Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет81/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   96

246
Абайдың  көркем  аудармадағы  еркіндігін  автор,  негізінен,  екі 
түрлі себеппен түсіндірген. «Оның біріншісі және ең үлкен себебі, 
– дейді ол, – Абай орыс жастарының сезім-сырларынан, өмір түйін 
тағдырынан,  өзінің  жас  оқушысына  үлгі  боларлық  тәлім-тәрбие 
бермекші  болады.  Екінші  себебі  бұл  уақытта  Абайдың  ақындық 
аударма  турасындағы  түсінігі,  көзқарасы  өзінше,  өзгерек  болған 
тәрізді.  «Ескендір»  поэмасының  тақырып  желісін  Низамиден 
алып,  көп  өзгертіп  жырлағаны  сияқты,  Абай  бұрын  өзі  білген 
жақын шығыс классик поэзиясында қолданылып жүрген «нәзира» 
жолын қолдана түскен тәрізді». Бұл жолдың мәнісі – аударылатын 
шығарманың  өзінде  бар  «шындық  пен  сырлардың,  халдер  мен 
қасиеттердің  кебін  арқау  етіп  ала  отырады  да»,  аудармашы  өз 
жанынан тағы да тың арман, мақсаттар қосады.
Абайды бұл әдіске итермелеген, жоғарыда айтылғандай, казақ 
жастарына  орыс  жастарын  үлгі  етіп  ұсынғысы  келгендік  еді. 
«Сондықтан Абай үшін опасыз жігіттің қайғылы, күлкілі халінен 
гөрі  оның  шынымен  қателесіп,  бар  жанымен  шын  қамығып, 
өкінгені  қымбатырақ  болды.  Себебі:  ол  кезде  қазақ  жағдайында 
жақсы  қыздың  әзіз  жанын  ұқпай,  мейірімсіз  жарақаттап  кете 
беретін  опасыз  жігіт  былай  да  аз  болмайтын.  Ондайлардың 
өкінішінен де үлгі шықпас еді. Одан да, қаншалық арман қалдырса 
да,  опалы  шыншыл,  қиянатсыз  жігіттің  өкінішін  көрсету  абзал 
болды» Абай үшін.
Осыдан келіп, автор Абайдың Онегин кейпін өзгертіп аударуы 
оның  мәніне  жетпей  ұшқары  түсінгендігі  емес,  өзінің  алдына 
қойған  шығармашылық  мақсатына  бейімдегендік  деп  түйеді. 
Онегиннің  ішкі дүниесін ұғуда Абайдың Белинский  тұрғысынан 
келгенін автор нақтылы мысалдармен дәлелдейді.
Абайдың  Татьяна  мен  Онегин  сырларын  шертудегі  ақындық, 
шеберлік,  ізденушілік  өнерін  Әуезов  ерекше  жоғары  бағалаған. 
«Бұл  екеуінің  хаттарындағыдай  соншалық  көркем  шыққан 
туындыны 1889 жылға дейінгі, яғни бұл аудармалардың жасалуына 
дейінгі Абайдың өзі жазған өлендерінен де кездестіре алмайсың», 
-  дейді  ол.  Авторды  ақынның  бұл  аудармаларда  жаңа  түр,  жаңа 
ырғақтар  тапқандығы,  ішкі  сезім  дүниесін  толғауға  келгенде 
небір соны теңеулер мен әсем сөздер қолданғаны, сөйтіп, әр қазақ 
ұғымына соншалық шебер үйлестіру арқылы «Татьянаның тілімен 
қазақ қызының жүрегіне қоса тіл бітіргені» масаттандырады.


247
«Абай  өзінің  шебер  аудармаларымен  Пушкиннің  бұл 
шығармаларындағы  орыс  топырағынан  өрбіген  жалпы  адам 
баласының  қасиеттерін  ашты,  Татьяна  мен  Онегиннің  қай 
жерде, қай ортада болса да, сырлас, үндес жандарын табатынын 
көрсетті»  дейді  автор  және  ол  бұл  мәселеге  де  үлкен  мән  берді. 
Сөйтеді де, «Пушкинді дәл аударушылар бола берер, бірақ жаңағы 
айтылғандай, оның романының ішіндегі үлкен ой, сирек сезімдерді 
Абайша жеткізіп, көріктеп беру, көп табыла бермес» деп қорытады 
(Сонда,157-бет).
Жеке  теңеулерге  келгенде  М.Әуезов  Абайдың  кейде  Татьяна 
мен  Онегин  шындықтарына  үйлеспейтін  сөздерді  де  қолданып 
жіберетінін  көреді.  Мәселен,  «Мехрабымсың  бас  ұрамын»...  деп 
келетін  өлеңдегі  «мехраб»  деген  мұсылман  дінінің  ұғымындағы 
сөзді  тең  етіп  алуына  тоқталады  да,  бұл  аудармашы  тарапынан 
өз  оқушыларына  екі  жастың  сезімін  жеткізу  үшін  өз  білген 
сөз  асылын  аянбай  жұмсағысы  келгендік  еді»,  –  дейді.  Бірақ 
«әрине, мұнда діндік ұғым-сөздікті алмай, осындай күшті жайды 
білдіретін  халықтық  ұғым-сөздікті  алу  әлдеқайда  орынды  болар 
еді» – дегенді айтады. Сондай-ақ
 
 «Қаймақ еді көңілімде,
Бізге қаспақ болды жем», -
дейтін теңеу жайында да бұрынғы пікірін қайталап, дворян қызы 
Татьянаға «қазан қырғызып қоюдың» жарасымды емес екенін тағы 
ескертеді.
Бұдан  кейін  автор  Абайдың  Лермонтовтан  жасаған 
аудармаларын  талдауға  көшеді.  Абай  Лермонтовтан  не  бәрі 
жиырма жеті өлең, үзінділер аударды дегенді айтады.
Бұл аудармалардың ерекшелігі сол – мұнда Абай «анық шебер 
аудармашының өзі болып еңбек етеді». (Сонда, 159-бет). Сонымен 
бір айта кететін нәрсе – Лермонтовты аудару арқылы Абай Батыс 
классиктерінің де ой әлеміне енуге мүмкіндік тапты.
М.Әуезов Абайдың бұл еңбектерін талдауда шынайы ғалымдық 
тереңдік  көрсеткен.  Ең  алдымен  ол  Абай  аудармаларының 
түпнұсқалық  негіздерін  анықтайды,  оған  қай  аудармасының 
қаншалық  дәл  келетінін,  қай  жерде  қаншалық  ойысып  кететінін 
көрсетеді.  Сондай-ақ,  автор  Абайдың  Лермонтов  сарынымен 
жазған кейбір өз өлеңдерінің ішінде орыс ақынының бірен-саран 


248
өлең жолдары еніп кеткен жерлерін де тапқан. (Мысалы: «Көлеңке 
басын  ұзартып»..,  «Ауру  жүрек  ақырын  соғады  жәй»...,  «Әм 
жалықтым, әм жабықтым...» деген сияқты өлеңдері).
Нақ  осы  жерде  Мұқаңның  аса  бір  құнды  пікіріне  айырықша 
тоқталмасқа  болмайды.  Бізде  соңғы  жылдары  Абай  аударма-
шылығын зерттеген кейбір жолдастар тым асыра сілтеп жүр. Олар 
аудармадағы  Абай  өрісінің  кеңдігін  көрсетеміз  деп,  оның  ұлы 
ақындармен үндесіп жатқан кейбір өз өлеңдерін де оп-оңай аударма 
қатарына  қоса  салады.  Әрине,  онымен  Абайдың  нағыз  кемеңгер 
ұлт ақыны ретіндегі ұлылығына нұқсан келе қоймас. Қайта оның 
аудармаға  көбірек  барғанын,  орыс  және  дүниежүзі  классиктерін 
казақжұртшылығына неғұрлым кеңінен таныстыруға күш салғанын 
көрсету – мәртебесін онан сайын көтере түсетін нәрсе.
Дегенмен  де  әр  нәрсе  өзінің  жүйелі  орнын  табуы  керек  қой. 
Айталық,  қай  халықтың  жағдайында  болса  да,  белгілі  бір  өмір 
шындығының,  кейде  бір  ұлы  ақын  айтып  кеткен  теңеулер  мен 
қанатты  сөздердің  екінші  бір  ұлы  адамның  аузымен  қайталанып 
келетін  кездері  болады.  Міне,  осындайдың  мысалын  біз  ұлы 
Абайдың  мұрасынан  да  кездестіреміз.  Әрине,  бұл  аударма  емес, 
жоғарыда  айтылғандай,  орыстың  ұлы  ақындарымен  мұңдасып, 
үндесіп,  іштей  ұласа  табысып  кеткендіктің  бір  көрінісі  сияқты 
нәрселер.
Абайдың  осындай  бір  топ  өлеңдеріне  талдау  жасай  келіп, 
М.Әуезов:  «Тегінде,  жаңағындай  өлеңдерді  Абайды  аударма 
демей»,  «Лермонтовтың  ізімен»,  не  «Лермонтовша»  деп  жіктесе 
де болар еді», - дейді. (Сонда, 160-бет). Бұл ойын дәлелдеу үшін ол 
Байронның  «В альбом» деген өлеңін Лермонтовтың аударғанын, 
ал  кейін  тағы  да  «В  альбом»  деген  атпен  өзі  жазған  өлеңде  сол 
аудармадағы  сарынды  басқаша  көрсетеді.  Бірақ  орыс  қауымы 
Лермонтовтың соңғы өлеңін аударма деп жүрген жоқ. Олар оны 
Байрон сарындас өлең деп атайды. Нақ осындай жағдай Абайда да 
болған. Сондықтан, ондай өлеңдерді біз де аударма демей, белгілі 
орыс  классиктерімен  сарындас  шыққан  өлеңдер  деп  қарауға 
тиістіміз.
Осылай етіп Абай аудармаларының басын ашып алғаннан кейін, 
автор  Лермонтовтан  жасалған  анық  аудармалардың  көркемдік, 
поэзиялық қасиеттерін талдауға көшеді.


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау