129
тұлғалармен қатар қазіргі қазақ тілінің дамуына тән лексикалық-
семантикалық өзгерістердің барлығы да қарқынды түрде
байқалады. Осы аталғандарды дәлелдеу үшін зерттеу жұмысында
функционалды стилистика мен аударматану ғылымының негізгі
тұжырымдамалары басшылыққа алына отырып, ресми-іскери
стильдің мазмұндық-жанрлық тармақтары, олардың стильдік,
тілдік, құрылымдық белгілері айқындалады, соның ішінде ресми
құжаттың күрделі түрі – нормативтік-жарлықшы құжаттардың
стильдік ерекшеліктерін жинақтау үшін бастапқы мәтін мен
тәржіма мәтіннің лексикалық құрылымына кешенді талдау
жүргізіледі. Әлемдік лингвистика мен қазақ тілтанымындағы
ресми-іскери стильге қатысты ғылыми зерттеу еңбектерінен
алынған басты қағидаларды өзара салыстыру, қорыту және тілдік
фактілерді іріктеу, жүйелеу, модельдеу оларға семантикалық,
стильдік талдау жасау барысында төмендегідей тұжырымдар
жасалады:
1) Ресми-іскери стиль – құқықтық, саяси, өндірістік, әкімшілік,
қоғамдық және халықаралық қарым-қатынастарда қолда-
нылатын, қоғамда қалыптасқан тілдік ахуалға сәйкес қазіргі
кезеңде ішкі тармақтарға ұлғайған және күрделенген, стильдік
белгілері барынша айқындалған қазақ әдеби тілі функционалдық
стильдерінің бірі.
2) Ресми-іскери стиль функционалдық-стильдік шоғырлану
шеңберінде және коммуникативтік мақсатқа сәйкес ішкі
тармақтарға бөлінеді, олар:
- азаматтармен жұмыс істеуге бағытталған құжаттар;
- іскери хаттар;
- ақпараттық-анықтамалық құжаттар;
- нормативтік-жарлықшы құжаттар.
3) Ресми-іскери стильде тілдік құралдардың айқын тұтастықта
қолданылуын талап ететін, барлық ішкі тармақтарға тән белгілер:
- стильдік
ортақ
белгілер:
стандарттылық,
дәлдік,
ықшамдылық, ресмилік;
- тілдік белгілер: терминдік жүйенің жоғары жиілікпен
қолданылуы; клише тұлғалардың болуы; ойды дәнекерлеуші
тұлғалардың стандарт тұлғалар ретінде орнығуы; номенклатуралық
атаулардың толық және қысқарған тұлғаларының сипатты болуы;
130
- құрылымдық белгілер: міндетті нысандардың белгілі бір
тәртіппен орналасуы.
4) Ресми-іскери стильдің нормативтік-жарлықшы құжаттар
түрі құқықтық қарым-қатынастарды және қоғам мүшелерін
басқару ісін реттеу мақсатында жасалатын тілдік құралдардың
логикалық аяқталған жиынтық мәтіні. Мемлекеттік қызметті,
халықаралық қарым-қатынастарды, заң қызметінің салаларын,
ресми мекемелердің өзара қарым-қатынасын, заңды тұлғалар мен
жеке тұлғалардың қарым-қатынастарын қамтитын нормативтік-
жарлықшы құжаттардың басты фукнциялары:
- әлеуметтік-міндеттілік жүктеу (функционалды) қызметі;
- ресмилік (стильдік) функциясы;
5) Нормативтік-жарлықшы құжаттардың ресми-іскери стильдің
басқа ішкі тармақтарымен салыстырғандағы өзіндік ерекшеліктері:
- жеке адамға арналмайтындығы. Өтініш, шағым, өмірбаян,
анықтама сияқты анықтамалық-ақпараттық құжаттар қоғам мен
жеке адам арасындағы қарым-қатынасты ресімдесе (персонифи-
кация), нормативтік-жарлықшы құжаттарға депресонификация
тән;
- Нормативтік-жарлықшы құжаттар көлем ауқымдылығымен
де ерекшеленеді. Нормативтік-жарлықшы құжаттардың ішкі
формасындағы реттіліктер: әрбір тұжырымның абзацтарға бөлініп
берілуімен; әрбір тұжырымның бөлімдерге, тарауларға бөлінуімен
сипатталады.
6) Нормативтік-жарлықшы құжат мәтіндерінің тақырыбы,
мазмұны және формасы біртектес болғандықтан, оларда
клишелердің болуы – функционалды заңдылықтардан туындай-
тын заңды құбылыс. Ресми мәтіндерде жоғары жиілікпен
жұмсалатындар – а) тиянақтаушы етістік тұлғалар: қамтамасыз
ету, жүзеге асыру, анықтау және т.б.; ә) мәтіндегі ойды
дәнекерлеуші тілдік тұлғалар: туралы, және, немесе, … бойынша,
бұдан әрі, бұдан әрі қарай, сондай-ақ, осыған сәйкес, осыған
байланысты, тиіс, қоса есептегенде және т.б.; б) көмектес септігі
арқылы жасалатын тіркестер; заңмен белгіленген, нормативтік
актілермен реттеледі, ережелермен анықталады және т.б.
7) Қоғам мүшелеріне, заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға
орындалуы міндетті мазмұндағы мәтін түзетін, түпнұсқасы орыс
131
тілінде жасалатын, содан соң мемлекеттік тілге аударылатын
нормативтік-жарлықшы құжаттардың құрылымы үшін тұрақ-
тылық, жоғары дәрежедегі стереотипизация тән. Сондықтан да
нормативтік-жарлықшы құжаттардың аудармасында құрылым-
дық калька жоғары дәрежеде орын алады.
8) Қоғамдағы тілдік ахуалға сәйкес жаңа лексикалық бірліктерді
бірыңғайлау, нормаландыру процесіндегі ресми іскери стильдің
үлесті орны бар. Ресми құжаттарда: сөзжасам амалдарын қолдану,
сондай-ақ көп тілдік лексемалардың семантикалық мүмкіндіктерін
пайдалану бағыты; бір мәртелік қолданыстар; согипонимдердің
мағыналық кеңею өрісі айқын байқалады.
9) Бағалаушы немесе экспрессиялық-эмоциялық бояулы
мағынадағы сөздер аударма барысында, яғни терминдер
жүйесіне енгеннен кейін өздерінің бағалауыштық қызметі
мен экспрессиялық-эмоционалды реңкі арқылы көрінетін
семантикасын өзгертіп, потенциалды семалары арқылы белгілі
бір арнайы ұғымның атауы ретінде қолданылады, соның
нәтижесінде, олардың парадигматикалық және синтагматикалық
қарым-қатынастардағы сипаты өзгереді. Мысалы: бақталас,
бәсекелес, егес, тоқырау, артта қалушылық сөздерінің сөйлемде
«ресурстарын, уақыты мен күш-куатын орынсыз шығындау» деген
ақпаратты толық жеткізу үшін, қоғамдық-әлеуметтік сипаттағы
ұғым атаулары ретінде пайдаланылуы.
10) Қазақ тілінің төл тілдік нұсқаларының (жалпы қолданыстағы
сөздер мен сирек қолданылатын сөздердің) нормативтік-жарлықшы
құжаттар тілінде игерілу дәрежесінің жоғарылығы ұйымдастыру-
шы-қадағалаушы заң құжаттары мазмұнында баяндалатын
субъектілік-объектілік қарым-қатынастардың шынайы өмірмен
тығыз байланыстылығымен түсіндіріледі. Жалпы қолданыстағы
сөздердің терминделуінде сөз семантикасынан түбірлі өзгерістер
байқалмайды, мұнда терминделген лексикалық единицаның
мағыналық
құрылымында
кейбір
микрокомпоненттердің
доминанттық ауысуы/жылысуы ғана байқалады; мысалы:
қыдырымпаздық – прогул; сынамшылдық – критиканство;
мадақтау – наградить; оңтайландыру – оптимизация; қаскөй –
злостный; алаяқтық – афера; әккілік – изощренность; екіжүзді –
фарисей; құлшыныс – порыв; құндылық – ценность және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |