6.2-сурет. Сақиналы желінің сұлбасы
6.2-суреттен желінің ұзындығын анықтаймыз. А1−А2 тура бағытта:
lм1= lп1 + lп2 + lп3 + lп4 = 0,6 + 0,8 + 0,7 + 0,9 = 3,0 км.
А2−А1 кері бағытта:
lм2= lп5 + lп6 + lп7 + lп8 = 0,7 + 0,9 + 0,7 + 0,6 = 2,9 км.
Орнына қоя отырып, автобустың қозғалыстағы уақытын анықтаймыз:
tдв1 = lм1/ Vт = 3,0/22 = 0,136 сағ; tдв2 = lм2/ Vт = 2,9/22 = 0,132 сағ. Енді тура және кері бағыттағы рейс уақыттарын табуға болады:
tр1=tдв1+tпо+tко = 0,136 + 3(1:60) + (7,0:60) = 0,303 сағ;
tр2=tдв2+tпо+tко = 0,132 + 3(1:60) + (7,0:60) = 0,299 сағ.
Айналым рейсінің уақыты осы екі шаманың қосындысына тең:
tоб=tр1+tр2 = 0,303 + 0,299 = 0,6 сағ.
Автобустың қозғалыс интервалының жиілігін (6.12) өрнектен анықтаймыз:
i= tоб60/А= 0,6×60/6 = 6 мин.
Жауабы: i = 6 мин.
Мысал 6.31. Ұзындығы lм=44 км болған қала аралық маршрутта сегіз
«Икарус-556» автобусы қызмет көрсетеді. Олардың қозғалыс интервалы i=30 мин; аралық аялдамалар саны nпо=9; тоқтап тұру уақыты tпо=2 мин; tко=18 мин. Жылжымалы құрамның техникалық, пайдалану және қатынас жылдамдығын анықтаңыздар.
Яғни, берілген: lм=44 км; А = 8; i=30 мин; nпо=8; tпо=2 мин; tко=18 мин. Табу керек: Vт − ? Vэ − ? Vс − ?
Ш е ш у і . Қозғалыс интервалын (мин) анықтайтын i = tоб60/А (6.12) өрнегін түрлендіріп, рейс уақытын тауып аламыз:
i = tоб60/А=2 tр60/А; tр=iА/2×60=30×8/120=2 сағ.
Енді tр=lм/Vт+nпоtпо+tко (6.29) өрнегін түрлендіріп, техникалық жылдамдықты табамыз:
lм/Vт = tр – nпоtпо− tко;
Vт = lм/(tр – nпоtпо− tко) = 44:[2−(9×2:60) –(18:60)] = 44:1,4 = 31,4 км/сағ. (6.16) өрнегінен қатынас Vс жылдамдығын анықтаймыз:
Vс= lм/(tр– tко) = 44/(2– 18:60) =25,88 км/сағ. (6.18) өрнегінен пайдалану Vэ жылдамдығын анықтаймыз:
Vэ=lм/tр = 44:2=22 км/сағ.
Жауабы: Vт=31,4 км/сағ; Vс=25,88 км/сағ; Vэ=22 км/сағ. Мысал 6.32. Тұрғындардың сұранысы бойынша, ұзындығы lм=12 км болған қалалық, тангенциалдық маршруттағы 8 аралық аялдамаға қосымша
тағы 10 аялдама қосылды. Маршрутта ЛАЗ-695М автобусы қызмет көрсетеді.
Техникалық жылдамдық Vт=20 км/сағ; тоқтап тұру уақыты арлық аялдамада tпо=0,6 мин; соңғы бекетте tко=6 мин; қозғалыс интервалы i=6 мин. Қозғалыс интервалын өзгертпей сақтап қалу үшін, маршрутқа қосымша қанша автобус қосу керек екенін анықтаңыздар[4].
Яғни, берілген: lм=12 км; nпо1=8; nпо2=18; Vт=20 км/сағ; tпо=0,6 мин; tко=6
мин.
Достарыңызбен бөлісу: |