Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет69/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   207

140 

психологиялық  білім  түлектерге  болашақ  өмірлерінде  қажет  болатын  пайдалы  дағдыларға  үйретері 

анық.  Психологиялық  факультетте  оқи  отырып  студенттер  жеке  адамның  құрылымы  теориясын 

меңгереді, адам психикасын білуге үйренеді. Жоғары жүйке əрекеті жайлы ілімді оқуға үлкен көңіл 

бөлінеді.  Бұл  білімдер  адамның  түрлі  өмірлік  ситуациялардағы  мінез-құлықтары  негізі  болатын 

механизмдер  жайлы  ұғым  береді.  Жоғары  курстарда  студенттер  психологиялық  кеңес  беруге 

байланысты  практикалық  сабақтарға  көшеді.  Тəжірибеде  ересектерге  ғана  емес,  балаларға  да 

психотерапевтикалық  көмек  көрсетудің  дағдылары  қалыптасатын  болады.  Студенттер  əңгімелесуге 

келген  адамдардың  бойларындағы  қорқыныштары,  стрестері,  жағымсыз  əдеттері  мен 

психосоматикалық ауруларымен күресудің тəсілдерін өздері табатындай етіп диалог құруға үйренеді. 

ЖОО-да  оқу  барысында  студенттер  өзін-өзі  тану  мен  жеке  тұлғалық  өсу  тренингтеріне  қатысады, 

нəтижесінде  ішкі  толғандырып  жүрген  мəселелерінен  айығады,  өзіндік  бағалары  жоғарылайды, 

көшбасшылық  қасиеттері  дамитын  болады.  Студенттер  өз  эмоцияларын,  ерік  пен  өзге  психикалық 

процестерін  басқаруды  үйренеді.  Қалыптасқан  дағдылары  оларға  керемет  білікті  маман  болуға 

көмектеседі.  Ал  егер  де  адам  өзінің  мамандығын  өзгертетін  болса,  психологиялық  білім  не  береді? 

Алынған білімдер мен шеберлік дағдылары мамандарға егер де ол ұжымда қызмет ететін болса аса 

көмектеседі. Жақсы психологтар бизнестегі мансаптық сатының биіктеріне оңай көтеріледі, іскерлік 

қарым-қатынаста тамаша табыстарға қол жеткізеді. Психологиялық білім отбасылық өмірде кең, əрі 

жақсы қолданысқа ие болары сөзсіз. Егер де отбасында жұптың бірі психолог болатын болса , ондай 

отбасылар  ажырасулары  сирек  болып  жатады,  оларда  қайырымды  аһуал  орын  алады,  кикілжіңдер 

мүлдем болмайды. Психологиялық  білім өзге  адамдарға ықпал  ете  алуды, оларды  тани білуге жəне 

психологиялық  қолдау  көрсете  білуде  көмектеседі.  Психолог  адам  қатысы  бар  кез-келген  салада 

қажетті  болып  отыр.  Педагогикалық  жоғары  оқу  орындарын  психологиялық  оқу  əдебиеттерімен 

қамтамасыз  ету  əлі  күнге  дейін  өзекті  болып  отыр;  толық  оқу-əдістемелік  кешен  əлі  күнге  дейін 

құрылмаған. [2, 120 б].  

 Педагогтарды психологиялық даярлаудың бүгінгі күйін талдап бағалар болсақ, ол процесс қазіргі 

білім  саласындағы  модернизауиялаумен  тұспа-  тұс  келіп  отыр.  Өзгерістер  ең  бірінші  кезекте 

оқылатын психологиялық пəндердің қатарына қатысты. Қоғамдағы жəне білім саласындағы түбегейлі 

өзгерістер педагогикалық іс-əрекеттегі толық өзгерістердің орын алуына əкеліп соғып отыр: педагог 

функциясының қайта құрылып кеңеюіне (тек қана білім тасымалдаушысы емес, сонымен қатар бала 

дамуының  шаралары  мен  жағдайларын  құрушы,  жобалаушысы),  жаңа  педагогикалық  статустары 

пайда болуына (əлеуметтік қызметкер, педагог-психолог, түзетуші педагог жəне т.б.). Педагогтар тек 

қана  білім  беріп  қана  қоймай,  тарих  пен  мəдениетте  студенттердің  өздері  анықтала  алуды  үйретеді 

[5],  олардың  түсіну  техникалары  ойлауы,  рефлексияларын  дамытуды [3]. Адамның  көптеген 

қабілеттерін  дамытуға  бағытталған  білім  беру  процесі  адекватты  теориялық  негізде  ғана  құрыла 

алады, оның ядросын дамудың педагогикасы мен психологиясы құрайды [4, 8б].  

 Міне  осы  тұрғыда  біздер  өзіміздің  жоғары  оқу  орны  жайлы,  ондағы  жүзеге  асырылып  отырған 

психологиялық  білім  берудің  жай-жапсарына  тоқтала  кетуді  жөн  санадық.  Оңтүстік  өңірінде  білім 

беру  кеңістігінде  толассыз  сүбегейлі  үлес  қосумен  қатар  өзіндік  келбеті  мен  танылатын  брендтік 

имиджі бар оқу орны саналатын университетімізде педагог-психолог бакалаврлары мен магистрлары 

жан-жақты  талапқа  сай 25 жыл  бойы  даярланып  келеді.  Студенттердің  білім  алып  толыққанды 

құзіреттілігі  мол  мамандар  болулары  үшін  аталмыш  жоғары  оқу  орнында  соңғы  озық  ақпараттық 

технологиялармен  қамтамсыздандырудан  бөлек,  ең  басты  тұлға  оқу  орны  оқытушыларының  білім 

сапасының  замана  талабына  сай  келу  мəселесі  күнделікті  шешімін  тауып  отыратын  мəселе.  Оның 

дəлелі болып ПОҚ-ң ғылыми-əдістемелік əлеуеттерін шетелдерде тағылымдамадан өтіп келулері ғана 

емес, сонымен қатар үш тілді меңгеріп иннновациялық технологияларды оқу-тəрбие процесінде терең 

қолданумен  де  өзектеліп  айғақталады.Осы  оқу  орнында  психологиялық  білім  толыққанды  беріліп 

жатқандығы  бірқатар  жұмыстардың  атқарылуымен  де  түсіндіріледі,  атап  айтқанда  шетелдермен 

online-дөңгелек  үстелдер  өткізіп  қана  қоймай  соынмен  қатар  жұмыс  беруші  серіктес  Практикалық 

психология  мен  психотерапия  Еуразиялық  институтымен  бірге  өткізген  Психологиялық  Фестиваль 

мен ғылыми-тəжірибелік конференциясы (27-29.10,.2017ж.) Білім саласы өзінің жеке психологиялық 

қамтамасыздығын  құра  білуі  тиіс.  Осы  жүйе  жайлы  ұғым  түсініктер  педагогтардың  психологиялық 

білімдерінің  негізін  құрауы  тиіс. [1]. Педагогикалық  іс-əрекет – бұл  білім  беретін  түрлі 

қоғамдастықтарда тəжірибе ету; топтарда, сыныптарда, клубтарда, бірлестіктерде.  

 Педагогикалық жоғары оқу орнындағы тағы бір психологиялық білімнің мазмұнына енетін құрам 

– бұл педагог еңбегі болады, яғни бұл: іс-əрекет, сана-сезім, қарым-қатынас, жеке адам мен даралық 

болады.  Педагог  еңбегі  сөзсіз  білім  беру  процесіне  енеді,  бірақ  ол  ерекше  шынайылықты  құрайды 

деген  күмəнді  емес.  Педагог  өзінің  кəсіби  іс-əрекетін  жобалау  технологиясы  мен  əдістемесі  жайлы 

білімді  меңгеруі  тиіс,  өз  жұмысында  ерекше  техникалар  мен  əдістемелерді  ойлап  табуға  қабілетті 



жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау