Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет13/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   96

39
тұспа-тұс  келеді.  Бұндай  тілдік  бірліктер  контекске  тәуелді 
болмайды, жеке, контекстен тыс тұрғанда да мағыналары тұспа-
тұс  келеді.  Мәселен,  орыс  тіліндегі  понедельник;  қазақ  тіліндегі 
дүйсенбі, ағылшын тіліндегі Monday толық, абсолютті сәйкестік, 
эквиваленттер  болып  саналады.  Л.Бархударов  жер-су  атауларын 
(мыс., Москва – Мәскеу), ғылыми-техникалық терминдерді толық 
сәйкестікке жатқызады. Я.Рецкердің эквивалент деп отырғаны да 
осыған саяды. 
Екі  тілдің  лексикалық  единицаларын  салыстыру  кезінде 
түпнұсқадағы сөздің лексикалық мағынасына аударылатын тілдегі 
сөздің  бірнеше  семантикасы  сәйкес  келген  жағдайда  ішінара 
сәйкестік пайда болады. Қазақ тіліндегі жүрдек деген сөздің орыс 
тілінде  бірнеше  мағынасы  бар:  быстроходный,  скорый,  резвый. 
Тәржіма  ісінде  түпнұсқадағы  тілдік  бірліктің  қандай  сөзбен 
тіркесімге  түсіп  тұрғандығын  ескере  отырып,  осылардың  бірін 
таңдау  –  контекстуалды  сәйкестікті,  функционалды  сәйкестікті 
іріктеп алу деген сөз. 
Сәйкестіктердің болмауы деген терминнің аясына екі тілдегі 
баламасыз  лексика  (мысалы,  Африка  елдерінің  тілдерінде  қар  – 
снег деген сөз жоқ), ұлттық реалий атаулары (мысалы, шаңырақ, 
сәукеле), кісі есімдері енгізіледі. 
Аударматану  ғылымындағы  еңбектерде  жиі  қолданылатын 
аудармашының  лингвомәдени  құзыреті  деп  аталатын  термин 
маманның  төмендегідей  қабілеті,  деңгейі,  жинақтаған  тәжіри-
бесінің көлемі болуы қажеттігін білдіреді: 

екі тілді бірдей меңгеруі;

екі  немесе  бірнеше  халықтардың  мәдениетінен  толық 
хабардар болуы;

тілдерге қатысты аялық білімді (мәдени фондық ақпаратты) 
толық меңгеруі; 

тілдердегі  идиомдық,  образды  құралдардың  мағыналық 
реңктерін терең түйсінуі; 

 түпнұсқа мәтіннің жанрлық сипатын ажырата білуі; 

аударылатын  тілде  оқитын  адамның  ұлттық-мәдени, 
танымдық қабылдауын ескеруі; 

аударманың стратегиясын айқындайтын аударма нормаларын, 
аударудың тәсілдерін, трансформациялау жолдарын жетік меңгеруі;


40

көркем  аударма  жасау  ісінде  шығармашылық  қабілетінің 
болуы. 
Сөз соңында ескертеріміз – қазақ әдеби тілінің айналымында 
аударма  –  тәржіма  –  тәржіме;  аудармашы  –  тәржімашы  – 
тәржімеші;  аударматану  –  тәржіматану  деген  терминдер 
жарыса қолданылады және олар әдеби норма болып танылады. 
 
1.1.7 Аударматану теориясына қойылатын талаптар 
Аударматану  саласының  теоретигі  В.Н.Комиссаров  аударма-
тану саласына төмендегідей талаптар қояды:
1)  аударманың  жалпылингвистикалық  негіздерін  ашу  және 
сипаттау, яғни аударма процесінің негізінде тіл жүйесінің қандай 
ерекшеліктері мен тілдің жұмсалымдық заңдылығы жататындығын 
анықтау;
2)  аударманы  лингвистикалық  зерттеудің  нысаны  ретінде 
қарастыру,  тілдік  зерттеулердің  басқа  түрлерінен  оның  айырма-
шылығын көрсету;
3) аударма қызметі түрлерін жіктеудің негізін жасау;
4) түпнұсқа мен аударма мәтіндерінің коммуникативтік теңдігі 
ретіндегі аударма процесіндегі баламалылықтың мәнін ашу;
5) аударма ғылымының жеке және арнайы теориясын жасаудың 
жалпы ұстанымдары мен ерекшеліктерін талдау;
6)  түпнұсқа  мәтінді  аударма  мәтінге  айналдырудағы  аудар-
машының іс-әрекеті ретіндегі аударма процесінің жалпы ғылыми 
ұстанымдарын жасау;
7)  прагматикалық  және  әлеуметтік  факторлардың  аударма 
процесіне тигізетін әсерін ашып көрсету;
8) «аударма нормасы» ұғымын анықтау және аударманы бағалау 
ұстанымдарын  жасау  [4,  35-36-бб.].  Аударматану  теориясына 
қойылатын  бұл  талаптар  толық  орындалып,  жалпы  аударма 
процесінің  ерекшеліктері,  аудармашы  мен  аудармаға  қойылған 
міндет-мақсаттар сақталған жағдайда шынайы аударма жасалады 
деуге болады.
Аталмыш  міндеттерден  аударматану  теориясының  төмендегі 
түрлері  туындайды:  денотативті,  трансформациялық, 
семантикалық,  балама  деңгейлер  туралы  теория.  Мұндағы 


41
денотативті  теория  ұқсас,  сәйкес  жағдаяттарды  сипаттауды, 
трансформациялық теория түпнұсқа мен аударманың синтаксистік 
құрылымының  семантикалық  жуықтығын  (инварианттылығын), 
семантикалық  теория  мазмұндық  (астырт)  категориялардың 
сәйкестігін  және  балама  бірліктердің  семантикалық  белгілерінің 
жиынтығының  барынша  сәйкес  келуін,  ал  балама  деңгейлер 
туралы  теория  түпнұсқа  мен  аударма  мәтіндерінің  сәйкес 
келетін  деңгейлері  арасындағы  аударма  қызметінің  үлгісін 
(модель)  қарастырады  [4,  61-62-бб.].  Аударматану  саласының 
аталған  теориялық  бағыттарының  барлығының  мақсаты  – 
аударма  жанрының  қалыптасып,  дамуына  қызмет  ету.  Алайда 
аударматану саласымен ғылыми тұрғыдан айналысатын ізденуші 
бұл мәліметтермен шектеліп қалмай, батыстық, орыс және қазақ 
аударма  теоретиктерінің  еңбектерін  талмай,  танбай  оқып,  игеруі 
қажет.
1.1.1  Аударманың түрлері 
Аударманы  негізінен  төмендегідей  екі  үлкен  түрге  бөлуге 
болады: 1) Ауызша аударма. Сөйлеген сөздер, баяндамалар ілеспе 
түрде  ауызша  аударылады,  шетелдерден  келген  ресми  өкілдер 
мен  қонақтардың  пікір  алысуына  аудармашылар  көмектеседі;  2) 
Жазбаша  аударма.  Барлық  хат-хабар,  ресми  құжаттар,  ғылыми 
және көркем шығармалар жазбаша аударылады. Түпнұсқаның түрі 
мен  мәніне  қарай  аударманың  да  қолданылатын  әр  алуан  амал-
тәсілдері бар. Мысалы, ресми құжаттарды аударғанда, түпнұсқаны 
қаз-қалпында  бұлжытпай  толық  жеткізу  көзделсе,  ғылыми  және 
техникалық  шығармаларды  аударғанда,  белгілі  салалардың 
терминологиялық ұғымдарын дұрыс беру көзделеді (Ауызша және 
жазбаша аударма туралы төменде кеңінен түсінік беріледі). 
Қазіргі  кезде  аударманың  түрлері  оның  әртүрлі  белгілеріне 
қарай  ажыратылып  жүр.  Мысалы,  құрылымдық  сипатына 
қарай:  1)  жазбаша-жазбаша  аударма  немесе  жазбаша  мәтіннің 
жазбаша  аудармасы;  2)  ауызша-ауызша  аударма  немесе  ауызша 
мәтіннің  ауызша  аудармасы  (ізбе-із  немесе  ілеспе  аударма); 
3)  жазбаша-ауызша  аударма  немесе  жазбаша  мәтіннің  ауызша 
аудармасы;  4)  ауызша-жазбаша  аударма  немесе  ауызша  мәтіннің 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау