Настоящее переходное время в зависимости от контекста может обозначать и настоящее и переходное время. Образуется с помощью суффиксов -й (после гласных), -а, -е (после согласных)
1-тапсырма. Жіктеңіз.
І жақ Мен
|
Ал ...
|
І. Біз
|
Ал ...
|
ІІ жақ Сен
|
Ал...
|
ІІ. Сендер
|
Ал ...
|
ІІ жақ Сіз
|
Ал ...
|
ІІ. Сіздер
|
Ал ...
|
ІІІ жақ Ол
|
Ал ...
|
ІІІ. Олар
|
Ал ...
|
2-тапсырма. Сөйлесуді оқыңыз, аударыңыз.
Сіз үйде қай тілде сөйлейсіз?
Мен үйде қазақ тілінде сөйлеймін.
Сіз жұмыста қай тілде сөйлейсіз?
Мен жұмыста қазақ, орыс тілдерінде сөйлеймін.
Сіз тағы қандай тіл білесіз?
Мен ағылшын, неміс тілдерін білемін.
Сіз қандай тілді үйреніп жүрсіз?
Мен қытай тілін үйреніп жүрмін.
Сіз қазақ тілінде газет-журнал оқисыз ба?
Иә, мен қазақ тілінде газет-журнал оқимын.
3-тапсырма. Сөздерді жіктеңіз: үйрен, жаз, сөйле.
10-сабақ. Танысу. (Знакомство)
хабарласу - (здесь) звонить әрине - конечно
бар шығар - наверное есть
1-тапсырма._Сөйлесу.'>1-тапсырма. Сөйлесу.
Сәлеметсіз бе?
Амансыз ба.
Сізбен танысуға бола ма?
Танысайық. Сіздің есіміңіз кім?
Менің есімім Асан.
Менің атым Ғани.
Сіз қайда жұмыс істейсіз?
Мен институтта жұмыс істеймін.
Жұмысыңыз ұнай ма?
Ұнайды. Ал сіз қайда жұмыс істейсіз?
Мен зауытта жұмыс істеймін.
Сіздің отбасыңыз бар шығар?
Әрине. Әйелім, төрт балам бар. Сіздің отбасыңыз үлкен бе?
Иә,үлкен. Атам, әжем бірге тұрады. Бес балам бар.
Сіз Алматыда тұрасыз ба?
Иә, Қабанбай батыр көшесінде, 212 үй, 60 пәтерде тұрамын. Қонаққа келіңіз.
Рақмет. Мен Атырауда тұрамын. 10 ықшамауданда, 48 үй, 5 пәтерде. Үйдің телефон нөмірін жазып алыңыз. Хабарласып тұрыңыз.
Рақмет. Сау болыңыз.
Сау болыңыз.
2-тапсырма.'>2-тапсырма. Осы тақырып бойынша сөйлесу құрастырыңыз.
11-сабақ. Сағат қанша?
тәулік - сутки кету
- уходить қалу - остаться
уақыт - время кетті - прошло қалды - осталось
сағат - часы жарым - половина
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Бір минутта неше секунд бар?
Бір сағатта қанша минут бар?
Бір тәулікте неше сағат бар?
Бір жылда қанша күн бар?
Сағат 1-ден 5 минут кетті (время 1.05.)
|
Сағат 1-ге 5 минут қалды (время 12.55)
|
2-ден
|
2-ге
|
3- тен
|
3-ке
|
4-тен
|
4-ке
|
5-тен
|
5-ке
|
6-дан
|
6-ға
|
7-ден
|
7-ге
|
8-ден
|
8-ге
|
9-дан
|
9-ға
|
10-нан
|
10-ға
|
2-тапсырма. Жауаптарын жазыңыз: 7.00, 8.15, 8.45, 8.30, 14.30.
Үлгі: 9.00 - сағат тоғыз.
10.15 - сағат оннан он бес минут кетті.
11.40 - он екіге жиырма минут қалды.
12.30 - уақыт он екі жарым.
13.30. - Қазір 13 сағат 30 минут.