142
1. Әділет біліктілік алқасы – Алқа:
Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы (бұдан әрі
– Алқа) Мәжіліс депутаттарынан, судьялардан, прокурорлардан,
құқық пәнінің оқытушылары мен заңгер ғалымдардан, әділет
органдарының қызметкерлерінен құралатын дербес, тәуелсіз
мекеме болып табылады. … Қаралған мәселелер бойынша Алқа
мүшелері хаттамалық шешімдер және ұсынымдар қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Заңы.
«Қазақстан
Республикасының Әділет біліктілік алқасы туралы»
2. Қазақстан Республикасы және Түркия Республикасы (бұдан
әрі қарай – Тараптар)…
– ресми-іскери тілде ресми мазмұны жоғары атаулар бас әріппен
таңбаланады. Жеке бір сөздің ресми мазмұнының болуы – оның
саяси ұйымдарға, мемлекеттік, үкімет құрылымына қатыстылығын
білдіреді. Мәселен, «Жаршы» сөзі мынадай мағыналарда
жұмсалады – 1. Үлкен той, астарда мерекені, ойынды, мәжілісті
өлең-жырмен бастап жырлаушы ақын; жар салушы. 2. Ауыс. Игі
істі, жаңалықты бастаушы, таратушы. Театр – қашан да заманның,
жаңаның жаршысы» (ҚТТС, ІІІ том, 700 б.).
Бұл сөз ресми-іскери тілде мерзімді басылымның атауы
ретінде (газет, журнал, бюллетень сөздерімен синонимдес болып)
қолданылады, сөйтіп, бас әріппен таңбаланады:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1997 ж.
Қазақстан Республикасы Ішкіісмині оқу орындарының
бітірушілерін жеке бөлу және жас мамандармен жұмыс
ұйымдастыру туралы нұсқаулық. Жалпы Нұсқаулық … жас
мамандармен жұмыс ұйымдастыруды белгілейді (Нормативтік-
құқықтық актілер бюллетені. 2001, № 3).
Тұтастай алғанда, жалқы есімдер халық мәдениетіне, әдеби
тілде орныққан нормаларға сай тілдің вербалды (тілдік) коды
болып саналады. Бұл ретте жалқы есім өзі атайтын объектінің
құрылымымен, мазмұнымен, ерекшеленеді. Жалқы есімдерді беру
үшін аппелятивті лексика (жалпы есім) да алынады, бұнда негізгі
лексеманың семантикасы сақталады, бірақ ол прагматикалық
жүк арқалайды. Жалқы есімдерге ауысқан жалпы есімдердің
прагматикалық қызметі ресми мазмұнды беру, ақпаратты
143
қабылдауды жеңілдету міндеттерін атқарады, сондықтан да олар
тұтастай мәтінде бас әріппен басталып, өзгешеленеді. Бұндай
сипат әдеби тіл нормасында еш кедергісіз қалып алады, тілдік-
мәдени дәстүрге енеді. Аппелятивті лексиканың жалқы есімге
ауысқандығына төмендегідей мысалдар дәлел бола алады:
- Хабаршы – Ғылым Академиясының Хабаршысы;
- Хабарлар – Ғылым Академиясының Хабарлары;
- Жарлық – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы;
- Мәжіліс – Қазақстан Республикасының Мәжіліс Төрағасы;
- алқа, ақсақал – Қазақстан Республикасының Ақсақалдар
Алқасы;
- мемлекеттік – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
елтаңбасы;
- сот – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;
- негізгі – Қазақстан Республикасының Конституциясы
(Негізгі Заң).
Қорыта айтқанда, қазіргі қазақ әдеби тілінде ономастикалық код
болып табылатын жалқы есімдердің құрамы мен сипаты барынша
күрделене түсіп отыр. Осыған байланысты ресми-іскери тілде бас
әріппен жазылатын жалқы есімдердің, күрделі номенклатуралық
атаулардың емлесі толыққанды көрсетілетін дербес анықтамалық
құралдар қажет.
2.3 Ісқағаздар мәтіндерінде қолданылатын стандарт тілдік
бірліктерді жүйелеу
Ісқағаздар мәтіндерінде қайталанып отыратын біртектес,
стандарт жағдайлар мен ұғымдар экстралингвистикалық фактор
ретінде стандарт тілдік бірліктер мен ісқағаздар тіліндегі терминдер
мен терминдік құрылымдарды тудырады. Бұл – ресми-іс қағаздар
стилінің маңызды белгілерінің бірі. Ісқағаздар тіліндегі стандартталу
процесі тілдің барлық деңгейін – лексикасын, морфологиясын,
синтаксисін қамтиды. Осының нәтижесінде тұрақты тілдік
стеоротип қалыптасып, тілдің нормаға түскен мәтіндерден тұратын
ерекше типін жасайды. Стандарт тілдік бірліктердің негізгі қасиеті
олардың құрылымы мен семантикасының тұрақтылығы, өзгермеген,
дайын күйінде қолданылуы болып табылады.
144
Құжат мәтіндерінде берілетін ақпараттың ортақ мазмұны
ісқағаздар тіліндегі кейбір формалардың стандартталуына ықпал
етеді. Ісқағаздар тіліндегі стандарттылық кездейсоқ пайда болған
құбылыс емес, ұзақ уақытқа созылған тіл тәжірибесінің, типтік
іріктеудің нәтижесі. Әдеби тілдің басқа стильдік тармақтарымен
салыстырғанда ресми-ісқағаздар стилінде стандарт тілдік
бірліктердің кеңінен қолданылуы бұл стильдердің ойды анық
жеткізу, мазмұнды дәл беру, барынша қысқа, барынша нақты
тұжырымды талап ететін негізгі ерекшеліктерінен туындайды.
Қазіргі қазақ ісқағаздар тілі дамуының сипаттамалық
ерекшелігі құжаттарды және құжаттарда қолданылатын стандарт
тілдік бірліктерді жүйелеу болып табылады. Құжаттарды жүйелеу
мен онда қолданылатын стандарт тілдік бірліктерді жүйелеу – бір-
бірімен тығыз байланысты, күрделі процесс. Қазіргі кезде басқару
ісін, оның ішінде ісқағаздарын жүргізуді де жеңілдету, жеделдету,
заман талабына сай қалыптастыру, жүргізу, еңбек шығынын
қысқарту, құжаттардың орындалуына бақылауды күшейту,
құжаттарды дайындауды, толтыруды, дайындалған құжаттармен
жұмыс істеуді автоматтандыру – ең өзекті мәселелердің біріне
айналып отыр. Қазір құжат дайындауда, оларды дайын формаларды
қолдана отырып құрастыруда, көшірмесін жасауда, жедел
көбейтуде, басқа мекемеге жіберуде т.б. жағдайда қолданылатын
қазіргі заманғы техникалық құралдардың түр-түрі бар. Ол
құралдарды ұтымды қолдану үшін, құжаттау ісін қазіргі заманға
сай қалыптастыру үшін лингвистердің алдына қойылып отырған
маңызды міндеттер өте көп. Солардың бірі – құжаттар мен онда
қолданылатын стандарт тілдік бірліктерді ұқсас формаларды
таба отырып жүйелеу ісі. Ұйымдар мен мекемелердің іс жүргізу
барысында негізгі орын алатын құжаттар ұйымдық-өкілеттік
деп аталып, олар іштей: ұйымдық, өкілеттік және анықтамалық-
ақпараттық болып үшке бөлінеді. Ұйымдық құжаттар, аты айтып
тұрғандай, мекемелердің ұйымдастырылуына, құрылуына, құқық-
тық әрекеттеріне қатысты іс қағаздарын топтастырады. Оған
негізінен басқару аппаратының құрылымы, құрамы, штат кестесі,
құрылымдық бөлімшелер туралы ереже, нұсқау, жарғы, қызметтік
нұсқау, құрылтайшылар келісімі т.б. құжаттар жатады. Өкілеттік
құжаттарға мекеменің іс-әрекетіне және қызметкерлеріне
Достарыңызбен бөлісу: |