«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет16/33
Дата20.11.2018
өлшемі1,14 Mb.
#21906
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33

60

61

Ойпаң жерден орғытып,



Ұйтқып заулап келеді.

Бұл  жерде  Сандалкөктің  шабысы  ғана  емес,  Жібектің 

қуанышы да қоса өрілген.

Қорен мінген қаз мойын қара тұлпардың шабысы, намыс 

пен ашуға булығып келе жатқан Қореннің көңіл күйін шебер 

жеткізеді.



Жөнеді қалмақ, жөнеді,

Шеңбер ұрып келеді.

Көк қабыландай арсылдап,

Тебінгісі тарсылдап,

Құйысқаны сартылдап,

Сауырынан аққан ақ көбік

Омырауында былшылдап,

Қаз мойын қара тұлпарды

Сауырға сипай қамшылап...

«Шу» десе қалмақ дауысы

Түлек құстай шаңқылдап,

Кәпір қалмақ жөнелді,

Қаһарманың келеді.

Жырдың әдеби маңызы

Жырдың  өн  бойында  қазақ  халқының  өмірінде  ертеден 

орын  алған  қыз  көру,  құдаласу,  неке  қию,  отқа  май  құю, 

құрбандық шалу, жоқтау, қарғыс, бата, түс жору, т.б. ырым-

жоралғылар, салттар көрініс табады.

Сондай-ақ  неше  түрлі  әсірелеу,  көріктеу,  кейіптеулер, 

әдемі теңеулер мен сөз айшықтары молынан қолданылады.

«Қыз  Жібек»  жыры  –  ұлттық  сөз  өнеріміздің  барлық 

көркемдік-эстетикалық қуатын танытатын аса құнды рухани 

мұрамыз.


Екі  топтың  басшысы  сабақ  барысында  оқушыларды 

жауаптарына қарай бағалап отырады.



Гүлжан СӘДУАҚАСОВА,

Сәрсен Аманжолов атындағы 

орта мектептің мұғалімі.

Шығыс Қазақстан облысы

Ұлан ауданы, 

«Ұлан» ауылы.



МАХАМБЕТ. «ҚЫЗҒЫШ ҚҰС»

(5-сынып)

Сабақтың    мақсаты:  білімділік  –  ақын  өлеңінің  маз-

мұнын түсінеді, пікір алысады, талдайды , салыстырады, ақын 

тұлғасын  ашады,  қорытынды  жасайды;  дамытушылық  – 

мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы ақынның ішкі жан дүниесін 

түсіну,  мысалдар  келтіру,  қосымша  мәліметтер  іздестіру, 

танымдық қабілеттерін дамыту, ойлану нәтижесінде өз ойын 

тиянақтайды,  оны  дәлелді  түрде  жеткізеді,  бірнеше  ойды 

салыстырады,  қарама-қарсы  қояды;  тәрбиелік  –  топпен 

жұмыс істеуге, бір-бірін сыйлауға, тыңдай білуге баулу.

Түрі:  ізденіс,  зерттеу.  Типі:  жаңа  білімді  меңгерту. 

Көрнекілігі:  слайд.  Пәнаралық  байланыс:  биология, 

тарих. Құрал-жабдығы: парақшалар, кубик, маркер.



Сабақтың барысы.

Сынып  оқушылары  екі  топқа  бөлінеді.  Әр  топ  өз  топ 

басшыларын сайлап алады, топ атын қояды. 

I. Қызығушылықты ояту.

Ой қозғау стратегиясы.

Дабыл қаққан дауылпаздай дауысы,

Алдаспанға айналып ар-намысы,

Исатайдың үні болған,

Бар қазақтың ұлы болған,

Ұрпағының жыры болған, Арысым!



Еркін жауап стратегиясы. Сұрақтар қойылады.


62

63

1.  Осы  өлең  жолдарындағы  дауылпаздай  дауысы  бар, 



Исатайдың үні болған, бар қазақтың ұлы болған Арыс кім? 

2 . Махамбет туралы не білесіңдер? (Оқушылар жауабы 

тыңдалады).

Топтастыру стратегиясы.

Махамбет

II. Мағынаны ажырату.

Кіріспе сөз. «Қызғыш құс» өлеңінің шығу тарихы.

Исатай  қазасынан  кейін  Махамбет  түңілушілікке, 

жалғыздыққа  бой  алдырады.Қарулы  жасақтың  көбі  тарап 

кетеді.  Бытырап  кеткен  қолдың  енді  басын  қосу  қиынға 

түседі.Ол  ел  ішінде  бой  тасалап  жүреді.  Халық  ханға 

адал  ұлын  сатпайды.  Ақын  өмірінің  соңғы  айларында  өз 

отбасымен Қарой деген ойпаңды мекен еткен. Осы кездері 

ақынның «Қызғыш құс» өлеңі дүниеге келеді.

Сабақтың мақсатын айтып өту.

Электронды  оқулықтан  «Қызғыш  құс»  өлеңін    

тыңдатқызу.

Екі жақты күнделік стратегиясы.

Өлең жолдары.                            Мен қалай түсінемін?



Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,

Қанатың қатты, мойының бос.

Исатайдан айырылып

Жалғыздықпен болдым дос.

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,

Көл қорыған сен едің,

 

Сен де айырылдың көліңнен.



Ел қорыған мен едім,

Мен де айырылдым елімнен.

Аспандап ұшқан қызғыш құс!

Сені көлден айырған –

Лашын құстың тепкіні.

Мені елден айырған –

Хан Жәңгірдің екпіні.

Айтып-айтпай не керек,

Құсалықпен өтті ғой

Махамбеттің көп күні!

Түсініктеме күнделігі.

Сөздік жұмысы. Құсалық – 

Еркін жауап стратегиясы.

Сұрақ.  Махамбет  өз  тағдырын  қалай  берген?  Ненің 

тағдырымен ұқсас?

Әдебиет  теориясы.  Махамбет  өзінің  ауыр  тағдырын 

қызғыш құстың тағдырымен салыстыра отырып суреттеген. 

Адам  көңіл  күйінің  табиғат  құбылыстарымен  осылайша 

салыстырыла  суреттелуін  психологиялық  параллелизм 

дейміз.

Еркін жауап стратегиясы.

Өлеңнің тақырыбы не?  Исатайдан айырылып, жалғыз 

қалған батырдың мұңы.



Өлеңнің идеясы. Елім деп еңіреген ерді осындай күйге 

түсірген – Жәңгір хан.



Лирикалық кейіпкер – ақынның өзі. Кубизм стратегиясы 

қолданылады.  Жұмыс  жолын  ескерту  (тақырыпты  жан-

жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы).

Тапсырмалар.




жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау