167
Сондай-ақ,
жөнінде, жөніндегі, туралы шылауларының
қолданысы да алуан түрлі. Бұл орайда бұйрықтардың
тақырыптарын жазуда
туралы шылауын қолданған орынды.
Мысалы:
Тәртіптік жазаға тарту туралы, Жұмысқа қабылдау
туралы, Іссапарға жіберу туралы және т.б. Ал
жөніндегі шылауы
сөйлем жүйелерінің ішінде қайталамау мақсатында немесе сөйлем
байланысының қолайлығына қарай
туралыны ауыстыратын тілдік
бірлік ретінде құжаттарда екінші санатта қолданылатын бірлік
болып саналғаны дұрыс. Қысқасы, белсенділігі жоғары және
құжаттар тіліне жақынырақ нұсқасы –
туралы.
Сонымен бірге мекемелердің ішкі құрылымдарын беруде
жөніндегі шылауының қолданысы мекемелердің ішкі құрылымдық
бөлімшелерінің атауларын аударуда, беруде жиі қолданылады.
Осыған байланысты атаулардың аудармасында аталған шылау
бірде қолданылса, бірде қысқартылып, түсіріліп қолданылады.
Мысалы:
Управление по работе с персоналом – Персоналмен
жұмыс істеу басқармасы немесе
Персоналмен жұмыс істеу
жөніндегі басқарма;
Управление безопасности – Қауіпсіздік
басқармасы – Қауіпсіздік жөніндегі басқарма.
Сонымен бірге
работник сөзін
жұмыскер деп аударып,
жұмысшы деген жалпы атаудан бөлектеп алған орынды.
Қазіргі кезде аударуға қиын соғып отырған сөздердің бірі –
пилотный:
пилотный проект, пилотная зона, пилотные версии
және т.б.
Пилотный сөзін
жобалық нұсқа деп аударуға болады,
дегенмен,
пилотный проект тіркесін аударуда
жобалық сөзін
екі рет қолдану орынсыз болып табылады және түсінікті бола
алмайды.
Мақсатында, үшін бірліктері құжаттар лексикасында, әсіресе,
хаттар мен бұйрықтарда, өкімдерде жиі қолданылады және бір-
бірінің орнына жұмсала береді. Дегенмен,
мақсатында сөзінің
қолданыстағы белсенділігі басымдау болып саналады. Құжат
тілінің түсініктілігін қамтамасыз ету үшін сөйлем жүйелерінде
заң
талаптарын орындау мақсатында, іс-шаралар өткізу мақсатында,
біліктілігін артыру мақсатында, бюджеттік жоспарлауды
оңтайландыру мақсатында, жоспардағы қаржыларды үнемдеу
мақсатында және т.б. нұсқаларда қолданылады. Бұл екі бірлік
қайталаудан қашу мақсатында, бір күрделі сөйлемнің ішінде
168
мақсатты білдіретін екі тілдік оралым қатар келген жағдайда бір-
бірін алмастырып, екі нұсқасы да қолданылады. Мысалы:
Еңбек
өніміділігін арттыру үшін жұмыскерлерге бір мезгілдік сыйақы
төлеу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН.
Құжат лексикасында, әсіресе, орыс тілінен аударылған
сөйлемдерде
байланысты, бойынша тілдік бірліктері және онымен
байланысты тілдік оралымдар жиі қолданылады. Әсіресе,
в связи,
поскольку, из-за того сияқты оралымдарды
байланысты, кейде
ауыстыру үшін
себепті сөздерімен берсе,
по вопросу, по приказу,
по подразделениям деген сияқты оралымдарды
бойынша арқылы
беру жиі қолданыс тапқан.
Әр түрлі қолданыстарына байланысты осы сияқты аудару қиын
соғып жататын терминдерге тоқтала кеткен орынды.
Мысалы,
назначение –
мәні, пәні, қолданысы деген нұсқаларда
аударылып жүр. Расында, назначение
мақсаты болып аударуға
жақындайды. Ал
мақсаты цель ұғымына жақындайды, сондықтан
бұл
қолданыс мақсаты дегеннің ұғымын білдіретіндіктен,
қолданысы деп алған орынды. Ал
мәні немесе
пәні деп алынған
тұстар шартты алынған тілдік тұлғалар болып саналады.
Задачи сөзі
міндеттер,
объязательства сөзі
міндеттемелер
түрінде аударылып, кейде міндеттер мен міндеттемелердің аражігі
ажыратылмай қолданылып жүр.
Квартальный –
тоқсандық, ширектік болып екі нұсқада
аударылуда.
Бөлімше сөзі бірде орыс тіліндегі
отделение дегеннің ұғымын
берсе, бірде
часть дегенді білдіріп, әртүрлі ұғымдарды аудару үшін
қолданылып жүр.
с – по – аралығында (с 12 августа по 6 сентября – 12 тамыз – 6
қыркүйек аралығында)
в разрезе – шаққандағы / бөлінісіндегі
рентабельный – өзін-өзі ақтайтын, өнімді
действие – әрекет
Аударуға қиын соғып отырған, жекелеген аудармашылар
тарапынан әр түрлі аударылып, көбінесе кірме нұсқасында
қолданылып жүрген құжат лексикасындағы сөздерге мыналарды
жатқызуға болады:
Виза – виза, рұқсатнама