Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет14/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   96

42
жазбаша  аудармасы  [1,  47-48-бб.];  жанрлық-стилистикалық 
түрлеріне  қарай:  1)  көркем  аударма;  2)  ақпараттық  аударма;  3) 
ғылыми аударма; 4) ресми аударма; 5) публицистикалық аударма; 
жарнамалық аударма [4, 94-108-бб.].
Сөзбе-сөз (калька) аударма – тілдік бірліктің сыртқы нысанын, 
ішкі мазмұнын нақпа-нақ, сол қалпында аудару дегенді білдіреді. 
Калька амалы – сөзжасамның бір жолы, тілдің сөздік құрамын 
байытудың  оңтайлы  көзі  деп  есептелінеді.  Ол  қоғам  дамуының, 
тілдер  арасындағы  өзара  ықпалдастықтың  бір  көрінісі  және 
бұл  қоғамның  саяси-әлеуметтік  қай  ағымымен  жүрсе  де  тілдің 
даму  процесінен,  қолданымдық  қызметінен  шегеріліп,  шетке 
шығарылмақ емес. Өйткені сөзбе-сөз аударудың ғылыми, оқу ағарту 
салаларының, қоғамдық саяси және ресми стильдер тармақтарының 
тілден  тыс  және  ішкі  тілдік  айырым-сапаларын  жеткізудің  рөлі 
жоғары.  Әңгіме  мынада:  айталық  ресми  құжаттардың  күрделі 
түрлері де (мазмұндама, ереже, жарғы т.б.) қарапайым түрлері де 
(кеңсе ісқағаздары) сөзбе-сөз тәржімаланады. Тілдік құралдардың 
осылайша  топтасуын  қоғамдық-әлеуметтік  фактор  талап  етеді. 
Ресми құжаттың екі тілдегі нұсқасы нысаны (формасы), құрылымы 
мен  түзілімі  жағынан  дәлме-дәл  болуға  тиіс.  Түпнұсқадағы 
кейбір  сөзді  ауыстыруға,  түрлендіруге,  я  болмаса  аударуға  қиын 
соғатынды  түсіріп  тастауға,  сөйлемдердің  орнын  ауыстыруға, 
нақты айтқанда, ресми материалдың тілін қазақы табиғи қалыпқа 
бейімдеуге  болмайтындығының  және  лингвоэтникалық  құзыреті 
бар аудармашының бұған саналы түрде бармайтындығының себебі 
осы:  мәтіндердің  құқықтық  мәртебесінің  бірдей  екенін  дәлелдеу 
болып табылады. 
Еркін  (вольный)  аударма  дегеннің  қағидасынан  аударма-
шының түп нұсқаның мазмұнын өз бетінше әңгімелеп кетуі деген 
ұғым  туындайды.  Түпнұсқаны  аудару  тәсілдерінің  қатарында 
аталып жүргенімен еркін аудармаға бой ұрып жүрген аудармашылар 
жоқтың  қасы  десе  де  болады.  Еркін  аударманы  пайдаланған 
аудармашы  түпнұсқаның  мағынасы  мен  рухына  қаныға  отырып, 
оларды өз формасына түрлендіреді.
Аударма ежелден келе жатқан адамның іс-әрекеті. Адамзаттың 
дамуы  (нақты  айтқанда,  білім,  ғылым,  техниканың  дамуы) 
ұлтаралық, мемлекетаралық қатынастардың (сауда, шаруашылық, 


43
құрылыс,  ғылым  салаларындағы  қызметтестік)  нығайып  терең-
деуіне  алып  келеді.  Соның  нәтижесінде  аударма  пайда  болып, 
халықтардың  бір-бірімен  тіл  табысуына  зор  үлес  қосып  келеді. 
Адамның  атқаратын  іс-әрекеттері  түрленіп,  байыған  сайын, 
аударма  да  түрленіп,  дамып  келеді.  Қазіргі  аударматануда 
аударма  келесі  топтарға  бөлініп,  жіктеледі.  Орындалу  амалына 
қарай  аударма  жазбаша  немесе  ауызша  түрлеріне  бөлінеді. 
Жазбаша  аударма  арнайы  және  көркем  аудармадан  құрылады. 
Көркем  аударманың  нысаны  көркем  әдебиет,  көркем  сөз  болса, 
арнайы  аударма  ресми  құжаттарды  аудару,  ғылыми  мәтіндерді 
аудару,  техникалық  нұсқау,  оқу  құралдарын  аударуды  қамтиды. 
Публицистикалық шығармаларды аудару өзінің коммуникативтік, 
стильдік  ерекшеліктеріне  байланысты  көркем  аудармаға 
жақынырақ  келеді.  Арнайы  аударма  әрекеттің  мақсатына  қарай 
мәліметті  аударма  мен  реферативті  аудармаға  бөлінеді. 
Мәліметті аударма түпнұсқаның мазмұнын неғұрлым толық беруге 
бейімделсе,  реферативті  аударма  тек  қана  маңызды  мәліметтерді 
аударуға арналған. Жазбаша аударма ауызшаға қарағанда көбірек 
зерттелсе  де,  көкейкесті  мәселелері  әлі  аз  емес,  әсіресе  көркем 
аударманың.  Оның  түбі  –  көркем  әдебиеттің  шығармашылық  іс-
әрекеті болып табылып, жазушының жеке шеберлігінде.
Ауызша аударма ілеспе немесе кезекті болуы мүмкін. Кезекті 
аударманың  ерекшелігі  сөйлеуші  (түпнұсқаның  авторы)  мен 
аудармашының  тығыз  байланыста  болуында.  Тіпті  сөйлеуші 
аудармашыға  сөйлеу  кезегін  беріп,  өзі  үндемей  тұрады.  Екеуі 
тыңдаушылардың алдында бірге тұрып, біртұтас қызметкер сияқты 
көрінеді.  Кезекті  аударма  ойдағыдай  болу  үшін  әңгімелейтін 
тақырыпты  алдын  ала  белгілеп,  ең  маңызды  да  күрделі 
пайымдаулармен аудармашыны таныстыру қажет. Ол белгіленген 
саладағы  көкейкесті  мәселелер  туралы  хабардар  болып,  қажетті 
лексиканы, терминдерді даярлап қояды. 
Ал  ілеспе  аударма  аударманың  басқа  түрлерінен  едәуір 
кейін  пайда  болғаны  анық,  себебі  ол  техникалық  құралдармен 
жабдықталуы  керек.  Аудармашы  аударылатын  сөйлемдерді 
құлаққап  арқылы  естіп,  микрофон  арқылы  аудармасын  айтып 
отырады.  Сөйлеуші  (түпнұсқаның  авторы)  аудармашының 
қызметінде  шаруасы  жоқ,  ол  үлгеріп  жатыр  ма,  айтқан  сөзін 


44
түсінбей,  аудара  алмай  жатыр  ма,  ешбір  хабары  жоқ.  Кезекті 
аудармашы сөйлеушіден түсінбеген жерлерін (мысалы, сандарды, 
мекемелердің  атауларын  т.б.)  қайта  сұрап  анықтап  алуы  мүмкін 
болса, ілеспе аудармашының ондай мүмкіндігі болмайды. (Ілеспе 
аударманың тарихы, оның ерекшеліктері туралы төменде кеңінен 
баяндалады). 
1.2.2 Жазбаша және ауызша аударманың ерекшеліктері 
 
Аударма ауызша аударма және жазбаша аударма болып екі 
түрде  жүзеге  асады.  Ағылшын  және  көптеген  басқа  еуропалық 
тілдерде  мұндай  аударма  түрлері  екі  түрлі  сөзбен  беріледі. 
Ағылшынша  жазбаша  аударатын  аудармашыны  –  «translator», 
ауызша  аударатын  тәржімешіні  –  «interpreter»  дейді.  Алайда 
ауызша  және  жазбаша  аударманың  түпнегізі  ортақ,  өйткені  бұл 
аударма түрлерін бір-бірімен байланыстыратын қарым-қатынастық 
мақсат бар.
Іс жүзінде ауызша және жазбаша аударманы бірдей меңгерген 
немесе аударманың бір түрімен ғана айналысатын аудармашылар 
да кездеседі. Ол жазбаша аударма (көркем, техникалық және т.б.) 
немесе ауызша (ілеспе, ізбе-із) аударма болуы мүмкін.
Төменде  ауызша  аудармамен  шуғылданушы  Брайан  Харрис 
[13,  23-24-бб.]  ұсынған  ауызша  және  жазбаша  аудармалардың 
айырмашылықтарын беріп отырмыз: 
Жазбаша аударма
Ауызша аударма
1.  Жазбаша  аударманың  нысаны 
болып табылатын мәтін сәл де болса 
ерте құрастырылады. 
1. 
Ауызша 
аударылатын 
мәтін 
әдетте  сол  уақытта  пайда  болады 
(жазылған  мәтіннен  ауызша  аударған 
жағдайлардан басқа кездерде).
2.  Мәтін  түпнұсқасы  аяқталған 
шығарма  ретінде  ешбір  өзгеріске 
ұшырамайды.
2. Айтылатын ой үнемі дамып жетіліп 
отыратындықтан,  оның  жалғасын 
болжау көп жағдайда мүмкін емес.
3.  Аудармашы  түпнұсқаны  бірнеше 
рет  қарай  алады,  бұл  жағдайда  есте 
сақтау қабілетінің қажеті шамалы.
3.  Ауызша  айтылған  ой  тыңдаушыға 
аудармашының  есте  сақтау  қабілеті 
арқылы ғана жеткізіледі.
4.  Мәтін  толығымен  жазылған 
сөздерден тұрады. Аудармашы оның 
қалай құрылғанын білмейді.
4. Айтылған ой сөзден, сонымен қатар, 
қол  қимылдарын,  мимиканы,  басқа  да 
әрекеттерді қамтиды. Аудармашы оның 
қалыптасуының куәгері болады. 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау