j = A/tоб = 6/1,5 = 4 авт/сағ.
Жауабы: j = 4 авт/сағ. Мысал 6.35. Ұзындығы 10 км болған қалалық маршрутта қызмет көрсететін ЛиАЗ-677 автобусының жолаушы сыйымдылығы 80 адам, техникалық жылдамдығы 25 км/сағ, аралық аялдамалар саны 12, аралық аялдамада тоқтап тұру уақыты 0,5 мин; соңғы бекетте тоқтап тұру уақыты 3 мин, сыйымдылықты пайдалану коэффициенті 0,85; жолаушылардың ауысымдық коэффициенті 3,8; нолдік жүріс ұзындығы 6 км; маршруттағы жұмыс уақыты Тм =16,5 сағ. Маршрутта тағайындалған жалақы тарифи 30 теңге. Автобустың бір күндегі жалпы жүрісін, жолаушылар тасымалдаудың тәуліктік тапсырысын, жолаушы айнылымын, және жиналған алым мөлшерін
анықтаңыз[4].
Яғни, берілген: lм =10 км; q =80; Vт =25 км/сағ; nпo =12; tпo =0,5 мин; tкo=3
мин;
γ =0,85; ηсм =3,8; Lо=6 км; Тм=16,5 сағ; Тф=30 тенге.
Т/к: lсут, Qсут, Рсут, Дсут − ?
Ш е ш у і . Автобустың бір күндегі жалпы жүрісін (6.2) өрнегінен
анықтайды:
Lобщ= Lп+ Lо+Lх = nрlм+ Lо+ Lх
Бұл жерде белгісіз рейстер санын (6.10) өрнегін түрлендіріп, анықтауға болады:
nр = Тм /tр.
Бұл жерде рейс уақыты белгісіз. Оны (6.29) өрнегінен анықтаймыз:
tр=lм/Vт+nпоtпо+tко=10/25+12×0,5:60+3:60 = 0,55 сағ.
Рейстер саны: nр = Тм /tр = 16,5/0,55 =30 .
Жалпы жүріс: Lобщ =nрlм+Lо+Lх= 30×10 + 6 + 0 = 306 км.
Бір тәулікте тасымалданған жолаушылар санын (6.37) өрнегінен анықтайды:
Qсут.авт= lмпрqγ/lср.
Бұл жерде жолаушылардың көліктегі орташа жүрісі (lср) белгісіз. Оны (6.20) өрнегін түрлендіріп, анықтауға болады:
lср = lм/ηсм= 10/3,8 = 2,63 км.
Сонда:
Qсут= lмпрqγ/lср= 10×30×80×0,85/2,63 = 7757 жолаушы.
Осы мәнді жолаушылардың көліктегі орташа жүрісіне көбейту арқылы жолаушы айналымын анықтаймыз (6.38):
Рсут=Qсутlср= 7757×2,63 = 20401 жолаушы-км.
Жолаушылардан жиналған алым мөлшері:
Дсут = QсутТф = 7757×30 = 232 710 тенге.
Жауабы: Lобщ = 306 км; Qсут= 7757жол,
Рсут= 20401 жол-км; Дсут= 232 710 тг.
Мысал 6.36. Ұзындығы 12 км болған қалалық маршрутта қызмет көрсететін ЛАЗ-695М автобусының әрқайсысы 20 рейс жасайды; жолаушы сыйымдылығы 62; сыйымдылықты пайдалану коэффициенті γ=0,80. Жолаушылардың көліктегі жүрісінің орташа қашықтығы 4,7 км ден 3,8 км ге қысқарғаны белгілі болса, бір күнде тасымалданатын жолаушылардың саны қаншаға артқанын анықтаңыздар[4].
Яғни, берілген: lм = 12 км; nр = 20 рейс; q = 62; γд = 0,80; lср1 = 4,7 км; lср2 = 3,8 км;
Табу керек: ∆Qсут= (Qсут2 – Qсут1) − ?
Ш е ш у і . Алдымен бірінші және екінші варианттар үшін жолаушы тасымалдаудың тәуліктік тапсырмасын (жолаушы), яғни автобус бір күнде қанша жолаушы тасымалдайтынын анықтап аламыз. Ол үшін (6.36) өрнегін пайдаланамыз:
Qсут1=lмпрqγд/lср1=12×20×62×0,80/4,7= 2533 жолаушы;
Qсут2=lмпрqγд/lср2∆=12×20×62×0,80/3,8= 3133 жолаушы.
Тасымалданатын жолаушының қаншаға артқанын анықтаймыз:
∆Qсут= Qсут2− Qсут1=3133−2533=600 жолаушыға артқан.
Жауабы: ∆Qсут=600 жолаушы.
Мысал 6.37. Ұзындығы lм=11 км болған қалалық маршрутта 6 автобус қызмет көрсетеді. Оның пайдалану жылдамдығы Vэ=22 км/сағ. Жолаушыларды сұранысын ескеріп, көлік департаменті автобустың маршруттағы жұмыс уақытын 14,5 сағаттан 18 сағатқа ұзартты. Маршруттағы жалпы рейстер саны қаншаға артқанын анықтаңыздар[4].
Яғни, берілген: lм = 11 км; А = 6 дана; Vэ=22 км/сағ; Тм1 =15,84 сағ; Тм2
=18,00 сағ.
Табу керек: ∆np= (np2 – np1) − ?
Ш е ш у і . Әрбір автобустың орындаған рейстерінің санын (6.33) өрнегінен анықтайды:
nр=Тм/tр.
Бұл теңдіктің оң жағында тұрған рейс уақытының tр мәні белгісіз. Оның мәнін пайдалану жылдамдығын анықтауға арналған Vэ=lм/tр (6.18) өрнегін түрлендіру арқылы табамыз:
tр = lм/Vэ= 11/22 = 0,5 сағ.
Енді табылған рейс уақытының мәнін пайдаланып, маршрут уақытын ұзартқанға дейінгі және ұзартқаннан кейінгі автобус орындаған рейстер санын анықтаймыз:
nр1=Тм1/tр=14,50/0,5 =29 рейс.
Nр2=Тм2/tр=18,00 /0,5 =36 рейс.
Демек, жұмыс уақыты ұзартылғаннан кейін әрбір автобус бұрынғыдан
∆np= (np2 – np1) = 36 – 29 = 7 рейс артық жасаған.
Енді маршруттағы жалпы рейстер санының қаншаға артқанын анықтаймыз:
∆Np=∆npA=7×6=42
Жауабы: ∆Np=42.
ЖЕЛІДЕГІ ҚОЗҒАЛЫС УАҚЫТЫН НОРМАЛАУ
Қозғалыс уақытын нормалау жылжымалы құрамның қауіпсіз және тиімді қозғалысын, жүргізушілердің еңбегінің тиімді болуын және жолаушылардың жолға кететін уақыт шығынының мейлінше аз болуын қамтамасыз ету үшін керек[2].
Достарыңызбен бөлісу: |