36
Түпнұсқада:
Настоящий Указ вступает в силу со дня опубликования, за
исключением пункта 2, вступающего в силу с 1 мая 1996 года.
Аудармада:
Осы Жарлық 1996 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енетін 2
тармағын қоспағанда, жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Көрсетілген сөйлемдердің қай-қайсысы да құрылымдық-
семантикалық тұрғыдан сөзбе-сөз аударылған. Сөз жоқ, кейінгі
контекст қазақ әдеби тілінің синтаксистік нормаларына, стильдік
табиғатына кереғар соғады. Онда сөз қайталаулары бар, сөйлем
мүшелерінің орналасу тәртібі бұзылған.
Сөзбе-сөз аударма
калька ұғымымен ұштасады, кейде екеуі
де бірдей ұғым-түсінік (яғни калька дегеніміз – сөзбе-сөз аудару)
ретінде қарастырылады. Олардың мәндес, ұғымдас түсініктер
екендігі рас. Дегенмен көптеген зерттеулердегі көзқарастарды
жан-жақты ескере отырып, төмендегілерді нақтылай түсу қажет
болады:
Калька – сөзді немесе сөз тіркесін сөзбе-сөз аударудың
нәтижесі; басқа тілдегі лексикалық-синтаксистік модельдерге
қазақ тілінің модельдерін сәйкес келтіре отырып, жаңа сөз немесе
сөз тіркесін жасау. Өзге тілдегі сөз тіркесінің, сөздің бір бөлшегі
үшін қазақ тіліндегі тура, сөздікте ұсынылатын, грамматикада
көрсетілетін сәйкестік алынады. Мысалы, ағылшынша-орысша-
қазақша сәйкестіктерді салыстырсақ,
House of Culture – Дом
культуры – Мәдениет үйі дегендер калька болып саналады. Калька
арқылы жасалғандарға
импорталмастыру (импортообмен),
үштік одақ (союз трех), жасыл көше (зеленая улица), төртінші
билік (четвертая власть), түзеткіш (выпрямитель), келтірілген
ұзындық (
приведенная длина) деген үлгілерді атауға болады.
Алайда калька – формалды аударма; жиі қолданысқа түскен
сөз және сөз тіркесі (терминдерден басқасы), калька үлгісінің
«сериялы» түрде жұмсалуы тілдік стереотиптердің пайда болуына
әкеледі
(салыстырыңыз
: ақ алтын – қара алтын – жұмсақ алтын).
Сөйтіп, сөзбе-сөз аударма сөйлем, абзац деңгейінде, ал калька
аударма сөз, сөз тіркесі деңгейінде болады.
Көптеген зерттеулерде
дәлме-дәл аударма деген терминді
кездестіреміз, бұның да калька, сөзбе-сөз аударма, әріпқойлық
37
дегендермен синонимдес жұмсалатын реттері жоқ емес. Әр атауды
нақтылай түсер болсақ, дәлме-дәл аударма – екінші тілде бар
бірнеше сәйкестіктердің біреуінің түпнұсқа мәтіннің мазмұнына
және ең бастысы – аударманы оқитын адамның ұлттық-танымдық
қабылдауына, тілдік деңгейіне сәйкес келуі. Мәселен, «На улице
идет снег» деген сөйлемнің бірнеше нұсқасын жасауға болады:
Көшеде қар келе жатыр ¦ Көшеде қар жауып ¦ Далада қар
жауып жатыр тұр
Алғашқысы – калька компоненттерге құрылған сөзбе-сөз
аударма; екнішісінде ауызекі сөйлеу тіліне тән ерекшеліктер бар.
Соңғы вариант –түпнұсқаға толық сәйкес келетін дәлме-дәл балама
аударма болып табылады; бұлай деуімізге себеп – қазақ ұлтының
концептілік ұғымына, сыртқы дүниені қабылдау, пайымдауынан
қалыптасқан тәжірибесіне негізделген тілдік бірліктер алынған
(шынайы қазақы ұғым үшін тұрғынжайдан тысқарының бәрі
«
дала», сондықтан әрдайым «
далада» деп айтылады), іс-әрекеттің
дәл осы сәтте жүріп жатқандығын көрсететін тұлға (
жауып тұр)
жұмсалған. Лингвомәдени құзыретке ие аудармашы нұсқалардың
үшіншісін ғана таңдайды, соңғы вариант түпнұсқадағы ақпараттың
мазмұнына сәйкес, қазақ әдеби тілінің нормалары сақталған,
қабылдаушының ұғымына сәйкес келетін дәлме-дәл балама
балып бағаланады. Қорыта айтқанда, дәлме-дәл аударма жазбаша
тәржімаға көбірек тән; аудармашы бірнеше варианттардың
қатарынан дәлме-дәл баламаны таңдай алады.
Бұл термин орыс тіліндегі «адекватты» дегенге балама ретінде
ұсынылып отыр, осы аталымды кейбір еңбектерде «
сайма-сай
аударма» деп беру де ұшырасады.
Еркін аударма дегеніміз, атаудың өзінен көрініп тұрғанындай,
түпнұсқаның екінші тілде барынша еркін жасалуы. Бұл –
субъективті құбылыс, яғни бір мәтінді әр аудармашы өз бетінше
еркін түрде жасаса, олардың туындылары мазмұны сақталғанымен,
құрылымы жағынан әр бөлек болады. Еркін аудармада құрылым
сақталмайды, жалпы мазмұн қысқартылып немесе ұлғайтылып
ұсынылады, бұнда трансформацияның барлық тәсілдері игеріледі.
Бұл сипаттар қазақ аударматануындағы алғашқы еңбектердің
бірінде жан-жақты қарастырылды [10]. Көптеген ғалымдар еркін