Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет61/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   96

185
Уәж  терминінің  сөзжасамдық  қабілетін  ескере  отырып,  біз 
уәжтану  саласына  қатысты  төмендегідей  терминдер  тобын 
ұсынамыз. 
Мотив – уәж
Мотивология – уәжтану
Мотивировать – уәждеу
Мотивироваться – уәжделуі
Мотивирование – уәждену
Мотивировка – уәжденім
Мотивировочный (признак) – уәждеуіш белгі 
Мотивация – уәждеме
мотивационный – уәждемелі
мотивированный – уәжді
мотивированность – уәжділік
немотивированный – бейуәжді
немотивированность – бейуәжділік
мотивизация – уәждеуіштілік
мотивема – уәждем
Айта  кететін  негізгі  мәселелердің  бірі  –  уәж  сөзі  арқылы 
жасалған  терминдер  өзіндік  бір  жүйе  құрайды,  алайда  олардың 
әрқайсысы  белгілі  бір  арнаулы  ұғымды  білдіреді.  Осы  орайда, 
бүгінге  дейін  зерттеу  еңбектерінде  уәжтану  терминдері  бірінің 
орнына  бірі  қолданылып,  шатасып,  барлық  терминдер  сол  бір 
уәж, уәжді терминдерімен ғана беріліп жүр. Сондықтан да қазақ 
тілінде  термин  түзуде  семантикалық  жүйелілікпен  қатар,  яғни 
синтагматикалық,  парадигмалық  ерекшеліктерге  де  басты  назар 
аударған жөн. 
Сонымен,  терминдерге  қойылатын  негізгі  талаптар 
төмендегідей принциптерден құралады:
-  дәлдік, нақтылық;
-  қысқалық;
-  жүйелілік;
-  мәнмәтіндік тәуелсіздік;
-  қайта айтылуы (воспроизводимость);
-  эстетикалық;
-  нормативтілік;
-  қолдану жиілігі.


186
Термин  ұлттық  тілдің,  сөздік  қордың  лексикалық  бірлігі 
ретінде функционалдық саланың, арнаулы тілдің негізгі материалы 
болып,  мағынасының  дәлдігі  мен  нақтылығы,  айқындылығымен 
ерекшеленеді.  Бұл  ретте  терминдерге  белгілі  бір  саладағы 
бірмағыналық қасиетінде көрініс табатын тұрақты семантикалық 
мөлшер тән болып келеді.
Термин бірмағыналық қасиетке тек белгілі бір терминологиялық 
өріс  аясына  қабылдануы  арқылы  ғана  ие  бола  алады.  Бірақ  кей 
кезде бұл терминологиялық өрістер, мысалы, бірқатар өндірістік 
салаларға  қатысты  ортақ  кәсіптердің  болуына  байланысты  бір-
бірімен  жанасып  ортақ  терминдер  жүйесін  құрауы  да  мүмкін. 
Мысалы,  металдың  механикалық  өңделуіне  байланысты 
өндірістік салалардың барлығына ортақ мынадай кәсіп атауларын 
(терминдерді)  келтіруге  болады:  металл  жонушы,  реттеуші, 
бапкер, ұштаушы, өңдеп қырнаушы, ажарлаушы т.б. 
Терминдердің  арнаулы  функционалды  стильдің  ерекше 
компоненті  болуы  терминологияның  стильдік  бейтараптылығын 
анықтайды  (термин  ешбір  эмоционалдық  реңкті  білдірмегені 
дұрыс).  Осымен  байланысты  терминнің  жалпы  әдеби  тілдің 
аталымдық бірліктерімен арақатынасы айқындалады (терминдену 
процестері,  бейтерминдену,  жалпы  қолданыстағы  көпмағыналы 
сөздермен қатынасы). Терминологияның жүйелі параметрлерінің 
негізгі  критерийлерін  терминнің  тілдің  стилистикалық 
құрылымындағы  орны,  этимологиясының,  грамматикалық 
құрылымы  мен  сөзжасамдық  парадигма  ерекшеліктері,  лексика-
семантикалық  топтар  мен  категориялардың  байланысы  сияқты 
құбылыстар анықтайды.
Жүйелілік танытатын терминологияның тілдің стилистикалық 
құрылымындағы  орны  әдеби  функционалдық  стильдер 
шеңберіндегі жалпы тілдік қордың жалпы қолданыстағы лексика 
мен  кәсіби  лексика  бөлігі  ортасында  болып  келеді.  Оны  кесте 
түрінде берсек:
Жалпы қолданыстағы лексика            1. Терминология            3. кәсіби лексика 
 
Жалпы қолданыстағы, кәсіби атаулар сияқты жүйелі терминдер 
нақты бір ұғымды білдіргенімен ғылыми, өндірістік ұғымдардың 


187
арнаулы  белгіленуі  болып  табылады.  Кәсіби  сөздерге  қарағанда, 
терминнің қолданыстық аясы әлдеқайда кең және бірнеше елдерде, 
мемлекеттерде белгілі болып келеді.
Кәсіби  сөздер  мен  терминдердің  айырмашылығы  олардың 
сипаттамаларында  айқынырақ  көрінеді.  Кәсіби  сөздердің  жүйелі 
терминдерден өзгешелігі ұжым және белгілі аумақпен шектелуінде 
болып  табылады.  Кәсіби  лексика  терминдердің  қысқартылған 
және  қарапайым  дублет-атаулары.  Кәсіби  лексика  атауларының 
негізінде жалпы қолданыстағы лексиканың басқаша, өзгеше ойлау 
нәтижесі  ретінде  жалпы  қолданыстағы  сөздің  метафоралануына 
келе бермейтін, маңызы жоқ белгілері алынады. Мысалы, каплей – 
капитан – лейтенант (теңізшілердің кәсіби кодификацияланбаған 
ауызекі  сөйлеуінде),  коробка  –  ғимарат  (құрылысшылардың 
кәсіби терминологиялық емес атауы) және т.б.
Жүйелі терминдердің жалпықолданыстық, кәсіби лексикалық 
атаулардан  ең  маңызды,  басты  өзгешелігі  бейэмоционалдылығы. 
Терминде эмоционалдық реңк (семема) пайда болған жағдайда ол 
терминологиялық жүйеден тыс қалып, пассив, жалпы тілдік қордан 
немесе кодификацияланбаған кәсіби сөйлеу жүйесінен орын алады. 
Сондықтан да неологиялық терминжасам сипатын айқындауда кез 
келген жаңа инновацияның термин бола бермейтіндігіне жете мән 
беру қажет.
3.3 Терминжасам тәсілдері және қазіргі терминологиялық 
аталым ерекшеліктері 
Кез келген тілде терминжасам процесі, ең алдымен сол тілдің 
өз сөздік құрамы, ұлттық лексикасы негізінде жүзеге асырылады. 
Демек,  терминдер  тілде  бұрыннан  бар  сөздер  мен  түбірлерден 
жасалады.  Осыған  орай,  терминдер  қатарында  сол  тілге  тән  әр 
түрлі  құрылымдылық  типтері  кездеседі:  түбір  сөз,  туынды  сөз, 
күрделі сөз, сөз тіркесі және т.б. 
Академик  Ө.Айтбайұлы  «Қазақ  сөзі»  атты  еңбегінде  қазақ 
тіліндегі  терминжасам  тәсілдері  мәселесіне  кеңінен  тоқталады: 
«Жаңа  термин  жасаудың  тілдерде,  оның  ішінде,  әсіресе  түркі 
тілдерінде  қалыптасқан  мынадай  бірнеше  жолын,  алдымен, 
атап  көрсетуге  болады:  семантикалық  тәсіл,  морфологиялық 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау