Сабақтың жүргізілу барысы
Мәтіналды жаттығулар
1-тапсырма. Қолыңдағы сұраққа сыныптастарыңнан жауап ізде.
-Мәтін неден құралады?
-Мәтін деген не?
-Мәтіннің атауын не деп атаймыз?
-Мәтін тақырыбы қалай, неге сүйеніп құрылады?
-Қандай сөйлемдер мәтін құрайды?
-Мәтіндегі сөйлемдердің орнын ауыстыруға бола ма?
-Мәтін қандай бөліктерден тұрады?
-Әр бөлік қалай жазылады?
-Мәтіннің қандай түрлерін білеміз?
2-тапсырма. Мәтіндерді анықтамасымен сәйкестендір. Жауапты жұбыңмен салыстыр.
1-тапсырманың жауаптарын білгің келе ме? Сұрағыңа жауап тап.
1. Сөйлемнен
2. Жазбаша, ауызша ойды жеткізу
3. Тақырып
4. Негізгі ойға, мазмұнына
5. Бір-бірімен байланысты сөйлемдер
ғана мәтін құрайды
6. Жоқ, Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің өз орны болады
7. Басы, негізгі бөлімі, соңы
8. Абзацтан және жаңа жолдан басталып
жазылады
9. Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау
Оқылымалды тапсырмалары
3-тапсырма. Суреттегі биші туралы не білесің? Берілген сөз бен сөз тіркестерін
А
О
Әңгімелеу
Сипаттау
Пайымдау
«Неліктен?» деген сұраққа жауап береді.
Бірінші сөйлемде негізгі ой айтылады. Қалған
сөйлемдерде сол ой дәлелденеді.
Мәтін «не істейді, не істеді?» деген
сұрақтарға жауап береді. Тірек сөздері
етістіктен болады. Мәтін соңында негізгі ой
айтылады.
Сөйлемдер заттың түр, түсін, қасиетін
суреттейді. «Қандай?» деген сұраққа жауап
береді. Тірек сөздері сын есімнен болады.
қатыстырып, жұбыңа әңгімеле.
4-тапсырма. (Мәтінмен жұмыс кезеңі.) Биші Шара Жиенқұлова туралы екі мәтінді оқып,
мәтіннің түрін анықта. Астын сыз. Анықтамаға сай дәлелде.
1-мәтін – Әңгімелеу. Сипаттау. Пайымдау.
2-мәтін - Әңгімелеу. Сипаттау. Пайымдау.
1-мәтін
Алатаудың бөктерінде бау-бақшаға малынған әсем Алматы. Алматыны алманың
атасы десе дегендей-ақ, жас кезімнен есімде қалған бір нәрсе – алыстан алма иісі аңқып
тұрушы еді. Мен осы Алматыда 1912 жылы дүниеге келіппін.
Таудың айы кеш туады, күні де кеш шығады. Сондықтан жайлаудың жұрты ай туғанға
қаратпай сауықты бастап жібереді. ...Жұрт ортасына қалай топ ете түскенімді білмедім.
Көзім жапақ-жапақ етіп жан-жағыма қараймын. – Ей, мына қыз билейін деп тұр! – Қане,
Гүлшара, биле! Хұсайын деген гармоншы жігіт бидің бір сазын құйқылжыта жөнелмесін
бе? Дөңгелене жөнелдім. Әлі ойланам, соным не би, апыр-ау?! Сірә, мен көргенімді,
ұғынған-түйсінген, айналамды қоршаған әлемнен көріп-баққанымды би тіліне
айналдырсам керек. Содан кейін де мен осымнан жазбадым. Күнде кешкілік сауық-серіде:
«Ал, Шара, биле!» – дейді, билеп ала жөнелем. Күй ырғағына қарай ат боп шабам, ұршық
иірем, киіз басам, күбі пісем, не керек, көрген-білгенімнің бәрін жұрттың көз алдына
келтірем. Басыма бөрік, беліме белбеу тағып, қамшы ұстап, кейде бозбала болып
шығамын, «қыздарға қырындап», көз қысып, елдің ішек-сілесін қатырам. Күніне, әйтеуір,
бір өнер шығарам.
«1928 жылы, бейсенбі күні, марттың бірінде «Орион» клубында «Тілші», «Камбағарлар
ауазы», «Искра» басқармалары тарапынан үлкен әдебиет-би кеші жасалады. Бұл кеште
Алматы қаласындағы қазақ, орыс сауықшыл жастарының қатыспайтыны болмайды.
Әсіресе, Алматыдағы атақты биші Шара Баймолдақызы тарапынан «Майрамхан»,
«Шамиль» кавказ билері деген билер биленеді...». Әр өнер адамының осындай бір
жұлдызы жанатын күн болады. Менің таза артистік бишілік өмірімнің жұлдызы тап осы
күні жанды! «Халық көп болды, шапалақтан құлақ тұнды» деу қиын, бірі де есімде жоқ.
Қорқу мен қуаныш қатар келгенде ес болмайды екен адамда. Өң мен түстің арасында
өткендей ғажап сәт еді ол. Ұққаным: тағдырым – би. Одан басқа жол жоқ!
Шара Жиенқұлованың «Өмірім менің – өнерім» кітабы бойынша
дайындаған Марфуға ШАПИЯН
2-мәтін
Өткен ғасырдың 60-шы жылдарының басында біздің ауылға концерт қоюшылар жиі
келетін. Бір күні ауыл клубы алдында “Шара Жиенқұлованың би концертіне шақырамыз”
деген жарнама пайда болды. Хабарландыру қасына мың бұралған бишінің үлкен суреті
ілінген екен. Мектептен бірге қайтқан сыныптастар бәріміз ә дегеннен тани кеттік.
“Мәдениет және тұрмыс”, “Қазақстан әйелдері” сияқты журналдар мұқабасында талай рет
жарық көрген таныс бейне...
Сонымен концерт басталды да кетті. Клуб ішінде ине шаншар жер жоқ. Көмекшісіне
Дөңгелене билеу
Ұлттық би
Шапалақ ұру
Концерт
айтып, Шара апай бізді алдыңғы қатарлардың біріне жайғастырған еді. Сондықтан қанша
кішкентай болсам да, мойнымды созып, әуре болмай-ақ, ол кісінің өнерін еркін
тамашалауға мүмкіндік алған едім.
Міне, өнер деп осыны айтыңыз! Әуелі сахнаға ол кісі қазақ биін билеп шықты. Ұлттық
биіміздің осыншалық көркем нақыштарға толы екендігін алғаш көріп, айран-асыр күйде
отырдым. Көркем сөз оқушысы қысқа бір сөздерін айтып болғанша, Шара апай әп - сәтте
киімін өзгертіп, біресе өзбек биін, келесіде үнді, орыс, ауған билерін билеп шыға келеді
сахнаға. “Қалай үлгереді екен?” деп таңқалудамын.
Қос білегін бірдей ирелеңдеткенде, жылан жорғалай жөнелгендей әсерде қалады
екенсің. Тағы бірде бүркітші, аңшы, шабандоз билерін билеп шыға келгенінде өз көзіме
өзім сенбей қаламын. Бағана ғана біздің үйде түскі асты бізбен бірге ішкен кісіге мүлдем
ұқсамайтын сияқты. Біртүрлі концерт жалғасқан сайын құлпырып, сұлуланып кеткендей.
Әр жолы тотыдайын таранып шыға келгенінде, сол кісі ме, жоқ па, деп сәл абдырап
отырғаным да есімде.
Нұрлытай Үркімбай
5-тапсырма. (Мәтіннен кейінгі кезең) Асты сызылған сөздерді не сөз тіркестерін
анықтамасымен сәйкестендір.
1. _________________________________________қатты күлдіру
2. _________________________________________айналып билеу
3. _________________________________________көңіл көтеретін думанды жиын-той
4. _________________________________________қыздарға көз салу
5. _________________________________________ән-күйдің,
өлеңнің мәнері, сазы.
6. _________________________________________бос орын жоқ.
7. _________________________________________таң қалу, қайран қалу.
8-БӨЛІМ: «Қызым – жағадағы құндызым, ұлым – аспандағы жұлдызым»
8.1. Сабақтың тақырыбы: «Жақсы жігіт белгісі»
Оқу мақсаттары
8.1.4.1 - орта
көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық
шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау;
8.2.5.1 - пікірталасқа қатысушылар
берілген тақырып бойынша
өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін
жауап беру.
Сабақ мақсаттары
Үзіндіні тыңдап, тақырыбы мен идеясын талдайды;
пікірталасқа қатыстып, өз пікірін сенімді дәлелдейді.
Құндылықтарды
дарыту
Адамгершілік
Бастапқы білім
Тарихи тұлғалар
тағылымы
Тірек сөздер
Жақсы жігіт, батыр, мырза.
Бағалау критерийі
Дескриптор
Мәтінді түсініп оқиды.
1. Екі мәтіннің түрін анықтайды.
2. Анықтама арқылы дәлелдейді.
3. Мәтіннен сипаттамаға сай сөздерді
табады.
4. Бұл сөздер мәтіннің қай түріне жауап
беретінін анықтайды.