Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет53/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   207

107 

Біздің Қазақстан секілді көптеген ұлт өкілдері мекендеген елде этнос психологиясымен санасып 

отыру  өте  маңызды.  Олардың  ұлттық  мүдделерін  қорғай  отырып,  салт-дəстүріне,  əдеп-ғұрпына 

ұқыптылықпен қарауымыз керек. 

Қоғамдық қатынастар мен байланыстардың күрделі жүйесінде, əсіресе адамның ұлттық тиістілігі 

айқын  көрінеді,  яғни  қандай  да  бір  əлеуметтік,  экономикалық,  саяси  қоғамдастықтың  өкілі  болмай 

тұрып,  адам  бірінші  кезекте  нақты  бір  этностың  өкілі  болып  табылады.  Бұл  мəртебені  адам 

туылғаннан бастап игереді. 

Қорыта  келе  айтарымыз,  ұлттық  өзіндік  сананың  реттеуші  қызметінің  мəні,  оның  жеке-

даралықтың  жалпылыққа көтерілуін жəне жалпылықтың  жеке-даралыққа  енуін қамтамасыз  етуінде. 

Бір–бірімен  байланысты  барлық  елдер  мен  жеке  ұлттар,  айырмашылықтарына  қарамай,  бірін–бірі 

сыйлап, өзі өмір сүріп отырған қоғамында ортақ дүниені: экономиканы, ғылымды, мəдениетті жəне 

əлеуметтік жағдайды жетілдіруде, жаңғыртуда өз үлесін қосуға міндетті. 

 

Əдебиеттер 

1.  Мұқанов М.М. Ойды этно жəне лингвопсихология тұрғысынан дəлелдеу.- Алматы.- 1971, Б.16 

2.  Жақыпов С.М. «Казахстанская правда» газеті.- «Ноу-хау: природа феномена», 7 наурыз, 2008, Б. 10 

 

 

Хамит Ə.Б., Хусаинова И.Р. 

(Қазақстан Республикасы, Алматы , əл-Фараби атындағы  

Қазақ Ұлттық университеті) 

 

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАСТАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ:  

АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙ ЖƏНЕ ДАМУ БОЛАШАҚТАРЫ 

 

Қазіргі  кезде  онкологиялық  аурулармен  ауыратын  науқастарға  психологиялық  көмек  көрсету 

жүйесін  қалыптастыру  жəне  оны  тəжірибеге  енгізу  Қазақстан  Республикасының  денсаулық  сақтау 

жүйесі  үшін  де,  жалпы  қазақстандық  қоғам  үшін  де  басты  міндеттердің  бірі  болып  отыр. 

Психологиялық  көмек  онкологиялық  науқастарды  емдеу  мен  оңалту  үдерісіндегі  маңызды  кезең 

болып табылады. Онкологиялық аурулары бар науқастар тек кəсіби медициналық көмекке ғана емес, 

сондай-ақ,  сапалы  диагностикалау  мен  жеке  терапиядан  бастап  қолжетімді  психологиялық  көмекке 

дейінгі адам өмірінің барлық аспектілерін қамтитын кешенді тəсілдемеге мұқтаж. 

Онкологиялық  аурулар  əлемдегі  ауру-сырқау  мен  өлім-жітімнің  негізгі  себептерінің  бірі  болып 

табылады – 2012 жылы  ауруға  шалдығудың  шамамен 14 миллион  жаңа  жағдайы  жəне 

обырмен(ракпен) байланысты 8,2 миллион өлім жағдайы орын алды. Алдағы 20 жыл ішінде аурудың 

жаңа  жағдайларының  саны  шамамен 70%-ға  артады  деп  күтіліп  отыр.  Обырды  көбінесе  дамыған 

елдерге тəн ауру деп атайды. Оларда өмір сүру ұзақтығы жоғары, жасы ұлғайған сайын обырдыңдаму 

тəуекелі арта түседі. Əлемдегі обырдың даму тəуекелінің басқа факторларына келесілерді жатқызуға 

болады:  темекі  шегу,  ішімдік  ішу,  зиянды  тағам  жəне  физикалық  белсенділіктің  болмауы,  əсіресе, 

табыс деңгейі төмен жəне орташа елдердегікейбір созылмалы инфекциялар. Алайда, дамыған елдерде 

обырға  қарсы  күрес  жақсы  жүргізіледі  жəне  өлім  деңгейі  бойынша  аз  дамыған  елдер  көшбасшы 

болып  отыр,  олардаобырға  қатысты  барлық  өлім  жағдайларының 70%-ы  орын  алады.  Соңғы 

деректерге  (ҚазОжРҒЗИ)сəйкес  Қазақстанда 2017 жылдың  сəуірінде  онкологиялық  есепте 156 000 

адам  есепте  тұр, ал, 2013 жылы 146 404 адам есепте  болған. Науқас сандарының артуы ерте кезең-

дерде  онкологиялық  науқастарды  анықтаудың  артуымен  байланысты.  Біздің  елімізде  обырданөлім-

жітім жыл сайын 17000 адамды құрайды. 

Онкологиялық көмектің екпінді дамуына жəне қатерліісіктердіклиникалау, диагностикалау жəне 

емдеу  сұрақтарына  арналған  жарияланымдардың  елеулі  санына  қарамастан,  қатерлі  ісіктері  бар 

науқастарға  психологиялық  көмекпен  байланысты  аспектілер  біздің  еліміздегі  ғылыми  əдебиетте 

жеткілікті деңгейде қарастырылмаған. Зерттеулер жүргізу жəне психологиялық сүйемелдеу есебінен 

емдеу тиімділігін арттыруға елеулі ықпал ететін механизмдерді жасау өзекті болып отыр. 

Дəстүрлі  түрде  онкологиялық  патология  неғұрлым  психологиялық  тұрғыдан  жарақаттайтын 

салалардың  біріне  жатады.  Адамды  есеңгірететін  обыр  диагнозы,  мамандандырылған  медициналық 

мекемелерге  жүгіну  қажеттілігі,  ұзақ  əрі  көбінесе,  жанға  бататын  тексерістен  өту,  ақпараттың 

жетіспеушілігі,  айналадағы  адамдармен  қарым-қатынас  жасау  қиындығы  көптеген  науқастар  үшін 

денсаулығын қалпына келтіру немесе аурудың орнын толтыруға əкелетін жолдағы бөгетке айналады 

[1,  Б.59-65].  Онкологиялық  ауру  кез  келген  басқа  ауру  секілді  ауыр  психологиялық-əлеуметтік 

салдарлардың  туындауына  əкелуі  мүмкін.  Осы  патология  көптеген  науқастар  үшін  үйреншікті 

тұрмыс  қалпының  өзгеруімен,  үйреншікті  байланыстардың  бұзылуымен  немесе  ажырауымен, 



108 

əлеуметтік  тұрақсыздықпен  қатар  жүреді,  бұл,  өз  кезегінде,  психологиялық  жүктеменің  артуына, 

қосымша психологиялық-əлеуметтік күйзелістерге жəне ауыр психикалық бұзылыстар мен тұлғаның 

деформациясына əкеледі. 

Науқастың онкологиялық аурудың жағымсыз болжамын жете сезінуі ауыр депрессияға жиі əкеліп 

жатады.  Қорқыныштан  немесе  өзінің  ауруын  жоққа  шығарудан  науқастың  дəрігерге  көрінуі  соңғы 

сəтке дейін жиі кейінге қалдырылады жəне көмекке жүгінуге қатысты шешім, əдетте, қауіпті белгілер 

пайда  болғаннан  кейін  ғана  қабылданады.  Жағдайдың  дағдарысты  ахуалы  тұлғаның  əрі  қарай 

бұрынғы  қалыпты  жұмыс  істеуі,  оның  өздерінің  қажеттіліктерін,  өмірлік  ойларын  жүзеге  асыруы 

жəне  өзін  бұрынғы  мінез-құлық  моделі  шегінде  танытуы  мүмкін  еместігінде  көрінеді.  Науқас  адам 

қалыпты  өміріне  кедергі  жасайтын  өзінің  жағдайының  ішкі  күйзелісін  сезінеді.  Тұлғаның  рухани 

қажеттіліктері  фрустрацияланады  жəне  бəрінен  бұрын  бұл  маңыздану  қажеттілігіне  əсер  етеді. 

Психологиялық  дағдарыс  кезінде  тұлғаның  түбегейлі  қайта  құрылуынсыз  қалпына  келуі  мүмкін 

болмайтын өмірдің субъективті мəнін, маңызды  бағдарлар мен құндылықтарын жоғалтады [2, Б.54-

59]. 

Психологтың  онкологиялық  стационардағы  ең  маңызды  терапевтік  бағыттарының  бірі 



онкологиялық науқастардың күйзелісті жабырқаушылығы болып табылады. Қазіргі кезде созылмалы 

күйзелістің  иммундық жүйенің  қызметтерін басатындығына,  оның  өз  кезегінде  аурудың  дамуы мен 

күшейе түсуіне əкелу мүмкіндігі еш күмəн туғызбайды. Жүйке жəне иммундық жүйенің тозуы емдеу 

үдерісінде де, жалпы соматикалық күйде де көрінуі мүмкін [3, Б.45-48]. 

Емдеудің барлық кезеңдерінде барлық науқастарда өздерінің клиникалық көріністері мен көріну 

дəрежесі бойынша айрықшаланатын белгілі бір психогенді реакциялар байқалынады [4, Б.5-11]. Е.Ф. 

Батин мен А.В. Гнездилов емдеудің келесідей кезеңдерін сипаттады: 

•  Емханалық (диагностикалық) 

•  Госпитальдік: емханаға түсу кезеңі; ота жасау алдындағы (ем қабылдау алдындағы) кезең; ота 

жасаудан кейінгі кезең; стационардан шығару кезеңі. 

•  Катамнез кезеңі (негізгі емдеу курсы аяқталғаннан жəне стационардан шығарғаннан кейін). 

Аталған əрбір кезең үшін белгілі бір психологиялық жəне психопатологиялық ерекшеліктер тəн. 

Емханалық  (диагностикалық)  кезеңде,  мысалы,  үрейлі-депрессиялық  синдром  жиі  кездеседі:  жалпы 

мазасыздық, ашық байқалынатын үрей, кейде қорқыныш, толық үмітсіздік, өмір сүру болашағының 

жоқтығы  сезімі,  шарасыз  əрі  азапты  өлім  туралы  ойлар.  Кейбір  науқастар  үшін  жабырқаңқы-ызалы 

көңіл-күй,  кейде,  қорқыныш  пен  үрей  сезімін  жасыратын  себепсіз  ашу,  ыза  (агрессиямен  болуы 

мүмкін) тəн. Стационарға жатқызылғаннан кейін уайымдардың қарқындылығы біршама төмендейді. 

Ота  жасау  алдында  (егер  науқасқа  жазылған  болса)  ота  кезінде  өліп  кету  туралы  ойларға  қатысты 

қорқыныш басым болады, уайымдар неғұрлым қарқынды əрі эмоциялық тұрғыдан басым бола түседі. 

Отадан кейінгі кезеңде психоэмоциялық тұрақсыздыққа физикалық қызмет етудің бұзылуы, мүгедек 

болу, əлеуметтік мəртебені жоғалту қорқынышы қосылады. Стационардан шығару кезеңінде науқас 

өзінің  болашақ  тағдыры  үшін  қорқынышты,  тұрақты  медициналық  бақылаусыз  қалу  қорқынышын 

сезінуі  мүмкін.  Ақырында,  емханадан  кетіп,  науқастардың  шамамен  үштен  екісі  өзімен-өзі 

оқшаулануға  ұмтылады,  бұрынғы  үйреншікті  ойын-сауықтарына  жағымсыз  қарайды,  қарқынды 

эмоциялық  əсерлермен  байланысты  жағдайлардан  қашқақтайды,  отбасы  ішіндегі  істерге 

қызығушылықты  жоғалтады.  Уайымдар  аурудың  өзімен  жəне  оның  салдарларымен  байланысты 

депрессивті болады. 

Онкологиялық  науқастарға  көмек  көрсету  бағдарламасының  аясында  шешілетін  негізгі 

психотерапевтік міндеттер [5, Б.6]: 

•  Нақты белгімен жұмыс – ауырсыну, жүрек айну, үрейлер жəне т.б. 

•  Науқаста  ауру  мен  денсаулықты  өмірдің  маңызды  аспектілері  ретінде  қабылдау  үдерісін 

ынталандыруға бағытталған денсаулық пен ауру (жалпы) тақырыбымен жұмыс. 

•  Обыр аңыздарымен жұмыс. 

•  Алекситимияны түзету. 

•  Ерте  жарақаттайтын  тақырыптармен  (мəселе  көзіне) – реніштермен,  күйзелісті  сезімдермен 

жұмыс. 


•  Базалық мəселемен жұмыс – сенім, шектер, креативтілік, жеңсіктік жəне т.б. 

•  Отбасылық онкологиялық сценарийлермен жұмыс. 

•  Экзистенциалды  уайымдармен  жұмыс  (тақырыптар – «өмір», «өлім», «өмірлік  жол», «өмір 

мəндері», «даналыққа қол жеткізу»). 

•  Болашақты құрылымдау жəне жоспарлау. 

Онкологиялық  тəжірибедегі  маңызды  психологиялық  мəселелердің  бірі  тұлғаның  ауруға 

реакциясы мəселесі болып табылады. Осы реакцияларды есепке алуға емдеудің жалпы табыстылығы, 



жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау