Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы 2007 жылдың қаңтар маусым айлары


ТҰРҒЫН ҮЙ – КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ



жүктеу 202,73 Kb.
бет2/3
Дата26.05.2018
өлшемі202,73 Kb.
#18154
1   2   3

ТҰРҒЫН ҮЙ – КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ,

СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС.

Ауданның әлеуметтік-мәдени және әкімшілік  нысандарын дер  уақытында 2007-2008 жылдардағы күзгі-қысқы от жағу маусымына дайындау мақсатында аудандық топ құрылды, ауыл әкімдеріне және мекеме басшыларына  нысандарды жылу мерзіміне дайындау үшін нақты тапсырмалар берілді. Оның ішінде:



  1. 13 білім нысандарын, оның ішінде 11 орта мектеп, 1 балабақша, 1 спорт мектебі;

  2. 14 денсаулық сақтау нысандарын, оның ішінде 1 емхана, 8-ЖДА, 5-ФП;

-    аудан бойынша 11 жылу қазандығын дайындау тапсырылды.  
Қысқа отын дайындау аудан бойынша: 24644 тонна көмір түсуі қажет, оның ішінде:

  1. халық – 15500 тонна;

  2. бюджеттік мекемелерге – 3444 тонна;

  3. басқа  мекемелерге  - 5700 тонна.

Ауданда жылдан жылға шаруа қожалықтары өз күштерімен тұрғын үй мен мал қораларын салуда. Ауылдық округтерде шағын дүкендер, тұрғын үйлер, жанар-жағар май құю станциялары және наубайханалар салынуда.
Сонымен қатар жәке кәсіпкерлерге тұрғын үй құрылысы,  мал қораларын,  жанар-жағар май құю станцияларын, шағын дүкен, наубайхана ғимараттарын салу үшін үнемі құрылыс нысандарына рұхсат қағаздары жасалынып отырады. .
Орда елді мекенінде шағын комплектілі мектеп құрылысы аяқталып, 2007-2008 оқу жылына пайдалануға берілмекші. Сондай-ақ, Шәкәрім атындағы орта мектебі қайта кәсіптік-техникалық мектепке жабдықталып, қосымша құрылыстар жасау жұмыстары қолға алынуда.
Ауыз су бағдарламасы негізінде Көкбай, Саржал, Тоқтамыс ауылдық округтерінде су құбыры жүйелерінің құрылысын салу үшін сметалық құжаттары дайындалып, келесі жылы жөндеу жұмыстары басталмақшы.
«Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР-ның 5 шілде 2006 жылғы № 157-ІІІ Заңына сәйкес аудан бойынша құрылған комиссияға 1 шілде 2007 жылға 3072 өтініш түсіп, 3021 өтініш қанағаттандырылды. Жария етуге түскен жылжымайтын мүліктердің жалпы құны – 604409,0 мың теңге. Бүгінгі күнге жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығында 2600 құжат жасалынса, жер ресурстары бөлімінде 2250, әділет басқармасында 4080 құжат тіркелді. 

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ

1 шілде 2007 жылға ауданымызда 874 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Шағын кәсіпкерлер субъектілерінен салық түсімі 11936,0 мың теңгені құрады.  Жалпы шағын кәсіпкерлер субъектілерінде 1661 адам жұмыс жасайды. Салалар бойынша: 2007 жылдың 6 айында 586 шаруа қожалығы тіркеліп, 1330 адам жұмыс атқарды және 4520,0 мың теңге салық түсімі түскен. Жеңілдетілген декларация және жалпыға бірдей тәртіп бойынша 107 шағын кәсіпкерлер субъектілері тіркелген, түскен салық түсімі 3846,0 мың  теңге. 168 кәсіпкер патент жүйесімен қызмет атқарып, 1982,0 мың теңге салық төлеген. Заңды тұлға ретінде аудан бойынша 11 кәсіпорын қызмет атқарады және онда 187 адам жұмыс жасайды. 2007 жылдың 6 айында бұлардан түскен салық көлемі 1588,0 мың теңге. Ауданымызда шағын кәсіпкерліктің негізгі салалары: сауда-саттық, нан өнімдерін шығару, дәмханалар, жолаушы тасымалдау, шаштараз қызметтері болып табылады.  



БАҒАЛАР

Ауданда апта сайын негізгі халық тұтынатын тауарларға бағаны тұрақтандыру жөнінде талдау жасалып отырады. 2007 жылдың 6 айы бойынша ұнның және ұннан жасалатын басқа да тағамдардың бағасы бұрынғы деңгейден өзгерген жоқ. Еттің бағасы 380-400 теңгені құрайды.  Май, сүт, сүттен жасалатын басқа да тағамдар, ұннан жасалатын тамақтардың бағалары бұрынғы қалыпта тұр. Ал, жеміс-жидектердің, бақша өнімдерінің бағасы өсуі байқалады. Жанар-жағар майға келетін болсақ, оның бағасы тұрақсыз, өсу тенденциясы қалыптасуда.


Ауданда бағаның өзгеруі, өсуі көбінесе тауарлар әкелінетін Семей және басқа қалалардағы базар бағасының өзгеруіне байланысты болып отырады.

Тағамдардың бағасы





БЮДЖЕТ

2007 жылдың 6 айында жергілікті бюджетке (субвенция мен ағымдағы трансфертпен қоса) 344948,0 мың теңге түсу керек болса, орындалысы 350622,8 мың теңге болды немесе 101,6 %. Жергілікті бюджетке түсетін кірістің жоспары 6 айда 52420,0 мың теңгеге бекітіліп, 57363,3 мың теңге болып орындалды немесе 109,4 пайыз. 6 айдың қорытындысы бойынша салықтың көп мөлшері әлеуметтік салықтан түсіп, 32399,0 мың теңгені құрады, яғни осы салықтың түрінен жоспар 102,8 пайызға орындалды,  сондай-ақ, табыс салығынан жергілікті бюджетке 13780,2 мың теңге түсіп, жоспар 104,4 пайызға орындалды. 



Аудан бюджеті  мың теңге

ҚАМТУ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМА

2007 жылдың 6 айында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 117 адам жұмыссыз ретінде есепте тұр. 30 адам  жұмысқа орналасқан. 01.07.2007 жылға жұмыссыздық деңгейі 1,4 пайызды құрайды. 113 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, 12 адам оқуға жіберілді.  Жұмыссыздық деңгейі былтырғы жылы осы уақытта 1,7 пайыз болды. 


Аудан бойынша зейнеткерлер:
а)   Жасына байланысты зейнеткерлер - 2456 адам,
б)   Мүгедектер  - 575 адам,
в)   Асыраушысынан айырылғандар - 258 адам,
г)   Әлеуметтік жәрдемақы алушылар - 11 адам,
д)   Ұлы Отан соғысына қатысушылар - 15 адам.     

2007 жылдың 6 айында аудан бойынша 126 отбасына және 419 отбасы мүшелеріне 3817,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып,  төленді. 31 жанұяға 353,0 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді.18 жасқа дейінгі балаларға төленетін Мемлекеттік балалар жәрдемақысы 1994 балаға есептеліп, 11719,0 мың теңге төленді.



          Жұмыссыздық деңгейі

 

БІЛІМ



Аудан бойынша 10 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп-балабақшасы,          2 қосымша білім беру мектебі, 1 шағын кешенді негізгі мектеп жұмыс жасайды. Осы мектептерде жыл басында 3127 оқушы қамтылды. Мектептер бойынша 169 класс, 165 класс комплектісі болып отыр. Кластар бойынша балалардың орташа сиымдылығы 19,43%.
Абай ауданы мектептерінде 546 мұғалім жұмыс атқарады. Оның жоғары білімдісі – 417,   арнаулы орта – 118, орта білімді–11.  Жоғары санатты   14  разряд – 29,  1 санатты /13 разряд/ – 135,  2 санатты /12 разряд/ - 155,  Санатсыз /6-11 разрядты/ – 227.
Мектептердің барлығы да арнаулы типтік жобадағы ғимараттарға орналасқан. Биылғы оқу жылында  Орда ауылында 120 балалық жаңа мектеп ғимараты  пайдалануға беріледі.
Биылғы 2006-2007 оқу жылының қорытындысы бойынша аудан мектептерінен ҰБТ-ке 175 оқушы қатысты. ҰБТ өткізу шығындарына республикалық бюджеттен 418000 теңге, жергілікті бюджеттен 200000 теңге қаржы бөлінді.
ҰБТ қорытындысы әрбір мектептегі білім сапасын айқындап берді.
2007 жылы 227 мектеп бітіруші болса, оның 77%-і – 175 оқушы Семей қаласындағы тест орталығында ҰБТден өтіп, 52 оқушы дәстүрлі емтихан тапсырды.
ҰБТ-дің қорытындысы бойынша орташа балл 61,3 болды. 4 оқушы «Алтын белгі» белгісімен, 2 оқушы үздік аттестатпен бітірді.

  1. 4-49 балл аралығында – 53 оқушы

  2. 50-59 балл аралығында – 45 оқушы

  3. 60-70 балл аралығында – 31 оқушы

  4. 71-89 балл аралығында – 29 оқушы

  5. 90-100 балл аралығында – 7 оқушы

  6. 101-110 балл аралығында – 6 оқушы

  7. 111-120 балл аралығында – 4 оқушы

       Бұл көрсеткіш жылдағы көрсеткіштен жоғары. Орташа балл 2005 жылы – 52,9 болса, 2006 жылы – 58,9 болған, биыл – 61,3.

 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ


жүктеу 202,73 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау