Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет56/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   96

169
Сопровождение – қолдау, қолдау көрсету, ілеспе
Пилотный – жобалық, жоба алды, жоба түріндегі
Филиал, директор – филиал, бөлім, бөлімше, директор, мүдір
Конфигурация – құрылымдық белгілер, ерекшеліктер, жүйелік 
белгілері 
Настройка  –  құрылымдастыру,  түзетпе  жасау,  тетіктеу, 
тетіктестіру (дұрысырағы тетіктеу – Е.Ә.)
Процесс – процесс, процес, барысы
Акция – акция, бір мезгілдік іс 
Пункт – пункт, орын
Адресная  книга  –  адрестік  кітабы,  анықтамалық  кітап, 
анықтамалық
Биржа – биржа
Агентские  услуги,  курьерские  услуги  –  агенттік  қызмет, 
курьерлік  қызмет  –  тасымалдау  қызметі  –  услуга  доставки  – 
жеткізу қызметі, жеткізіп тапсыру қызметі
Персонал, кадр – персонал, кадр, маман, жұмыскер
Норма, норматив, балванка – норма, норматив, балванка.
Мекемелер мен кәсіпорындарда бірінші басшының лауазымына 
немесе  басшылық  құрам  өкілдерінің  лауазымдарына  айрықша 
мән  беру  үшін  Басқарма  Төрағасы,  Басқарма  Төрағасының 
Бірінші  орынбасары  сияқты  қолданыстарды  орфографиялық 
заңдылықтарға сай келмейтін тыс бас әріптестермен жазу процеске 
айналып  барады.  Бұл  да  қателік  болып  саналады.  Әрбір  мәтін 
жазушылардың, әрбір мекеме ішіндегі жеке заңдылықтардың болуы 
тілдегі бейберекеттікті тудырып, сауатсыздыққа итермелейді. 
Мекемелерде құжаттар тілінде сөздерді, атауларды қысқартып 
қолдануға  деген  бейімділік  байқалады.  Осы  орайда,  кейбір 
сөздердің  қысқартылуы  түсініксіз  болып  қала  берсе,  кейбір 
қысқартулар  бірдей  нұсқада  болып  шығады.  Мысалы:  ҚҚБ 
–  құқықтық  қамтамасыз  ету  басқармасы,  ҚҚБ  құжаттық 
қамтамасыз ету бөлімі.
Және  шылауының  қолданысы  да  талдап  өтуді  қажет  етеді. 
Бірыңғай мүшелермен, бірыңғай жай сөйлемдер жүйесімен келген 
кезде  және  шылауын  соңғы  бірыңғай  тілдік  бірліктің  алдында 
көрсетіп, оған дейін үтірлерді қолданған орынды. Мысалы: Төраға 
орынбасарлары,  бас  бухгалтерлер  және  құрылымдық  бөлімше 
басшылары.


170
Жекелеген  сөздердің  қолданысына  байланысты  мынандай 
аудармаларды ұсынуға болады: 
Согласовано – келісілді
Узел – торап 
Курирующий руководители – басқарушы басшы
Земной транспорт – жер көлігі
Авиатранспорт – әуе көлігі
Предсертификационный, 
предаттестационный, 
предпоследний  –  сертификаттау  алдындағы,  аттестаттау 
алдындағы, соңғының алдындағы 
Факты – дәйек
Положение, Правила – Ереже; 
Учитывая – ескере отырып, 
Привлекать к дисциплинарной ответственности – тәртіптік 
жауапкершілікке тартылсын
Дисциплинарное взыскание – тәртіптік жаза.
Осымен бірге қазіргі аудармаға жетпей жатқан тілге түсінікті, 
қарапайым  стильмен  беруге  ұмтылу,  сөйлемнің  жатықтығы  мен 
сөздердің  арасындағы,  сөйлемдердің  арасындағы  байланыстың 
болуы сияқты талаптарды айта кеткен орынды. 


171
ІІІ ТЕРМИН ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ, 
ТЕРМИНДЕРДІҢ АУДАРЫЛУЫ
3.1 Термин қабылдаудағы қағидаттар
3.1.1 Елдес Омарұлы ұсынған қағида
2
1924  жылдың  маусым  айында  Орынборда  «Қазақ  ғылыми 
қызметкерлерінің 1 – съезі» болып, онда қазақ терминологиясын 
қалыптастырудың  алғашқы  қағидаттары  бекітілді.  Съезде 
терминологияны  қалыптастырудың  басты  қағидаттарын  белгілеу 
жөніндегі  баяндаманы  Елдес  Омарұлы  жасады.  «Қазақша  пән 
сөздер  тақырыпты  Елдестің  баяндамасы»  негізінде  сиез  қаулы 
қабылдады. 
Ол қағидаттар мыналар: 
1.  Қазақша пән сөздері қазақтың өз тілінен алынатын болсын. 
Қазақша сөздерден түбірге жұрнақ жалғап, жаңа сөз шығарғанда, 
– жұрнақтарды елдестің баяндамасында айтылған жолмен талғап 
алуға тиіс. 
2.  Қазақтың  өз  тілінен  табылмаған  пән  сөздер,  басқа  түрік 
халықтарынан ізделсін; басқа түрік тіліндегі пән сөздер – жалпы 
түрік сөзі болып, жат тілдің әсерінен аман болса, – ондай сөздер 
жатырқамай алынсын. 
3.  Иауропа халықтарының бәрінің де тіліне сіңіп кеткен жалпы 
жұртқа ортақ пән сөздер, қазақ тілінің заңдарына келтіріліп, бізге 
де пән сөз болып алынсын, – жалпы Иауропа сөзі мен қазақша сөз 
түбінде екеуі қатар жазылып отыратын болсын;
4.  Қазақтың  өз  тілінен  басқа-басқа  тілдерден  алынған 
пән  сөздер  қазақ  тілінің  баяндамада  байыналап  көрсетілген 
заңдарынша өзгертіп алынсын. 
5.  Қазақша  пән  сөздерін  тексеріп  қабылдап  алатын  орыс, 
қазақша  ілім  кеңесі,  –  жалпы  қазақ  халқы  үшін  жалғыз  болсын; 
пән сөздер әуелі ілім кеңесінің жанында өз пәнінің мамандарынан 
сайланған,  өз  пәнінің  мамандарынан  сайланған,  өз  пәнінің  өзіне 
дербес  кемесиелерде  тексерілетін  болсын;  Кемесиенің  қабылдап 
2
  Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы дамуының сипаты. –Алматы, 2004. –38-бет


172
алған  сөздері  баспасөз  жүзінде  жарияланып,  көптің  сынына 
түскеннен кейін, ілім кемесиесінің қарауына тапсырылып, сонда 
бекіп шығатын болсын;
6. Қазақша  сөздер  әліпби  ретімен  тізіліп,  лұғат  кітебі  болып 
жазылып шығарылсын.
Ескерту:  Мәтін  Ш.Құрманбайұлының  кітабында  жазылған 
үлгісі бойынша берілді
3.1.2 Ахмет Байтұрсынұлы ұстанған қағидаттар
3
А) Ең алдымен термин ретінде ұғым мағынасын толық беретін 
қазақ сөздерін алу. 
Б)  Ондай  сөздер  қазақ  тілінде  болмаған  жағдайда  оларды 
туыстас тілдерден алу.
В) Жаппай қолданылатын әлемдік терминдер қабылдана алады, 
бірақ олар қазақ тілінің табиғатына сәйкес өзгертілуі керек.
Г) Қазақ тілінің табиғатына сәйкеспейтін барлық өзге тілдердің 
сөздері дәл қазақтың айтуына сәйкес өзгертілуі керек. 
Тілдің  міндеті  –  ақылдың  аңдауын  аңдағанша,  қиялдың 
меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. 
Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама қадырынша 
жарайды.  Бірақ  тілді  жұмсай  білетін  адам  табылуы  қиын... 
Сондықтан сөзден жасап сөз шығару деген әркімнің қолынан келе 
бермейді. 
3.1.3 Құдайберген Жұбанов ұсынған қағидаттар
4
Мемлекеттік терминология комиссиясы қолданатын қазақ 
әдеби тілі терминологиясының қағидаттары
(Мәдени  қызметкерлер  съезінде  мақұлданған,  Алматы,  1935 
ж.)
3
  Құрманбайұлы  Ш.  Қазақ  терминологиясы  дамуының  сипаты.  –Алматы,  2004. 
–39-41-беттер
4
 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы: Ғылым, 1999. –528-530-беттер


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау