166
ұғынып, соны беруге ұмтылатын аударма болып саналады деп
ойлаймыз. Мазмұн қазақ тілінде қалай берілу керектігін ескере
отырып жеткізілсе, қазақ тілінің сөйлем сақталып, мазмұнға
нұқсан келмеген болар еді. Бұл процестің кең етек алуына әсер
етіп отырған қозғаушы күштер де жоқ емес. Соның бірі – орысша
ойлайтын, орыс тілді басшылардың немесе орыс тіліндегі нұсқа
мен қазақ тіліндегі нұсқаның сөзбе-сөз сәйкес келуін талап
ететін, маманға сенім білдірмейтін басшылардың әрекеті. Мұндай
әрекеттер маманды қате аудармаға итермелеп, мазмұнды беруден
гөрі, қалыпты (форманы) сақтауына, нәтижесінде сапасы төмен
аударма жасауына ықпал етеді. Осы сияқты дәйектер қазіргі кезде
жарнама материалдары мен құжаттарда, кейбір ғылыми әдебиеттер
мен нұсқаулықтарда жиі кездесіп отыр.
Қазіргі іс жүргізудегі аударма материалдарды былай
топтастыруға болады: а) салалық құжаттар тіліндегі оралымдардың
аудармасы; ә) салалық кәсіби сөздердің аудармасы; б) жекелеген
жаңа сөздердің аудармасы (қазіргі тіл білімінде терминдердің бір
түрі ретінде пайда болып, жасалып, өзге тілдерден алынып жатқан
ұғымдарды неонимдер деп атайды – Е.Ә.); в) салалық терминдердің
аудармасы және т.б. деп топтастырып көрсетуге болады. Осының
барлығын терминдер, термин сөздер, терминдік бірліктер ретінде
қабылдайтындығымыздан, барлығын да терминдердің мәселелері
ретінде қарап жүргеніміз тағы бар.
Дегенмен, аударма мәселелеріне байланысты тиімді болу үшін
бірқатар жиі құрылымдардың аудармасына байланысты ойларды
да қозғап өткен орынды. Құжаттар тілінде жиі кездесетін және
әртүрлі қолданыс тауып жүрген сөздердің бірі – «бекітілді» сөзі
және онымен байланысып тұратын сөйлем құрылымдары. Орыс
тіліндегідей қалыпта көбінесе бұл сөзді БЕКІТІЛДІ, БЕКІТЕМІН
немесе БЕКІТІЛГЕН деген нұсқада береміз де, астына сөйлемі
байланыспай тұрса да «Ғылыми Кеңес шешімімен», «Басқарма
мәжілісінің шешімімен» деп аяқталмаған құрылым бере қоямыз
да, оның астына күн мерзімін тағы да байланыстырмай береміз.
Біздіңше дұрысы орыс тіліндегі қалыпты сақтамай, мына үлгіде
берген орынды: «2008 жылғы 12 тамыздағы Ғылыми Кеңес
шешімімен БЕКІТІЛДІ» деп байланыстыра берген бұрыштама
дұрыстау болған болар еді.
167
Сондай-ақ, жөнінде, жөніндегі, туралы шылауларының
қолданысы да алуан түрлі. Бұл орайда бұйрықтардың
тақырыптарын жазуда туралы шылауын қолданған орынды.
Мысалы: Тәртіптік жазаға тарту туралы, Жұмысқа қабылдау
туралы, Іссапарға жіберу туралы және т.б. Ал жөніндегі шылауы
сөйлем жүйелерінің ішінде қайталамау мақсатында немесе сөйлем
байланысының қолайлығына қарай туралыны ауыстыратын тілдік
бірлік ретінде құжаттарда екінші санатта қолданылатын бірлік
болып саналғаны дұрыс. Қысқасы, белсенділігі жоғары және
құжаттар тіліне жақынырақ нұсқасы – туралы.
Сонымен бірге мекемелердің ішкі құрылымдарын беруде
жөніндегі шылауының қолданысы мекемелердің ішкі құрылымдық
бөлімшелерінің атауларын аударуда, беруде жиі қолданылады.
Осыған байланысты атаулардың аудармасында аталған шылау
бірде қолданылса, бірде қысқартылып, түсіріліп қолданылады.
Мысалы: Управление по работе с персоналом – Персоналмен
жұмыс істеу басқармасы немесе Персоналмен жұмыс істеу
жөніндегі басқарма; Управление безопасности – Қауіпсіздік
басқармасы – Қауіпсіздік жөніндегі басқарма.
Сонымен бірге работник сөзін жұмыскер деп аударып,
жұмысшы деген жалпы атаудан бөлектеп алған орынды.
Қазіргі кезде аударуға қиын соғып отырған сөздердің бірі –
пилотный: пилотный проект, пилотная зона, пилотные версии
және т.б. Пилотный сөзін жобалық нұсқа деп аударуға болады,
дегенмен, пилотный проект тіркесін аударуда жобалық сөзін
екі рет қолдану орынсыз болып табылады және түсінікті бола
алмайды.
Мақсатында, үшін бірліктері құжаттар лексикасында, әсіресе,
хаттар мен бұйрықтарда, өкімдерде жиі қолданылады және бір-
бірінің орнына жұмсала береді. Дегенмен, мақсатында сөзінің
қолданыстағы белсенділігі басымдау болып саналады. Құжат
тілінің түсініктілігін қамтамасыз ету үшін сөйлем жүйелерінде заң
талаптарын орындау мақсатында, іс-шаралар өткізу мақсатында,
біліктілігін артыру мақсатында, бюджеттік жоспарлауды
оңтайландыру мақсатында, жоспардағы қаржыларды үнемдеу
мақсатында және т.б. нұсқаларда қолданылады. Бұл екі бірлік
қайталаудан қашу мақсатында, бір күрделі сөйлемнің ішінде
168
мақсатты білдіретін екі тілдік оралым қатар келген жағдайда бір-
бірін алмастырып, екі нұсқасы да қолданылады. Мысалы: Еңбек
өніміділігін арттыру үшін жұмыскерлерге бір мезгілдік сыйақы
төлеу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН.
Құжат лексикасында, әсіресе, орыс тілінен аударылған
сөйлемдерде байланысты, бойынша тілдік бірліктері және онымен
байланысты тілдік оралымдар жиі қолданылады. Әсіресе, в связи,
поскольку, из-за того сияқты оралымдарды байланысты, кейде
ауыстыру үшін себепті сөздерімен берсе, по вопросу, по приказу,
по подразделениям деген сияқты оралымдарды бойынша арқылы
беру жиі қолданыс тапқан.
Әр түрлі қолданыстарына байланысты осы сияқты аудару қиын
соғып жататын терминдерге тоқтала кеткен орынды.
Мысалы, назначение – мәні, пәні, қолданысы деген нұсқаларда
аударылып жүр. Расында, назначение мақсаты болып аударуға
жақындайды. Ал мақсаты цель ұғымына жақындайды, сондықтан
бұл қолданыс мақсаты дегеннің ұғымын білдіретіндіктен,
қолданысы деп алған орынды. Ал мәні немесе пәні деп алынған
тұстар шартты алынған тілдік тұлғалар болып саналады.
Задачи сөзі міндеттер, объязательства сөзі міндеттемелер
түрінде аударылып, кейде міндеттер мен міндеттемелердің аражігі
ажыратылмай қолданылып жүр.
Квартальный – тоқсандық, ширектік болып екі нұсқада
аударылуда.
Бөлімше сөзі бірде орыс тіліндегі отделение дегеннің ұғымын
берсе, бірде часть дегенді білдіріп, әртүрлі ұғымдарды аудару үшін
қолданылып жүр.
с – по – аралығында (с 12 августа по 6 сентября – 12 тамыз – 6
қыркүйек аралығында)
в разрезе – шаққандағы / бөлінісіндегі
рентабельный – өзін-өзі ақтайтын, өнімді
действие – әрекет
Аударуға қиын соғып отырған, жекелеген аудармашылар
тарапынан әр түрлі аударылып, көбінесе кірме нұсқасында
қолданылып жүрген құжат лексикасындағы сөздерге мыналарды
жатқызуға болады:
Виза – виза, рұқсатнама
Достарыңызбен бөлісу: |