276
Кəсіптердің
«адам-адам»
шеңберіне
енетін
педагог-психологты
кəсіптік
даярлауда
коммутикативтік құзыреттілік базалық көрсеткіш ретінде анықталады. Себебі оның мазмұны
мынадай əмбебап іскерліктерді қамтиды:
-өзге адамның пікірін «есту», тыңдау жəне түсіне білу (хабарлама, ұсыныс);
-өзгелермен мəмілеге келе білу (бірлесіп əрекет ету немесе өз іс-əрекетіне араласпау туралы);
-өз пікірін, көзқарасын анықтап, оны сөзбен рəсімдей білу жəне, қажет болған жағдайда, қорғай
білу;
-сөйлесуге бастамалық таныта білу жəне диалогты қолдай білу;
-өзінің жағдайын, қажеттілігін, тілегін түсіндіре білу;
-сұрақ қоя білу;
-нақты жағдайға сəйкес қарым-қатынас стилін таңдай білу.
Қазіргі педагогикалық-психологиялық əдебиеттерде коммуникативтік құзыреттілікті зерттеудің
екі тəсілдемесі қарастырылады: теориялық жəне практикалық.
Теориялық тəсілдеме аясында ғалымдар коммуникативтік құзыреттілік ұғымын, оның
құрылымын, қалыптасу жəне даму шарттарын, күнделікті өмірдегі жəне кəсіби қызметтегі орны мен
рөлін қарастырады.
Практикалық тəсілдеменің өкілдері коммуникативтік құзыреттілікті дамыту жəне жетілдіру ісіне
ерекше мəн береді.
«Коммуникативтік құзыреттілік» ұғымына қатысты жүргізілген зерттеулерді қарастыра келе,
бүгінгі таңда отандық жəне шетелдік ғалымдардың еңбектерінде бұл ұғымды түсіндіруде, мəн-
мағынасын ашуда бірізділік жоқ екені байқалады. Себебі бір еңбектерде «тілдік білім, білік жəне
дағдыларды меңгеру десе, екіншілерінде «коммуникативтік
дағдылар», үшіншілерінде
«коммуникативтік қабілет», кейінгі қолданыста «коммуникативтік құзыреттіліктер» деп аталып жүр.
Қазіргі заманғы зерттеулерде берілген ұғымдарды талдау мен пайымдау жалғасуда, ол жаңа
мазмұнымен толықтырылуда. Осыдан аз уақыт бұрын коммуникативтік құзыреттілік тиімді қарым-
қатынас жасауға қажетті дағдылар мен икемділіктердің жиынтығы ретінде түсінілсе, ал қазіргі таңда
неғұрлым кең мағынаны қамтып, тұлғалық аспектіні кірістіріп отыр.
В.Н. Куницына коммуникативтік құзыреттілікті «күрделі коммуникативтік дағдыларды игеру,
жаңа əлеуметтік құрылымдарға барабар іскерліктерді қалыптастыру, тілдесудің мəдени нормаларын
білу, тілдесу саласындағы дəстүрлерді білу жəне сақтау, кəсіби қызмет шегіндегі рөлдік репертуарды
меңгеру» деп анықтайды [6, 12-14 б.].
Ю.Н. Емельянов коммуникативтік құзыреттілікті жағдайға бейімділік, əлеуметтік мінез-құлықтың
вербалды (сөйлеу мен сөзге негізделген) жəне бейвербалды (сөзге негізделмеген) тəсілдерін еркін
меңгеру ретінде қарастыра отырып, оның құрылымында мынадай компоненттерді көрсетеді: 1)
жалпы қабілеттер (білімді игеруге қатысты); 2) коммуникативтік білім, білік, дағдылар; 3) дербес
ауыспалылар (Мен-концепция, иілімді нұсқаулар, қатаң ұстанымдар) [7, 89-90 б.].
Коммуникативті құзыреттілк ұғымын педагог-психологқа қатысты қарастыра отырып, Е.А.
Климов оның мынадай негізгі ерекшеліктерін көрсетеді:
- үйрете білу, тəрбиелей білу, басқара білу;
- тыңдай білу;
- ой-өрісінің кеңдігі;
- тілдік (коммуникативтік) мəдениет;
- ақыл-ойдың рухани бағыттылығы;
- адамның ішкі жан-дүниесін түсіне білу;
- адамның жақсы жаққа қарай өзгеру мүмкіндігіне сенімділік;
- байқампаздық;
- əдеттен тыс жағдаяттарды шеше білу;
- өзін-өзі реттеудің жоғары дəрежесі [8, 73-74 б.].
Педагог-психологтың кəсіби коммуникативтік құзыреттілігіне белсенді тыңдау, кері байланыс
орната білу, клиентті қашықтықта ұстай білу жəне эмоциялық жанасудан аулақ болу, объектілер мен
құбылыстарды дұрыс жəне барабар қабылдай білу жатады. Сонымен бірге маманның маңызды
коммуникативтік қасиеттеріне тілдесуге бейімділік, жанасымдық, шиеленістерді шеше біру,
вербалды жəне бейбербалды қатынас құралдарын жетік меңгеру,өзін-өзі еркін ұстау, өнегелілік,
сыпайылық кіреді.
Қоммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың негізгі қайнар көздері қарым-қатынас тілін
білу, тұрмыстық жəне іскерлік тұлғааралық қарым-қатынас тəжірибесі, жалпы білімдарлық,
тілдесудің ғылыми əдіс-тəсілдерін меңгеру болып табылады.
277
Қорыта айтқанда, құзыреттілікке нəтижеге бағытталған білім беру жүйесінің сапалық
өлшемшарты ретінде қарау жəне зерттеу – бүгінгі күн талабы. Мақаланың мазмұнын түйіндей келе,
коммуникативтік құзыреттілікті қарым-қатынастың тиімділігін анықтайтын құндылық пен бағыт-
бағдардың қосындысы ретінде педагог-психологтың кəсіби құзыреттілігінің негізгі құрамасы екенін
атап ескертеміз.
Əдебиет
1. Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген).
2. Зимняя И.А. «Ключевые компетенции – новая парадигма результата образования» // Высшее образование
сегодня. 2003, №5, С.35-41
3. Таубаева Ш.Т.Государственные общеобязательные стандарты высшего профессионального образования:
методология, теория и технология проектирования в компетентностном формате.// В мире образования,
2006, №1, С. 3-9
4. Абибуллаева А.Б. Новая научная парадигма образования в становлении профессиональной
компетентности педагога.// Вестник КазНТУ им. Абая, серия «Педагогические науки», 2005, № 2 (10). С.
3-6
5. Хуторской В.А. Ключевые компетенции как компонент личностно- ориентированной парадигмы
образования.// «Народное образование», 2003, №2, С.58-68
6. Куницина В.Н., Казаринова Н.В., Погольша В.М. Межличностное общение. Учебник для вузов. – Спб.:
Питер, 2001. – 544 с.
7. Емельянов Ю.Н. Активное социально-психологическое обучение. – Л.: Изд-во ЛГУ, 1985. – 168 с.
8. Климов Е.А. Психология профессионального самоопределения. – Ростов-на-Дону: Изд-во «Феникс»,
1996. – 249 с.
Берекбусунова Г.М.
(Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Қазақтың спорт жəне туризм академиясы)
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ МƏСЕЛЕСІ
Еліміздегі қоғамның барлық салаларында болып жатқан өзгерістер жоғары мектеп
модернизациясына да аса маңыздылық пен уақтылық беруде. Жоғары білімнің мақсаты, міндеттері
жəне қызметтері өзгеруде, құрылымы мен мазмұны жаңаруда.
Жоғары білімнің мақсаты жоғары сапалы білім алуда қоғамның, мемлекеттің жəне тұлғаның
қызығушылығын қанағаттандыру, əр адамға оқытудың мазмұнын, формасын жəне мерзімін таңдауда
кең мүмкіндік беру болып табылады.
Юнеско Конвенциясында атап көрсетілгендей, мұғалім – ерекше мамандық. Оны ерекше қылатын
– мұғалімге тұлға ретінде қойылатын талаптар (ой-өрістің кең болуы, иновацияларға деген
қызығушылық пен дайындық, жауапкершілік сезімі, психологиялық тұрақтылық); маман ретінде
қойылатын талаптар (арнайы жоғары білімнің, оқыту саласындағы терең білімдердің болуы); білім
беру саласындағы шебер ретінде қойылатын талаптар (оқытудың əдістерін, технологияларын,
техникалық тəсілдерін меңгеру); тұлға мен азаматтың рухани бейнесін қалыптастырушы тəрбиеші
ретінде қойылатын талаптар.
Педагогикалық іс-əрекетке деген осындай қоғамдық маңыздылық – болашақ мұғалімдерді кəсіби
даярлауды жақсарту тəсідері мен құралдарын, педагог тұлғасын кəсіби қалыптастыру шарттарын
дамылсыз іздеуге себеп болып табылады. Танымал психолог ғалымдар Ф.Н. Гоноболинаның, В.А.
Крутецкийдің, Н.В.Кузьминаның, Ю.Н.Кулюткинаның, В.А. Сластенинаның, А.И.Щербакованың
терең жəне мазмұнды зерттеулері педагогикалық іс-əрекет спецификасы, мұғалім профессиограм-
масын құру, педагогикалық қарым-қатынас, педагогикалық қабілеттіліктер, педагогикалық такт
сияқты мəселерді қамтиды. Г.Д.Бабушкин болса педагогикалық іс-əрекетке деген кəсіби
қызығушылықты қалыптастырудың псиологиялық негіздерін қарастырды.
Аталмыш зерттеулер болашақ маманды кəсіби даярдауда оның полибағыттылығын кешенді түрде
қалыптастыруға деген ықпалды туындатты. Педагогикалық іс-əрекетке мұндай тұрғыдан қарау
мектеп практикасының сұранысынан туындап отыр. Яғни, мұғалімнің ерте «педагогикалық
дағдарысы», «педагогикалық тозуы», «кəсіби стагнациясы (тоқырауы)» сияқты құбылыстарды жеңу
(алдын алу) үшін қажет.
Болашақ педагогтарды кəсіби даярлау күрделі жəне көпқырлы үрдіс. Оның негізін құрайтын
педагогикалық бағыттылық болып табылады
1, 47б..