64
табысты болуы – аудармашының шеберлігі мен тәжірибесін
аянбай жұмсап, түпнұсқаны биік көркемдік деңгейінде
құрылымдық элементтерімен тұтастай оқырмандарға жеткізуі
болса, сәтсіздігі – жақсы шығарманың нашар аудармашы қолынан
шалағай, жарамсыз дүние болып шығуы. Кейбір түпнұсқалық
туындылар жақсы аударылуымен тұтастай немесе кейбір сюжет,
эпизодтарымен басқа шығарманың композициясына жаңаша
мазмұндық, көркемдік сипатта енеді. Әлем аударма тәжірибесінен
бұған көптеген дәлелдер бар.
Жоғары көркемдік сападағы аударма – ұлт мәдениетін
өркендетумен бірге, әдебиеттің дамуына өлшеусіз ықпал етеді,
ұлттық тілді байытады, өзге халық туралы таным-түсінікті
кеңейтеді. Көркем аударма бұл – автор талантымен бәсеке түсу,
көркем шығармашылықты меңгерудің, қабылдап танудың,
бағалаудың жарқын үлгісі, ой мен ойдың, сөз бен сөздің сезімталдық
сипатындағы сайысы. Бұл үлкен шығармашылық өнер ғана емес,
ұлт әдебиеті мен автор шығармашылығы алдындағы маңызды сын.
Аудармаға да қатаң талап талғаммен қараған дұрыс.
Оқырманды тартатын, қызықтыратын туынды кезек күттірмеуі
керек. Аударма жетілдірілген сайын ол соншалықты күшті әрі
маңызды, ал көбейген сайын соншалықты бір ұлттың дәстүрі
екіншісімен терең ұштасады, әдебиеттердің өзара ықпалдастық
процесі пәрменді жүреді. Аударма – халықтар арасындағы мәдени
қарым-қатынастың рухани қоғамдық, тарихи байланыстың
ежелгі түрі. Әдеби ортада аударма жеке авторға ықпал ету, жаңа
шығармашылық процес қатынасында жалғасады.
Ұлт талантына құрмет, ұлтқа қызмет ету, бір халықтың
ұлттық мұрасын өз елінің игілігіне айналдыру жолында аянбай,
талмай еңбек еткен аудармашылық шығармашылық қай кезеңде
биік бағаланады. Бүгінде М.Әуезов арқылы Абайды таныса, Ш.
Айтматов туындылары арқылы әлем оқырмандары қазақ, қырғыз
халқының
өмірінен, тұрмысынан хабардар болуда.
Аударма қай кезде де идеологияның маңызды бөлігі саналған.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Батыста аударманың кең таралуына
ықпал етті. Мұндай бағыт – жауды «көркем шығарма» арқылы
«танып, білу». Кейбір аудармалар нысаналы түрде орындалды,
кейбіреуі үгіт-насихат мақсатында әдейі жасалды.