Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет68/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   207

138 

қалыптасу  жəне  даму  ерекшеліктерінің  аралығындағы  қатынасы  деп  түсіндіреді.  Психиканың 

қалыптасу  ерекшеліктері  туралы  сұрақ-қоршаған  ортадағы  жəне  генетикалық  факторларының 

күрделі  қатынасы  туралы-психологияны  оқыту  əдістемесінің  төңірінде  ғана  емес,  сондай-ақ 

педагогика,  медицина, философия, дидактика  жəне т.б. ғылым  саласында  да осы құралдармен  жəне 

эксперименттік ізденістермен таныстыру маңызды [3, 32 б.].  

Жастық  шақ – адам  дамуындағы  маңызды  кезең.  Бұл  кезеңде  адам  ересек  өмірге  аяқ  басады. 

Яғни, сөзбе-сөз мағынасы, ересектік пен балалық шақтың арасындағы «үшінші əлем».  

Жастық  шақ – физикалық  жетілудің  аяқталу  кезеңі.  Оның  негізгі  белгілерінің  қатарына – 

қаңқасының  есею,  екінші  реттік  жыныстық  белгілерінің  пайда  болуы,  бойдың  кенеттен  өсіп  кету 

кезеңі жатады. Дəл осы ерте жастық кезеңде ұл балалар, физикалық даму тұрғысынан қыздарға жетіп 

алады немесе олардан асып кетеді.  

Жастық  шақ  ол – əлеуметтік,  тұлғалық,  кəсіби,  рухани-тəжірбиелік  тұрғыда  өзін-өзі  анықтау 

кезеңі. Өзін-өзі анықтау үрдісінің негізінде, болашақ іс-əрекет саласын таңдау жатыр. 

Осыған қарай ерте жастық шақтың негізгі психологиялық дамуы айқындалады: 

1. Өзінің сыртқы келбетіне көп көңіл бөлу, өз бойынан физикалық ауытқуларды табуға бейім болу 

. Ол адам бойында невротикалық сипатқа ие, созылмалы бұзылыстарды тудыруға əкеледі. 

2.  Алайда,  бұл  жастағы  ұлдар  мен  қыздардың  жалпы  эмоционалдық  жағдайы  анағұрлым 

бірқалыпты болады. Жасөспірімдердегідей кенеттен аффект жағдайлары болмайды.  

3.  Ерте  жастық  шақтың  басты  психологиялық  ерекшелігі – өз  ішкі  əлемінің  ашылуы 

саналады.Егер  бұрын  бала,  сыртқы  стимулдарға  бағытталса,  ал  қазір  өз  ішкі  əлеміне  көңіл  бөледі. 

Жоғарғы  сынып  оқушыларында  жеке  мінсіздік,  өзінің  қайталанбастығы,  жеке  «Менінің»  өзгешелігі 

туралы түсініктер қалыптасады. Олар қоршаған орта туралы түйген ойларының дұрыстығына сенімді 

болады.  Жəне  олар  өз-өздеріне  сенімді  болады,  екінші  жағынан  сенімсіздік  танытады.  Соған  қарай 

жасаған іс-əрекеттеріне сенімді болып тұрса да, өзін ұстамды ұстайды. Жоғарғы сынып оқушылары 

жаңа идеяларға құлшыныс танытады, өз идеяларынан амалсыздан бас тартады.  

Гезелл жастық шақты – жоғарғы эмоционалдық кезең ретінде сипаттайды. Ол эмоциялардың даму 

мазмұны мен сипатын – «өсу градиенті» терминімен түсіндіреді: Эмоциялардың жалпы сипаттамасы; 

ашу; үрей мен қорқыныш; əзіл;.аффекивтілік; өзін-өзі тануы; сезімдердің экспрессивтілігі.  

Қазіргі  таңда  жастардың  бойындағы  агрессивтіліктің  жоғарлауы,  тек  ғана  мұғалімдер, 

психологтар мен ата-аналарға ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғамға əсер етеді. Мысалы, жоғарғы 

сынып  оқушыларында  өзара  кіші  топтар  ұжымы  болады.  Олардың  өзара  бір-біріне  деген  қарым-

қатынас  ерекшелігі  болуы  мүмкін.  Осы  мəселе  төнірегінде,  Л.И.Божович,  Д.Б.Эльконин, 

Я.Л.Коломинский, А.А.Реан жəне т.б. өз еңбектерінде көрсетіп кеткен.  

Мектептегі үрейлік пен қорқыныш – кез-келген педагог, психолог кездестіретін мəселелердің бірі. 

Ондай қорқыныш пен үрейлік – əсіресе, мектеп түлектерінің бойынан кездеседі. Оған мысал ретінде, 

емтихан  мен  ҰБТ-ға  қатысты  туатын  үрей  мен  қорқынышты  жатқызуға  болады.  Себебі,  көптеген 

мектеп  түлектерінің  бойында,  үлкен  өмірге  аяқ  басу  барысында  жолын  болмай  қала  ма  деген 

қорқыныш туындайды.  

Мектептегі əзіл – əр мектеп оқушысының басынан өтетін үрдіс. Оқушылар мектеп өмірінде оқу 

процессіне  көңілдерін  бөліп  қоймай,  сонымен  қатар  шығармашылыққа,  əзіл  сықаққа  да  қатысып 

тұрды.  Ол  қарапайым  сыныптасымен  əзілдесуден  бастап,  мектептегі  «Көңілді  тапқырлар  алаңына» 

қатысуға  дейін  жалғасады.  Ал,  мектеп  түлектерінің  бойындағы  аффектттің  көрінуі,  ол  əдеуметтік 

бағалау  мен  санкциялар  нəтижесінде  болып  отырады.  Мысалы,  емтихан  нəтижесінен  нашар  баға 

алып қалу барысында көрінуі мүмкін. Сол кезде, мектеп түлегі көбінесі сезімге беріледі, көңіл күйі 

түсіп кетеді.  

Өзін-өзі тануы – əрбір индивидтің өзінің жеке тұлғалық қасиеттерін білуі. Себебі, егер адам өзін 

іштей  жақсы  танитын  болса,  оның  ішкі  дүниесі  үйлесімде  болып,  өз  болашағын  жоспарлай  алатын 

болады. Мысалы, мектеп түлектерінің өз мүмкіндіктерін бағалай отырып, болашақ кəсібін таңдауда 

еш қиналмауын осыған жатқызуға болады. 

Сезімдердің экспрессивтілігі – ол адам өз ішкі дүиесін, сыртқы əлемге эмоцилар, сезімдер арқылы 

көрсетуі.  Бұл  түснік,  сабырлыққа,  байсалдыққа  қарама-қайшы.  А.Маслоудың  пікірінше,  қалыпты 

тұлғада  бұл  қасиет  үйлесімде  болуы  тиіс  деп  саналады.  Мысалы,  мектеп  түлегі  өз  ішкі  сезімдерін 

қоршаған  ортамаен  бөлісетін  болса,  қоршаған  орта  тарапынан  да  оған  қолдау  көрсетілетін  болады. 

Кейбір жоғарғы сынып оқушылары, ішкі сезімдерін əлеуметтік ортамен бөліскенді жөн көреді. 

П.М.Якобсон  балалардың  эмоционалды  сферасын  қарастырған  еңбектерінде,  жоғарғы  сынып 

оқушыларының  да  эмоцияларына  көп  мəн  береді.  Ол  жоғары  сынып  оқушылары,  балалар  тобынан 

ересектер  тобына  жылжу  жағдайында  болады  деген.  Сол  себепті,  оларда  қобалжу,  тұрақсыздық, 



139 

жоғары  сезімталдық,  өз-өздеріне  сенімсіздік,  жүріс-тұрыс  пен  көңіл  күйдің  ауысуы,  агрессивті 

эпизодтар кездесетін сезімде болады деген [4, 74 б.].  

Э.Эриксон  бойынша,  жастық  кезеңге (13-18 жас) – сəйкестендіру  дағдарысы  тəн.  Осы 

дағдарыстан өтетін болса, индивидуалдық, басқаларға ұқсамау секілді ерекшеліктер аяқталады деген.  

Жəне бала соған ұмтылу барысында, оны қанағаттандыра алмайтын болса, балады фрустрациямен 

қатар  əртүрлі  сезімдертуындауы  мүмкін.  Себебі,  əр  адам  индивид.  Олардың  дамуы,  дүниетанымы, 

көзқарасы əртүрлі болып келеді. 

 Қорытындылай  келе,  жоғарыда  аталған  авторлардың  еңбектерін  ескере  келе,  жоғары  сынып 

оқушылары  «мен  ешкімге  ұқсамау  керекпін»  деп  ұмтылмауы  керек.  Себебі,  жоғарғы  сынып 

оқушыларының  көбісі,  өздерін  «біз  ересек  топқа  өттік»  деп  санайды.,  өзіңізді  жайсыз  сезінетін 

болсаңыз, міндетті түрде онымен бөлісу керек[5, 43 б.].  

Осы мəселелерді ескере отырып, мектеп түлектерінің болашағын анықтаудағы жас ерекшелігі мен 

өзіндік-психологиялық 

тұлғалық 

қалыптасуын 

жəне 

болашақ 


кəсібін 

таңдаудағы 

тұрақтылықтылығының  қалыптасуын  ойдан  шығармау  қажет.  Ендеше,  мектеп  бітірушілердің 

эмоцианалдық-мотивациялық жағдайын ескере қажеттігі туындайды.  

Яғни,  түлектердің  бүгңнгісін  түсініп,  ертеңгісін  елестетуге,  еліміздегі  білімнің  маңыздылығын 

түсінуіне себепші болуымыз керек. 



 

Əдебиеттер 

1.  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2014. 

2.  Білім туралы. – Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы: Литера, 2000. – 96 б. 

3.  Жақыпов С.М., Тоқсанбаева Н.Қ. Психологияны оқыту əдістемесі. – Алматы : Қазақ университеті,2013. – 

190 б. 

4.  Изард К. Психология эмоций.– / Перев. с англ. – СПб: Издательство «Питер», 1999. – 464 б.  



5.  Ильин И. К. Эмоции и чувства.– СПб: Питер, 2001 – 752 с. 

 

 



Байбекова М.М., Анарметов Б.С.  

 (Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті,  

Шымкент қаласы. Қазақстан) 

 

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

 Психология  пəні  барлық  жоғары  оқу  орындарында  факультет  не  мамандану  түріне  қарамастан 



өте маңызды пəн болып табылады, себебі ешбір білікті маман бойында қандай да бір психологиялық 

мəселелері,  шешілмеген  жағдайлары  мен  күрделі,  жеңуі  қиын  сезім-күйлері  болатын  болса  онда  ол 

адам  алға  қойылған  міндет-мақсаттарын  орындай  алмайды.  Сондықтан  да  бүгінде  барлық  дерлік 

жоғары  оқу  орындарында  міндетті  түрде  студенттер  барлық  курстарда  психология  пəнін  оқиды. 

Гуманитарлық  факультеттерде  психологияны  бірнеше  семестр  оқиды,  ал  техникалық  жоғары  оқу 

орындарында –бір-ақ семестрде оқытылады. Жоғраы оқу орындарында оқытушылар өте маңызды рөл 

атқарады,  себебі  студентке  аталған  пəннің  ұнайтыны  нақ  соларға  байланысты  болады.  Психология 

пəні  мұғалімінің  басты  негізгі  міндеті–  студенттердің  тек  қана  білімді  алып  оны  бастарында  ұстап 

сақтау  емес,  оқыту  процесіне  креативті  көзқараспен  қарап,  алған  мəліметтерге  қызығып,  оны 

күнделікті  өмірде  қолдана  алуға  үйрету  болып  отыр.  Бүгінгі  күні  ақпараттық  технологиялардың 

кереметтігіне орай нендей материалды болсын тауып оқу еш қиындық тудырмайтыны баршаға мəлім. 

Оқытушыға  қойылатын  талаптардың  өзі  психология  ғылымының  ерекше  боуымен  түсіндіріледі. 

Оқытушы  қоғамда  орын  алып  отырған  этикалық  нормалар  мен  ережелер  жайлы,  психологиялық 

құбылыстар  мен  түрлі  кикілжің  жағдайлар  туралы,олардың  шешілу  жолдары  туралы,  адам 

психикасының ерекше қырлары жайлы, кейде көрінетін ауытқулар туралы айтып түсіндіруі тиіс. Осы 

тұста  ереже  бойынша  əңгіме  кəсіби  мамандар  емес  аудиторияға  қатысты  əңгіме  болып  тұр,  мұнда 

берілетін материалдың күрделілік дəрежесін түсіре білу аса маңызды [1, 20б].  

 Сондықтан  да  студенттердің  күнделікті  өмірде  алған  білімдерін  қолдана  білуін  ескерген  жөн, 

олардан  күрделі  терминдерді  білуін емес,  жұмыста  не  өзге  адамдармен  қарым-қатынаста  ол  білімді 

қолдана  алуларын  сұраған  жөн.  Маңыздысы:  оқытушының  өзі  оқыту  процесі  кезінде  бірқатар 

дағдылары  болуы,  яғни  аудиторияны  өзіне  қарата  алуы,  студенттерді  қызықтары  білуі  жəне  түрлі 

əдістерді шебер қолдана алуы. 

 Психолог  мамандығы  қазіргі  таңда  бірден-бір  кеңге  танымал  əрі  сұранысқа  ие  болып  отырған 

кəсіп түрі. Əрине оған қаншама жоғары оқу орындарындағы факультеттер мен осы ғылымды игерем 

деп  келіп  түсетін  талапкерлердің  санымен  негіздеп  айтуымызға  болады.  Жасыратыны  жоқ  бітірген 

мамандықтары  бойынша  барлығы  бірдей  қызмет  етеді  деп  айта  алмаймыз,  дегенменен 




жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау