92
93
айтылғандардан -дай, -дей қосымшасының тілдік табиғаты
аса күрделі екендігін байқаймыз. Қазақ тіл білімінде бұл
аффикс туралы әр түрлі пікірлер болғанмен, оның барлық
қолданысына таратылып талдау жасалмаған. Сол себепті
бұл қосымшаның тілдік табиғатын мысалдар мен сөздіктегі
мағыналарын салыстыра отырып, мол тілдік фактілер
жинақтап әлі де зерттеу қажет.
Ы.Маманов -дай, -дей қосымшасы сияқты әр жақты, әр
бағытта зерттеліп жүрген тілдік тұлғалардың табиғатын
ашуға ұмтылған. -дай, -дей қосымшасын форма тудырушы
деп тануына бұл тұлғаның мынадай тілдік сипаты негіз
болған. Біріншіден, -дай, -дей жұрнағы өзі жалғанған түбір
сөздің лексикалық мағынасын өзгертпейді, оған салыстыру
мағынасын үстейді. Екіншіден, бұл тұлға сөзжасам
қосымшаларының талғап жалғану шартына толық сәйкес
келе бермейді. Ол сөзді талғамай жалғанады. Бұл өлшемді
Ы.Маманов «Форма тудырушы қосымшаларға тән екінші
сипат, яғни, форма тудырушы қосымшалар грамматикалық
абстракция жасайды» деп көрсетеді. -дай, -дей
қосымшасының мұндай ерекшеліктері кейін Қ.Шаяхметов,
С.Исаев, А.Жаңабекова зерттеулерінде жалғасын табады.
Алайда С.Исаев бұл аффиксті функциялық қосымшалар
деген
атаумен
қосымшалар
классификациясында
көрсеткенмен, терең тоқталмаған. Екі функциялы
аффикстердің тілдік табиғатын зерттеген Қ.Шаяхметов
-дай, -дей-дің форма тудырушы қызметін көрсетумен қатар
оның зат есім түбірлеріне жалғануы кезіндегі қызметін
сөзжасамдық деп көрстеді. Бұл теория бойынша, -дай, -дей
қосымшасы барлық зат есімдерге жалғанғанда сөзжасаушы
қызмет атқарады деген сөз. Алайда бұл тұжырымның
дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу үшін бірнеше зат есім түбір-
леріне -дай, -дей тұлғасын жалғап көрейік. Мысалы: баладай,
түймедей, таудай, аюдай, кітаптай, қаламдай, үстелдей,
кілемдей, т.б. Осы мысалдардағы -дай, -дей қосымшасының
қызметі бірдей емес, бірінде сөзжасамдық бірлік жасаса,
енді бірінде сөйлеу бірлігі болып салыстыру формасындағы
зат есім болып тұр. Үстелдей, кілемдей, қаламдай, баладай
сияқты сөздерде тек салыстыру мағынасы ғана бар да, ал
түймедей сөзі кішкентай, таудай үлкен, аюдай ірі, дәу
деген мағыналарды білдіреді. Бірақ бұл соңғы мысалдарда
салыстыру мағынасы мүлдем жоқ деуге болмайды. Сөйлеу
жағдаятына қарай ол сөздер таза салыстыру мағынасында
да қолданылуы мүмкін. Мысалы: Үлкендігі осы түйме-
дей бар-ау (Ауызекі). Бағанағы аюдай үлкен емес екен
(Ауызекі). Осындағы түймедей, аюдай сөздері зат есімнің
салыстыру формасында тұр. Бұл -дай, -дей қосымшасының
негізгі қызметі, яғни, форма тудырушы қызметі. Ал олардың
кішкентай, ірі, дәу мағыналары – екіншілік сөзжасамдық
мағыналар.
Ы.Маманов -дай, -дей қосымшасының осындай тілдік
сипатын анық аңғара білген. Сондықтан біз Қ. Шаяхметовтің
-дай, -дей қосымшасы зат есім түбірлеріне жалғанғанда
сөз тудырады деген пікірін біршама шартты түрде алынған
тұжырым деп санаймыз. Ы.Мамановтың «-дай, -дей
қосымшасының негізгі қызметі – форма тудыру, ал осы тұлға
жалғанып жасалған сөздер бұл қосымшаның сөзжасамдық
қызметінен емес, яғни, сөзжасамның синтетикалық тәсілі
арқылы жасалмаған, олар үнемі қолданыла келе тұрақталып,
лексикаланып, яғни, сөзжасамның лексика-семантикалық
тәсілі арқылы, конверсия (грамматикалық сипатын өзгерту)
жолымен жасалған» деген пікірін дұрыс деп санаймыз.
94
95
Гүлсім ДӘРКЕНБАЕВА,
Тұрар Рысқұлов атындағы
ҚазақЭУ-дің доценті.
РУХАНИ ҚАЗЫНАМЫЗДЫ ЖАС
ҰРПАҚҚА ЖЕТКІЗУ
Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай,
Мұхит, Балуан Шолақ, т.б. әнші, ақын, сал-серілердің
шығармашылық мұрасы белгілі бір дәрежеде айқын, анық
зерттелді.
ХІХ ғасырдағы қазақтың әйгілі серісі, әнші, ақын,
композитор Сегіз Сері Мұхаммедханафия Баһрамұлы
Шақшақов туралы соңғы 20 жылдай уақыт көлемінде аз
айтылған жоқ.Сегіз Сері жайлы біршама деректер мен
бірнеше шығармасының толық мәтінін Мәди Болатовтың
ҰҒА Әдебиет және өнер институтының қолжазба бөліміне
өткізген (08.V.78)№863 папкадан(1-10дәптер) табуға болады.
ХХ ғасырдың сексенінші жылдары Шоқан Уәлиханов
атындағы Тарих және этнология институты мен Мұхтар
Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
дайындауымен «Жас шама», «X1X ғасырдағы қазақ
поэзиясы», «Ел аузынан», «X1X ғасырдағы қазақ
ақындары», «Айтыс» атты жинақтар жарық көрді. Осы
аталған кітаптарда Сегіз серінің шығармаларынан көптеген
үзінділер берілген. Аталған институттарға Сегіз сері туралы
деректер әкеліп тапсырған фольклоршылар – Қаратай
Биғожин мен Мәди Болатов. Мәселен, ’’Ғылым’’ баспасынан
жарық көрген «X1X ғасырдағы қазақ поэзиясы» атты кітапта
(А., «Ғылым», 1981) «Гауһармын таразыға салынбаған»
деген Сегіздің өлеңінен үзінді бар.
Гауһармын таразыға салынбаған,
Қылышпын қынабынан алынбаған.
Керейдің Сегіз атты саңлағымын,
Секілді жанған оттай жалындаған. [103-б.].
Сегіз серідей өнер иесінің мәдени мұрасы ұшан-теңіз,
батырлығы – бас иерлік. Осындай тарихи тұлғаның мәдени
мұрасынан мектеп оқушылары, студенттер, жалпы оқырман
қауым мақұрым қалып келеді.
Сегіз серіні қалың оқырманға алғаш таныстырған атақты
жазушы Ғабит Мұсірепов болды. Ол өзінің «Ұлпан» атты
шығармасында «Бұл келген Керей аталатын көп рулы
елдердің атышулы ақын әншілер, жыраулары еді. Ақын
Шәрке сал, Тоғжан ақын, Нияз сері, Сапарғали ақын... Бәрі
де атақтының атақтысы – Сегіз сері ақынның мұрагерлері»
деген [Б.Қарымсақова. «Қазақ әдебиетіндегі әнші-ақындар
мен күйшілер бейнесі» (диссертация). 2009, 516-б.].
Сегіз сері ақынның тағдыры мен шығармалары бірқатар
ғалымдардың да назарына іліккен. Белгілі ғалым Әлкей
Марғұлан «Күйді суреттеп, әнді меңгерген қаламгер» атты
мақаласында «Тәттімбетпен қатар сахарада аты кеңінен
тараған, қазақтың аяулы ұлы – Сегіз сері. Көкшетау мен
Обаған өлкесінде бірінші жарқырап шыққан өнер иесі –
Сегіз сері» деген [«Жұлдыз» жұрналы, №9,1983, 182-183-б.].
1991 жылы филология ғылымының кандидаты
Т.Сүлейменовтың «Сегіз сері» атты кітабы жарық көрді.
Онда автор «Сегіз сері» шығармаларынан үзінді келтіре
отырып, өмірбаянын толық баяндауға тырысқан. Десек те,
Сегіз сері шығармашылығы жан-жақты зерттелді деп айта
алмаймыз.
1991 жылы шыққан Нәбиден Әбуталиевтің «Сегіз сері»
атты кітабында Баһрамұлының өмірбаянына көлемді орын
берілген. Көп жылғы ізденіс еңбектің тоқетер түйіні «Сегіз