64
65
сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай
жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл!»
Бөлтірік шешен.
Оқушыларды Бұқар жыраудың өлеңдерін жинақтау
арқылы үш топқа бөлеміз.
Көш бастау қиын емес-қонатын жерде су бар.
Қол бастау қиын емес-шабатын жерде жау бар.
Шаршы топта сөз бастау қиын-шешмін таппас дау
бар.
Топтық тапсырмалар:
1. Би-шешендер туралы толық мәлімет. (өздерінің
қалаулары бойынша)
2. Шығармашылық ізденіс тапсырмаларын қорғау.
3. Би-шешендердің сөздерін жатқа айту, талдау.
4. Шешендік сөзге қатысты қызықты оқиғалы
әңгімелер айту.
1-топ. Майқы би, Төле би.
2-топ. Бөлтірік шешен, Жиренше шешен.
3-топ. Аяз би, Әйтеке би, Төле би туралы жобаларын,
шығармашылық жұмыстарын қорғайды.
1. Топтың жұмыстарын тыңдау.
2. Мәтінмен жұмыс.
3.Психологиялық
жағдаяттық
тапсырмалар.
(Мысалы, Үш дос-Баян, Қанат, Асхат. Олар тату. Бір
күні Қанат пен Асхаттың арасында кикілжің болып,
керісіп қалады. Бұл қандай дау, бұл дауды сен қалай
шешер едің, қандай ұсыныс айтар едің?)
Қорытынды. Түйін сөз. «Қазақ халқының шешендік
өнеріне шетелдіктер таң қалды. Шешендік өнердің
казақ халқында ерекше дамуының себебі неде?
Оқушы жауабынан үзінді. Осыншама ұланғайыр
жерді мекен еткен қазақ бақытты! Әрине, бұл
оңайлықпен келген жоқ. Ол найзаның ұшымен,
білектің күшімен, Қызыл Тілдің құдіретімен келді.
Көшпенділер бар байлығын басына жинаған ел. Ат
құлағында ойнаған батырлар, күміс көмей ақын,
шешендер, билер осы Ұлы далада дүниеге келген. Бай
өлкеге Төле, Әйтеке, Қазыбек сынды би-шешендердің
ақыл-парасаттылығының арқасында ие болдық. Қазақ
елінде сөз өнерін сынайтын тарихи жағдайлар көп
болды, жаумен жағаласа жүріп, мәдениетін де дамытты.
Жеріміз қандай кең болса, пейіліміз де сондай кең,
тіліміз де сондай бай. Бүгінгі сабақтан біз адамның
ақыл-ойы еркіндікте болса, сөз бостандығы болып,
тіліміз бай болатындығын түйіндедік.
Бұрыннан білімін
Білдім
Білгім келеді
Қорытынды. Бағалау.
АҚЫЛДЫҢ КЕНІ
Кітаптар - кәріліктің ең жақсы достары, сонымен
бірге жастықтың ең жақсы жетекшілері де.
С.СМАИЛС
Кітап жинай берген мұрат емес, оқыған мұрат.
ПЛУТАРХ
66
67
Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс
А.ЖҮНІСБАЕВА,
№197 Ә.Құдабаев атындағы
қазақ орта мектебі.
Қызылорда қаласы
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ.
«ҚАРАҢҒЫ ТҮНДЕ ТАУ ҚАЛҒЫП»
(7-сынып)
Сілтеме:
7-сынып оқулығы, «Абай өлеңдері» жинағы,
Тарихи тұлғалар. Электронды оқулық.
Жалпы
мақсаты:
Абай өлеңін біліп, мазмұнын түсініп, идеясын
ашып, меңгеру. Өлеңді құрылысына талдау.
Сабақтың
нәтижесі:
Абай өлеңін біледі, мазмұнын түсінеді,
идеясын ашады, меңгереді. Өлеңді
құрылысына талдайды.
Әдістері:
Сұрақ-жауап, топтау, ББҮ. Венн диаграммасы,
ассоциация.
Түйінді идея:
Адамзат өмірі мен тылсым табиғат
құбылысының байланысы.
Көрнекілігі:
Интерактивті тақта, постер, стикер, орамал,
ұлттық киім үлгісіндегі қуыршақ, ұялы
телефон.
Пәнаралық
байланысы:
Қазақ тілі, математика, информатика,
музыка.
1.«Орамал тастау» ойыны арқылы сұраққа
жауап беру.
2. Ассоциация.
3. Өлеңді жеке оқып, жұппен ой бөлісіп, топта
талқылау.
4.«Теңге алу» ойыны.
Тапсырма
көздері:
Өлеңнің шығу тарихы.
Сатылай кешенді талдау.
Композициялық құрылымына талдау.
Өлең құрылысына талдау.
5. Венн диаграммасы.
6. «Рефлексия» әдісі.
Сабақтың
барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-
әрекеті
Ұйымдастыру
кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
Жыл мезгіліне
байланысты төртке бөлу.
Өзін-өзі бағалау
парақшасы әр оқушыға
ұсынылады.
Оқушылар төрт
топқа бөлініп
отырады.
Үй
тапсырмасын
тексеру:
«Орамал тастау» ойыны.
Сұрақтар:
1. Абай туралы қандай
пікірлер білесіңдер ?
2. Абайдың қандай
даналық сөздерін
білесің?
3. Абайдың өз
шығармашылығын
ұштауға кімдер себепкер
болды?
4. Абай (Ибраһим)
кейінгі ұрпақ есінде
қандай тұлға ретінде
қалды?
Мадақтау арқылы
1жұлдыз.
Бір оқушы шығып,
орамалды қалаған
сыныптасына
ұсынады.
Орамал алған
оқушы сұраққа
жауап береді,
«Қансонарда
бүркітші шығады
аңға» өлеңінен
үзінді оқиды.
Бағалау