78
79
Жанар ӘЗІМХАНҚЫЗЫ,
Абай атындағы мектеп-
лицейінің мұғалімі.
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түлкібас ауданы,
Тұрар Рысқұлов ауылы.
«МЕНІҢ АТЫМ –
ҚОЖА»
(6-сынып, 2-сағаты)
Сабақтың
мақсаты:
білімділік
–
Бердібек
Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты
оқушының білімін арттыру, повесть бойынша өз ойларын
ортаға салуға жұмылдыру, қорытындылау; дамытушылық
– оқыта-үйрете отырып оқушының танымдылығын,
білім дағдыларын арттыру; тәрбиелік – таза жүректікке,
адалдыққа, балалықтың бал дәуренін түсіне білуіне
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: оқыта үйрету, ойтолғау, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: тарих, география. Көрнекілігі:
интерактивті тақта, электронды оқулық, үлестірмелі
тапсырмалар.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу,
зейін аударту.
Интерактивті тақтада Бердібек Соқпақбаевтың суреті.
үй тапсырмасын сұрау
1. Бердібек Соқпақбаев қай жылы, қай жерде дүниеге
келді? 2. Жастайынан кім болсам деп армандады?
3. Қандай қызметте жұмыс істеген? 4. Қандай шығарма-
ларын білесіңдер? 5. Жетістіктерін ата.
Жаңа сабақ.
Қожаның суреті.
- Өздеріңе қандай есімдер ұнайды?
Балалардан атын сұрау.
- Балалар, Қожа өз атына риза емес екен. Балдырлап қоя
салған дейді. Ат қою дәстүріне тоқталайықшы.
- Қожа қандай бала?
- «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген адам өлмесін» дейді.
- Сәйбек қарт кім?
Фильмнен үзінді көрсетіледі: Майқанованың сөмкесіне
салған жері.
Балалар интерактивті тақтадағы сұрақтар мен сурет-
терге қарап жауап береді.
Кешенді талдау:
Оқиғаның басталуы.
Оқиғаның дамуы.
Оқиғаның шиеленісуі.
Оқиғаның шарықтау шегі.
Оқиғаның аяқталуы.
Оқулықпен жұмыс.
Кітаптан балаларға диалог сөздерді теріп оқыту.
Дәптермен жұмыс: теңеу сөздерді табу.
Топтау стратегиясы.
Сергіту сәтін орындату (1-2 минут).
Венн диаграммасы.
Қожа
80
81
- Қожаның қандай екенін білдік, енді біз өзіміздің
қандай бала екеніміз туралы «Мен қандаймын?» деген
сұраққа жауап берсек.
- Сынып жетекшісі Майқанова Қожаға қалай әсер етті?
- Қожаның құпия кеңес өткізуі, әжесі оны неге жорыды?
- «Түбінде адам болатын бала» деп Майқанова неге
айтты?
Фильмнен Қожаның жабық кеңес өткізіп жатқанынан
үзінді көрсетіп, қорытынды жасадым.
Лекция кезеңі: «Повестен алған әсерім».
Қорытынды. Бағалау.
үйге тапсырма. Авторға байланысты қосымша
материалдар іздеу. Шығарманың мазмұнын айту.
Қожа
Жантас
Зәуреш СИПИТАНОВА,
№2 жалпы орта білім
беретін мектептің мұғалімі.
Атырау облысы,
Жылыой ауданы,
«Қосшағыл» ауылы.
ШЕРХАН МҰРТАЗА.
«БЕСЕУДІҢ ХАТЫ»
(8-сынып, 1-сағаты)
Сабақтың мақсаты: білімділік –
Шерхан Мұртазаның
өмірімен, шығармашылығымен тереңірек таныстыру,
«Бесеудің хаты» драмасының мазмұнын, идеясын
ұғындыру; дамытушылық – қазақ халқының ашаршылық
жылдарындағы қайғылы кезеңдері мен тарихи бастан
кешкен қасіретін таныту, оқушылардың өз бетімен ізденіп
оқу, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру; тәрбиелік
– ел тарихымен таныстыра отырып, оқушыларды елін,
жерін, халқын сүюге тәрбиелеу, отаншылдық, ұлтжандылық
қасиеттерін қалыптастыру.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс,
топтастыру, Венн диаграммасы.
Түрі: аралас, мультимедиалық сабақ.
Пәнаралық байланыс: тарих, ән-саз.
Көрнекілігі: Шерхан Мұртазаның, Тұрар Рысқұловтың,
И.В.Сталиннің, Голощекиннің фотосуреттері, хаттары,
фотомонтаж, слайдтар, проектор.
Сабақтың жүрісі.
I. Ұйымдастыру:
1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
2. Үйге не берілгенін сұрау:
а) Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасын»
қайталап оқып келу;
ә) Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасымен
алдын ала танысып келу;
б) Ізденушілік жұмыс: «Бесеудің хатын» тарихи
кітаптардан іздеп, дәптерлеріне тауып жазып келу.
II. үй тапсырмасын сұрау.
1. «Бетпе-бет» студиясы (Сұрақ қою арқылы оқушы
жауаптарын тыңдау);
2. «Топтастыру» стратегиясы.
82
83
І қатар ІІ қатар ІІІ қатар
III. Жаңа сабақты түсіндіру,сол бойынша жұмыстар:
1. Шерхан Мұртазаның өмірі, шығармашылығы туралы
(Хронологиялық таблица бойынша түсіндіру).
Шерхан
Мұртаза
2. Әдебиет теориясынан мәлімет беру (Драма, комедия,
трагедия, диалог, монолог, ремарка).
3. Үйге оқып келуге тапсырылған «Бесеудің хаты»
пъесасының қысқаша мазмұны сұралады.
4. Шығарма мазмұны бойынша бірнеше сұрақтар
қойылды:
а) Шығарма қандай тарихи оқиғаға негізделіп жазылған?
ә) Драмадағы басты кейіпкерлер кім?
б) Шығармада Ғабит Мүсірепов бейнесі қалай
суреттелген?
в) 1916 ж. Ұлт-азаттық көтеріліс батыры – Амангелді
Имановтың жары туралы айтылады, ол кім?
5. «Топтастыру» стратегиясы.
6. Ізденушілік жұмыс.
«Бесеудің хатын» дәптерлерінен оқыту.
7. Ол хатты Тұрар Рысқұловтың Сталинге жазған
хатымен байланыстыру.
Мұхтар
Әуезов
кім?
Прозалық
шығар-
малары
Драма-
лық
шығар-
малары
Хат жазған
бесеу кім?
Қазақстан Халық
жазушысы, Мемле-
кеттік сыйлықтың
иегері, Жоғарғы
Кеңестің депутаты.
1932 ж. 28 қыркүйекте
Жамбыл облысы,
Жуалы ауданының
Мыңбұлақ
ауылында
дүниеге келген.
1932 ж.
Ломоносов ат.
МГУ-ды бітірді.
Жазушы:
“41-жылғы
келіншек”, “Жүз
жылдық жара”,
“Қызыл жебе”,
”Тамұқ”, ”Қара
маржан”.
Аудармашы:
Ш.Айтматов “Қош
бол, Гүлсары”,
“Боранды бекет”,
“Жан пида”.
Журналист:
“Лениншіл жас”, “Егемен
Қазақстан” газеттерінің
тілшісі, “Жалын”,
“Жұлдыз”жұрналдарының
бас редакторы.
Драматург:
“Бесеудің хаты”,
“Сталинге хат”,
“Жетім бұрыш”.
Драма (грекше drama –
қимыл, әрекет) –
әдебиеттің үшінші тегі.
Шындықты айырықша
тәсілдермен синтез
қалпына келтіріп,
шиеленіскен тартыстар
үстінде жинақтап,
оқиғаға қатысатын
адамдардың сөзі мен ісі
арқылы көрерменнің көз
алдында қолма-қол
көрсететін күрделі жанр.
Комедия (грекше
comedia – күлкілі,
қызық ән) өмірдегі
келеңсіз құбылыс-
тарды, адам
бойындағы
қасиетсіздікті,
мінездегі мінді
сықақпен сынап,
келекеге
айналдыратын
шығарма.
Трагедия
(гр.tragos – ескі,
оde – ән, жыр) –
сахнаға арналып
жазылған қатерлі,
қайғы халден
туындап
тұтасатын және
бас қаһарманның
қазасымен,
мұңымен
аяқталатын
шығарма түрі.