«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,94 Mb.
Pdf просмотр
бет24/34
Дата09.11.2018
өлшемі0,94 Mb.
#18762
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34

90
Алыптардың  тұяғы,  асылдардың  сынығы  Төлеген 
Жанғалиев  жұмысын  көре  отырып,  өз  өлеңдерін, 
оқушыларының  өлеңдерін  тыңдай  келе,  мынадай  арнау                
туды:
                      Көп алдына шығып ап
                      Айқасатын сөзбенен,
                      Тигізетін мергендей
                      Нысанасын көздеген
                      Жүрегінің түгі бар.
                      Қамын ойлап халқының
                      Көтеретін жүгі бар.
                      Қиып түсер қылыштай
                      Қайраулы өткір тілі бар.
                      Еркін өскен бөгетсіз
                      Тілінің тікен бүрі бар.
Ал оқушыларға алдағы уақытта тілерім:
              Ақындар ақ алмастай жарқылдасын,
              Айтар сөз, ауқымды ой сарқылмасын.
              Елдің қамын, ер жүгін көтеретін
              Өркенді өнер әлі де қарқын алсын!
Төлеген Жанғалиев өзі тәрбиелеген әр шәкірттің жүрегінде 
орнатылған  ескерткіш  деп  есептеймін,  қанша  уақыт,  қанша 
жыл өтсе де ойларында ұстаздары тұрады, өйткені ол:
Арашалап ер басын дауда қалған,
Бола білген өмірде елге қорған!
«Сырты 
 күміс, іші  алтын» өлеңімен
Әр  шәкірттің  жүрегін  жаулап  алған!»  демекпін.  Иә, 
ақынның  терең  сезімді,  құнарлы  ойға  бай  жырларын  да 
тыңдадық, жас өрендердің өлеңін тыңдадық, өнерлерін көрдік. 
Өнер тұнған Абай елінің ұстаздары мен оқушыларына разы 
болыстық. Ақын Сұлтанмахмұттың «Біздерде мынадай бар, 
мынадай бар» дегеніндей,  өзіміздің де, мектептің де өнеріне 
ұқсас  болғанымен,  дәл  сол  күнгі  өнер  жылуы  бойымызды 
баурады.  Әсіресе,  ақын  Мерғали  Ибраевтың  «Жауап»  деген 


91
өлеңінде
«Біреулердің сөзінше – ақын-ақпын,
Біреулердің көзінше – ақымақпын.
Өлтірсеңші өлтірсең ақыры аттың,
Керегі не дәл мендей ақымақтың?!
         Кезі бар адастырған аппақ боран,
         Қурамай қалғаным бар аптапта аман.
         Бар болса ажал оғы тағы да атсын.
         Қазақтың қай аузына қақпақ болам?!
Расында, ақымақ та, ақын да емен,
Сужүрек қорқақ та емен,батыл да емен.
Көше атын бермей-ақ қой өлгеннен соң,
Қалса  болды  Мерғали  атында  өлең!»  деп  өтініш  ете 
айтқанындай, «Мерғали атында өлең » қалды, өлең ғана емес, 
тұтас ақындар сыныбының атауы аталды.
Бұл – ақын іні Төлеген Жанғалиев еңбегі, бүкіл халық  еңбегі. 
Ағаға  деген  аса  асыл  құрмет,  бүкіл  аудан  жұртшылығының 
ыстық  ықыласы.  Өткен  жазда  ақын  Мерғалиға  арналған          
«Мен де бір Абайдың ұшқынымын» атты жазба ақындардың 
жыр  мүшәйрасы  өткен.  Сол  мүшәйрада  жүлделі  орынның 
біреуі маған бұйырған еді. Сонда «Сағымды қуып барамын» 
атты арнау арнағам. Соны оқиын:
Мерғали  ақын  өлген  жоқ,
Армысың,  әлі  бармысың?!
Жыр  барда  ақын  өлмейді,
Айтылар бүгін  зармысың?!
        Қыңсылап келіп іздейміз,
        Сарғайған  сары  күздейміз.
        Табылар  деп  ортадан
        Күдерді  де  үзбейміз.
Тілініп табан, тіліп тіл,
Мұңданды жоқтап жалын жыр.
Арыстан  сынды ақыннан
Көргендейміз сағым сыр.


92
        Сағымды қуып сандалып,
        Сағым да болса  сағындық.
        Өлеңмен  жұртың  жоқтау сап,
        Шарқ ұрып іздеп  сабылдық.
Сабылып  табан  тіредік,
Топшысы мықты өлеңің..
Күнменен  шыққан  таласып
Шуақты ақын 
– сен едің.
         Көктемгі таңдай аттың да,
         Күніндей қыстың баттың ба?!
         Өзіңмен бірге жырыңмен
         Жайлы жер тауып жаттың ба?!
Бүгінде болды бесігің
Қойыны Жер-Ананың!
Есінде елдің есімің,
Бірісің Өзің дананың!
Ақынға  деген  құрмет  барда  ақын  өлмейді.  Сағымды 
қуып  келіп,  өзі  болмаса  да,  ақынның  інісі  арқылы,  оның 
тәрбиелеген  шәкірттері  арқылы  Мерғали  ақынның  өзін                                                    
емес, көзін көргендейміз, жыр барда, өлең барда, ізбасарлары 
барда ақын мәңгі тірі! 
Қазақстан Жазушылар одағының,  Қазақстан Журналистер 
одағының мүшесі, Халықаралық «Жамбыл қоры» сыйлығының 
және Шығыс Қазақстан облыс әкімі сыйлығының лауреаты, 
Республикалық  ақындар  мүшәйрасының  бірнеше  мәрте 
жүлдегері, ұстаз, «Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі» 
иегері,  «Қазақстан  Республикасына  еңбегі  сіңген  мәдениет 
қайраткері»,  Қарауыл  гимназиясы  жанындағы  Мерғали 
Ибраев атындағы «Ақсұңқар» ақындық сыныбының жетекшісі 
Төлеген  Жанғалиевқа,  білім  бөлімінің  қызметкерлері  мен 
гимназия  ұжымына  еселі  еңбегіңізбен  көрініңіздер,  ұзақ 
жасап,  ұрпақ  үшін  еңбек  ете  беріңіздер  деген  тілекпен 
батырлар  елі,  ақындар  елі,  алыптар  елі,  ұлылар  мекенінен 
қуат алып, алғыс айтып аттандық.


93
Ғасыр ақыны
Жұрналдың ақпан айында жарық көретін санына бірнеше 
жылдан бері «Ғасыр ақыны» деген айдармен Мұқағали өмірі, 
шығармашылығына  қатысты  материалдарды  жинақтап 
беріп келеміз. Басылымның әр санының өз уақытынан екі ай 
шамасында бұрын дайындалатындығы себепті қаңтардың 
соңғы аптасында келіп түскен бірнеше материал ол санға 
ілікпей қалған еді. Енді оларды келесі жылдың ақпан айын 
күткізіп  «Сарғайтпай»  осы  нөмірге  жинақтап  бергенді 
жөн көрдік.                                               
Сарашыдан.
Лиза ИБЕКЕНОВА,
Абай Құнанбайұлы  атындағы 
№6 жалпы орта мектептің 
мұғалімі.
Қостанай облысы,
Арқалық қаласы.
«АҚҚУЛАР ҰЙЫҚТАҒАНДА»
Сабақтың  мақсаты:  1)  поэманың  өміршеңдігін 
таныту,  тақырыбы  мен  құрылысын,  идеясын  көркемдік 
тілін  ашу;  2)  оқушының  сөйлеу  тілін,  мәдениетін  дамыту, 
өз  ойын  еркін,  жатық  жеткізуге  дағдыландыру,  мәнерлеп 
жатқа  оқу  дағдысын  қалыптастыру;  3)  туған  жерге  деген 
сүйіспеншілікке, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, 
қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.                        
Әдісі: мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, 
топтау. 
Түрі:  пікірталас,  эстетикалық  сезім  тудыру 
сабағы.  Пәнаралық  байланыс:  музыка,  бейнелеу  өнері, 
экология. Көрнекілік: Мұқағали суреті, отбасының суреті, 
ақындардың Мұқағали туралы сөздері жазылған плакаттар.


жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау