Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет52/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   207

105 

мүмкіндіктеріне,  жалпы  өзіне  деген  қатынас  та  болады,  яғни  өзіндік  бағалау  есебінде  саналады. 

Өзіндік сана ұғымын «Мен» тұжырымдамасы арқылы түсіндіруге болады. 

«Мен»  тұжырымдамасы  дегеніміз – индивидтің  өзі  туралы  барлық  түсініктерінің  жиынтығы 

болып  табылады.  Бұл  индивидтің  қандай  екенін  анықтап  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  оның  өзі 

туралы ойын, қызметіне деген, болашағына деген көзқарасын анықтайды. 

Ұлттық  тұрғыдан  сананы  түсінгіміз  келсе,  этникалық  өзіндік  сананы  айтуымызға  тура  келеді. 

Этникалық өзіндік сана адамдардың ұлттық тиістілігін анықтау үшін негізгі белгі болып есептеледі, 

бұл өз кезегінде əлемнің көптеген елдерінде мəселенің маңыздылығын анықтады. 

Этникалық өзіндік сана  этникалық  сананың шеңберінде пайда болады жəне дамиды. Этникалық 

топтың  өзін – өзі  бейнелеуге  мүмкіндігі  этникалық  топтық  тілінде,  халықтың  дəстүрлер  мен  əдет – 

ғұрыптар жүйесінде, аңыздарда, мифтерде, ырымдарда, теріс пікірлерде, ұлттық ырымдарда жəне т.б 

көрінетін этникалық сана – сезім болып табылады. 

Ұлттың  жалпы  өзі  туралы  түсінігі,  ұлттың  мүддесі,  басқа  ұлттармен  қатынастағы  құндылық 

бағдарлары  мен  нұсқаулардың  саналуы,  басқа  ұлттық  қоғамдастықтар  ішіндегі  өз  орнын  саналауға 

байланысты  сезімдер,  көзқарастардың  қалыптасуы, «патриоттық»  ұғымын  сипаттайтын  қоғамдық 

саяси құндылықтар жəне де «ұлттық таптаурын, яғни стереотип», территория, тіл, мəдениет туралы 

түсінік, ұлттық мақтаныш, осының бəрі этникалық өзіндік сананың құрылымына кіреді. 

Тіпті, тұлғаның өзіндік сана- сезімінің қалыптасуына қоғамдық сананың да рөлі ерекше. 

Өзіндік сана-сезімнің құрылымы: 

а) өзінің «менін» жəне жақын жəне болашақтағы түрткілері мен мақсаттарын саналы түрде түсіну; 

b)  өзін  реалды  жəне  қалайтын  сапаларын  саналы  түрде  түсіну («шынайы  Мен»  жəне  «идеалды 

Мен»); 

v) өзі туралы танымдық көзқарастары («Мен бақылаушы нысана ретінде»); 



g) өзіне деген сезімталдық, эмоционалды көзқарастары. 

Осыған орай, психологтар өзіндік сана сезімнің төмендегідей жақтарын қарастырады : 

•  өзіндік таным (өзін интелектуальды аспектіде тану); 

•  өзіне қатынасы (өзіне деген эмоционалды қарым-қатынасы). 

Бір  зерттеушілер,  мысалы  этностың  басты  белгілері  тіл  мен  мəдениет  деп  атаса,  басқа 

зерттеушілер бұған аймақ бірлігі мен этникалық өзіндік сананы қосады. 

Туғаннан  дəстүрлі  қазақ  мəдениетінің  тəрбиесінде  өскен  бала  қилы-қилы  оқиғалардағы  мінез-

құлық  ережелерін  өзінің  бойына  сіңіреді.  Бұл  оған  есейген  шағында  тұлға  аралық  мінез-құлық  пен 

қарым-қатынаста  ең  тиімді  түрлері  болып  шығуына  мүмкіндік  туғызады.  Мүмкін  дəстүрлі 

мəдениетке жақын жағдайларда өскен жас адамдардың мінез-құлқындағы айырмашылықты, ауылдық 

жерлердегі  қазақ  тілінде  сөйлейтіндер,  əсіресе  оңтүстік  аймақтарындағы,  қала  жағдайында 

өскендерден  айырмасын  байқаған  боларсыз.  Өз  халқымыздың  өкілі  ретінде  əрқайсымыз – оған  тəн 

мəдени  ерекшеліктердің  үлкен  кешенін  құраушы  жəне  тасушысы  болып  табыламыз.  Олар  əрине 

ұрпақтан – ұрпаққа  биологиялық  жол  арқылы  берілмейді.  Біз  олардың  көп  бөлігін  балалық 

шағымызда,  ата – аналарымыздан,  басқа  да  үлкен  адамдардан  жəне  замандастарымыздан  аламыз, 

əрбір  мəдениет  өзіне  ғана  тəн  ерекшеліктерді  дамытуға  жағдай  жасайды.  Адамның  қандай  да  бір 

халыққа  жатуы,  оның  туу,  шығу  тегі  жағдайымен  жəне  тəрбие  беруімен  оқыту  процесінде 

анықталады.  Бүгінгі  таңда  этнотəрбие  беру  адамды  жауапкершілігі  мол,  қоғамда  өз  орнын  таба 

білетін адам етуге септігін тигізсе екен деген сенімде. Əр халыққа тəн барлық əдет – ғұрыптар мен 

салт-дəстүрлер,  мінез – құлықтық  барлық  этникалық  ерекшеліктері  тəрбиеленеді.  Əрине  əрбір 

қоғамдастық  үшін,  адамның  тұлға  болып  қалыптасуы,  этникалық  мəдениеттен,  құндылықтан, 

дəстүрлерден  тыс  мүмкін  емес  болғандықтан,  оның  балаларының  тек  қана  өз  халқының  лайықты 

өкілдері болып жетілуі маңызды. 

Этникалық өзіндік сана мəні жөнінде қысқаша қарастырылып өткеннен соң, оның функцияларына 

тоқтау қажеттігі пайда болды, өйткені əр мəн өзін іс – əрекет процесінде көрсетеді. Міндеті жағынан 

ұлттық өзіндік сана, ең алдымен ұлттық өзін – өзі анықтауын рухани қамтамасыз ететін функциясын 

жəне оның əр жақты дамуын жүзеге асырады. 

Ғылыми  əдебиеттерде  ұлттық  өзіндік  сананың  функциялары  туралы  біркелкі  түсінік  қалып-

таспаған.  Кейбір  жағдайларда  оның  функциясы  ретінде  мыналарды  бөліп  көрсетеді:  бейімделуші, 

үйрену, қорғаныс, танымдық, өзін реттеу жəне жауапкершілік. 

Танымдық функцияның ерекшелігі ұлттың ақиқат өмірдегі өзінің «Біз» сезімін саналы сезінуінен 

көрінеді. Бірақ бұнымен ұлттық сана – сезімнің танымдық функциясының мəні шектелмейді. Өзінің 

«бізін» саналы түрде сезіну – бұл тек ұлттың өзіндік санадағы бастапқы сəті, бірақ та өте маңызды, 

өйткені  осы  кезеңнен  сана – сезімнің  танымдылық  белсенділігін  интенсификациялау  үдерісі  баста-

лады.  Қаншалықты  адам  өзін,  өзінің  болмысын  тануға  қарқынды  ұмтылса,  соншалық  ол  қоршаған 



106 

дүниедегі  өз  орнын  сапалы  түрде  анық  сезіне  бастайды,  өзінің  ерекшеліктерін,  өзінің  түпкі 

мүдделерін саналы түрде сезінеді. 

Ұлттың  жоғалып  кетпейтін,  өзгермейтін  құндылықтарына,  бірінші  кезекте,  оның  тілі,  этикалық, 

эстетикалық жəне тарихи құндылықтары жатады. Кезінде белгілі ғалым М.Мұқанов Б.Уорфтың ойды 

тіл  билейді  дейтін  жорамалын  жəне  осының  этнопсихология  үшін  маңыздылығын  қарастырған. 

Б.Л.Уорф  Американың  тіл  маманы  жəне  антропологы. /1, Б.16/.  Мысалы, 32 латын  қарпін 2025- ші 

жылы  қолданысқа  енгізу  туралы  тарихи  құбылысты  жан-жақты  қарастырып,  өздерінің  азаматтық 

позициясын білдіріп жатыр. Кейбір адамдардың ішкі түрткісінің негізінде қажеттіліктері, эмоциясы, 

қызығушылықтары  жатыр.  Олар  ішкі  түрткісін  сыртқы  түркіге  (мақсаттарға,  орта  факторларына) 

бағындыруы қажет. Жапондық өнер иелері танымал болғаннан кейін, шығармасын бүркеншек атпен 

(псевдоним)  жариялайды  екен.  Егер  оның  шығармасына  деген  сұраныс  əлі  де  толастамаса,  одан 

сайын шабыттанатын көрінеді, бұл – ең оңтайлы əдіс деп бағалар едім. 

Этникалық  өзіндік  сананың  ең  жоғарғы  көрінісі  деп,  ұлттың  өзінің  өзін – өзі  жетілдіру,  біз 

білетініміздей өзін – өзі реттеу механизмдеріне негіз артады. Этникалық өзіндік сананың ұлт өмірінде 

реттеуші  қызметін  атқарудың  арқасында,  ол  оның  айырылмас  атрибуты,  мəнді  белгісі  болып 

қалыптасады.  Этникалық  өзіндік  сананың  реттеуші  функциясы,  халықты  бірыңғай  қауымға 

шоғырландыруды, бірлікте болуды, арандатуға жол бермеуді (ғаламторда айтылғандай, құқық қорғау 

ұйымы  арандатушы  адамды  өз  еліне  аттандырады),  олардың  бірегей  мақсатқа  ұмтылуын,  жеке 

мүдделерін жүзеге асыруын қамтамасыз етуде мəнді көрініске ие болады. 

Көрнекті  ғалым  С.М.Жақыпов /2, Б.10 / мақаласында  əр  этностың  бірлескен  іс-əрекетінің 

тиімділігін  арттыруға  бағыттайды.  Ұлтаралық  жəне  əр  түрлі  конфессиядағы  дінаралық  келісімнің 

орнығуы – ұлттық  мəдениеттің  бай  мұрасының  арқасында  екендігіне  мəн  берген.  Əрине,  басқа  бір 

этноспен  өзара  əрекеттестікке  түскенде  олардың  қарым-қатынасының  нақтылы  түрлерін  ескерілуін 

көрсеткен...Халық  психологиясының  терең  ізі – адамдардың  өзара  қатынас  жасау  мəдениетінде 

жататындығын  жəне  адамның  жеке  басының  ерекшелігі,  сол  топтың  адамдарына  пайдалылығы 

ескеріліп, мінез-құлықтың ең тиімді түрлері қалыптасады. Сондай-ақ екі жаққа да қолайлы, қажетті, 

жаңа  жағдайдағы  мінез-құлық  формаларының  тиімділігі  қалыптасатындығын  жəне  этникааралық 

өзара қатынас үрдісінде мінез-құлықтың жаңа, жинақталған түрлері туындайтындығын баяндаған. 

Егер  ұлттық  қоғамдастықтың  мүшелерінің  іштей  бірлігі  болмаса  жəне  де  олардың  өздерінің 

дамуының жоғарғы сатысында тұрғанына қарамастан, əрқайсылары өз – өзімен болып көрінсе, онда 

олар  бірыңғай  қоғамдастықты,  бір  ұжымды  құрамайды.  Бұл  ұлт  емес,  адамдардың  жиынтығы 

(біршама ұқсас қасиеттермен ерекшеленген) болуы мүмкіндігін ескертеді. 

Қазақстанның  тəуелсіз,  дербес  мемлекет  ретінде  дамуы  жағдайында  өз  азаматтарының  рухани 

жаңғыруы,  өздерін  саналы  тұлға  ретінде  сезіне  білуі,  бір – бірімен  өзара  қарым – қатынастарының 

белсенді түрде дамуы маңызды мəселе. Білім жүйесінің өзекті мəселесінің бірі жас ұрпақтың қарым – 

қатынастағы  этникалық  өзіндік  санасының  қалыптасуы  болып  табылады.  Білім  өз  мазмұнын 

халықтың рухани жаңғыруымен, оның этникалық өзіндік санасымен қамтамасыз ете алған кезде ғана 

нағыз халықтық, ұлттық бола алады. 

Этникалық  тиістілігін,  өз  ұлтының  психикалық  қырларын  басқа  этникалық  орта  арасындағы 

этнопсихологиялық  айырмашылықтарды  саналау  этникалық  өзіндік  сананың  белгілі  бір  деңгейінде 

өтеді.  Оның  негізгі  мазмұны  өзінің  этникалық  тобы  мен  басқа  этникалық  ортаның  ақиқат  жəне 

қиялдағы арнайы қырлары туралы түсініктер құрайды. 

Қоғамда  болып  жатқан  аумақты  өзгерістер  кезеңінде  этникалық  өзіндік  сананың  қалыптасуы, 

дамуы,  оның  қарым-қатынаста  көрінуі  өмірлік  маңызды  жəне  өзекті  мəселелердің  бірі  болып 

табылады.  Этникалық  өзіндік  сана  мəселесіне  жəне  қарым-қатынас  мəселесіне  көптеген  зерттеулер 

арналғанмен  де,  қарым-қатынастағы  этникалық  өзіндік  сана  ерекшелігі  жеткілікті  түрде  зерттел-

меген. Бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде «Хабар» арнасы да «Сана» деген атаумен арнайы 

жоба  ұйымдастырған,  онда  кейбір  тұлғалар  қоғамда  саналы  іс-əрекетке  бастама  жасағандығын 

талдайды. 

Жалпы  қарым-қатынастағы  этникалық  ерекшеліктер  қазіргі  экономикалық  даму  кезеңінде  өте 

өзекті  мəселе  болып  отыр,  өйткені  əр  мемлекет,  əр  ел  өкілдері  бір-бірімен  достық,  экономикалық, 

саяси,  т.б.  қатынастар  орнатып,жиі  қарым-қатынасқа  түсіп  отырады.  Осындай  қарым-қатынас 

жағдайында  əр  ұлттың  этникалық  ерекшеліктерін,  этникалық  өзіндік  сана  көріністерін  ескеру 

олардың  арасындағы  байланысты  нығайта  түсіп,  арадағы  мүмкін  болатын  шиеленістерді  азайтады 

деп  ойлаймын.  Олардың  бір-бірінің  өзіндік  санасын,  соның  ішінде  этникалық  өзіндік  санасын 

төмендетпей,  бір-біріне  түсіністікпен  қарауы,  олардың  арасындағы  қарым-қатынасын,  достық 

қатынасын т.б. нығайта түседі. 




жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау