132
11) Нормативтік-жарлықшы құжаттардағы ақпарат мазмұнын
толық жеткізуде, мәтінде кездесетін жаңа ұғым-түсініктердің
атауын қазақ тіліне аударуда қолданылатын терминжасам
тәсілдері заңнамалық-құқықтық (басқарушылық-қадағалаушылық
терминология жүйесіндегі семантикалық категориялар мазмұнына
сәйкес, қазақ тілінің сөзжасам амалдары негізінде жүзеге асады.
12) Терминжасамның морфологиялық тәсілін қолдану
барысында байқалған жайттар:
- бір сөзге жұрнақ варианттарының жалғануы арқылы
әртүрлі ұғым атауларының қолданысқа енуі: сауалдама (анкета) –
сауалнама (опрос) – сұраунама (вопросник);
- синонимдес жұрнақтардың (-шы/-ші, -кер/-гер) қатар
игерілуі: әкімші (администратор) – зияткер (интеллектуал);
- омоним жұрнақтардың (-лық/-лік (сын есім), -лық/-лік (зат
есім)); активтенуі: ақпараттық (информационный) – өкілдік
(представительство);
- нормативтік-жарлықшы құжаттар тілінде қимыл есім
тұлғасының термин жасаушы формант ретінде активтенуі:
қаржыландыру (финансирование); жекешелендіру (приватизация);
сақтандыру (страхование).
13) Нормативтік-жарлықшы құжаттар тілінде сөз тіркестерінің
жиі пайдаланылу себебі тектік қатынастағы ұғымдардың түрлік
сипаттаушы элемент ретінде қолданылуымен сипатталады.
Мысалы: құқық (право) – азаматтық құқық, қылмыстық құқық,
отбасы құқығы, еңбек құқығы, экологиялық құқық, мүліктік
құқық, халықаралық құқық.
14) Нормативтік-жарлықшы құжаттар тілінде кездесетін
(жинақталған тілдік материалдар негізінде) сөз тіркестерінің
мағыналық құрылымына талдау жасау барысында төмендегідей 3
негізгі модельді бөліп көрсетуге болады:
- сын есім + зат есім – С + З;
- зат есім + зат есім – З + З;
- зат есім + етістік – З + Е.
15) Нормативтік-жарлықшы құжаттар – төл тілдік
әлеуеттің қозғалысқа түсуі арқылы қоғамдық-саяси қарым-
қатынастарға, ғылыми-техникалық процестерге қатысты тың
лексикалық бірліктердің жасалуында, қолданысқа түсуінде және
нормалануында басты тармақтардың бірі ретінде саналады.
133
2.2 Ресми-іскери стиль үлгілерінің міндетті нысандары
және олардың рәсімделуі
Ресми-іскери стиль үлгілерінің қай-қайсысы да – құқықтық
нормаларға байланысты, құжаттың әрбір түріндегі берілген
ақпарат мәлімет ретінде алынады, яки болмаса тиісінше шешім
міндетті түрде орындалуы тиіс. Бұл жайт ресми-іскери тілде
міндетті нысандардың болуын және олардың дұрыс ресімделуін
талап етеді. Бір қарағанда, соншалықты назар аударарлықтай
болмағанымен, міндетті нысандардың сауатты, дұрыс ресімделуі
маңызды, өйткені міндетті нысандардың сақталуы және дұрыс
ресімделуі коммуниканттардың арасындағы байланысты шапшаң
әрі жағымды орнатуға, мәліметтердің тез қабылдануына тиімді
ықпал етеді. Бұл нысандарды сақтау, нысандарды бірегейлендіру
деген сөз. Дамыған елдің мемлекеттік тілінде құжаттарды
ресімдеу үшін барлық үлгілердің қалай жазылуын көрсететін,
басқаруды құжаттармен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін
нақтылайтын анықтамалық-мемлекеттік стандарт қажет және онда
берілген міндетті нысандар басшылыққа алынуы тиіс.
Міндетті нысандар әрқилы дәрежеде құжаттардың барлығында
да болады. Міндетті нысандар дегеніміз – қажетті нысандар,
құжаттардың белгілі бір тәртіппен орналасқан құрамдас бөліктері.
Айталық, іскери хаттардағы міндетті нысандар – айы, күні,
жылының, адресат пен адресанттың, мекенжайдың және т.б.
көрсетілуі.
Келісімшарт, жарғы, ереже сияқты ұйымдастырушылық
құжаттарда ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның, ведомствоның,
фирманың қызметінің реттелуін көрсететін жалпы ережелер, қызмет
аясындағы құқықтары мен міндеттері, қызметінің мақсат, құзыреті,
басқа заңды және жеке тұлғалармен өзара қарым-қатынасын
реттейтін тармақтар, тармақшалар мен баптар болуы міндетті.
Үлгі ретінде толтырылатын бланкілерде мекеменің (ұйымның,
ведомствоның және т.б.) толық және қысқартылған атауы,
мекеменің коды және ұйым туралы анықтамалық мәліметтер,
құжаттық тіркеу нөмірі, адресаты, адресаттың қолы мен мөрі,
қажетті тұстарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
елтаңбасы болуы тиіс.
134
Техникалық прогресс дамыған қазіргі кезеңде көптеген
құжаттар баспа құрылғылары (компьютер, жазу машинкасы)
арқылы жасалады. Кейбір іс қағаздары, мысалы, өтініш, рапорт,
арыз, түсіндірмехат қолмен жазылады.
Техникалық баспа құрылғылары арқылы жазуда ұйымның
атауын, айы-күні-жылын, ұйым туралы анықтамалық мәліметтерді
азатжолмен немесе қағаздың оң жағына қарай шегіндіріп берудің
де қалыптасқан тәртібі бар. Бұл аталғандар Мемлекеттік стандартта
– басқаруды құжаттармен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
бойынша анықтамалықта көрсетілуі тиіс.
Ресми-іскери стильдің жалпы мәтінінің, оның міндетті
нысандарының құқықтық нормаларға сай келуі емле қағидаларына,
тыныс белгілеріне де тығыз байланысты. Ресми-іскери стиль әдеби
тілдің көрінісі болғандықтан, онда қоғам мүшелері қабылдаған
және мойындаған емле ережелері мен тыныс белгілері қатаң
сақталуы тиіс.
Қазақ емлесі мен тыныс белгілері туралы басты қағида –
ережелер 1983 жылы қабылданған арнаулы нормативтік актіде,
анықтамалық құралдарда [59; 60], көрсетілген, ал тікелей ресми
ісқағаздарына қатысты емле ережелері біршама тағы да бір
анықтамалық – оқу құралдарында топтастырылған [61; 62].
Біріншіден, мынадай жағдайға назар аудартамыз:
– қазақ емлесі жағдайындағы алғашқы ережелер өткен ғасырдың
50 жылдарында тұжырымдалып, бекітілді, онда негізделген басты-
басты қағидалар қазірге дейін өз күшінде болып келеді, яғни жазу
практикасында сақталып отыр. Солай бола тұрса да, қазақ емлесі
динамикалық сипатта деп айтуға болады: бастапқыда дәйектелген
бірқатар ережелер жазу практикасында, әдеби тілдің дамуында
өзгеру, түрлену сатысында.
Бұл жайт, ең алдымен: а) екі немесе бірнеше сөзден құралып,
біріккен бір ұғымды білдіретін күрделі сөздердің жазылуына
қатысты, яғни алғашқы емлелік сөздіктерде (1957, 1988) тіркес
түріндегі күрделі сөздердің бір тобының қазір біріккен тұлғада
таңбалануы практикада жиі кездеседі; ә) екі түбірдің түйіскен
тұсында қ, к дыбыстары болған жағдайда аталған дыбыстардың
фонетикалық ұстанымға сүйене (яғни айтылуы бойынша)
жазылатындығы нормалана түсті; б) орыс тілінен енген, кең
Достарыңызбен бөлісу: |