Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет48/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   96

145
байланысты  жазылатын  бұйрықтар  мен  өкілеттік,  нұсқаулық 
мағынада  жазылатын  басқа  да  құжаттар  жатады.  Анықтамалық-
ақпараттық  құжаттарға  ақпарат  беру  мақсатында,  белгілі  бір 
оқиғаны,  фактіні,  іс-әрекетті  анықтайтын,  баяндайтын  құжаттар 
жатады. Олар: анықтама, акт, мәлімдеме т.б. Құжаттардың осындай 
мағына, мақсатына қарай топтастырылуына байланысты әр топқа 
жататын  құжат  мәтіндерінде  қолданылатын  стандарт  тілдік 
бірліктердің де құрылымдық, мағыналық ерекшелігі болады. Яғни, 
қалыпқа  түскен  стандарт  тілдік  бірліктерді  де  жоғарыда  аталған 
құжаттардың  мағыналық  топтарына  қарай  жүйелеп  көрсетуге 
болады.  Мәселен,  өкілеттік  құжат  мәтіндерінде  міндетті  түрде 
бұйрық,  нұсқау  беру  мағынасындағы  стандарт  тілдік  бірліктер 
қолданылады.  Өкілеттік  құжаттың  негізгі  мақсатын  көрсетіп, 
мән-мағынасын  ашатын  да  осындай  тілдік  бірліктер.  Олар 
ісқағаздарында етістіктің бұйрық рай формасында қолданылады. 
Мысалы:  сайлансын,  бекітілсін,  алғыс  жариялансын,  сөгіс 
жариялансын,  қатаң  сөгіс  жариялансын,  жарамсыз  деп 
табылсын,  жауапкершілік  жүктелсін,  шара  қолданылсын, 
жолға қойылсын, жүзеге асырылсын, бақылауға алынсын, өзгеріс 
енгізілсін, ұсыныс енгізілсін, жол берілмесін, бақылау қойылсын, 
көмек  көрсетілсін,  қамтамасыз  етілсін,  тексерілсін,  тексеріс 
жүргізілсін,  іске  қосылсын,  орындауға  жіберілсін,  қарауға 
жіберілсін, қорғауға жіберілсін, рұқсат етілсін т.б. 
тағайындалсын:
болып тағайындалсын
жауапты адам тағайындалсын
айлық жалақысы штаттық кесте бойынша тағайындалсын
тапсырылсын
мәселені қарау тапсырылсын
қарастырылсын
байланысты мәселе қарастырылсын; қосымша мүмкіндіктер 
қарастырылсын
қызметінен босатылсын
жұмыстан  босатылсын;  өз  өтініші  бойынша  атқарып 
отырған қызметінен босатылсын; өз өтініші бойынша жұмыстан 
босатылсын;  басқа  жұмысқа  ауысуына  байланысты  атқарып 
отырған  қызметінен  босатылсын;  денсаулығына  байланысты 


146
атқарып  отырған  қызметінен  босатылсын;  денсаулығына 
байланысты  жұмыстан  босатылсын;  зейнеткерлікке  шығуына 
байланысты  атқарып  отырған  қызметінен  босатылсын; 
зейнеткерлікке  шығуына  байланысты  жұмыстан  босатылсын; 
еңбек  тәртібін  бұзуына  байланысты  атқарып  отырған 
қызметінен  босатылсын;  еңбек  тәртібін  бұзуына  байланысты 
жұмыстан босатылсын және т.б.
қабылдансын
белгіленген  тәртіпте  қабылдансын;  сынақ  мерзімімен 
қабылдансын
Бұйрықтың  барлық  түрлерінде,  қаулыларда  қолданылатын 
өкілеттік  мағынадағы  стандарт  тілдік  бірліктердің  барлығы 
етістіктің үшінші жақ бұйрық рай формасында: жүзеге асырылсын, 
бақылауға алынсын, өзгерістер енгізілсін және т.б., ал қызметтік 
хаттарда  қолданылатын  өкілеттік  мағынадағы  стандарт  тілдік 
бірліктер бұйрық райдың екінші жақ, көбінесе сыпайы түрі арқылы 
беріледі: туралы мәліметтерді хабарлаңыз, байланысты ақпарат 
беріңіз, мына мекенжайға хабарлаңыз, қажетті жағдай жасаңыз 
және  т.б.  Қызметтік  хаттарда  мұндай  құрылымдардың  тағы  бір 
формасы  қалыптасқан.  Ол  құрылымдар  адамдар  арасындағы 
байланыстың  үзілмеуі,  реттеліп  отыруы,  сыпайы  түрде  жүзеге 
асуы  үшін:  туралы  мәліметтерді  хабарлауыңызды  сұраймыз, 
байланысты  ақпарат  беруіңізді  сұраймыз,  мына  мекенжайға 
хабарлауыңызды  сұраймыз,  қажетті  жағдай  жасауыңызды 
сұраймыз,  осы  мәселенің  дұрыс  шешілуіне  ықпал  етсеңіз, 
сіздің  мекеме  өкілімен  жасалған  келісімді  ескере  отырып,  бар 
мүмкіндікті қарастыруыңызды сұраймыз түрінде, яғни өкілеттік 
реңк емес өтініш, сұрау реңкі негізгі қызмет атқарып, қызметтік 
хат жазу этикеті ескеріле отырып қалыптасқан құрылымдар. 
Ісқағаздар  мәтіндерінде,  әсіресе  қызметтік  хаттарда  жиі 
қолданылатын  құрылымдардың  бір  тобы  айтылатын  мәселеге 
байланысты  дәлелдер  келтіру,  себебін  түсіндіру  мақсатында 
қолданылады. Әр жағдайдың себебі, әр мәселенің дәлелі әртүрлі 
болғанымен  оларды  түсіндіру,  дәлелдеу  үшін  біртектес  сөздер 
қолданылады. Осындай қайталанып отыратын біртектес, стандарт 
жағдайлар  мен  ұғымдар  экстралингвистикалық  фактор  ретінде 
қызметтік  хаттарда  мынандай  стандарт  тілдік  бірліктердің 
қалыптасуына әсер еткен: 


147
…  сіздің  мекемеге  тәжірибе  алмасу  мақсатында  жіберіліп 
отыр; мекемеде орын алып отырған қазіргі қаржы тапшылығына 
байланысты;  туралы  шешімнің  қабылдануына  байланысты; 
жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты; алдын ала қол 
жеткізген келісімге сәйкес; Сіздің талабыңызға орай; қарамастан 
әлі  де  орын  алып  отыр;  экономикалық  жағдайдың  қиындығына 
орай және т.б.
Адам  өз  іс-әрекетінің  қай  түрін  болмасын  жүзеге  асыру 
барысында  нәтижеге  қол  жеткізу  үшін  мүмкіндігінше  аз  күш 
жұмсап,  көп  нәтиже  шығаруға,  мүмкіндігінше  істеп  жүрген 
іс-әрекетін  жеңілдету,  ыңғайлы  ету  жолдарын  қарастыруға 
тырысады.  Ісқағаздарын  жазу  барысында  бір  күннің,  бір  айдың 
немесе бір жылдың емес, ғасырлар тәжірибесі, бір тілдің немесе 
бір  ғана  мемлекеттің  емес  бірнеше  тілдің,  бірнеше  мемлекеттің 
тәжірибесі  қолданылады.  Себебі  ісқағаздары  әр  тілде  жазылып, 
әр  мемлекетте  қолданылғанымен  оның  принциптері,  теориясы 
ортақ. Ісқағаздарында қолданылып жүрген, қалыптасқан стандарт 
тілдік бірліктер бір тілдің, бір күннің, бір елдің ғана жемісі емес. 
Адамдардың ортақ тәжірибесінің, ми қызметінің жемісі. Тек ол әр 
тілде  әр  формада,  әр  елде  түрлі  факторларға  байланысты  қоғам 
дамуының әр кезеңінде қалыптасуы мүмкін. Бүгінгі қызметтік хат 
дайындаушы кез келген тұлға өзіне дейінгі уақыт тәжірибесі, өзінен 
басқа құжат дайындаушылар тәжірибесі ретінде кейбір маңызды 
мәселелер  жөнінде  мәлімет  беру  үшін  төмендегі  құрылымдарды 
қолданады: 
… қосымша қаржы бөлінді; қаулы қабылданды; …байланысты 
іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр; …қауіпсіздігі қамтамасыз 
етіледі; 
…  қысқа  мерзімде  ұйымдастырылады;  …күнделікті  қатаң 
бақылау  қойылды;  қатысты  мәлімет  қолма-қол  жіберіледі; 
құжаттар сіздің мекенжайыңызға жіберілді; шара қолданылуда; 
мәліметтер құпия сақталады; орын алған кемшіліктер жойылды 
т.б. 
Сондай-ақ,  мәселенің  шешілмейтіндігін  немесе  орындалмай-
тындығын білдіру үшін:
… байланысты сіздің өтінішіңіз орындалмады; өкінішке орай 
сіздің  талабыңызды  қанағаттандыра  алмаймыз;  өкінішке  орай 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау