«Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік лауазымы бос орынға жалпы конкурсты өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму бойынша министрлігі Көлік комитетінің «Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ-сі, 070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 114, 2-ші қабат, анықтама үшін телефон/факсы: 8(7232)610-038 электронды мекен-жайы: i.kadry.vko@mid.gov.kz, «Б» корпусына әкімшілік мемлекеттік бос лауазымға жалпы конкурс жариялайды:
Құқықтық және әкімшілік жұмыс бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, жүктілік және босану бойынша демалыс кезіндегі уақытша орын, лауазымдық еңбек ақысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне қарай 83282 теңгеден 112430 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Құқықтық және әкімшілік жұмыс бөлімінің бас маманы бөлім басшысына және инспекция басшысына бағынады, бұйрықтар және қызметтік тапсырмалар алады. Бұйрықтарды тіркеу журналын жүргізуді жүзеге асырады. Инспекция қызметкерлерінің еңбек кітапшаларына жазбаларды енгізеді. Конкурстық, аттестациялық және мемлекеттік өтілді анықтау бойынша комиссиялардың хатшысы болып табылады. Кадрлар бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы есептерді құрастырады. Инспекция бойынша жеке құрам, негізгі қызмет, іс-сапарлар мен еңбек демалыстары бойынша бұйрық жобаларын әзірлейді. Мемлекеттік қызметке келгендегі шектеулердің сақталуын қадағалайды. Жұмыс уақытын есепке алады. Құқықтық және әкімшілік жұмыс бөлімінің бас маманы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын, «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлердің әдеп Кодексін (Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдептілік ережесін), 2050 жылға дейін Қазақстанның даму Стратегиясын басшылыққа алады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, «Білім» Бөлімі ( Құқық және экономика негіздері, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті); «Құқық» Бөлімі (Заңтану, құқықтану, кедендік ісі); «Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес» Бөлімі (Мемлекеттік және жергілікті басқару), «Қызмет» Бөлімі (Жол жүрісін ұйымдастыру).
Келесі құзыреттерінің болуы: Бастамашылық, коммуникативтік, бірегейлілік, жинақылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлылыққа төзбестілік. Негізгі қызметі бойынша кезеңдік қайта даярлау бойынша сертификаттардың болуы.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму Министрлігі көлік Комитетінің «Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау Инспекциясы» РММ-не қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы немесе электронды түрде, электрондық пошта мекенжайы e-mail: i.kadry.vko@mid.gov.kz немесе электрондық Үкіметтің "Е-gov" порталы арқылы тез тігілетін мұқабаға салып, мынадай құжаттарды ұсынады:
1) "Б" корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жүргізу 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызмет істері Агенттігі төрағасымен бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – Ереже) Ережесіне 2- қосымшадағы нысан бойынша өтініш;
2) Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 3х4 түрлі түсті суреті бар «Б» корпусына әкімшілік мемлекеттік лауазымға кандидаттың қызметтік тізімі;
3) білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері, ноториалды түрде куәландырылған;
Шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген Қазақстан Республикасының азаматтарына –"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілеріне, сондай-ақ, өзара тану және баламалдылық туралы халықаралық шартқа (келісім) аясына түскендердің білімі туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттар көшірмесіне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау куәліктері көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмесіне Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бағдарламасы бойынша оқытудың аяқталғаны туралы «Халықаралық бағдарламалар Орталығы» акционерлік қоғамымен берілген анықтамалары;
Өзара тану және баламалдылық туралы халықаралық шартқа (келісім) аясына түскендердің білімі туралы құжаттар көшірмесіне білім саласындағы уәкілетті органмен берілген білім туралы осы құжаттардың танылуы туралы анықтамалар көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық немесе жұмыс орнындағы кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы құжаттама нысанына сәйкес, құжаттарды ұсыну күнінен бұрын алты айдан ұзақ емес берілген № 086/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультативті қорытынды) (немесе нотарилды куәландырылған көшірмесі) ;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру кезінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелген) «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес нысандағы құжаттарды ұсыну күнінен бұрын 1 жылдан ұзақ емес берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотарилды куәландырылған көшірмесі);
10) «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес наркологиялық ұйымнан анықтама,
Ереженің 62 тармағының екінші бөлімінде қарастырылған жағдайда, мемлекеттік қызметшілерге және тұлғаларға жалпы конкурсқа қатысу үшін, ҚР 23 қарашадағы 2015 жылғы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет Туралы» заңының 29 бабы 5 тармағының бірінші бөлімінде көрсетілген келесі құжаттар ұсынылады:
Ереженің 2- қосымшадағы нысан бойынша өтініш;
2) Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды ұсыну күнінен бір айдан ұзақ емес куәландырылған қызметтік тізім;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Құжаттар, конкурс жарияланғаны туралы хабарламаның соңғы жарияланымынан кейін 3 жұмыс күн ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар (уәкілетті органның интернет ресурсына) Өскемен қ., Крылов к-сі 114 мекен-жайы бойынша жалпы конкурсты өткізу туралы хабарламаның соңғы жариялануынан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жеті жұмыс күні аралығында ұсынылуы керек.
Құжаттардың толық емес пакетте ұсынылуы оларды конкурстық комиссиямен қарастырылуынан бас тартылуына негіз болады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей берілуі тиіс. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар , әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму Министрлігі көлік Комитетінің «Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау Инспекциясы» РММ-нде әңгімелесуден өтеді.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін, оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредитациялаудан өткен Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне 5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Ішкі конкурс, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет бойынша Министрінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына конкурс өткізу Ережесінің негізінде өткізіледі.
Қосымша 2
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына конкурс өткізу Ережесіне
Нысан
___________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Әкімшілік мемлекеттік лауазымы бос орынын иелену конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын__________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымын иеленуге конкурс өткізе Ережелерінің негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Ұсынылған құжаттардың растығына жауап беремін.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен-жайы және байланыс телефоны
___________________________________
____________________________________________________________________
__________ ____________________________________
(қолы) (Аты- жөні )
«____»_______________ 20__ г.
Достарыңызбен бөлісу: |