Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы 2007 жылдың қаңтар маусым айлары



жүктеу 202,73 Kb.
бет1/3
Дата26.05.2018
өлшемі202,73 Kb.
#18154
  1   2   3

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы

2007 жылдың қаңтар – маусым айлары

ӨНЕРКӘСІП 

2007 жылдың қаңтар – маусым айларында өндіріс орындары қазіргі бағамен 12100,0 мың тенгенің тауарлық өнімдерін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 72 пайыз.


Үстіміздегі жылдың 6 айы ішінде «ВК РЭК» АҚ Семей филиалы 4000,0 мың теңгенің өнімін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 94,4 % құрайды.
Қосалқы кәсіпорын 6 айда 6400,0 мың теңгенің өнімін өндірген, былтырғы жылмен салыстырғанда өнім көлемі 58,4 % болды.
Өндірілген өнім негізінен ет өнімдерін өндіру және целлюлоза-қағаз өндірісі салалары бойынша төмендеген. Өнім өндірудің бұлай төмендеуінің себебі, ет өндіру бойынша – биылғы жылы былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өнім бағасы төмен болғандықтан «Қасқабұлақ» ЖШС-і өз өнімін өткізе алмай отыр.  Сондай-ақ, өткен жылы ауданда «Абай ауылы» газеті жұмыс жасаған. Ол газет жабылып қалды да, араға біраз уақыт салып барып, қайтадан аудандық «Абай елі» газеті ашылды. Осы газет жұмыс істемей қалған уақыттарды өнім төмендеген.

АУЫЛ   ШАРУАШЫЛЫҒЫ

 Аудан бойынша биылғы жылдың 6 айында ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен 586 шаруа қожалығы және 4500 жеке меншік қосалқы шаруашылық айналысуда. Өндірілген мал өнімдерінің көлемі: ет – 2308,2 тонна (былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 108,7 %),                сүт – 7149,4 тонна (былтырғы жылмен 110,5%),  жұмыртқа – 345,5 мың дана (106,2%).
Ауылшаруашылық құрылымдарында мал шаруашылығы өнімдерінің  өскені байқалады. Мал басының өсуіне байланысты мал өнімдерін өндіру өсті. Қой, ешкі малы 336269 бас болды немесе былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 11,5% өсті, мүйізді ірі қара 43067 бас немесе 11,1%, жылқы 15238 бас немесе 13,9% өсті.
Мал шаруашылығын дамытуда малдың тұқымын асылдандырып, өнім сапасын жақсартпай, жоғары нәтижеге жету мүмкін емес. Бүгінгі күнге дейін қой малының тұқымын асылдандыру жұмысымен 6 шаруашылық айналысып келеді: «Қасқабұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Мағжан,  Ұлан, Дәурен, Жанабай шаруа қожалықтары. 2006 жылдан бастап, «Қарашоқы» шаруа қожалығы асыл тұқымды қой шаруашылығы мәртебесін алды. 2007 жылдың 6 айында бұл қожалықтар 1920 бас асыл тұқымды мал сатып, мемлекеттен 9 257 мың тенге субсидия алды. 2007-2008 жылдарға мал тұқымын асылдандыру мақсатында ет бағытындағы асыл тұқымды ірі қара шаруашылығын құру жоспарда. Медеу ауылдық округіндегі Шалипан  шаруа қожалығы негізінде асыл-тұқымды мал шаруашылығы мәртебесін алу  үшін құжаттары дайындалу үстінде.

Ауылдық округтерде қолдан ұрықтандыру пункттерін ашу мақсатында ауылдардан арнайы ғимараттар бөлініп, күрделі жөндеуден өтті. Әр ауылдық әкімшілігіндегі 7 (жеті) кәсіпкер мал дәрігерлері Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің малдәрігерлік факультетінде ірі қара малдарын қолдан ұрықтандыру, техник ұрықтандырушы мамандығы бойынша оқып келді. Бородулиха ауданындағы асыл тұқымды шаруа қожалығынан өндірістік практикалық тәжірибеден өтті.


Аудан бойынша: «Қасқабұлақ» ЖШС-гі негізінде машина-трактор жөндеу шеберханасы жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта шаруа қожалықтарымен, ауыл тұрғындарымен келісім шартқа отырып, тапсырыс бойынша қызмет көрсетуде.
Қарауыл ауылында да машина-трактор жөндеу шеберханасы МТС «Дерикар» ЖШС-гі негізінде ашылып, халыққа қызмет жасауда. Сондай-ақ, ауылдық округтерде жеке кәсіпкерлердің халыққа техникалық қызмет көрсету орындары жұмыс істейді. Олар халыққа аппаратура жөндеу, сваркалық жұмыс, токарлық жұмыс, шөп дайындап тасымалдау жұмыстары, қысқы отынмен қамтамасыз ету, т.б.  қызмет түрлерін көрсетуде.
Қарғалы шаруа қожалығы негізінде жұмыс істеп отырған қымыз цехы күніне 250 литр жоғары сапалы қымыз өндіріп, аудан көлемінде, Семей қаласының дүкендерінде литрі 120 теңгеден саудалануда.
2006 жылдан бастап «Шыңғыстау несие» серіктестігі 31 шаруа қожалығы негізінде жарғылық қоры 13 337 000 теңге болып құрылып, әділет басқармасына тіркелген. Қазіргі  уақытта  несие  желісі  ашылып,  Аграрлық   несие коорпорациясымен  53 348 000 теңгеге 5 жылға №458  келісім шартқа отырды.  Үстіміздегі жылдың маусым айында 8 шаруа қожалығының бизнес-жоспары қорғалып,  16,6 млн. теңге тиісті несиелері шаруа қожалықтарының есеп шотына аударылды. Қазіргі уақытта 5 шаруа қожалығының  құжаттары 14,7 млн. теңгеге жасалынып, Аграрлық несиелік коорпорацияда  қорғалу үстінде.
“Ауылшаруашылығын қаржылай қорғау” АҚ арқылы  29 адамға 130 және 260 мың теңгеден,  барлығы 4290 мың теңге  жеке шаруашылықтардың мал басын өсіру мақсатында шағын несиелер берілді.

Шаруа қожалықтарының өсу қарқыны



Малдың басы



Ауылдық округтер бойынша шаруа қожалықтарының саны



КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

Жасалған сараптама бойынша 2007 жылдың қаңтар – маусым айларында аудандық көлікпен 8900 тонна жүк тасымалданған, бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 13%ке артық. Жүк тасымалдауда жеке кәсіпкерлердің ықпалы басым болып отыр.
2007 жылдың 6 айында 25 мың жолаушы тасымалданған, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 14% артық. Жолаушы тасымалдаудың негізгі бөлігі жеке меншік иелерінің үлесіне тиеді.
Ауданда бүгінгі күні 2116 телефон нүктелері жұмыс істейді, оның ішінде 230 телефон нүктесі мекемелер мен кәсіпорындардікі, 1886 жеке тұрғындар. Осы жылдың 6 айында қалааралық телефонмен сөйлесу көлемі 18456,0 мың теңгені құрады. Бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда болжам 24,1%-ға  артығымен орындалды.


жүктеу 202,73 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау