жолаушы-километр өлшем бірліктерінде алынған жұмысын сипаттайды.
П а р к т ы ң с а ғ а т т ы қ ө н і м д і л і г і , барлық көлік құралдары бір маршрутта жұмыс атқарған жағдайда, төмендегіше есептеледі:
жолаушы/сағ өлшем бірлігіндегі парктың сағаттық өнімділігі (U)
U Асв qср γсηсм nр ,
АЧ э
жол./сағ. (4.16)
жолаушы-километр/сағ өлшем бірлігіндегі парктың сағаттық өнімділігі (W)
W Асв qср γсηсм nр lср ,
АЧ э
жол.-км/сағ. (4.17)
Мысал 4.1. Жалпы маршруттағы ЗИЛ-325010 «Бычок» автобусының статикалық сыйымдылықты пайдалану коэффициенті γ с=0,8. Автобуста қанша жолаушы бар екенін анықтаңыздар[4].
Яғни, берілген: γс=0,8. Табу керек: Qф − ?
Ш е ш у і . Автобустағы нақты жолаушы саны (2.1) өрнегінен анықталады:
Qф= γсq.
Есептің шартында γс мәні бар. Енді автобустың жолаушы сыйымдылығын q білуіміз керек. Ол үшін осы оқу құралының 15 бетінде берілген 2.5-кестедегі (27-қатар) деректерден пайдаланып, берілген автобус үшін, q=15 екенін анықтаймыз. Бұл мәнді жоғарыдағы өрнекке қойып, автобустағы нақты жолаушы санын есептеп табамыз:
Qф= γ сq=0,8·15=12 адам.
Жауабы: Qф=12 адам. Мысал 4.2. Қалалық маршруттағы Волжанин-5270 автобусында 63 жолаушы бар екендігі белгілі болды. Сыйымдылықты пайдалану
коэффициентін анықтаңыздар[4].
Яғни, берілген: Qф = 63 жолаушы. Табу керек: γ − ?
Ш е ш у і . Сыйымдылықты пайдалану коэффициенті (2.1) өрнегінен анықталады:
γ = Qф/q
мұндағы Qф – автобустағы жолаушылардың нақты саны;
q – берілген автобустың жолаушы сыйымдылығы.
Волжанин-5270 автобусының жолаушы сыйымдылығын осы оқу құралының 15 бетіндегі 2.5-кестедегі (16-қатар) деректерден аламыз:
q= qо + qт = 41+34=75 адам, мұндағы qо− автобустағы отыруға арналған орындар саны;
qт− автобустағы түрегеп тұруға арналған орындар саны.
Q шамасының мәнін орнына қоя отырып, сыйымдылықты пайдалану коэффициентін есептеп табамыз:
γ = 63/75=0,84.
Жауабы: γ =0,84
Мысал 4.3. Қалалық маршруттағы АКА-5225 автобусында 121 жолаушы бар екендігі белгілі болды. Сыйымдылықты пайдалану коэффициентін анықтаңыздар[4].
Яғни, берілген: Qф = 121 жолаушы. Табу керек: γ − ?
Ш е ш у і . Сыйымдылықты пайдалану коэффициенті (2.1) өрнегінен анықталады:
γ = Qф/q
мұндағы q –берілген автобустағы орындар саны.
АКА-5225 автобусындағы орындар санын осы оқу құралының 15 бетіндегі 2.5-кестеден аламыз (18-қатар): отыру үшін qо=38, түрегеп тұру үшін qт=90 орын. Сонда автобуутағы барлық орындар саны:
q = 38+90=128.
Сонда, сыйымдылықты пайдалану коэффициенті
γ = 114/128=0,89.
Жауабы: γ =0,89.
Мысал 4.4. Туристік ТурА-171 автобусында 34 жолаушы бар екендігі белгілі болды. Сыйымдылықты пайдалану коэффициентін анықтаңыздар.
Яғни, берілген: Qф = 34 жолаушы. Табу керек: γ − ?
Ш е ш у і . Сыйымдылықты пайдалану коэффициенті (2.1) өрнегінен анықталады:
γ = Qф/q,
мұндағы q –берілген автобустағы орындар саны.
Туристік ТурА-171 автобусындағы орындар санын анықтамалықтардан аламыз: q = 40.
Сонда, сыйымдылықты пайдалану коэффициенті:
γ = 34/40=0,85
Жауабы: γ =0, 85 Мысал 4.5. Халықаралық маршруттағы МАН FRH-403 автобусында туристер жол жүріп келеді. Автобустың сыйымдылықты пайдалану
коэффициенті 0,8. Автобуста келе жатқан туристер санын анықтаңыздар.
Яғни, берілген: γ = 0,8. Табу керек: Qф − ?
Ш е ш у і . Сыйымдылықты пайдалану коэффициентін анықтауға арналған (2.1) өрнегін жазамыз[4]:
γ = Qф/q,
мұндағы Qф – автобустаға нақты жолаушылардың саны;
q – автобустағы орындықтар саны.
Бұл өрнекті төмендегіше түрлендіріп, қайта жазамыз:
Qф = γq.
Есептің шартында сыйымдылықты пайдалану коэффициентінің мәні берілген. Енді автобустың жолаушы сыйымдылығын q білуіміз керек. Ол үшін осы оқу құралының 15 бетіндегі 2.5-кестенің 25-қатарында көрсетілген деректерді пайдаланып, берілген автобустың орын саны:
q = 39
екенін анықтаймыз. Анықталған деректерді орындарына қойып, автобуста келе жатқан туристер санын есептеп табамыз:
Qф = γq = 0,8×39 = 31 адам.
Жауабы: Qф=31.
Мысал 4.6. Жалпы маршруттарға арналған ПАЗ-3205 автобусымен 27 жолаушы жол жүріп келеді. Автобустың сыйымдылықты пайдалану коэффициенті 0,75. Автобустың тағайындалған жолаушы сыйымдылығын анықтаңыздар[4].
Яғни, берілген: Qф = 27; γ = 0,75. Табу керек: q − ?
Ш е ш у і . Сыйымдылықты пайдалану коэффициентін анықтауға арналған (2.1) өрнегін жазамыз:
γ = Qф/q,
мұндағы Qф – автобустаға нақты жолаушылардың саны;
q – автобустың тағайындалған жолаушы сыйымдылығы.
Автобустың тағайындалған жолаушы сыйымдылығын анықтау мақсатында бұл өрнекті төмендегіше түрлендіріп, қайта жазамыз:
q = Qф/γ.
Деректерді орындарына қойып, автобустың тағайындалған жолаушы сыйымдылығын есептеп табамыз:
q = Qф/γ = 27: 0,75 = 36 адам.
Табылған мәннің дұрыс немесе қате екендігін осы оқу құралының 15 бетіндегі 2.5-кестенің 4-қатарында көрсетілген деректерді пайдаланып тексереміз. Ол деректер бойынша берілген ПАЗ-3205 автобусы үшін отыруға арналған орын саны qо=28, түрегеп тұруға арналған орын саны qт = 8 екенін көреміз. Сонда жалпы орындар саны[4]:
q = qо + qт = 28 + 8 = 36 адам.
Демек, есептеп табылған сыйымдылықтың мәні дұрыс.
Жауабы: q =36 адам.
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ЖЕЛІЛІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗДЕРІ Желілік технология туралы түсінік
Достарыңызбен бөлісу: |