51. НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ
Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу – құқық нормаларын тәртіпке келтіруге және жүйеге келтіруге және бұл өңдеу оларды біртұтас келісілген жүйеге келтіруге бағытталған әрекеттер.
Қазіргі кезде нормативтік актілерді жүйелеудің мынадай түрлері қолданылады: кодификация, инкорпорация, консоли-дация.
Кодификация – мемлекеттің құқықтық-шығармашылық органдарының жаңа жинақталған, жүйеленген нормативті-құқықтық актілерді, әрекеттегі заңдарды терең және жан-жақты өңдеу арқылы құратын әрекеттері.
Кодификациялық жұмыстар – олардың терең талдануы-ның бағытына байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: жалпыға бірдей (заңдардың көпшілік бөлігі негізгі өңдеуге жарайды және нәтижесінде жинақталған кодификацияланған актілер заңдардың негізгі сапалары бойынша құрылады); сапалық белгі – белгілі сапалық құқық нормаларын не қосымша сапалық заңдарды қайта өңдеу және біріктіру (қылмыстық кодекс, азаматтық кодекс, азаматтық іс жүргізу кодексі, т.б.).
Арнайыланған – әр түрлі нормативтік актілердегі шашыл-ған нормативтік не басқадай жекелеген құқық институтын және оларды тұтас кодификацияланған актіде біріктіру (орман кодексі, әскери кодекс, әкімшілік құқық бұзушылардың кодексі).
Кодификация – кодекстерді, уставтарды және заңдар негізін құрумен белгілі болады:
Кодекс – құқық нормаларының қатаң түрде белгілен-ген тәртіппен заңды актілерді біріктіруші, қоғамдық қатынастардың қандай болмасын саласын (аясын) реттеуші;
Устав (ереже) – жекелеген ведомстволардың, министр-ліктердің, ұйымдардың жұмысын реттеуші нормалары бар акті;
Заңдардың негіздері – одақтық (федералды) мемлеке-тіне белгілі аядағы мемлекеттік басқарудағы не құқық саласындағы маңызды ережелерді белгілейтін нормативті-құқықтық акт.
Инкорпорация – жүйелеудің нысаны, бұл процесте әрекеттегі нормативтік-құқықтық актілер тұтас бір жинаққа бірігеді не белгілі тәртіппен мазмұндарын өзгертпей жинақ болады (әрекеттегі заңдарды сырттай өңдеу).
Нормативті-құқықтық актілердің инкорпорациясы субъектілеріне байланысты арнайылыққа және арнайы еместікке бөлінеді.
Арнайы инкорпорация арнайы өкілеттігі бар мемлекеттік органдармен шығарылады және өзіне тән «құқықтың қайнар көзі» ретінде қызмет етеді. Инкорпорацияның мынандай түрлері болады:
Хронологиялық инкорпорация бұл процесте норма-тивтік-құқықтық актілердің қабылдану тәртібіне байланысты құқық салаларынан тәуелсіз топтасады (мысалы, мынандай басылымдарды «Собрание законодательства РФ», «Собрание актов Президента и Правительства РФ» әр түрлі жекелеген министр-ліктердің және ведомстволардың), жинақтардың ерекше түріне Заңдар жинағы (Свод законов) жатады.
Пәндік инкорпорация сапалық белгі бойынша нормативтік материалды топтастыру түрінде жүргізіледі, яғни құқықтық институттар мен мемлекеттік әрекеттер аясында, т.б.
Арнайыланған емес дегеніміз – ұйымдар не жекелеген адамдар өздерінің ынтасымен және өздерінің тәрбиелік мақсаттарымен әрекеттегі нормативтік актілерді тәртіпке келтіруі. Сондықтан оны өз қызметі үшін пайдаланушылар үшін міндеттілік сипатта болмайды. Бұл заңдарды сырттай өңдеу, яғни ведомстволар, ғалымдар және тәжірибешілер қолдануы үшін жасаған әр түрлі пәндік-тақырыптық заңдардың жинақтарына анықтама шығаруы.
Консолидация – қоғамдық қатынастардың бір және бірнеше шеңберде әрекет ететін бірнеше нормативтік-құқықтық актілердің қосылып жинақталған біртұтас нормативтік-құқықтық актіге айналуы және актілердің мазмұндары өзгерусіз қалады.
Көбінесе құқықтық тәжірибеде көптеген әр түрлі кездерде қабылданып, қоғамдық қатынастардың біржақты аясын реттейтін нормативтік актілерді, сондайға өкілеттілігі бар құқықтық шығармашылық органдары не лауазымды адамдар бірге жинап, солардың негізінде біртұтас нормативті актілер жасайды. Мұндай жағдайда бұрынғы құқықтық ұйғарымдар сыртқы жағының көрінісінен өзгеріп белгілі редакциялық өзгерістерге түсетіні түсінікті, бірақ олардың бастапқы мазмұны және бағыты өзгермейді. Сонымен, нормативтік-құқықтық актілерді консолидациялау қандай болмасын қоғамдық қатынастар қалпындағы көпшілік әр түрлі нормативтік ұйғарымдарды алып тастау мақсатында және құқықтық реттеудегі бірлікті қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
52. НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ
ЕСЕПКЕ АЛУ
Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеумен қатар маңыздылығы одан кем түспейтіні – оларды есепке алу, яғни әрекеттегі нормативтік актілерді жинау, сақтау және бақылау күйіндегі (мониторлық) қызмет. Сонымен қатар қызығатын адамдарға анықтама беруге процесін оптимизациялау үшін арнайыланған іздестіру жүйесін құру.
Міндетті түрде есепке алынатындарға мыналар жатады: федералдық конституциялық заңдар; федералдық заңдар; Президент пен РФ Үкіметінің, сонымен қатар РФ Конституциялық сотының қаулысы; федералдық органдардың атқару биліктерінің актілері; федерация субъектілерінің заңдары, т.б.
Нормативтік-құқықтық актілерді есепке алу мынандай болуы мүмкін: журналдық (алфавитті түрде, пәндік не хронологиялық тәртіпте аты және қабылданған актілердің шыққан жылы), картотекалық (ақпарат акті туралы арнайы карточкаға жазылады не тақтайшаға, яғни арнайы классификаторға сай бөлінетіндіктен автоматтандырылған, (арнайы ақпараттық-іздеуші жүйе құрылады, ол қабылданған нормативтік актілердің текстін қосып алады және оған оперативті түрде қажетті өзгерістерді қосуға мүмкіндік береді).
Қазіргі кезде заңдарды компьютерлік ақпараттық іздеу жүйесі компьютерлік құқық жүйесінің анықтамасы ретінде кеңінен таралды. Ол бағдарламалық кешен ретінде өзіне топталған құқықтық ақпаратты және бағдарламалық институттарды қосып алады, себебі маманданған адамға онымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді (нақты құжаттарды іздеуге не олардың фрагменттерін іздеуге, қажетті құжаттарды таңдап алуға, ақпаратты баспаға шығаруға, т.б.). Бар компьютерлік жүйеге мыналар жатады: «консультант-Плюс», «Грант», «Кодекс», «Эталон», «Жүйе», «Юсис», «Референт», «Сіздің құқығыңыз», жүйе «Іс: Кодекс», «Іс: Грант», «Іс: Эталон», «Ресей заңдары», т.б.
53. ЗАҢДЫ НОРМАЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ (ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫ)
Құқық нормалары – бұл нормативтік-құқықтық актілердегі бар, жалпыға міндетті, формальді белгіліктегі, құрамдық тежелген мемлекетпен ұйғарылған міндеттілік, мүмкіндік, көтермелеу шарасы, ұсынылатын не тыйым салынатын әлеуметтік шығындық еңбектерінің әрекетіндегі, субъективтік құқықпен заңды міндеттерді белгілеу жолымен іске асырылатын жолдар.
Заңды нормалардың сапалы белгілерін басқадай қоғамдық қатынастарды реттеушілермен салыстырғандағы, оның көбірек ерекшеліктерін көрсетуші – оның белгілеріне, мыналарды жатқызуға болады:
Құқық нормаларының мәжбүрлеумен қамтамасыз етілетіндігі, арнайыланған ерекшелігі, ол сонда көрінеді, себебі мемлекеттен шығады, сондықтан ондағы бекітілген тәртіп жолы әр уақытта мемлекеттік императивті ұйғарым ретінде көрінеді (бұйрық, талап ету), (орындалмаған кезде) мемлекеттік мәжбүрлеу шарасын қолдану мүмкіндігімен бекітілген.
Құқық нормаларының өкілетті-міндеттеушілік сипаты, ол сонда көрінеді, яғни ол әр уақытта, бір жағынан әрекет ету құқығы бар, ал екінші жағынан – бір нәрселерден өзін-өзі ұстау міндеттілігі бар;
Құқық нормаларының формалды белгілілігі сонда көрінеді, егер ондағы тіркелген құқық тәртібі өте нақтылығымен және жазылуындағы категория-лығымен сипатталса, қатаң түрде белгіленген нысаны мен құрылымы бар, сонымен бірге, ұйғарымның жазба түріндегі құқықтың қайнар көзінде жазылғандығын көрсетсе – нормативті-құқықтық актіде;
Нормативтік заң нормаларының белгісі ретінде көрінеді, яғни ол әр уақытта жалпы тәртіп жолы, тәртіптің эталоны және оның өлшемі ретінде көрінеді;
Құқық нормаларының белгілеп айтылмағандығы, оның жалпыға міндеттілігі сонда, нақтылы – белгіленген субъектілер көрсетілмей, өзінің талабын сол әрекет аясына түскендерге таратады;
Құқық нормаларының бір ғана рет емес пайдаланылуы сонда көрінеді, ол қанша рет пайдаланылса да өз күшін жоймайды, тоқтаусыз әрекет етеді және жағдайларға байланысты қандай кез болмасын оның гипотезасында көрсетілгендей іс жүзіне асырылуы көзделген.
54. ЗАҢ НОРМАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Барлық заң нормалары мамандандырылған, яғни қандай болмасын «өзінің» қатаң түрде белгіленген заңды операциясын орындайды: біреулері нормалардың жалпы ережелерін бекітсе (нормалар – қағидаларды); басқалары тыйым салуды кіргізеді (тыйым салу нормалары); үшіншісі сол не басқа процедураларды өткізудің тәртібін белгілейді.
Өздерінің функцияларына байланысты барлық нормалар сілтемелі нормалар және тәртіп жолдары нормаларына бөлінеді.
Сілтемелі нормалар (шығушы, белгілеуші), олар көбірек жалпы сипатта болады. Олар қоғамдық қатынастарды реттеудің бастапқы негізін белгілейді, қағидалар мен институттарды бекітеді және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың көбірек маңызды қағидаларын бекітеді. Әдеттегідей бір ғана диспозициядан тұрады (тәртіп жолынан).
Сілтемелі нормалардың бірнеше түрлері бар: бастау-нормалары (конституциялық сипаттағы актілерде көрсетілген ережелер, конституциялық құрылымның негізін бекітеді); нормалар – қағидалар (құқық нормалары, онда көрсетіледі және құқықтық қағидалар бекітіледі. Себебі олар құқықтық институттардың белгілеушісі және мемлекеттік органдардың әрекеттерінің негізі бар; нормалар – дефиниции қоғамдық қатынастарды тікелей реттемейтін нормалар, бірақ көбірек маңызды құқықтық категориялар мен құбылыстардың мазмұны негізі туралы тапсырмасы болады).
Тәртіп жолы – нормалары – бұл адамдардың тәртібін реттеуші нормалар, олар еңбекшілердің бір-біріне деген, өзара құқықтары мен міндеттерін, ол міндеттер мен құқықтарының іс жүзіне асырылуындағы жағдайларын көрсетеді және еңбекшілер қимылдары мен әрекеттеріне қатысты мемлекеттің реакциялары мен шаралары.
Тәртіп жолы – нормалары екі типте (кейіпте) болады; реттеушілік (онда жөнді, қоғамға және адамдарға қажет варианттағы тәртіп ұйғарымдары бар; субъектілердің субъективтік құқық пен заңды міндеттерін, олардың пайда болуы мен жасау жағдайын белгілейді);
Күзетушілік (құқықбұзушылық кезінде әрекет етіп, құқықбұзушыға шара қолдануда мемлекеттік-мәжбүрлеу ықпалы мен сол шаралардың мазмұнын, жағдайын белгілейді).
Ұйғарымның жазылу нысанына байланысты, нормадағы бар құқықтық ұйғарымдар мынаған бөлінеді: өкілеттік сенім беруші-құқық нормалар адамдарға заңды жалғасын табатын белгілі тиімді әрекеттер жасауға (мүмкіндіктер береді); міндеттеу құқық нормалары адамдарға белгілі тиімді әрекеттер жасауға ұйғарады, белсенді міндеттілік тәртібін талап етеді; тыйым салатын құқық нормалары құқық субъектілеріне әрекет жасауға болмайтындығын көрсетіп, ондағы айтылған міндеттерді жасамайтын ұстамдылық жолын көрсетеді.
Құқықтық реттеу әдісі бойынша нормалар мынаған бөлінеді: императивтік құқық нормасы (қатаң міндеттіліктегі орындауға жататын ондағы билік ұйғарымы, яғни басқадай түрдегі көзбен жазылуға рұқсат бермейтін және олардың талабынан шегінбейтін жағдайлар); құқықтың диспозитивтік нормалары (субъектіге өз құқығының көлемі мен сипаты туралы мәселелерді өзі шешуге мүмкіндік береді, тек заңның жалпы талаптарының қолында, берілген нормада көрсетілгендей; азаматтық, еңбек және келісім құқықтарына таралған); көтермелеу нормалары (құқық субъектілеріне белсенді қоғамдық еңбектері үшін, мемлекет органдарының берілетін ордендер мен басқадай көтермелеу шарасы туралы ұйғарымдар болады (ордендер мен медальдар және премия туралы нормативті ережелер); ұсыныс беру нормалары (қоғам мен мемлекеттің қоғамдық қатынастарды реттеудегі бағытына байланысты жолдар мен стильді белгілейді);
Құқықтық реттеу пәні бойынша, конституциялық құқық, әкімшілік құқық, қылмыстық құқық, азаматтық және басқа салалардың нормалары болады. Оларды қоғамдық қатынастарды реттеуші, бірізділіктегі сапалылығы біріктіреді, олар өздерінің жиынтығымен соған сай құқық салаларының мазмұнын құрайды.
Осы берілген негіздемеге байланысты, барлық нормалар тағы да мынаған бөлінеді: материалдық (құқыққа қатынасу-шылардың статусын бекітеді және көрсетілген кездердің нақты тәртіп жолын өзінде ұстайды); процессуалдық (материалдық құқық нормаларын шын мәнінде нақтылы іске асыру тәртібі туралы тапсырмалар); коллизиалдық нормалар (қарама-қайшылықты болдырмау мақсатында қабылданады (тоқайласу, сәйкессіздік) жекелеген құқықтық ұйғарымдар арасындағы, ол үшін, сол не басқа нормаларды қолдану тәртібін белгілейді).
Нормалардың жазылу деңгейінің толықтығына байланысты былай бөлінеді: бланкеттік құқық нормалары (әрекет арнайы нормалар мен жолдардың мазмұнына негізделеді, көбінесе бекітілген әр түрлі қайнар көздердің техникалық-құқықтық сипатына сай келеді); сілтеме құқық нормалары (сол нормативті-құқықтық нормаларды басқа құқық нормаларына көрсетеді, өз әрекетінің жағдайы ретінде).
Жазылу деңгейінің белгілілігі, құқық нормаларының элементтері нормативті-құқықтық актілердің баптарындағы нормалар: абсолютті белгіліліктегі нормалар (олардың әрекеттерінің жағдайы туралы, субъектілердің құқықтары мен міндеттері категориялық деңгейде және таусылтып айтумен естіледі); салыстырмалы-белгіліліктегі (өз ұйғарымдарында аса қаталдық жоқ және субъектілерге сол не басқа тәртіп жолын таңдауға бостандық береді); альтернативті нормалар (алдын ала бірнеше тәртіп жолдарын белгілеп, әрекет жағдайын көрсетеді).
Талаптың таралу деңгейі белгілі субъектілерге не қатынастарына байланысты былай бөлінеді: құқықтың жалпы нормалары (өз әрекетін сол ортадағы мемлекеттің барлық адамдарына таратады не қоғамдық қатынастардың белгілі жиынтығына ықпал етеді (конституциялық не қылмыстық құқық нормаларына);
Құқықтың арнайы нормалары (белгілі категориялардағы адамдар үшін әрекет етеді (студенттер, әскерилер, Қиыр Солтүстік тұрғындары үшін) не қандай болмасын нақтылы қоғамдық қатынастар түрлерін, құқықтық реттеудің басын белгілейді (алып-сату келісімі); ерекше құқық нормалары (жалпы не арнайы нормалардан ерекшелік белгілейді (дипломатиялық иммунитет туралы); төтенше режим ережелері жөнінде құқықтық ұйғарым белгілейді.
Әрекет уақыты бойынша: тұрақты құқық нормалары (белгісіз ұзақ әрекет етеді, яғни арнайы ауыстыру нормалары жаңа нормативтік актіде жазылып көрсетілгенше); ішкі нормалар (нормативтік актінің тек өзінде көрсетілген, уақыты келгенде ғана әрекет етеді).
55. ЗАҢДЫ НОРМАЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫ
Заңды нормалардың ішкі құрылымын оның бөліктерімен логикалық байланыстырушысы және оның функционалдық тұтастығын қамтамасыз етуші ретінде, құқық нормаларының құрамы болып аталады. Өзінің толық (классикалық не идеалды үлгі) түрінде құқық нормасы өзінде үш элементті қосып алады: гипотезаны, диспозицияны және санкцияны.
Гипотеза – заң нормаларының бөлігі, өмірлік жағдайларды көрсетуші, болғанында не жоқ кезінде де құқық нормалары іс жүзіне асырылады.
Гипотеза мынадай болуы мүмкін:
Жағымды не жағымды емес (мысалы, неке және отбасы туралы заңдар бойынша некеге тұру үшін бірімен-бірінің келісімі қажет және белгілі заңға сай кәмелеттік жасқа толуы қажет. Тек сондай жағдайда ғана әрекет етеді. Дегенмен берілген норманың жағдайы тағы да басқа негіздемені белгілеп, жоқ болуы міндетті: басқа адаммен некеге тіркелу, некеге тұрушылардың жақын туысқандық қатынастары, т.б. (жоққа шығарушы гипотеза).
Қарапайым, күрделі және альтернативті (қарапайым гипотеза бір ғана жағдайды көрсетеді, оның болуы не жоқ болуы нормалардың әрекетімен байланысады; күрделі гипотезаның әрекеті норманы өзінде бекітілген екі не одан көп жағдайлардан тығыз тәуелділікке әкеледі).
Диспозиция – заң нормаларының бөлігі, онда құқықтың тәртіп жолы бар, оны қоғамдық қатынастардың қатынасушылары орындауға міндетті (гипотезада белгіленген жағдайлар болса). Диспозиция неге мүмкіндік бар, не керек, нені істемеу керек екенін көрсетеді; сипат беру (описательная) (субъектінің қажетті тәртібінің маңызды жағын түгел атап көрсетеді); альтернативті – субъектінің тәртібінің бірнеше вариантын алдын-ала белгілейді; сілтеме (тікелей нақты тәртіп жолын көрсетпейді, бірақ онымен танысу үшін сол нормативтік-құқықтық актінің басқа нормасына сілтеме жасайды); бланкетті (сілтемеден айырмашылығы сонда, ол сол норманың өзіне емес басқа нормативтік актіге сілтейді, нұсқауларға, техникалық нормаларға және пайдалану тәртібіне).
Санкция – заң нормаларының бір бөлігі, оның диспозициясында мемлекетпен белгіленген тәртіп мөлшерін қамтамасыз ету бекітуші.
Санкция жалпы алғанда – қандай болмасын нормативті белгіленген адам әрекетінің нәтижесі, ондай нәтижелер формалды, және формалды емес болуы мүмкін. Осыған байланысты заң нормасы санкцияны оның элементі ретінде анықтауға болады, ол субъекті үшін тиімсіз (негативті) не тиімді (позитивті) нәтижелерді алдын-ала белгілеуші, оның диспозициясын іс жүзіне асырушы.
Санкциялар жазалау сипатында болуы мүмкін – жазалау санкциясы; алдын-ала ұйғарымда құқықтық қатынастардың жөнді жағын орнына келтіруі және орындалмаған міндеттерді мәжбүрлеп орындатуымен көрінуі мүмкін – орнына келтіруші санкциялар; субъектінің құқықтық тәртібі үшін, өзінде моралдық не материалдық көтермелеу шаралары болуы мүмкін – көтермелеу санкциясы.
Сонымен қатар, санкция оның дәстүрлі көрінуінде гипотезамен белгіленген жағдайлардың барында, диспозиция нормасын бұзушыларға қандай тиімсіз нәтижелер пайда болатындығын айтады.
Жазалау (қинау) санкцияларының мынандай түрлері болады: абсолютті – белгіліліктегі (берілген субъектінің құқыққа қарсы әрекетіндегі, мүмкін болатын құқыққа қарсы тиімсіз нәтиженің көлемі нақты көрсетілген); салыстырмалы – белгіліліктегі (тиімсіз нәтижелердің шекарасы минимумнан максимумға дейін көрсетілген); альтернативті санкциялар (бірнеше мүмкін болатын жағымсыз нәтижелердің түрлері одақтар арқылы аталады «не болмаса», «басқадай»).
56. ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР МЕН НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ БАПТАРЫНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Құқық нормалардың құрамдық бөліктерінің органикалық байланыстығына қарай оның тұтас бірлігі құрылады. Құқықтық нормалар әр уақытта үш элементтен (бөліктен) құралады. Әрбір құқық нормасы логикалық, себебі гипотезасыз құқық нормасының мәні болмайды, диспозициясыз – мазмұнсыз, санкциясыз күші жоқ.
Бірақ құқық нормасы әр уақытта барлық үш элементті бірдей өзінде ұстамайды. Көбінесе кездесетіндер тек диспозиция мен санкция ғана болады (азаматтық құқық нормалары), диспозиция мен санкция (қылмыстық құқық нормалардың ерекше бөлімі), не тек диспозиция (Конституциялық құқықтың нормалары).
Заңдардың талабын қысқа жазу мақсатында, олардан керегі жоқ баптардағы қайталатындарды алып, құқық нормасын толық көрсеткенде, көп жағдайларда, оларда гипотеза мен санкция келтірілмейді, дегенмен жобаланады, өзінің құрастырылуынан сол не басқа баптарынан көрінеді не болмаса сол заңның басқа баптарында көрінеді. Осыған орай, еске алатынымыз, заң баптарын не басқа нормативті-құқықтық актілерді құқық нормаларымен аралыстыр-мау. Нормативті құқықтық актілердің баптарында бірнеше құқық нормалары болуы мүмкін, керісінше нормалар кейде «бөлшектенеді» – гипотеза және диспозиция бір бөлігінде (баптың нормативті-құқықтық актінің), ал санкция – басқа бапта.
нормативті жалпылау денгейіне байланысты: абстрактілі (әдіс) жол, онда фактілік жағдайлар тестіде жалпылама түрінде жазылады және казуистік жол бойынша, барлық нормамен ұйғарылған жағдайлар, әрекеттер мен олардың орындалмаған нәтижелері атап көрсетіледі;
құқық нормаларының элементтерін тексеру толық-тығына байланысты: толық нормативті-құқықтық актілердің баптарында құқық нормаларының барлық элементтерінің болуы онда құқық нормасы және заңның баптары бір-біріне сәйкес келеді, яғни нормативті құқықтық актінің барлық элементтері бір ғана бапта болады; сілтемелі жазу нысаны сонда кездеседі, егер құқық нормасының бір құрамында бірнеше баптарға «шашылса», егер жекелеген нормалардың бөліктерін басқа нормативті актілердің баптарынан іздеу қажет болса, ол бланкеттік нормаларға жатады.
57. ЗАҢ НОРМАЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Құқық нормасы барлық құқық жүйесінің негізі, сондықтан да оның тиімділігі мен әрекетін анықтауды заң шығарушылар және құқық қолдану органдары және қарапайым азаматтар қажет етеді.
Шын мәніндегі құқық нормаларының әрекеті мен сол әлеуметтік мақсаттар арақатынасына жету үшін қабылданған бұл норма – құқық нормасының тиімділігі деп аталады.
Құқық нормаларының қоғамдық қатынастарға ықпал ету жағдайлары:
құқық нормаларында берілген қоғамдық формацияның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму заңдылықтарын көрсету талаптары;
құқық нормаларының ұйғарымдарының берілген қоғамның моральдық талаптарына және құқықтық сананы тәрбиелеуге сай болуы.
берілген қоғамда қабылданған, заң шығару процесі әрекеттеріндегі жалпы реттеу және басқару қағидаларын есепке алу.
заң шығару әрекетіндегі құқықтық реттеу заңдылықтарын есепке алу.
құқықтық мәдениеттің қажеттілік деңгейі; заңдылық режимі.
* * *
ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫН ІС ЖҮЗІНЕ АСЫРУ.
ҚҰҚЫҚТЫ ҚОЛДАНУ
58. ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ІС ЖҮЗІНЕ АСЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Құқық нормаларын іс жүзіне асыру – құқықтық ұйғарымды құқықтық қатынастарға қатысушылардың тәртібіне айналдыру, құқық субъектілерімен нормативтік ұйғарымды шын мәнінде іс жүзіне мынандай нысанда іске асырады: тыйым салуды сақтау, міндеттерді орындау, құқықты пайдалану және нормаларды қолдану.
Құқықтық реттеу жолдарының әдістерінің ерекшелікте-ріне байланысты (тыйым салу, міндеттеу және рұқсат беру не өкілеттік беру) құқық нормаларын іс жүзіне асыру мынадай нысандарға бөлінеді: сақтау, орындау және пайдалану.
Құқық нормаларын сақтау – құқық нормаларымен тыйым салынғандарды бұзбауға өзін-өзі ұстай білу. Норма – іске асырудың бұл формасы немқұрайлылықпен өзгешеленеді.
Құқық нормасын орындау – құқық нормасымен белгіленген әрекетті міндетті түрде істеу. Сондықтан, ол заңды міндеттерді құқықтың міндеттеу талаптарына сай орындау барысындағы белсенді әрекеттермен байланысты.
Пайдалану (іс жүзіне асыру) құқық нормалары субъектілерінің өз құқықтарын іс жүзіне асыру болады. Бұл кезде құқықпен рұқсат етілген әрекеттер, басқаруға өкілетті құқық нормалары жүзеге асырылады.
Тәжірибеде құқық ұйғарымдарының мазмұндары өмірді сақтау жолымен, орындау мен құқық нормаларын пайдалану арқылы құқық актілерінде өз көрінісін табады – құқық субъектілерінің әрекеттерінде, құқықтық өмірге қатынасушыларындағы мүмкін болатын не міндетті тәртіпті, шын мәніндегі іс жүзіне асыру процесінде құқықта көрсетілген және міндеттеу шараларын көруге болады. Құқықтық актілер арқылы жекеленген адамдардың құқықтары мен міндеттері іс жүзіне асырылады (келісім жасау негізінде, еріктілікпен заңды көрсетілген нысандар).
Құқық нормаларын қолдану, өз ерекшеліктерімен кәдімгі құқық нормаларын іске асыру қалпынан шығып кетеді, сондықтан жекеше қаралады.
59. ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУ:
ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
Құқық нормалары тек сол уақытта қолданылады, егер заңды нормалар толық қамтамасыз етуге жеткіліксіз болып, бұл процеске соған қажет өкілеттілігі бар органдар қажет болса.
Құқық нормаларын қолдану – бұл билік өкілеттілігі бар органдардың және заң фактілері мен құқық нормаларының негізінде нақтылы іс бойынша жекелеген шешімдерді дайындайтын және қабылдайтын адамдардың әрекеттері.
Құқықты қолдану әрекетінің қажеттілігі мынадай жағдайларда туады: қоғамдық қатынастардың субъектілері билік органдарының көмегінсіз, өз құқықтары мен міндеттерін іс жүзіне асыра алатын кездерде (мысалы, жұмысқа қабылдау); қоғамдық қатынастардағы субъектілердің арасындағы белгілі заңды факторлар бойынша дау пайда болып не болмаса субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерді іс жүзіне асыруға басқа да кедергілер болады; белгілі құқықтық қатынастардың талабы бойынша арнайы түрде нақтылы фактілердің барлығы не жоқтығын анықтау олардың дұрыстығын және заңдылығын белгілеу;
Құқық нормаларын қолданудың сипатты белгілеріне жататындар:
соған өкілеттігі бар субъектілердің ғана әрекеттері;
мемлекеттік билік әрекетінің сипаты, яғни шығарған ұйғарымдағы көрінетін табандылық, құқықты қолдану органының өкілеттілік презумциясы, шығарылған шешімнің мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілуі;
бірізділікпен өтетін бірнеше кезеңдердің болуы;
арнайы белгіленген (процессуалдық) іске асыру нысанының болуы.
ерекше құқықты қолдану актісін шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |