Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет67/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   96

203
адамның мамандығын белгілейтін атау жасалған (досылатель). Ал 
қазақ  тіліндегі  балама  жабдық  атауларының  мағынасын  беретін 
қосымша  арқылы  жасалғандықтан,  ұғымдық  көлемі  жағынан 
сәйкессіздік  танытып,  тіл  қолданысында  орын  тебу  қабілеті 
төмендейді. 
 Семантикалық анықтамасын бірден түсіну қиындық тудыратын 
аталғандар типтес терминдердің қолданысқа түсіп, термин ретінде 
қалыптасуының  бірнеше  мүмкіндіктері  бар:  біріншіден,  бұндай 
сөздер  мағынасы  ұғынықты  болмаса  да,  формалды  құрылым 
ретінде  танылып,  жазу  практикасында  қолданыс  жиілігі  артып, 
формалды  таңба  ретінде  қалыптасуы,  сөйтіп,  терминдік  жүйеде 
орныға алады (салыстырыңыз: қазақ тілінің лексикалық құрамына 
бұдан  оншақты  жыл  бұрын  енген,  араб-парсы  тілдеріндегі 
басты  түсініктемесі  мәтәна  –  жазу  болып  саналатын  мәтін 
деген  сөз  тіл  иелеріне  алғашында  түсініксіз  болып,  әрі  осы 
сөздің  тіркесімділік,  сөзжасамдық  қабілеті  төмен  деген  көп 
уәж  айтылғанына  қарамастан  тіл  практикасында  орнықты). 
Екіншіден,  бұндай  сөздер  заң  құжаттары  арқылы  бекітілуі  де 
мүмкін.  Біздің  ойларымызға  тағы  бір  мысал  өзек  бола  алады. 
Сөз  тудырушы  қосымша  арқылы  жасалған  терминдердің  тағы 
бірі – сазген – фанфарист. Қазақ тіліндегі сөз лексикографиялық 
еңбектерде ұшыраспайды, өйткені сазген – бұдан жарты ғасырдай 
уақыт бұрын жетіген сөзінің үлгісімен жасалған жаңа сөздердің 
бірі болды; бұл аспаптың, жабдықтың аты емес, абстрактілі ұғым 
(саз+ген ); ал фанфарист – трубач, играющий на фанфаре – на 
духовом музыкальном инструменте [91, СРЯ, ІV, С.553]. Ғылыми-
көпшілік стильдің нормаларымен түсіндіргенде, сазген деген сөз 
естілгенде, оқылғанда, нағыз тіл иесінің санасында саз аспабының 
түрі немесе оны меңгерген адам емес, керісінше, ұлттық музыкаға 
қатысты абстрактілі ұғым елес береді. 
Әскери  іс  саласына  байланысты  терминдер  корпусының 
жасалу жолдары, нормаға қатысы, әсіресе олардың семантикалық 
анықтамаларының түпнұсқа тілдегі негізгі ұғымға тұспа-тұс келуі 
жөнінде талдау жасау арқылы төмендегілер тұжырымдалады:
-  екітілді  терминологиялық  сөздіктерде  балама  ретінде 
ұсынылған  сөздің  түсіндірмесін,  лексикалық  сипаттамасын  беру 
міндеті көзделмейді;


204
- дегенмен қазіргі қазақ әдеби тілінің терминдік жүйесін оңтайлы 
қалыптастыру және жетілдіру үшін тиімді тәсілдердің бірі – төл 
сөздің  ішкі  мағыналық  мүмкіндіктерін  игеру  процесінде  балама 
ретінде ұсынылатын тілдік бірліктің референциалды мағынасымен 
қатар  басқа  да  күллі  қосымша  мағыналарын,  кей  жағдайда  тіпті 
коннотацияға  ие  реңктерін  ескеріп  отыруға  тура  келеді.  Өйткені 
типологиялық құрылымы әр басқа тілдердің арасында сөз, тұрақты 
тіркес,  яки  морфема  сияқты  тілдік  бірліктердің  референциалды 
мағыналары  толық  сәйкес  келетін  тілдер  кездеспейді.  Әрине, 
қазақ  және  орыс  тілдерінің  арасындағы  ғасырлар  бойғы,  тіпті 
бірқатар  онжылдықтарда  барынша  қарқынды  болған  байланыс, 
халықтар арасындағы тығыз тілдік контактіні айқындайтын тілдік 
жағдаяттың ықпалынан қазақ тілінде орыс тіліндегі единицаларға 
толық сәйкес бола алатын тілдік бірліктер қалыптасты (мыс., сөз 
тудырушы қосымшалардың өнімділігінің артуы; сөзбе-cөз аудару 
арқылы жасалған күрделі тұлғалар). Дегенмен бірқатар сөздердің 
екі  тілдегі  референциалды  мағыналары  сөздіктерде  дәлме-дәл 
келгенімен,  тіл  қолданысқа  түскенде,  мазмұн  межесімен  (план 
выражения)  салыстырғанда,  сөздер  семантикалық  реңктері, 
топтасуы, басқа тілдік бірліктермен тіркесуі арқылы жаңа мағына 
тудыруы  жағынан  алшақтап  кетеді.  Осы  себепті  қандай  да  бір 
қазақ  сөзін  термин  ретінде  ұсыну  ісінде  оның  семантикалық 
анықтамасының барлық қыры толық ескерілуі қажет деп саналады.
-  Мемтерминком  бекітіп,  лексикографиялық  басылымдар 
арқылы  ұсынылған  терминдердің  –  оның  ішінде  қазіргі  тілдік 
қауымға  бейтаныстау,  көнерген  сөздер,  диалектизмдер,  сирек 
қолданылатын сөздер, этимологиясы көмескіленген сөздер тобынан 
алынған терминдік атаулардың – барлығы да бірдей семантикалық 
анықтамасында  алшақтықтар  болғандықтан,  мүлдем  қолданысқа 
ене алмайды деуге де болмас. Әдеби тілдің активті қорында жоқ 
тілдік бірліктердің термин ретінде қалыптасуына ықпал жасайтын 
факторлар  –  олардың  тілдік  таңба  ретінде  қолданыс  жиілігінің 
артуы,  жазба  тіл  арқылы  қолданылуы  қарқындап,  ауызша  әдеби 
тілде жұмсала бастауы, эстетикалық ұстанымға сәйкестігі, басқа 
функционалдық  стильдерде  (әсіресе  баспасөз  тілінде)  көрініс 
табуы,  басқаша  айтқанда,  таралу  кеңістігінің  ұлғаюы  және  бұл 
ретте мерзім параметрін де атауға болады (яғни термин біршама 
мерзім бойында жұмсала келіп, дағдылы нормаға айнала алады). 


205
3.6  Нормативтік-жарлықшы  құжаттар  терминдерінің 
аударылуы 
Қазақ әдеби тілінің сөзжасам амал-тәсілдері, олардың белсенді 
немесе  пассивті  нысандарының  қай-қайсысы  да  болмасын, 
соңғы  жылдары  термин  қалыптастыру  ісінде  барынша  жандана 
түсті.  Белгілі  ғалым  Ө.Айтбайұлы  терминжасам  амалдарының 
төмендегідей түрлерін көрсетеді:
-  семантикалық (лексика-семантикалық тәсіл);
-  морфологиялық (синтаксистік) тәсіл;
-  сөз қабылдау;
-  калька тәсілі [53, 206-207-бб.].
Аталған  тәсілдердің  термин  түзу  ісіне  араласуына  қатысты 
зерттеулер  жеткілікті  және  оларда  мәселе  бүге-шігесіне 
дейін  талданған  деп  есептеуге  болады.  Біз  өз  тарапымыздан 
терминжасамдағы  бірқатар  амал-тәсілдердің  үлес-салмағының 
қаншалықты  екендігін  фактографиялық  тұрғыдан  дәлелдеу 
мақсатында мысалдарды топтап көрсетеміз және қажетті тұстарда 
өз пікірімізді тұжырымдаймыз.
Ең  бірінші  мәселе  –  тікелей  сөз  қабылдау  (заимствование) 
процесіне қатысты.
Ғалымдар ресми ісқағаздарының негізгі құрамын орыс тілінен 
енген терминдер құрағанын көрсетеді: «Изменение и пополнение 
словарного состава», - деп жазады 20-30-ыншы жылдардағы ресми 
ісқағаздарының  тілін  зерттеген  Н.Ерғазиева,  –  «в  области  ОДР 
произошло в основном за счет заимствований из русского языка» 
[93, 11-б.]. Бұндай сипат ұзақ уақытқа дейін жалғасты, қазіргі кезде 
де тікелей қабылданған сөздер ресми құжаттардың өз терминдік 
жүйесінде де, сондай-ақ әрбір құжаттың тақырыптық-мазмұндық 
ерекшеліктеріне қарай да көп қолданылады. Мыс., акцент, акция, 
акт,  библография,  бланк,  ведомство,  голограмма,  грамота, 
дебет,  дебитор,  департамент,  диаспора,  дипломатия,  имидж, 
идиограмма,  импичмент,  импорт,  ипотека,  кандидатура,  кадр, 
карточка,  комиссия,  клиент,  клиринг,  код,  паблисити,  патент, 
пломба, плакат, ранг, рапорт, радиограмма, рейтинг, референдум, 
ротация,  сертификат,  смета,  статистика,  табуляграмма, 
тариф, телетайп, телефакс, файл, факсимиле, формуляр, филиал 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау