Әке
Шеше
Бала
Қыз
Бағалау критерийі
Дескриптор
Әңгіменің композициялық
құрылымын анықтайды.
Кейіпкердің әрекетіне баға
береді.
сюжеттің басталуын анықтайды;
сюжеттік байланысты жазады;
шарықтау шегі мен шешімді анықтап жазады;
әр кейіпкердің әрекетіне пікір білдіреді;
өз ойын анық, түсінікті жеткізе алады.
8.3.
Сабақтың тақырыбы: «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры (үзінді). Баян бейнесі
Оқу мақсаттары
8.1.2.1 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,
детальді ақпараттарды анықтау.
8.2.1.1 - тұрақты тіркестер
мен көркемдегіш құралдарды
қолданып, ауызша мәтіндер құрау.
Сабақ мақсаттары
Мәтін мазмұнын түсініп, детальді ақпараттарды
анықтайды;
көркемдегіш құралдарды қолданып, мәтін құрайды.
Құндылықтарды дарыту Құрмет
Бастапқы білім
Ы.Алтынсарин әңгімелері
Тірек сөздер
Баян сұлу, сұлу,
тал бойында міні жоқ
Сабақтың жүргізілу барысы
Мәтіналды жаттығуы
1-тапсырма.
Төмендегі сөздердің мағынасын болжап көр. Мұғалім жауабымен салыстырып, дәптерге
жазып ал.
Тал шыбықтай бұралған
Қыпша бел
Алма мойын
Қолаң шашты
Меруерт тісті
Қылығы наз
Мәтінмен жұмыс кезеңі
2-тапсырма. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырынан үзіндіні тыңда. Бос орындарға
қажетті сөздерді жаз.
..Қарабай — Сарыбаймен мерген екен.
Күні жетіп Сарыбай өлген екен.
Бұл ауғалы ______________болып қапты,
Қыз Баян да он төртке келген екен.
Тал шыбықтай бұралған өзі көрім,
Мінеки оны
айтатын келді жерім,
Т
Т
_________, ________, сұлу Баян,
Сипаты жаннан асқан ол бір серім!
Тал бойының міні жоқ, қолаң шашты!
Шашының ұзындығы тізін басты.
_____________аузына меруерт тісті,
Ондай жан дүниеде жаралмас-ты.
Аппақ көрік ___________, қылығы наз.
Малың түгіл басыңды берсеңдағы аз.
Сыртынан күлімсіреп сөйлессе де,
Көңілі қош болмайды, баймен араз.
Жұрт айтатын темірлі күймесі бар,
Қозы Көрпеш дегенде дүниесі тар.
Анда-санда болмаса сөйлеспейді,
Жалғыз жатып Қозы үшін қылады зар
Киімі Баян қыздың бәрі —__________,
Алтын сырға, білезік жаннан бөлек,
Үлде-бүлде, _________________,
Екі апаның көңілі тіпті зерек.
(«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырынан үзінді)
3-тапсырма. Сұрақтарды
жұпта талқылап, жауап бер.
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры не туралы?
Жырда Баян сұлуды қалай бейнелейді?
Баянның бейнесін басқа бір кейіпкердің бейнесімен салыстырып көріңіз.
Бүгінде Баян сияқты сұлу қыздар көп пе?
Мәтіннен кейінгі кезең
4-тапсырма. «Бүгінгінің Баян сұлуы» байқауының қатысушысы –
Жанардың суретіне қарап, таныс. Жоғарыдағы жаңа сөздерді
қолданып, Жанарды көпшілікке таныстырып көр.
Түр келбеті;
қызығушылығы;
білімі, оқу орны;
үлгі тұтатын адамдары.
Бағалау критерийі
Дескриптор
Мәтін мазмұнын түсініп, детальді
ақпараттарды анықтайды.
Сөздерді
бос орынға қойып жазады;
сұрақтарға жауап береді.
Көркемдегіш құралдарды қолданып, мәтін
құрайды.
Мәтіндегі көркемдегіш құралдарды
қолданып, суреттегі қызды таныстырады;
8.4. Сабақтың тақырыбы: «Қыз бен ұл тәрбиесі»
А
Оқу мақсаттары
8.3.5.1 - қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді
қолдана отырып,
мәтінге өзгеріс енгізу, ерекшеліктерді
бақылау.
8.4.1.1 - мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін
сақтап, пікір жазу;
Сабақ мақсаттары
Мәтін мазмұнынын түсінеді;
мәтінге өзгеріс енгізеді;
мәтіндегі ойға қатысты пікір жазады.
Құндылықтарды дарыту Адамгершілік, құрмет, ашықтық
Бастапқы білім
«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жыры. Баян бейнесі.
Тірек сөздер
Халықтық педагогика, ұл мен қыз тәрбиесі, үлкенге құрмет.
Сабақтың жүргізілу барысы
Мәтіналды жаттығулары
1-тапсырма. Сөздерді дұрыс орналастырып, қанатты сөзді оқы. Қанатты сөздің
мағынасын жұпта
талқылап, сабақтың тақырыбын болжа.
тәрбиелейміз халықты, ұл тәрбиелей отырып, қыз тәрбиелей тәрбиелейміз отырып,
ұлт.
М.Әуезов
Мәтінмен жұмыс кезеңі
2-тапсырма. «Қазақ отбасындағы қыз бен ұл тәрбиесі туралы не білесіз?» деген сауалға
жауап берушілердің пікірін оқы. Тұжырымдардың қай сөйлеушінің пікірі екенін тап.
Оқылым мәтіні
А) Жанат. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика
мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында
жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер,
ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі
дүниетанымды ғана ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп
отырған.
Ә) Сәбит. Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық,
экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие
түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.
Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту,
ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына
тәрбиелеу болды. Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп
қарастырды. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған.
Ұлды мал бағуға,
отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз
баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету
арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке
үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған.
Б) Зейнеп. Қазақ отбасында ер баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Оны жүзеге
асыруда олар тек үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілікке арту әдістерін шебер пайдаланған.
О
О