nр = Qсут/Аqηсмγ = 11988/(9×37×3,0×0,80) = 15.
Енді (6.10) өрнегін пайдаланып, рейс уақытын анықтаймыз:
tр = Тм/np = 15/15 = 1,0 сағ.
Жауабы: tр = 1,0 сағ.
Мысал 6.22. Ұзындығы lм=325 км болған қала аралық маршрутта аралық аялдамалар саны nпо=10. Автобустың әрбір аралық аялдамада тоқтап тұру уақыты tпо=6 мин. Соңғы бекетте тоқтап тұру уақыты tко=30 мин. Егер техникалық жылдамдық Vт=50 км/сағ екені белгілі болса, автобустың рейс уақытын tр есептеп табыңыздар[4].
Яғни, берілген: lм = 325 км; nпо = 10; tпо= 6 мин; tко= 30 мин; Vт= 50 км/сағ. Табу керек: tр − ?
Ш е ш у і . Рейс уақытын анықтауға арналған (6.29) өрнегін пайдаланып, табамыз:
tр=(lм/Vт)+nпоtпо+tко= (325/50)+10(6:60)+(30:60) = 6,5 + 1,0 + 0,5 = 8 сағ.
Жауабы: tр = 8 сағ.
Мысал 6.23. Автобус қалалық маршрутта Tм=17,28 сағ жұмыста болып, np=18 рейс орындады. Егер аралық аялдамалар саны nпo=11, онда тоқтап тұру уақыты tпo=0,6 мин, соңғы бекетте тоқтап тұру уақыты tкo=3 мин, автобустың техникалық жылдамдығы Vт=25 км/сағ екендігі белгілі болса, маршруттың ұзындығын lм табыңыздар[4].
Яғни, берілген: Tм=17,28 сағ; np=18; nпo=11; tпo=0,6 мин; tкo=3 мин; Vт=25 км/сағ.
Табу керек: lм − ?
Ш е ш у і . Маршруттың ұзындығын табу үшін (6.15) өрнегін пайдаланамыз:
Vт = lм/ tдв.
Оны түрлендіргеннен кейін, төмендегі өрнекке ие боламыз:
lм = Vтtдв.
Бұл өрнектегі tдв шамасының мәні белгісіз. Оны (6.10) өрнегін пайдалана отырып анықтауға болады:
tдв = tр – nпotпо− tко.
Бұл жерде tр шамасының мәні белгісіз. Оны (6.10) өрнегін пайдалана отырып анықтаймыз:
tр = Тм/ np = 17,28/18 = 0,96 сағ.
Осы мәнді жоғарыдағы өрнектерге қоя отырып, маршруттың ұзындығын таба аламыз:
tдв = tр – nпo tпо− tко= 0,96 – 11×(0,6:60) – (3:60)=0,96−0,11−0,05=0,8 сағ.
Lм = Vтtдв = 25×0,8 =20 км.
Жауабы: lм = 20 км.
Мысал 6.24. Қала маңындағы маршруттың ұзындығы 28,8 км; рейс уақыты 1,6 сағ; техникалық жылдамдығы 24 км/сағ; аралық аялдамаларда тоқтап тұру уақыты 3 мин; соңғы бекетте тоқтап тұру уақыты 6 мин. Аралық аялдамалар санын анықтаңыздар[4].
Яғни, берілген: lм=28,8 км; tр=1,6 сағ; Vт=24 км/сағ; Tпо=3 мин; tко=6
мин.
Табу керек: nпo − ?
Ш е ш у і . Маршруттағы бір рейсті орындау уақытын анықтайтын (6.10)
өрнегін жазамыз:
tр=tдв+ппоtпо+tко.
Бұл теңдікте анықталуға тиісті ппо шамасынан басқа tдв шамасының мәні де белгісіз. Оны табу үшін (6.15) өрнегін пайдаланамыз:
Достарыңызбен бөлісу: |