Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет78/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   96

237
қайраткерлерінің де назарын мықтап аударғандығы белгілі. Кеңес 
жазушыларының  Бүкіл  одақтық  екінші  съезінде  оның  П.Анто-
кольский  және  М.Рыльскиймен  бірігіп  жасаған  баяндамасы 
социалистік реализм әдебиетінің үлкен саласы болып табылатын 
көркем аударма жөніндегі аса маңызды тарихи құжат болып қалды.
Демек, М.Әуезов сынды үлкен қайраткердің бұл жайындағы әр 
мезгілде айтқан пікірлерін қорытып, оның алға қойған қағидаларын 
анықтаудың маңызы біз үшін де, болашақ ұрпақ үшін де өте зор.
Әуезовтің  көркем  аударма  туралы  ойларын  жалпы  қазақ 
әдебиетінің  даму  тарихымен  байланыстыра  қарау  керек. 
Біздің  әдебиетіміз  бен  мәдениетіміздің  дамуына  әрқашан  орыс 
мәдениетінің  ықпалы  тиіп  отырғандығы  анық.  Ал  сол  ықпал, 
көбінесе  аударма  арқылы  жасалған.  Осыны  көре  білген  ғалым 
Әуезов қазақ әдебиеті мен әдеби тілінің дамуы жолындағы белгілі 
бір кезеңдерде көркем аударма туралы ой қозғамай қалған емес.
Қазақ  әдебиетінде  көркем  аударма  тәжірибесі  өте  арыдан 
басталады.  Бізде  тек  орыс  тілінен  аударудың  өзінің  жүз  жылға 
жуық  тарихы  бар.  Сондықтан  аудару  қағидалары  жайындағы 
кейбір  пікірлерді  біз  өткен  ғасырдың  аяқ  шеніндегі  Қазақстанда 
шыққан ресми баспасөзден де кездестіреміз.
Бірақ  аударманың  әр  алуан  мәселелерін  ғылыми  тұрғыдан 
ойластыру,  оның  әдіс-тәсілдерін  анықтап,  шеберлігіне  үңілу 
әрекеті  тек  отызыншы  жылдардың  екінші  жартысынан  бергі 
жердегі еңбектерден ғана ұшырайды.
1937 жылы бүкіл кеңес халқы орыстың ақыны А.С.Пушкиннің 
қайтыс болуының жүз жылдығын кең түрде атап өтті. Оған бізде де 
алдын ала үлкен әзірлік жасалып, ақынның мол мұрасын жаппай 
аудару ұйымдастырылды. Бұған сол кездегі қазақ әдебиетінің бар 
күші  жұмылдырылды.  Басы  Ілияс  Жансүгіров  болып  көрнекті 
қазақ ақындары Пушкинді аударумен шұғылданды.
Нақ  осы  уақытта,  яғни  кемеңгер  ақынның  мерекесін  өткізу 
әзірлігінің  енді  қыза  бастаған  кезінде  М.Әуезовтің  «Пушкинді 
қазақшаға  аудару  тәжірибелері  туралы»  деген  мақаласы 
жарияланды. Бұл өзі автордың қазақ әдебиеті үшін, атап айтқанда, 
қазақтың көркем аударма мәдениеті үшін үлкен бір белес болғалы 
тұрған тарихи кезеңнің мәнін ұға отырып, соған атсалысушыларға 
көмек болсын деген оймен әдейі жазған мақаласы еді.


238
Автор  мұнда  Пушкин  шығармаларын  казақшаға  аударудың 
тарихын  шолып,  бұрынғы  аудармаларға  қысқаша  баға  беріп 
кетеді. Ол ең алдымен Абайды алады. Қазақта Пушкинді алғаш рет 
аударғысы келген ақын Абай екенін, оның қолға алғаны «Татьяна-
Онегин»  болғанын,  бірақ  Пушкиннің  өз  ізін  қумай,  тек  қыз  бен 
жігіт  арасын  баян  етуді  ғана  көздегендіктен,  аудармашының 
мазмұн жағынан да, түр жағынан да Пушкиннен алыстап кеткенін 
айтады.  Автор  Пушкиннің  «Евгений  Онегинін»  Абай  аудармасы 
тұрғысынан  сөз  еткенде,  әдейі  «Татьяна-Онегин»  деп  отырады. 
Өйткені  Абайда  бұл  поэма  қыз  бен  жігіттің  хаттары  ретінде 
ғана  баяндалған.  Осылай  берілген  төрт  хаттың  тек  біріншісі, 
яғни Татьянаның алғашқы хаты ғана Пушкиннің ізімен шығады. 
Содан басқа үш кезеңнің үшеуін де Абай Пушкиннен аудармайды
соның  сарынымен  өзінше  жазып  шығады.  Сондықтан  Абайдың 
жігіті  Пушкиндегідей  опасыз,  тұрақсыз  жігіт  емес,  үлгілі  жігіт, 
қызы  биязы.  Ол  сүйсең  осылардай  сүй  деп  отыратын  сияқты. 
Сөйтіп, Абай бұл аудармада Пушкин шығармасының қонысын да, 
кұбылысын да өзгертіп жіберген, − дейді автор. Сонан соң тілдегі 
теңеулерінде де:
 «Қаймақ еді көңілімде,
Бізге қаспақ болды жем», –
деген сияқты «Татьянадай француз романын бойтұмар қып жүрген 
помещик қызына қаспақ қырғызып, қаспақ жегізіп қояды», – деп 
Абайдың аудармада тым еркін сілтеп кететін жерлеріне разы емес 
екенін білдіреді.
Қысқасы М.Әуезов аудармада Татьяна мен Онегин хаттарындағы 
Абай  қолданған  тәсілді  біздің  заманымыздағы  аудармашылар 
үшін үлгі етіп ұсына алмайды. Сөйтіп, «Евгений Онегиндей» ұлы 
шығарманың жаңа аудармасын жасауға шақырады.
Бұл  мақаладан  біз  М.Әуезовтің  прозалық  шығармаларды 
өлеңмен  аудару  әдісіне  қалай  қарағанын  да  байқаймыз.  Ол 
Пушкин  прозасынан  «Дубровский»  мен  «Боранды»  («Метель») 
өлеңмен  аударған  Шәкәрімнің  тәжірибесіне  тоқтайды.  Мұнда 
Пушкин әңгімелерінің құр желісі ғана болмаса, көркемдігінен, тіл 
кестесі, үлгі-өрнегінен ешнәрсе сақталмағанын айта келіп, автор 
«қарасөзді әңгіме басқа тілге өлең боп құбылып түскен соң, онда, 
әрине, Пушкиннің тамтығы да қалмайды. Сондықтан бұл сияқты 


239
«аударманы» да лайықты әдіс, орынды үлгі деп айтуға келмейді» 
деп түйеді.
М.Әуезов  алашорда  жазушыларының,  оның  ішінде 
Бөкейхановтың  Ленин  еңбектерін,  Л.Н.Толстой  шығармаларын 
аударғанда  өз  жандарынан  сөз  қосып,  аудармашылықтан 
гөрі  тілмаштыққа  қарай  ойысып  кететінін  сынайды.  Мұндай 
аударма  жазушының  айтамын  дегеніне  тілмаш  болып,  қазақша 
өзім  түсіндіремін  деуден  туғанын  дәлелдейді.  Бұл  жерден 
біз  М.Әуезовтің  көркем  аудармада  түпнұсқаны  оңайлатып, 
жабайландырушылыққа  мүлдем  қарсы  екенін  аңғарамыз.  Ол 
жазушының  тың  теңеу,  бейнелі  образ  есебінде  айтқан  сөздерін, 
жаңадан  қиыстырған  тамаша  өрнегін  қазақтың  көпке  мәлім,  сан 
рет  қолданылып,  сонылығынан  айырылған  мақал-мәтелдерімен 
ауыстыра салуды аудармадағы кертартпалық деп, «әр әдебиеттің, 
әр  жазушының  өзінше  теңеуі,  ұлағаты,  сөз  мәдениеті,  үлгі-стилі 
бар дегенмен есептеспей, оның бәріне жауап ұратын, қазақ тілінің 
көлемінде  менің  топас  іске  күшім  бар»,  ...  деп  кеуде  соғатын 
надандықтың  бір  көрінісі  деп  білді.  Бұл  әдіспен  аударғанда, 
түпнұсқаның авторлары өз ерекшеліктерінен жұрдай боп, бәрі де 
бір қалыпқа түсер еді де, тек бір өлшемнен ғана шығып отырар еді 
дегенді айтады ол.
Осындай  қорытындылар  жасай  келіп,  автор  Пушкин 
шығармаларының  Ілияс  Жансүгіров,  Тайыр  Жароков,  Ғали 
Ормановтар жасаған жаңа аудармаларына ойысады. Олардағы жаңа 
беталысты қолдайды. Бұл беталыс – әрбір автордың өз ерекшелігін 
сақтауға тырысу, түпнұсқадағы көркем теңеулерді казақ тілінің ескі 
қолданысында әбден мәлім болған көне теңеулермен ауыстырып 
қана  қарап  отырмай,  әрқайсысының  өзіне  тән  кесте-өрнектерін 
өз түрінде келтіре білу, сөйтіп, жаңа қазақ тілінің икемділігі мен 
орамдылығын, көріктілігін көтеру бағытындағы беталыс еді.
Әуезов  Пушкиннің  жаңа  аудармаларынан  осындай  нышанды 
көріп  қуанады.  Бұдан  былайғы  аударатындар,  бұл  жайды  құр 
теңеу жөнінде ғана еске алмай, кеңейте, тереңдей түсініп, Пушкин 
өлеңдерінің  ұйқасымын,  сөз  байлығын,  ой  тереңдігін,  қысқасы, 
оның стиль ерекшеліктерін дәл түсіруді негізгі әдіс етіп қолдануға 
шақырады.  Бұл  жалпы  көркем  аудармаға  қойылатын  талап  және 
бірден бір дұрыс талап еді. Кейін М.Әуезов өзінің бүкіл өмірінде 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау