Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет136/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   207

272 

Бұл  тенденциялар  білім  беру  жүйесі  жоғары  дамыған  көптеген  мемлекеттерде  көрініс  табуда. 

Ресей  мен  Қазақстанның  жоғары  оқу  орындарында  білім  берудің  барлық  аспектісін  қамтитын  жəне 

эвалюацияға  негізделетін  сапа  менеджмент  жүйесі  енгізілді.  АҚШ  пен  Канадада  педагогтарды, 

басқарушыларды жəне əр түрлі елдердегі əлеуметтік сала қызметкерлерін біріктіретін бағалаушылар 

ассоциациясы – American evaluation Associotion (AEA) жəне Canadian evaluationSociety 

ұйымдастырылды.  Жыл  сайын  конференциялар  ұйымдастырылады,  білім  берудегі  эвалюация 

мəселелері бойынша ғылыми əдебиеттер, журналдар жəне энциклопедиялар шығарылады. Эвалюация 

білім  беру  жүйелері  үшін  қажет  болып  табылады,  онсыз  білім  берудегі  көптеген  мəселелер  өз 

шешімін таба алмауы мүмкін. 

Тексеру  құралдары  туралы  педагогтардың  біріге  отырып  жасаған  ұсыныстары  мен  ғылымға 

дейінгі формаларына əкелетін тест тарихы басқа елдер секілді Ресейде де XIX ғасырдың аяғы мен XX 

ғасырдың  басында  басталды.  Бұл  кезеңде  тесттерді  педологияда  басқа  психометрикалық 

əдістемелермен тең түрде насихаттаған эксперименталдық педагогика өкілдері кең түрде қолданды. 

Сол  кезеңнің  А.П.Болтунов,  А.Ф.Лазурский,  А.П.Нечаев,  Ф.Е.Рыбаков  жəне  т.б.  сияқты  танымал 

мамандары өз зерттеулерінде тесттерді кеңінен қолданды [1]. 

Кеңес  одағының  алғашқы  жылдарында  Ресейде  ілгері  дамуға  ұмтылыстар  ағымында  білім 

берудегі  Ресей  ғылымында  жинақталған  потенциалды  сұранысқа  ие  болды.  Тесттік  əдістемелер 

дамыған  кеңес  педологиясының  тарихында  өз  жұмыстарын  балаларды  дамыту  жəне  оқыту 

нəтижелерін  бағалауға  арнаған  сол  кезеңнің  танымал  ғалымдары  болды  (М.Я.Басо,  Л.С.Выготский, 

А.П.Болтунов,  П.П.Блонский,  К.Н.Корнилов,  А.П.Нечаев,  А.Р.Лурия  жəне  т.б.)  Алайда  кеңестік 

Ресейдегі тестілеушілер (тестологтар) мен педологтардың белсенді қызметінің ғұмыры қысқа болды. 

1936  жылы  тестті  зиянды  əдіс  деп  таныған  «О  педологических  извращениях  в  системе 

Наркомпросов» ВКП(б)-ның қаулысы шықты. XX ғасырдың 90-жылдарының басына дейін көптеген 

жылдар  бойы  тесттерге  деген  қатынас  жағымсыз  түрде  болды.  Саяси  репрессия  тоқтаған  кезеңде 

педагог-практиктер  тестілеуге  көше  бастады. XX ғасырдың 60-жылдарының  басында  көптеген 

мұғалімдер  формалды  көрсеткіштерге  емес,  оқу  үрдісінің  шынайы  сапасын  қамтамасыз  ету  үшін 

бақылау кезінде тест формасындағы тапсырмалар жиынтығын қолдана бастады.  

XX ғасырдың 60-шы жəне 90-шы жылдардың басындағы уақыт аралығы Отандық мектептер үшін 

либерализация  кезеңі  болды. Бұл кезеңде  тесттер  жартылай  жария етілді. Оған деген ресми  түрдегі 

тиымдар  əлі  де  өзгертілмеген  болатын,  бірақ  жаңалықтардың  тиімділігін  бекіту  үшін  құрал  ретінде 

тесттер мен  сауалнамалар қолданылған педагог-жаңашылдардың жұмыстары пайда болды. Тестілеу 

мəселелері  бойынша  диссертациялық  зерттеулердің  алғышарттары  қолданылды.  Осы  кезеңде 

педагогикалық өлшеу теориялары тəжірибе мен салмақты ойлау негізінде жасалды. 

Бағдарламалық  оқытудың  интенсивті  дамуымен  байланысты XX ғасырдың 60-70 жылдары 

тəжірибеде  қолданылған  жауаптарды  таңдауда  сенімділігі  мен  валидтілігі  бойынша  негізделмеген 

тапсырмалар  жиынтығы  болды. XX ғасырдың 80-шы  жылдарының  ортасында  біздің  елімізде 

оқытушылардың  ғылыми  жəне  əдістемелік  жұмыстарында  тест  сипаттамаларын  статистикалық 

талдау  жəне  білім  сапасын  өлшеудің  эмпирикалық  верификация  қажеттілігін  декларациялайтын 

педагогикалық өлшеу теорияларының негізгі нұсқаулары бекітіле бастады[2]. 

Қарапайым  тапсырмалар  жиынтығы  ретінде  тест  жөнінде  ғылыми  түсінік  пайда  болғанда 

тұтастай  қарастырылатын  тест  дамуының  уақыттық  аралығы  ілгері  даму  кезеңі  болды.  Бұл  кезеңде 

білім беруде тестті қолдайтын, сондай-ақ оны сынайтын Отандық авторлардың көптеген мақалалары 

мен оқу құралдары, осы мəселе бойынша ғылыми басылымдар пайда бола бастады.  

Ресейде  тесттің  жаңа  тарихы  басқарушылық  жөнінде  емес,  оқу  үрдісін  ғылыми  негізделген, 

ақпараттық  қамтамасыз  етілген  тест  туралы  көбірек  айтыла  бастаған  кезде XX ғасырдың 90-шы 

жылдары  басталды [44]. Білім  берудегі  тест  мүмкіндіктері  жөнінде  жаңа  түсініктің  пайда  болуы 

ғылыми зерттеулердің өсуіне септігін тигізді. XX ғасырдың 90-шы жылдары білім берудегі тестілеу 

жəне  өлшеу  мəселелері  бойынша  жұмыстар  пайда  болды,  докторлық  жəне  кандидаттық 

диссертациялар  қорғалды,  журналдар,  оқу  құралдары,  монографиялар  шығарылды,  симпозиумдар 

мен конференциялар жүргізілді.  

Ресейде XX ғасырдың  соңғы  он  жылдығы  тестті  құру  жəне  қолдану  бойынша  практикалық 

жұмыстармен  айналысатын  құрылымдардың  қарқынды  даму  кезеңімен  сəйкес  келді.  Бұл  кезеңнің 

негізгі оқиғалары 1990 жылы сапалы мамандар дайындау мəселелері бойынша Мəскеу институтының 

Зерттеу  орталығында  педагогикалық  өлшеу  кафедрасы  ашылды.  Осы  жылы  Мəскеу  мемлекеттік 

университетінде «Гуманитарлық технологиялар» тестілеу орталығы құрылды. Білім сапасы орталығы 

Институтының  РБА  жалпы  орта  білім  беру  оқу  жетістіктерін  бағалау  бойынша  салыстырмалы 

халықаралық зерттеуге қатысты жəне т.б. XX ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап Ресейдің барлық 




273 

аймақтарында  білім  беру  сапасы  орталықтары,  диагностика  бойынша  əдістемелік  лабораториялар, 

студенттерді аттестациялау жəне тестілеу орталықтары құрыла бастады.  

Педагогикалық  өлшеу  бойынша  кадрларды  дайындау  саласындағы  маңызды  оқиға 2001 жылы 

Ресей  университетінің  халықтар  достығы  біліктілікті  арттыру  факультетінде  тестология 

кафедрасының  ашылуымен  байланысты  болды.  Осы  кафедрада  алғаш  рет  қосымша  «Тестолог» 

біліктілігін  алу  үшін 1480 сағатқа  есептелген  кəсіби  білім  беру  бағдарламасы  жүзеге  асырыла 

бастады.  

Мəскеу институтының сапалы мамандар дайындау мəселесі бойынша Ресейде 2000 жылы Зерттеу 

орталығында  тесттік  материалдардың  сапасын  арттыру  үшін  педагогикалық  тест  материалдарының 

сертификация  орталығы  ашылды  жəне  педагогикалық  тест  материалдарының  сапасын 

сертификациялау мəселелері бойынша Ресейде Білім министрлігінде Үйлестіру кеңесі құрылды.  

2001  жылы  Ресейде  жəне  Қазақстанда  тесттің  ресми  түрде  мойындалуының  арқасында  БҰТ-ті 

ендіруге байланысты эксперименттің жүргізілуі, мұғалімдердің тестке деген қатынасының түбегейлі 

өзгеруіне  себеп  болды.  Эксперимент  өткізілген  жылдары  ЖОО-на  абитуриенттерді  іріктеу  кезінде 

жоғары  болжам  жасау,  БҰТ  ұпайларының  негізделгендігіне  жəне  жоғары  обьективтілігіне  көзі 

жеткен  мұғалімдер,  білім  беру  ұйымдары,  білім  беруді  басқару  ұйымдары  тарапынан  тестілеу 

нəтижелеріне деген сенімділік деңгейі көтерілді. 2002 жылы Ресейде іс-əрекеттің басым бағытының 

ҰБТ  үшін  бақылау  өлшеу  материалдарының  ғылыми,  əдістемелік  жəне  ұйымдастырушылық 

үрдістерінің қатар жүретін педагогикалық өлшеу институты ашылды.  

Тесттің  дамуына  қорытынды  жасай  отырып,  бүгінгі  таңда  ғалым-педагогтардың  арасында 

педагогикалық  өлшеу – сапалы  педагогикалық  тесттерді  өңдеу  үшін  қажет  əдістері  мен  аппараты, 

əдіснамасы бар ғылым деген түсінік пайда болды. Бүгінгі күні отандық жəне шетелдік авторлардың 

педагогикалық  тест  бойынша  инновациялық  жұмыстары,  сондай-ақ  тесттік  мəселелер  бойынша 

арнайы  журналдар  көп  таралыммен  шығарылды.  Осылайша,  қазіргі  сəтте  Ресейде  тестті  қолдану 

жəне өңдеу бойынша кəсібимамандардың қауымдастығы құрылғаны мəлім.  

Шетелде  педагогикалық  тесттердің  пайда  болуы  француз  дəрігері  жəне  психологы  А.Бине 

есімімен  тікелей  байланысты.  Оның 1905 жылы  шыққан  интеллектуалды  қабілеттерді 

диагностикалау бойынша еңбектері психологияда жəне білім беруде өлшеуге негізгі ғылыми амалдар 

қалыптасуының  себебі  ретінде  есептеледі[3].  Əрине,  мұндай  тесттерді  құрудың  алғышарттары 

ертеректе  жасалды.  Британ  зерттеушілері  Ф.Гальтон  жəне  Дж.Кэттелл 1890 жылы  «интеллектіге 

арналған  тест»  терминін  қолданды.  Оларға  өлшенетін  өзгермелілер  бойынша  сыналушылардың 

қабілеттерін саралауды көрсететін тест сапасын арнайы сипаттайтын ғылыми айналымға жатады.  

Сəл  кейінірек  А.Бине  идеяларын IQ интеллект-коэффициентін  бағалау  үшін  арнайы 

коэффициентті ұсынған неміс психологы жəне философы В.Штерн қолданды. Бұл термин əлі күнге 

дейін қолданылады. АҚШ-та А.Бине еңбектерін өлшеу бойынша Л.Терман жалғастырды. Ол А.Бине 

жұмыстарының түпнұсқалық модификациясын көрсететін жаңа тесттер (Стенфорд-Бине) жасады.  

XX  ғасырдың  екінші  онжылдығындағы  өлшеу  саласындағы  жетістіктер  АҚШ-та  бірінші 

дүниежүзілік  соғыс  кезінде  əскерге  шақырылғандарды  орналастыру  мəселелерімен  байланысты 

болды. АҚШ үкіметі өлшеу бойынша сарапшылар, статистиктер мен тест құрастырушы мамандардан 

«ми  орталығын»  ұйымдастырды  жəне  олар  əскери  қажеттілігіне  қарай  тапсырмаларды  шешу 

жұмыстарына  жіберілді.  Бұл  орталықта  Э.Торндайк,  Р.Годдард,  П.Йеркс  жəне  Л.Терман  секілді 

танымал  мамандар  жаңадан  келген  адамдарды  іріктеу  жəне  орналастыруға  өз  күштерін  біріктірді. 

Олардың жұмыстарының нəтижесінде əскер үшін Альфа жəне Бета тесттері белгілі болды. Кейіннен 

олар білім берудегі тест өңдеушілерді оқыту кезінде мысал ретінде қолданыла бастады.  

АҚШ-тың білім беру жүйесінде алғаш рет стандартталған өлшеу жұмыстары XX ғасырдың 20-шы 

жылдардың аяғында арифметикалық əрекеттерді орындау жəне дұрыс жазу, қолтаңбасының сапасын 

бағалау  үшін  жүргізілді.  Сол  уақытта  Америкада  абитуриенттерді  оқуға  қабылдауға  арналған 

колледждер  кеңесінің  инициативасы  бойынша  жасалған SAT тестілер  жүйесі  пайда  болды. XX 

ғасырдың 40-шы жылдарының аяғында мектептегі түрлі пəндер бойынша нəтижелерді салыстыруды 

қамтамасыз ететін жəне көпөлшемді өлшеу идеяларын жүзеге асыратын тест жетістіктерінің жүйесі 

жасалды.  

1904  жылы  ағылшын  ғалымы  Ч.Спирменнің  жалпы  интеллектуалдық  қабілеттерді  зерттеу 

бойынша  іргелі  теориялық  еңбегі  жарыққа  шықты.  Ч.Спирмен  түрлі  пəндер  бойынша  мектептегі 

бағаларды  қолдана  отырып,  оқушылардың  бағаларының  ковариациялық  мысалдарын  айқындады 

жəне  сол  тестілеуге  түзету  үшін  жаңа  аппаратты  қолданды.  Ол  өзінің  ізін  басушы  психологтардың 

балалар  қабілетін  бағалау  тəжірибелері  мен  түзету  əдістерін,  физикалық  өлшеу  теорияларын  өз 

зерттеулеріне қоса отырып, тест сапасын негіздеуге ғылыми тұрғыдан келудің негізін қалады [4]. 




жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау