Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


Жоғары деңгейдегі баламалық



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет59/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   96

179
Жоғары деңгейдегі баламалық – стилистика мен форманың, 
интенция, лексиканың толық сәйкес келуін білдіреді;
Үйлесімді  баламалық  –  мазмұнның  авторлық  интенция  мен 
лексикалық  бірліктер  корпусының  жеткілікті  мөлшерде  және 
жоғары сапада берілуі; 
Келісімді баламалық – лексикалық аналогтар сәйкес келмеген 
жағдайда дискурстың сақталуы; 
Жартылай баламалық – аударма мүмкіндіктерінің жартылай 
жүзеге  асуы  және  түпнұсқа  мен  аударма  мазмұнының  жартылай 
сәйкестігі.  Ал  осы  негізде  берілген  баламалық  деңгейлердің 
жіктемелерін  барлық  аудару  процестерінде  қолдануға  болатын 
мына үш түрге бөліп көрсетуге болады:
1)  тілдік  таңбалар  деңгейі  (денотаттық  –  сөз  және 
фразеологизмдер деңгейі);
2)  сөйлеу  актілері  бойынша  айтылым  деңгейлері  (локуция, 
иллокуция, перлокуция);
3)  прагмалингвистикалық деңгей (аудармашы, мәдениет, жанр). 
Лингвистика мен аударма мәселелері өте күрделі құбылыстардың 
бірі  болып  табылады.  Аударма  ең  алдымен  сөйлеу  тілінің 
материалдарымен  байланысты,  сондықтан  ол  лингвистикалық 
заңдылықтарға  бағынады.  Өйткені,  аударма  –  лексикалық  және 
грамматикалық  тұрғыдан  екі  тілдің  салғастырмалы  көрінісі. 
Осымен  байланысты  аударма  –  билингвизм  механизмінде 
қалыптастырылатын күрделі сөйлеу тілінің қызметі. 
Белгілі  ғалым  К.Райсстың  еңбектерінде  аударма  түрлерін 
бірнеше  топқа  бөлудің  ғылыми  принциптері  қарастырылады. 
К.Райсс  түпнұсқа  мәтінінің  сипатына  қарай  аударманы  мынадай 
түрлерге жіктейді [73]:
1)  мазмұнға бағытталған аударма;
2)  формаға бағыталған аударма;
3)  үндеуге бағытталған аударма.
Сонымен  қатар  бұл  аудармалардың  әрқайсысы  өзіне  тән 
тілдік құбылыстармен сипатталады. Мәселен, мазмұнды аударма 
лексика,  контекст,  прагматика,  эмотивтілік  пен  экспресивтілік 
ерекшеліктерінен  құралатын  болса,  форма  құрылыммен  сипат-
талады – сөйлем, айтылым; дискурстың негізіне үндеу, интенция 
алынады. 


180
Ең алдымен аударма теориясында аударманың негізгі екі түрі 
бар  деп  көрсетіледі.  Олар  көркем  аударма  және  ақпараттық 
аударма.  Көркем  аударма  дегеніміз  –  бұл  көркем  әдебиет 
шығармаларының аудармасы. Ал ақпараттық аударма дегеніміз 
– оқырманға кейбір мәліметтерді жеткізетін мәтіннің аударылуы. 
Мұндай мәтіндерге ғылыми-техникалық, іскерлік, қоғамдық-саяси 
және  т.б  мәтін  материалдары  жатады.  Аударманың  осы  түрімен 
айналысатын  аудармашының  негізгі  міндеті  –  осы  мәтіндегі 
ақпартты толық жеткізу, жоғары деңгейдегі баламалық мүмкіндігін 
пайдалана отырып, мәтінді аудару. 
Ал,  осымен  байланысты  мәтін  құрылымы  мәселесіне 
тоқталатын болсақ, онда мәтін ең алдымен сөйлемнен, ал сөйлем 
сөздерден құралады: мәтін → сөйлем → сөз. Сонымен аударманың 
ең кіші тілдік бірлігі – сөз болып табылады. 
Өз кезегінде сөз аударманың ең кіші тілдік бірлігі ретінде аударма 
мәтінінде жалпы қолданыстағы сөз бен терминдік бірлік негізінде 
көрініс табады. Жалпы қолданыстағы сөздің аудару жолдары мен 
түрлері  ғылыми  әдебиеттерде  кеңінен  қарастырылған  және  аса 
қиындық  тудырмайтын  мәселелердің  қатарына  жатқызылады. 
Осы ретте терминдік бірліктерді аудару мәселесі арнайы зерттеуді 
қажет етеді. Терминдер ғылыми-техникалық, іскерлік, қоғамдық-
саяси  т.б.  мәтін  материалдарының  негізін  құрап,  аударманың 
ақпарттық түрін белгілейді.
Терминдерді аудару мәселесіне кіріспес бұрын, терминнің тілдік 
табиғатын,  оларға  қойылатын  басты  талаптар  мен  принциптерін 
анықтап алған жөн. 
Ғалым  М.Малбақов  терминге  «Термин  –  білімнің  белгілі  бір 
саласының  ұғымдық  тезаурасында  белгіленген  орны  мен  осы 
тезаурыстың  орынның  сипаттамасы  ретіндегі  дефинициясы  бар 
лексикалық  бірлік  болып  саналады»  деген»,  -  анықтама  береді 
[74, 128-б.]. Терминге «Тіл білімі сөздігінде» мынадай анықтама 
берілген:  «Термин  арнайы  ұғымдарды,  түсініктер  жиынтығын, 
дәл  беру  нақты  белгілеу  үшін  жасалған  арнайы  сөздер  мен 
сөз  тіркестері.  Термин  ерекшеліктеріне  мыналар  жатады: 
жүйелілік,  дефинициясының  болуы,  бірмағыналық  бағыты, 
мәнерліліктің  болмауы,  стильдік  бейтараптық»  [75,  380-б]. 
Келтірілген екі анықтамада да терминнің негізгі белгілерінің бірі – 


181
дефинициясының болуы. Осы орайда қазақ терминдерінің барлығы 
дерлік  лексикографиялық  еңбектерде  тіркеліп,  дефинициясы 
қалыптасты  деуге  болмайды.  Бұл  қазіргі  қазақ  ғылымының  қай 
саласының  болмасын  өзекті  де  күрделі  мәселесінің  бірі  болып 
табылады.
Сондықтан ең алдымен терминдердің негізгі тілдік белгілеріне 
тоқталған  жөн  деп  санаймыз.  Олардың  басты  белгілері:  дәлдік, 
қысқалық, жүйелілік. 
Термин ғылыми ұғымның атауы болып, сол ұғымды дәл және 
нақты білдіруге тиіс. Сол себепті де тиісті ұғымның белгілері дәл 
іріктеліп, дұрыс саралануды қажет етеді. Қысқалық та терминдерге 
қойылатын  негізгі  талаптардың  бірі.  Қысқа  әрі  ыңғайлы, 
тұжырымды келетін терминнің практикалық мәні ерекше болып, 
есте  сақталуы  үшін  де,  сөздіктерде  берілуі  мен  тілдік  үнемдеу 
заңына  сәйкес  келуі  үшін  де  оның  маңызы  зор.  Ал  терминдерге 
қатысты  жүйелілік  мәселесіне  байланысты  Ө.Айтбайұлы:  «...
жүйелілік  талабы  термин  құрайтын  элементтер  мен  белгілерді 
іріктей  білу  жүйесіне  тікелей  байланысты.  Іріктеу  сәтінде  ол 
белгілердің біртектестігіне қатты көңіл бөлумен қатар, терминдер 
жүйесінің дұрыстығы белгілі жүйе бойынша белгілерді іріктеуге 
ғана емес, сонымен бірге сол белгілердің қай түрде болатынына 
да  байланысты  екенін  ескеру  қажет.  ...  терминология  жүйелілігі 
термин элементтерінің тіркесімділігіне басқаша айтқанда, олардың 
орналасу тәртібіне де қатысты болады», - деп тұжырымдайды [53, 
16-б.]. 
Бұл мәселенің жалпы тілтанымда ғылыми негізделуі әлі де арнайы 
зерттеуді қажет ететіні белгілі. Мәселен ғалым В.П.Даниленко оның 
жіктемелік мәніне баса назар аударып, сол тұрғыдан түсіндіруге 
талпыныс жасайды [76, 68-б.]. Осыған байланысты тіл зерттеушісі 
А.А.Реформатский терминнің сөзжасамдық жүйесіне көбірек көңіл 
бөледі [77, 54-б]. Ал, әйгілі тілші Р.А.Будагов терминдер жүйесін 
екі  түрлі  бағытта  қарастырады.  Бір  жағынан  терминологияның 
элементі  ретінде  екінші  жағынан  жалпы  тіл  жүйесінің  элементі 
есебінде  қабылдайды  [78,  33-б].  Терминологиядағы  жүйелілік 
мәселесі ғалым Ш.Құрманбайұлы еңбегінде жан-жақты талданып, 
«Терминологиядағы жүйесіздік – жүйелілікке негізделген термин 
жасай  алмаудан,  ұлт  тілінің  мүмкіндігін  дұрыс  пайдаланбаудан, 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау