88
89
септік деп атаса / Краткая грамматика казак-киргизского
языка. СПб, 1897, 92-б./, бұған үндес Құдайберген Жұбанов
теңдес септік жалғауы деп анықтайды / Қазақ тілі
жөніндегі зерттеулер. А., «Ғылым», 1966, 362-б./. Татар
ғалымдары М.Закиев / Синтаксический строй татарского
языка. Қазан, 1964, 464-б./ пен Ф.Ганиев бұл аффиксті септік
парадигмасына қосады / О синтетических и аналитических
падежах в татарском языке // Сб. Вопросы тюркологии.
Қазан, 1970/. Сөзіміз дәлелді болу үшін Ф.Ганиевтің мына
тұжырымына назар аударғымыз келеді: «Следует отметить,
что во многих трудах по татарскому языкознанию суффиксы
-дай, -дей рассматриваются как словообразовательные.
Однако это утверждение не согласуется с фактами языка. Ибо
указанные суффиксы присоединяются ко всем конкретным
существительным. По своим функциям и значениям они
ничем не отличаются от грамматических, в данном случае
от падежных показателей. Эти суффиксы служат для
выражения отношения одного слова к другому, и формы,
образованные при помощи данных суффиксов относятся к
грамматическим показателям и не имеют никакого отношения
к словообразованию» / Суффиксальное словообразование
в современном татарском литературном языке. Қазан,
филиал АН СССР, 1974, 231-б./. Бұл аталғандардан басқа
Н.П.Дыренкова, Л.Н.Харитонов, Г.Алпаров, Э.В.Тенишев
сияқты ғалымдар бұл тұлғаны септік жалғауларына
жатқызған. Қазақ тіл білімінде Қ.Жұбановтан кейін бұл
қосымшаның септік жалғауы қызметі барын көрсеткен
Ғ.Мұсабаев болды. Бұл орайда ғалым -дай, -дей тұлғасын,
біріншіден, «сияқты», «секілді» сөздерімен мәндес;
екіншіден, сөз бен сөзді байланыстырады; үшіншіден,
жалғанған сөзінің лексикалық мағынасын өзгертпейді;
төртіншіден, барлық сөз табына дерлік жалғана алады деген
өлшемдерді ұстанады. Алайда мақала соңында -дай, -дей
қосымшасын сын есім тудырушы аффикс деп көрсетіп, екі
жақты пікірге келеді. Ғалым өзінің мақаласында -дай, -дей
аффиксін жұрнақтан бүтіндей қол үзбеген, жалғауға айналып
бара жатқан аралық категория ретінде қарайды / Қосымша
–дай, -дей туралы // Қазақ ССР Ғылым Академиясының
Хабарлары. 3-4 шығуы. А., 1955/.
Бұл қосымшаны форма тудырушы қосымша деп
анықтаған ғалымдар – Н.А.Баскаков, М.Хабичев, қазақ тіл
білімінде – Ыбырайым Маманов.
Осы қосымшалардың сөзжасамдық және форма
жасаушылық қызметін анықтау мақсатында жазылған
А.Жаңабекованың
«Сөз
формаларын
жасаудағы
қосымшалардың функциялық ерекшеліктері» деп аталатын
кандидаттық диссертациясында -дай, -дей қосымшасы,
жоғарыда көрсетілгендей, анықталу сипатына қарай
топтастырып, осы қосымша туралы айтылған ғалымдар
пікірлері мен көзқарастарын жүйелі түрде сөз етеді. Автор
-дай, -дей қосымшасын ұқсату мағынасын беретін форма
тудырушы қосымша деп анықтайды. Мұндай тұжырым
жасауда Ы.Мамановтың -дай, -дей қосымшасы туралы
айтқан пікірлерін басшылыққа алған деуге болады /А., 2011/.
Қ.Шаяхметов сын есім тудырушы -дай, -дей қосымшасын
екі функциялы қосымша деп анықтайды. Оның пікірінше:
-дай, -дей қосымшасы жекеше, атау тұлғалы зат есім
түбірлеріне жалғанғанда сын есім тудырып, сөзжасамдық
қызмет атқарады. Ал есімше, көптік, тәуелдік, -нікі, -дағы,
-дегі формаларынан кейін, жалқы есімдерге, модаль
сөздерге жалғанып форма ғана тудыратынын айта келе, бұл
қосымшаны екі функциялы аффикс деп көрсетеді / Қазақ
90
91
тіліндегі қосымшалардың екі жақты қызмет атқаруы // Қазақ
тілі мен әдебиеті. А., 1968. 5-шығуы. 185-195-б./.
-дай, -дей қосымшасының тілдік табиғаты өте күрделі
екендігін жоғарыда айтылған әр алуан көзқарастардан
байқауға болады. Бұл қосымша жалғанып жасалған сөз
формаларының білдіретін мағыналарын салыстырғанда
оның жалғанған сөзіне тек салыстыру мағынасын үстеумен
қатар әр түрлі ауыс мағыналарды да білдіре алатындығына
көз жеткіземіз. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде берілген
-дай, -дей тұлғалы сөздердің мағыналық сипаттарына
назар аударалық. Мысалы, «Арландай» сөзіне мынадай
мағына беріледі: Арлан тәрізді, арлан сияқты. Алты ұлы
бар арландай, Жалғыз қызы ардақты («Қамбар батыр»).
Қасқырдың арланындай екі төбет құйрық бұлғап, басқа
секіріп, Ғалибекке еркелеп жатыр (Ж.Тілеков. Жоңғар).
Берілген екі мысалдағы -дай, -дей тұлғалы «арлан» сөзінің
мағыналарын салыстырсақ, оларды екі мағынаға ажыратып
көрсетуге болатынын байқаймыз. Екінші мысалдағы
«арландай» сөзінің мағынасы «қасқырдың арланы сияқты,
қасқырдың арланына ұқсайтын екі төбет» деген мағынада
қолданылған. Мұнда таза қасқырдың арланына ұқсату,
салыстыру мағынасы бар. Бұл -дай, -дей аффиксінің тура
мағынасы. Бұл аффикстің бірінші мысалдағы мағынасы
(арландай ұлы бар) ұқсату, салыстыру мәнінен гөрі арланға
тән мінез-құлық, сыр-сипаттан шыққан «дырдай, арыстай,
ортан қолдай» деген мағыналарды білдіреді. Бұл «арландай»
сөзінің ауыс мағынасы болып табылады. Олай болса,
түсіндірме сөздікте екі мағынасы көрсетілуі тиіс. Алайда бұл
сөздің бірінші салыстыру мағынасын білдіретін қолданысы
таза сөзжасамдық емес. Өйткені мысалдағы, біріншіден,
-дай, -дей қосымшасы арлан сөзіне тәуелдік формадан
кейін жалғанып тұр, яғни мұндайда ол грамматикалық
формалардан кейін жалғана береді де, жалғанған сөзіне
салыстыру мағынасын үстейді. Мұндай салыстыру кез келген
екі затты не құбылысты, не қимылды, т.б. салыстыру кезінде
бола беретін жағдай. Ол жалқы есімдерге жалғанғанда
да, есімдіктерге жалғанғанда, сан есімдерге жалғанып та
салыстыру мағынасын үстейді. Бұл жағынан ол, Ы.Маманов
көрсеткендей, грамматикалық абстракция жасап, сөзжасам
қосымшаларына тән талғап жалғану шартына сәйкес
келмейді. Ал ауыс мағынада қолданылғанда бұл қосымша
жалғанған сөзді сөзжасамдық бірлік ретінде қарауға болады.
«Арлан» сөзінің екінші ауыс мағынасы болғанмен, оның
қолданыста тура мағынасы (арлан сияқты) да сақталған. Ал
кейбір осы қосымша жалғанған сөздерде тура мағыналары
сақталмаған жағдайлар да кездеседі. Олардың түбіріне -дай,
-дей қосымшасы кірігіп кеткен. Мысалы, Ы. Мамановтың
сөзжасамдық бірліктерге жатқызған «титтей, дардай,
алпамсадай» сөздерін бөліп-жарып қолдануға келмейді.
Ал кейбірі сөйлеу кезінде тура мағыналарында қолданыла
береді. «Түймедей» сөзін алайық. Сындық мағынасы –
кішкентай, сонымен қатар «Үлкендігі түймедей ғана затты
көрсетті» (Ауызекі) деген сөйлемде «үлкендігі түйме сияқты,
түйменің үлкендігіндей» деген мағынаны білдіреді.
Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінде -дай,
-дей тұлғалы сын есімдер негізінен беріліп отырады. Бұл
қосымша сын есім тудырушы жұрнақ саналғандықтан, осы
формамен келген сөздердің біразы сөздікке енгізілген. Бірақ
оның берілуі мен мағыналық сипатында бірізділік жоқ.
Айталық, кейбір зат есімдермен қолданысы берілген де,
қайсыбірінде бұл тұлғамен түрленісі берілмеген, яғни,-дай,
-дей тұлғалы зат есімдер жаппай берілген дей алмаймыз. Бұл