4. ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде маңызды әлеуметтік реттеушіге әдет-ғұрып (көптеген жылдар бойы қайталанудың нәтижесінде адамдардың үйреншікті әдетіне айналған тәртіп жолдары) және діни (культтік) нормалар болды. Әдет нормалары табиғи райға қажеттіліктен қауымның өмірінің барлық жағына маңызды болған – рудың, тайпаның шаруашылық өміріне және отбасылық, тағы басқа рудың арасындағы қарым-қатынасқа, моральға, діни салт-дәстүрге.
Тыйым салу (табу) – бірдеңе істеуге діни тыйым салу белгіленген. Ондай тыйым салу нақтылы затқа не әрекетке арнайы белгіленген және оларды бұзу рух пен құдайлар жағынан жазалауға жатқан. Мұнда тек тәртіпті бұзушы ғана жауапқа тартылмай, ру не қауымдастық тұтасымен жазалануға тиіс болған. Мысалы, қандас адамдардың отбасын құруы; «Злобной магиисі» бар адаммен араласпау; тұрған үйден, жермен жақындасу үшін, басқарушыға тіке қарау (көз тигізбеу); жай адамдармен араласпау (Жапония және Қытай империялары, Африкандық корольдерге) тиісті болған, тамақтың қалдықтарына табу қойылған (қалдық тамақтарға зиян келтіру оны жейтін адамға зиянын тигізгендіктен, оларды жағып не жерге көму көзделген); соғыстан қайтып келген әскери адамдармен араласуға тыйым салынған (себебі оларды әлі күнге өлтірілген жаулардың рухы соңдарында жүр), сонымен қатар, кісі өлтіргендермен және кісі өлтіруді іс жүзіне асырушы жендеттермен араласуға да тыйым салынған.
Тыйым салудан басқа, мынадай реттеу жолдары: рұқсат беру (дозволения) және міндеттеу (обязывание) пайда болды, яғни нақтылы әрекет істеуге рұқсат беру (не әр түрлі жағдайлардағы әрекетсіздікке). Ондай жағдайлар, аңға шыққан адамдардың қандай аңды атуға болатындығын анықтаған және өсімдіктердің түрлері мен олардың жемісін жинау уақытын анықтайтын кезеңдерде және әр түрлі аймақтардағы су көздерін пайдалануда туындаған.
Позитивті (оңды) міндеттеу – белгілі әрекетті жасауға арналған алдын-ала міндеттеу, мысалы, тамақты дайындау процесіндегі қажетті тәртіпті ұйымдастыруда, тұрғын үй салғанда, далада, от жаққанда, құралдар дайындағанда туындайды.
Бар тәртіп жолдары, солай айтылатын мононормалар түрінде қалыптасты. Мононормалар, әлеуметтік нормалар ретінде қоғамда қалыптасып жатқан қатынастарды реттейді және өзінің әмбебаптылығымен және бөлінбейтіндігімен, құқықтық моральды-этикалық, діни және басқа талаптарға сай сипатталады. Былайша айтқанда, мононормаларда барлық әлеуметтік нормалар бір-бірімен араласып барлық қоғам мүшелері үшін, нағыз шындық негізінде көрінді.
Адамдардың тәртібін реттеуде ерекше орынды мифтер алады. Миф дегеніміз ертегілердегі болған (құдайлардың, батырлардың, рухтардың), ертегі әңгімелердің жиынтығы, олар өмір туралы адам ойларының табиғаттағы күнделікті болмыстағы мистикалық жағдайын көрсетеді. Жекелеген аймақтарды (Месопотамия, Египет, Үндістан (ІV-ІІІ мың жыл б.э.д.) осы құқықтың қайнар көздеріне агрокалендарлар, жазылған қатаң түрдегі нормативтік жинақ түрінде қосылады. Онда көне жер өңдейтін қауымдастық күнделікті өмір жолдары (жерді жырту, дән себу, егінді жинау), ол тәртіпті қадағалау, соған жауап беретін аппаратқа тапсырылған. Ол тәртіпті бұзғандарға арнайы санкция белгілеген. Кей кездерде, құқықтық нормалар шенеуніктерге ерекше нұсқау ретінде кіргізілген (Мысалы, көне Египетте солай айтылатын «Сорок кожаных свитков» (қырық былғары ораулар).
5. МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУ
ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛАР
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теория-лардың ішіндегі маңыздыларына – патриархалдық, теология-лық, келісім, материалистік және қыстау теорияларын жатқызуға болады.
Патриархалдық теория – (Аристотель, Р.Фильмер, Н.К.Михайловский, М.Н.Покровский). Бұл теория бойынша патриархалдық отбасының, оның өсіп кеңею нәтижесінде, отбасы – отбасы жиынтығы (ауыл) – село – (ауылдардың жиынтығы (мемлекет). Аристотель адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасқа өмір сүру үшін түсетін, саяси жәндік деп атаған. Отбасының құрылуы, дамуы көбеюі нәтижесінде село (ауыл) пайда болады, олардың бірігуі мемлекетті құрады. Сонымен, мемлекет отбасылық қарым-қатынастың нәтижесі ретінде, ал монархтық билігі, әке билігін (патриархаттың) отбасында жалғаушысы ретінде көрініп, «әкелік» сипатта алып жүреді.
Теологиялық теория – (Аврелий, Августин, Фома Аквинский, Жак Маритен) мемлекеттің құдаймен құрылғандығы идеясына негізделеді, мақсаты жалпыға бірдей жақсылықты іс жүзіне асыру. Ол рухани биліктің светтік биліктен үстемдігін негіздейді. Әрбір адамға құдай алдында бас июін алдын-ала белгілейді және шіркеумен рұқсат берілген билікке бағынуды уағыздайды. Теологиялық теория мемлекеттің мәңгілік идеясымен қаруланған, оның өзгермейтіндігіне сенеді. Осыған байланысты барлық қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық институттарды өзгеріссіз сақтау қажеттігі туралы қорытындылар пайда болды.
Келісім теориясы – (табиғи-құқықтық теория) (Г.Гроций, Б.Спиноза, Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо, Я.Козельский, А.Радищев, И.Кант). Бұл теория бойынша мемлекет келісім нәтижесінде пайда болды деген, идеяны қолдайды, яғни саналы түрдегі адамдардың келісімі негізіндегі акт. Адамдардың біртұтас мемлекеттік одаққа бірігуі, адам баласын сақтауға арналған табиғи талап және адалдықты, бостандықты және тәртіпті қамтамасыз етеді.
Органикалық теория алғашқы рет Платонмен (428-348 б.э.д.) және Аристотельмен (384-322 б.э.д.) тұжырымдалып мемлекеттің пайда болуы мен қызметін биологиялық организмге теңейді. Г.Спенсер (1820-1903) ол идеяны дамытып, мемлекет – бұл қоғамдық организм, жеке адамдардан тұрады, тірі организм сияқты клеткалардан құралады дегенді айтқан. Мемлекеттегі бар институттар адам баласының организмдерінің бөлшектерімен бірдейлестірілген. Басқару органдары – бастағы миға, коммуникациялар және қаржылар – қан жүретін жүйеге, заңдар – адамның жүйкесіне теңестірілген, т.б. Адамның организмі сияқты, мемлекет те уақыт ықпалына тәуелді екенін айта келіп, мемлекет туады, дамиды, қартаяды және өледі деген идеяны уағыздаған.
Қыстау теориясы (Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский) түсіндіруімен мемлекеттің пайда болуы, соғыстың нәтижесі ретінде, бір адамдармен басқаларды күш арқылы бағындыру (Е.Дюринг бойынша – қоғамның бір бөлігі екінші бөлігімен, Л.Гумплович және К.Каутский бойынша – бір тайпаның екіншісін бағындыруы). Жаулап алу, ерекше басқару органдарын құрып, тәртіпті қолдаудың қажет екендігіне алып келеді деген.
Материалистік (таптық, маркстік) теория (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов) мемлекеттің пайда болуы таптардың пайда болып, олардың арасындағы келісімге келмейтін (антогонистік мүдделеріне қарай туындаған) қайшылықтардың нәтижесіндегі мемлекеттің пайда болуы негізделеді.
Жоғарыда аталған мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардан басқа, әдебиетте солай айтылатын ирригациялық теория бар. Онда мемлекеттің пайда болуын өндірістік төмен деңгейіндегі жағдайына байланысты үлкен ирригациялық жұмысты ұйымдастырушыға қажеттілікпен түсіндіреді (К.А.Виттфогель). Нәсілдік (теория) – мемлекеттің пайда болуы мен даму туралы айтылған көзқарастардың жиынтығы ол адам баласы нәсілдерінің физикалық және психикалық бір бағалылықта емес деген пікірлерге негізделген, олардың жоғарғы және төменгі бөлінуі, олардың ойынша – олардың біріншісі жоғарғысы өркениетті құрушылар, сондықтан қоғам мен мемлекетте үстемдік етуі үшін қажет, ал екіншісі (төменгісі), тек қарсылықсыз біріншісіне бағынышты болуы көрсетілген (Ж.Гобино, Ф.Ницше).
Патримониалдық (теория) бойынша мемлекет жерге (патримониум) мұрагерлік меншіктен шыққан және сол жерде тұратын адамдарға оның билігі автоматтық түрде таралғандығы айтылған (А.Галлер).
Психологиялық – онда мемлекеттік-құқықтық құбылыс-тардың пайда болуы, адамдардың ұйымдастырған қоғамдас-тықтың қалпында өмір сүруге психологиялық қажеттілік екендігі негізделген. Яғни, адамдардың ерекше психология-лық қажеттілігіне сай, ұжымдық қарым-қатынас сезімінің болуы: билік ету, бағыну, тыңдау, белгілі (лидермен) бастыларға және идеяларға бағыну (Л.Петражицкий, Э.Фромм, Г.Тард, Н.М.Коркунов).
Солидаристік (Э.Дюркгейм, Л.Дюги), инцестік (жыныс-тық) теория (Леви-Строс), спорттық (Ортега Х Гассет), диффузиондық (Гребнер) және басқадай концепциялар.
Ресейге қатысты айтылған нормандық теория, мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы ХVІІІ ғасырдың ортасындағы концепцияларда көрсетілген. Концепцияның жақтастарының пікірлері бойынша, Киев Русінің негізін салушылар алдымен оның мемлекеттік басқару құрамын ұйымдастыру нормандарға (варягтарға) жататындығын қолдайды.
Құқықтың пайда болу теориясы, көп деңгейде мемле-кеттің пайда болуымен бірдейлес, себебі олардың бірдей табиғатымен және бөлінбейтін тарих қарым-қатынасымен қамтамасыз етілген. Сондықтан, сол сияқты теологиялық, табиғи, нормативтік, психологиялық, материалистік концеп-циялардағы құқықтың пайда болуы туралы айтуға болады. Сонымен қатар, көзқарастар қатарындағы оның генезисін ерекше бөлу қажеттігі туындайды:
Тарихи теорияның өкілдері құқықты мемлекет қызметінің нәтижесі емес «Ұлттық рухтың» нәтижесі ретінде қарайды – әдет-ғұрып, дәстүрлердің ұзақ уақыттар бойы қалыптасуына байланысты, мемлекет солардың ішінен көбірек қажеттілігі барларын бәріне бірдей тәртіп жолы ретінде бекітуі қажет (Г.Гуго, Ф.Савиньи, Г.Пухта, т.б.);
Татуластыру теориясы бойынша, құқық жауласқан рулардың арасындағы қатынасты тәртіпке келтіруге (татулас-тыруға) арналған құрал ретінде пайда болған (Г.Берман, Э.Аннерс);
Реттеу теориясы – құқықтың пайда болуын, қоғамдағы бірдей тәртіпті белгілеуге арналған байланыстырушы, универ-салды құрал ретінде қаралған.
* * *
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ
6. МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
Мемлекет – бұл қоғамдағы бірдей саяси биліктің жү-йесі, елдің барлық аумағына таралады және оның тұрғын-дарының арнайы басқару аппараты және қинауы бар, бар-лығына міндетті ұйғарым шығарады және егемендікке ие.
Мемлекеттік биліктің басқа әлеуметтік биліктен айырмашылығын мынадан көруге болады:
Оның саяси табиғаты бар, сондықтан алып жүретін таптық сипаты бар;
Салыстырмалы тәуелсіз және басқадай қоғамдық әрекет түрлерінен тәуелсіз, қоғамнан бөлінеді және қоғамнан жоғары тұрады, яғни әруақытта көпшілік қалыпта;
Тежелмейтін заңды сипатта болады;
Көп жағдайда сендіру әдісімен іс жүзіне асырылады, бірақ, қажетті сәтте мәжбүрлеу құралының бай арсеналын мүмкіндігінше пайдалануға дайын;
Барлық билікке қарағанда, қоғамның барлық мүшелері жағынан талап ету, бағындыруға құқығы бар (құқықтық шығармашылық әрекеттері);
Басқадай әлеуметтік биліктің түрлерінен айырмашылығы, саяси (мемлекеттік) билік белгілі аумақтағы қалыпта қатаң әрекет жасайды.
Сол үшін арнайы құрылған мемлекеттік аппарат (механизм) арқылы іс жүзіне асырылады.
7. МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ, НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ОРНЫ
Батыстың (доминирующий) мемлекет концепциясы, ерте-дегі көне кезден басталады, аристократиялық түсініктемеге сай, мемлекет бостандықтағы және тең азаматтардың саяси ассоциациясы (қосылым) ретінде танылды. Мұндай түсініктеме мен мемлекет қоғамнан бөлініп көрінбеді. Аристотельдің концепциясы кейіннен Цицеронмен, Ф.Аквинскимен, М.Падуанскимен, Г.Гроцимен, Дж.Локкпен, И.Кантпен, т.б. қолданылды. ХVІ-ХVІІ ғғ. мемлекетті түсіну жаңа бағыт алды. Ол көп деңгейде, көпшілік биліктің арнайы аппаратымен (Ж.Бодэн, Т.Гоббс, В.Гумбольт, К.Маркс, В.И.Ленин).
ХVІІ ғ. анық түрде адамның табиғи құқығы мен мемлекеттің келісім теориясының негізгі концепциясы тұжырымдалды. ХVІІІ ғ. бұл екі элементті либералдық мемлекеттің бір жүйесіне біріктіріп, жеке адамды жәбірлеуден қорғауды көздеді (Руссо, Монтескье, Гумбольт). ХІХ ғасырдағы ғылыми зерттеулер құқықтық мемлекеттің негізін теориялық жағынан мойындауға әкелді (Р.Моль). Сол ХІХ ғасырда социалистік (пролетарлық, жалпыхалықтық) мемлекет идеясы пайда болып, тәжірибеде барлық ХХ ғ. бойы өмірге кірді. Өткен ғасырда, сонымен қатар, фашистік кейіптегі мемлекет өмір сүрді.
Мемлекеттіліктің түрлері:
Тоталитарлық мемлекет, жеткілікті түрде азаматтардың және олардың өміріне араласып, саяси ұйым мен экономика жөнінде бір пікір мен бағалауды қондырушы. Ондай мемлекет барлық қоғамды өзіне сіңіреді. Тоталитарлық мемлекет – бұл мемлекеттің диктатурасы.
Авторитарлық мемлекет қоғам мен жекелеген азаматтарды артықтау қолдануымен, олардың барлық ішкі ісіне араласып, қоғамдық қатынастардың ұсақталған қатынастарын регламентациялаумен сипатталады;
Құқықтық мемлекет – адам мен азаматтың бостандығы мен құқығын қорғайтын экономикалық және әлеуметтік конституциялық кепілдігі бар мемлекет (әсіресе әлеуметтік қорғалмаған тұрғындардың бөлігін), ал оларды өз мәнінде орындау, мемлекеттің маңызды міндеттілігі; бұл мемлекет заңмен бекітілген принциптермен негізделген әлеуметтік теңдіктегі, жалпыға бірдей қолдау тапқан және бір-біріне деген жауапкершілік.
Светтік мемлекет – бұл мемлекет әр түрлі қандай болмасын діннен оның догмасынан және дәстүрле-рінен, әр түрлі діни ұйымдардан олардың саяси және мемлекеттік білім беру жүйесімен басқадай мемлекет-тік өмір аясынан бос; светтік мемлекет діни қатынастардан бейтараптықта, онда дін мен атеизмнен аулақ екендігі мойындалады.
Сонымен, қазіргі кездегі мемлекеттің негізі сонда, ол қоғамның ұйымдастырушы күші, өз мүшелерінің жекелеген және жалпылама мүдделерін көрсетеді және қорғайды.
8. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ТЕОРИЯЛАРЫ
Қазіргі мемлекет теориялары – бұл мемлекеттің негізі және оның қоғамдағы орны, әрі қарай даму заңдылықта-рындағы болашағы, жетістіктері туралы көзқарастардан құралады. Солардың ішіндегі маңыздыларына төмендегілер жатады:
Элиталардың теориясы (ХХ ғ. басы, Г.Моски, В.Парето, Х.Лассуэл, Д.Сартори) – халық тобыры мемлекетті басқара алмайды, сондықтан мемлекеттік билік тек тұрғындардың элитарлық қабатымен басқарылуы мүмкін. Яғни, қоғамның жоғарғыларымен – деген идеяларды қолдайды. Мұнда ондай элиталар әр түрлі қажетті, мынадай талаптарға сай екендігі ескеріліп, қалыптастырылуы қажет – қабілеттілігі, білімі, тәжірибесі. Халық элиталардың арасында болғандықтан соны не басқаны мемлекетті және өздерін басқаратын адамдарды сайлауы қажет;
Технократиялық теория (грек tehne – кәсіп, kratos – билік) ХХ ғасырдың 60-70 жылдары тарады, ондағы билік құратын бастамаға информация (ақпараттық) болды, мамандардың менеджерлер мен технократтардың басқаруы міндетті болды. Тек солар ғана, қоғамның прогрессивтік дамуын қамтамасыз етуге қабілетті ретінде танылды (Т.Веблен, Д.Бернхейм, Г.Саймон, Д.Белл, т.б.);
Плюралистік демократия теориясы (Г.Ласки, М.Дюверже, Р.Дарендорф, Р.Аллен, Р.Даль, т.б.) ХХ ғ. ортасында қалыптасып, қазіргі қоғамның таптық құрылым емес, адамдардың әлеуметтік қосы-лымдарының жиынтығы ретінде танылды – сторт. Әр түрлі негіздерге байланысты қалыптасады (жасы, өмір сүретін орны, мамандығы, мүдделері, т.б.);
Мемлекеттің жалпыға бірдей теориясы (50 ж. ХХ ғ. Д.Кейнси) ХVІІ ғ. бастап өмір сүрген мемлекет теориясы «түнгі күзетшіге» («ночной сторож») қарама-қарсы пайда болды, қоғамдық процестерге ешқандай араласпады. ХХ ғ. отызыншы жылдарындағы кризистік жағдай мемлекеттің рөлі мен орнын қайта қарауға мәжбүр етіп, оны барлық социумның мүддесін көрсетуші ретінде танылды және соның негізінде барлық қоғамдық тұрмыс аясына, әсіресе экономикалық процестерге араласу міндеттілігі көрсетілді.
Құқықтық мемлекет теориясы (ХVІІІ ғ. қалыптасты) – мемлекет өзін құқықпен тығыз байланыстырып, өзі ғана қоғамның барлық берекесін жасайды;
Конвергенция теориясы (ХХ ғ. 50-60 ж.) – уақыт өткен сайын деңгейлері ұқсас әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік жүйенің саяси дамуында жақындасушылық процесі жүріп жатыр. Дами отырып, олар бір-бірінен барлық жақсылықты қабылдайды. Келе-келе олардың арасындағы айырмашылық тіптен жойылып, (постиндустриалды мемлекет) бір кейіпте пайда болды.
Маркстік-Лениндік теория (тарихи-материалистік) – мемлекет тікелей қоғамның экономикалық дамуына тәуелділігіне негізделеді және экономикалық үстемдік ететін топтың билігінің құралы ретінде көрінеді. Капиталистік формацияға дейін ол негізінен алғанда езілген еңбекшіл тапты қанау мен езудің басты құралы болды. Ол коммунистік қоғам құрылғаннан кейін қоғамның өзін-өзі билеу кезінде мүлдем құрып кетеді (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.Плеханов).
9. ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ
Мемлекет өзі үшін жай өмір сүре алмайды. Ол қоғам өмірі үшін қажет. Ол адамдарды бір билік астына біріктіріп, бірлестіреді және мүдделерін қанағаттандырады. Қоғамда мемлекеттен басқа әр түрлі мүдделерге байланысты адамдарды біріктіретін ұйымдар мен бірлестіктер бар: қоғамдық одақтар (саяси партиялар, кәсіподақтар, шығармашылық, жастардың, әйелдердің бірлестіктері), коммерциялық ұйымдар.
Саяси жүйе – бұл мемлекеттік, партиялық және қоғамдық органдар мен ұйымдардың жиынтығы, елдің саяси өміріне қатынасушы, сонымен қатар оның қатынастардағы жанамасы.
Саяси институттар:
Мемлекет өз органдарымен (президент, парламент, үкімет, тексеру-бақылау, сот және құқыққорғау органдары);
Саяси және басқа қоғамдық құрылымдар, оған көптеген коммерциялық емес және коммерциялық ұйымдар кіреді.
Саяси тәжірибе, саяси және құқықтық нормаларда көрсетілген (өзін-өзі басқаратын жергілікті басқару органдары, сайлау құқығы), жүйенің жекелеген бөліктерінің арасындағы саяси қатынастар, ерекше процедуралар, т.б.
Саяси идеология (саяси сезім және саяси тәртіптің мәдени стереотиптері, саяси білім, қағидалар, бағалылықтар мен идеялдар).
Барлық жоғарыдағы аталғандар саяси жүйенің элемент-тері қоғамдық әрекетте белсенді түрде көрінеді, бірақ олардың саясатқа ықпал ету деңгейі тежеледі. Мемлекет саяси жүйенің маңызды бөлігі ретінде ондағы ерекше орынды алады:
Ол қоғам дамуының негізгі жолын белгілейді;
Қоғамды басқаруды іс жүзіне асырады, ол үшін өзіндегі көпшілік, яғни, арнайы заң шығаратын, атқарушы, сот және тексеру-бақылау органдарынан тұратын билік аппаратын пайдаланады;
Барлық саяси жүйенің тұтастығына кепілдік пен тұрақтылық береді;
Бұл нағыз тұрақты элемент (бөлік);
Бұл нағыз саяси институт;
Оның егемендігі бар;
Ол қоғамдағы ең жаппай көпшілік ұйым, қандай болмасын тәуелділіксіз және қандай болмасын ерекшеліксіз барлық адамдарды жынысына, жасына, мамандығына, сеніміне, т.б. қарамай бөлмей біріктіруші.
Қоғамдағы толық билігі бар бірден-бір ұйым, оның ең үлкен күштілік мүмкіндігі бар (армия, полиция, қауіпсіздік қызметі);
Күш қолдануға монополиясы бар;
Өз қолына өте үлкен көлемдегі материалдық және қаржылай құралдарды топтастырған;
Ол қоғамдағы барлығы үшін тәртіп жолдарын заңды нормаларды белгілейтін бірден-бір ұйым.
* * *
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ (КЕЙІПТЕРІ)
10. МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПОЛОГИЯСЫНЫҢ
(КЕЙІПТЕРІНІҢ) ТҮСІНІГІ
Белгілі тарихи кезеңдегі мемлекеттің нақтылы ерекшеліктері қоғамның дамуының деңгейлеріне байланысты белгіленеді. Формалды белгілердің өзгеруімен (аумағының, көпшілік биліктің, егемендіктің) қоғамның дамуына сай мемлекет шын мәніндегі, үлкен өзгерістерге ұшырайды. Оның басқару әдістерінің мазмұны, әлеуметтік бағыттағы мақсаттары өзгереді. Мемлекеттік сипатқа және мемлекеттік құрылымға тұрғындардың ұлттық құрамы, мәдениетіндегі өзіндік өзгешелік, аумағының мөлшері, географиялық жағдайы, халықтың бекіп қалған әдеттері мен дәстүрлері, діни көзқарастары мен басқа да факторлар ықпал етеді.
Мемлекеттің типологиясы (кейіптері) – бұл белгілі, тарихи ерекшеленген топтағы мемлекеттерге тән жалпы белгілерінің жиынтығы.
Кейіптеу қалпындағы негізгі компонентке тарихи мемлекет типі (кейпі) жатады – мемлекет бір қоғамдық-экономикалық формацияға байланыстыратын көбірек маңызды белгілердің жиынтығы, белгіленген мемлекеттердің жиынтығы, олардың әлеуметтік орнының негізгі бірлігімен қатамасыз етілген. Сонымен бірге, мемлекеттік-құқықтық институттардың тығыз қарым-қатынасын ұмытпауымыз керек. Сондықтан кейіптеу қалпында, тарихи құқық типі (кейпі) солай бөлініп шықты, ол өз жағынан, қоғамның барлық жан-жақты өмір аясының ерекшеліктерімен, құқықтық қағидалардың мазмұнымен және белгіленген, қорғалатын соған сай тарихи кейіптегі мемлекеттің заң нормаларының құқықтық саясат жүйесімен сипатталады.
Құқықтық ғылымда басым тұрған, негізінен екі теория – формациялық және өркениеттік.
11. МЕМЛЕКЕТТЕРДІ КЕЙІПТЕУДЕГІ (ТИПОЛОГИЯ) ФОРМАЦИЯЛЫҚ ӘДІС
Мемлекетті және құқықты кейіптеудегі формациялық әдіс – бұл қоғамның дамуын, тарихи типтегі мемлекеттердің ауысу заңдылықтарын, қоғамның экономикалық базисіндегі (негізіндегі) оның өндірістік қатынастары мен таптық құрамдарының сапалы өзгеруі тұрғысынан зерттеу.
Өндірістік күштің даму деңгейі, қоғамның материалдық-техникалық негізін белгілейді, ал өндірістік қатынастар қалыптасып жатқан бір типті формадағы (нысандағы) меншіктегі өндіріс құралдары қоғамның экономикалық негізін (базасын) құрайды, оған белгілі саяси, мемлекеттік-құқықтық және басқадай қондырғы құбылыстар сай келеді. Бір қоғамдық-экономикалық формациядан екіншісіне ауысу, ескірген өндірістік қатынастар формаларын ауыстыру мен жаңа экономикалық құрылым жасау нәтижесінде болады. Экономикалық базисті сапалы ауыстыру, заңды түрде, өзімен бірге қондырғыны түпкілікті қайта құруға алып келеді.
Мемлекет қай экономикалық базисті қолдап қабылдауына және қандай үстем таптың мүддесін қорғайтынына байланысты белгілі болады. Осындай кезде мемлекет таптыққа көшіп экономикалық үстем таптың диктатурасы ретінде болады.
Құлиеленуші мемлекет типі (кейпі) – қоғамдағы бірінші мемлекеттік-таптық ұйым. Құлиеленуші мемлекет өз мәнінде – құлиеленуші қоғамдық-экономикалық формациядағы үстем таптың саяси билік ұйымы. Бұл мемлекеттердің және олардың құқықтық жүйесінің маңызды функциясы – құлиеле-нушілердің өндіріс құралдарына және құлдарға меншігін қорғау. Ондай мемлекеттердің мысалына, гректік қала-полистер мен көне Римді келтіруге болады.
Феодалдық мемлекет типі – құлиеленуші мемлекеттік құрылыстың ыдырап, феодалдық қоғамдық-экономикалық формацияның пайда болуының нәтижесі. Белгілеуші жағына – жерге меншіктің шартты болуы және заң жағынан тең емес, бір-бірінен бөлек сословиялардың болуы. Феодалдық мемлекет қоғамның кейбір бөліктерінің артықшылығын кеңейтіп, басқа бөліктерін ығыстырып, толық құқықсыздыққа айналдырған. Құқық адамдардың бір-біріне тәуелді екенін ашық көрсеткен. Феодалдық құқық күштің құқығы болды («кулачное право»). Сонымен бірге, феодалдық мемлекетке солай айтылатын құқық партикуляризмі тән болды – барлық мемлекет аумағындағы бір ғана құқықтың жүйесінің үстемдігінің жоқтығын көрсетеді. Себебі олар жергілікті әдеттер мен иммунды цехтік құқықтар негізіндегі, сеньоральды және канондық әділет заңдарына сүйенеді.
Қазіргі кездегі европадағы мемлекеттердің тарихи бастауы орта ғасыр кезеңінен басталады. Феодалдық (ортағасырлық) мемлекеттер өзінің дамуында бірнеше кезеңдерден өтті: ертефеодалдық монархия (V-ІХ ғғ.), сенсориалдық монархия (Х-ХІІ ғғ.), сословиялы-өкілеттік монархия (ХІІІ-ХV ғғ.), абсолюттік монархия (ХVІ-ХVІІІ ғғ.).
Буржуазиялық типтегі мемлекет – қанаушы мемлекет-тердің ақырғы типі (кейпі). Ол абсалюттік мемлекеттің негізінде қалыптасты және оның пайда болуы жаңа қоғамдық қатынастардың тұрақтауының нәтижесі және қалыптасу үстіндегі буржуазияның қызығушылық мүдделерінің көрінісі. Тек солардың ұсақ мемлекеттік қолдауымен жеке белсенділікті қыса бастағанына келіспей «Свобода, равенство, справедливость» ұранын көтеріп революциялық қозғалыстың ХVІІ-ХІХ ғғ. Англиядағы, Франциядағы, Германиядағы және басқа мемлекеттерде пайда болуына белсенділік көрсетті. Заң бойынша бос жұмысшы өндіріс құралдарынан қол үзгеннен кейін, өзін капиталға сатуға еріксіз тура келеді. Құқық, кәсіпкерлердің бостандығын бекітіп, жеке меншікті қорғады.
Мемлекеттің социалистік типі (кейпі) – капиталистік қоғамның объективтік қарама-қайшылығының нәтижесінде пайда болды, ол пролетарлық революцияның қажеттігін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік биліктің жұмысшылардың қолына көшуі және жұмысшы табы басқаруындағы, оның теориясы жеке меншікті тоқтатып, оның негізделген мемлекеттік машинаны қиратып жойды. Социалистік мемлекет – жұмысшы табының саяси билігінің құралы. Ол маркстік-лениндік ғылым негізінде жұмысшы халықтың мүддесін қорғайды, социалистік қоғамның дамуын және қорғалуын қамтамасыз етеді. Дегенмен уақыт өте мемлекет жай ғана жоқ болады, яғни қоғам өзін-өзі басқарушылыққа араласып кетеді, ал қоғамның өзі ең жоғарғы даму деңгейіне жетіп – коммунистік қоғамға айналды.
Мемлекеттің тағы да бір типі бар, ол толығымен формациялық типологияға симайды, бірақ логикалық жағынан жақын. Бұл өтпелі типтегі мемлекет. Материалистік көзқарас бойынша, ол мемлекеттік таптық не ұлттық – бостандық үшін болған күрестің тез арадағы саяси режимінің ауысуына байланысты және олар сүйенген әр түрлі типтегі өндірістік қатынастардың нәтижесінде пайда болады, әрі қарай біртіндеп үстемдік нысанындағы меншіктілікті қабылдайды. Сонда мемлекеттер міндетті түрде белгілі тарихи типтегі мемлекеттерге – капиталистікке не социалистікке қосылуға тура келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |