сүю – любить безгранично
ұялату – вселять
жадында сақталу –сохраниться в ????
Тапсырмалар
Мәтінді оқып, «шын» немесе «жалған» екенін анықтаңыз (дұрыс сөйлем- бұрыс сөйлем).
40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқов 300-ге жуық музыкалық туынды жазды.
1995 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әртісі құрметті атағы берілді.
Ол 1950-1961 жж. Қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында оқыды.
Ш. Қалдаяқов Алматы облысы Отырар ауданында дүниеге келген.
Оның әндері қазақ эстрада музыкасын байытты.
Ш. Қалдаяқовты қазақ халқы аса құрметтеп «қазақ вальсінің королі» - деп атаған.
Тыңдалым. Есіңізде қандай сөздер мен сөз тіркестері қалғанын жазыңыздар. Осы сөздердің негізінде мәтін құраңыз.
Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыз.
Мәтін бойынша тест құрастырыңыздар.
Мәтіннен бағытты білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.
Мәтінге сұрақтар құрастырыңыздар.
Мәтіннен берілген келесі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар: табиғат, ұлт, қосу, танымал, орынды, құштарлық, табыс, мақтан ету.
Мәтіннен келесі сөз тудырушы жұрнақтармен сөздерді теріп жазыңыздар: -лық, -лік,-дық, -дік, -тық, -тік; -ма, -ме; -ғы, -гі, -қы, -кі; -шы, -ші; -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті; -ыш, -іш.
Мәтіннен етістіктерді, етістік формаларын жазып алып, құрамын көрсетіп, түсіндіріңіздер.
9.8 Әмина Өмірзақова (1919- ????????)
Өмірзақова Әмина Ерғожақызы 08.03.1919 ж. туған, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай аудан...нда, Қарауыл ауылы... дүниеге келді. 1938 жылы қазіргі Санкт-Петербург сахна өнері техникумының қазақ студия...н бітірген.
1938-1940 жылдар Шымкент облысы драма театрының труппа...нда, ал 1942-1949 жылдар «Қазақфильм» студиясында қызмет атқарды. 1949 жыл... Қазақ академиясы жастар мен балалар театрының актриса... болды. Оның ойнаған рольдер... қатарында Баян (Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»), Луиза (Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббатында»), Смерильдина (К.Гольдонийдің «Екі мырзаға бір қызметкерінде»), Шәуәлі (М. Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсаринінде»), Қалампыр шешей (Ш. Уәлихановтың «Тағдырында»), Глумова (А.Н.Островскийдің «Адам аласы ішінде») т.б. бар.
1942 жылдан кино... түскен: Ажар («Абай әнінде»), Мұғалима («Қанатты сыйлықта»), Айша (Бір ауданда»). Қазақстан және Орта Азия республика...ының кино өнері бойынша өткен жарыс-байқауының 1-сыйлық; Қазақстан Мемлекеттік сыйлық, Тана («Тақиялы періштеде», Алматы қала...нда өткен Қазақстан және Орта Азия республикалары... 8-кино өнері жарыс байқау...ның сыйлық), т.б. «Тарлан» сыйлық иегері.
Отан, Еңбек Қызыл Ту ордені..., медальдар... марапатталған.
Тапсырмалар
Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.
Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.
Көп нүктенің орнына жалғауларын қосыңыздар.
Мәтіннен мекенжайды білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.
Мәтіннен Сіз үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
Мәтін бойынша кез келген сөздерді қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, сөз құрамына талдау, синтаксистік талдау.
9.9 Еркеғали Рахмадиев
Еркеғали Рахмадиев 01.08.1932 ж.туған, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Шұбартау ауданында дүниеге келді. 1952 жылы Алматы музыка училищесін, 1957 жылы Алматы консерваториясын бітірді. 1957-1958 жылдары Мәскеу қаласында КСРО Композиторлар одағы жанындағы мамандығын жетілдіру курсында оқыды.
1959 жылы Қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі. 1961-1965 жылдары Қазақстан Мәдениет министрлігінің өнер істері бас басқармасының бастығы. 1966-1967 жылдары Қазақ академиялық опера және балет театрының директоры. 1967-1975 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясының ректоры. 1968 жылдан Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының хатшысы. 1990-1993 жылдары Қазақстан Мәдениет министрі болды.
1993 жылдан шығармашылық жұмыста. Рахмадиев шығармашылығынан қаһармандық-патриоттық тақырып негізгі орын алды. Композитор өз шығармашылығында қазақ халық музыкасының бай мұрасы мен классикалық музыка өнер жетістіктерін шебер пайдалана білді. Рахмадиевтің симфониялық, опералық, вокалдық-аспаптық, камералық шығармалары кәсіби ұлттық өнердің өрісін кеңейтіп, оның жанрлық салаларын байытты.
Рахмадиев – «Қамар сұлу», «Алпамыс», «Тың тынысы» операларының; «Амангелді», «Толғау», «Дайрабай күйі», «Мейрам күйі», «Құдаша-думан», «Ортпа» атты симфониялық поэмалардың; «Сәлем саған», «Айастан», «Мерекелік кантата», «Конституция туралы поэма» кантаталарының; «Балқаштағы кеш», «Көктем үні» атты вокалдық-хореографиялық шығармалардың, сондай-ақ, «Таң самалы», «Туған ел», «Өзелім», т.б. ән-романстардың авторы.
1971 жылы Мәскеуде өткен Дүниежүзілік Музыка Кеңесі 4-конгресінің делегаты. Еңбек Қызыл Ту және Халықтар достығы орденімен марапатталған.
Тапсырмалар
Берілген тірек сөздердің көмегімен мәтіннің қысқаша мазмұнын қалпына келтіріңіздер: дүниеге келді, бітірді, жетілдіру курсында, көркемдік жетекшісі, Қазақстан Мәдениет министрлігі, Қазақ академиялық опера және балет театры, ректор, министр, шығармашылық жұмыс, қаһармандық-патриоттық тақырып, мұра, өрісін кеңейтіп, жанрлық салалары, автор, марапатталған.
Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.
Мәтіннен мекенжайды, толықтауышты білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.
Мәтіннен Сіздер үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
Мәтіннен көмекші сөздерді қатысты сөздермен теріп жазыңыздар.
Сөйлемдегі етістіктердің түрлерін белгілеңіздер: негізгі- туынды, негізгі- көмекші, сабақты- салт, болымды -болымсыз, дара -күрделі.
Мәтіннен сын есімдерді жазып алып, сапалық және қатыстық екенін белгілеңіз.
9.10 Роза Рымбаева
Қазақстан Республикасының ардақты әншілерінің бірі – Роза Рымбаева. Роза Қуанышқызы Рымбаева 28 қазан 1957 жылы Семей, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Жаңғызтөбе станциясында дүниеге келді.
Ол эстрада әншісі, Қазақстанның халық әртісі, халықаралық конкурстардың лауреаты. 1976 жылдан бері гастрольдік сапармен Болгарияда, Венгрияда, Германияда, Польшада, Чехославакияда, Америкада, Францияда, Түркияда, Ауғанстанда т.б. елдерде болды.
Рымбаеваның репертуарында шетел халықтарының (болгар, венгр, чех, испан, неміс, т.б.) әндері бар. 1977 жылы Болгарияда өткен эстрада әртистерінің дәстүрлі халықаралық конкурсында бас бәйге – «Алтын Орфей» жүлдесін жеңіп алды.
1979 жылы Роза Рымбаеваға жас та болса «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» деген атақ берілді. Алматы қаласындағы театрлық көркемдік институттың музыкалық драмалық комедиясы факультетін 1984 жылы бітірді.
Сексенінші жылдары ол кино көкжиегінде бақ сынады. Тоқсаныншы жылдар – ол үшін толысу мен кемелдену кезеңі болды. Розаның репертуарында ән саны бүгінде 300-ге жуықтайды.
Ән – халық қазынасы, ал Роза Рымбаева – қазақ эстрадасының жарық жұлдызы.
Сөздік
ардақты – уважаемый
сапар – зд: поездка
дәстүрлі – традиционный
жас та болса – несмотря на молодость
еңбек сіңірген әртіс – заслуженный артист
атақ берілді – присвоено звание
көркемдік – художественный
бітіру – заканчивать
көкжиегінде – на горизонте
бақ сынау – испытать счастье
толысу – становление
кемелдену – процветание
кезең – период, этап, время
жуықтау – приблизиться
қазына – богатство
16 жарық жұлдызы – яркая звезда
Тапсырмалар
Мәтін бойынша диаграмманы толықтырыңыздар:
Роза Рымбаева
Ол кім?
Қашан және қайда дүниеге келген?
Гастрольдік сапары қай жылдан басталды?
Қай жылы және қайда «Алтын Орфей» жүлдесін жеңіп алды?
1979 жылы қандай атақ берілді?
Репертуарында ән саны бүгінде қаншаға жуықтайды?
Мәтіннен толықтауышты және субъектіні білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.
Мәтіннен келесі үлгімен жасалған сөздерді теріп жазыңыздар: а) түбір, тәуелдік жалғау, септік жалғау; б) түбір (сан есім), реттік сан есімнің жұрнағы.
Сөйлемдегі етістіктердің түрлерін белгілеңіздер: негізгі- туынды, негізгі- көмекші, сабақты- салт, болымды -болымсыз, дара -күрделі.
Мәтіннен сын есімдерді жазып алып, сапалық және қатыстық екенін белгілеңіз.
Мәтіннен алынған келесі сөздердің синонимдерін келтіріңіздер: ардақты, дүниеге келу,ел, конкурс, қала, бітіру, жеңіп алу.
Мәтіннен сан есімдерді теріп алып, мағынасын анықтаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |