427
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
-
негізгі параметрлер арасындағы статистикалық маңызды өзгешелік пен негізгі
қорытындыға қатысты жіберілетін статистикалық қателіктер;
-
ақпаратты тіркеуде қолданған формалар.
Қорытындылай келе, еңбек нарығы жан-жақты сала, сондықтан сапалы зерттеу
жүргізу мақстанында ең алдымен қандай әдіс оптималды болатынын айқындаған жөн.
Қолданылған дереккөздер тізімі
1. Маркетинговые исследования / Божук С.Г., Ковалик Л.Н. – СПб.: Питер,2009
2. Маркетингтік зерттеулер/ Дюсембекова Ж.М. – Алматы: Экономика,2014
3. Маркетинг/ Оқуқұралы. – Алматы: «Экономика», 2010.
Электротехника пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі
Тауекелова Г.К.
Егіндібұлақ агротехникалық колледжі, Қарағанды облысы,
Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры
ұстаздардың қолында.
Н.Ә. Назарбаев
Қазіргі заманда оқытушыдан тек өз пәндерінінің терең білгірі болу емес, тарихи
танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік
және ақпараттық сауаттылықталап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде
жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп,
оқудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары
жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Оқыудың жаңа технологияларының бірі –
ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға
сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып
табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процесінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа
технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі [1].
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында «Осы заманғы білім беру
мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа
технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы
дамыту қажет. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік
алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажете жарайтын маман
болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» делінген. Сонымен қатар бүкіл еліміз
бойынша әлемдік Online тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын
құру қажеттігін баса айтты [2].
Қазіргі колледждің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын
ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Студенттерге білім беруде жаңа оқыту
технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап
етілуде. Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары
айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтатын болсақ, студенттердің өз бетімен
ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу
қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше
қолайлы жағдай туғызып отыр.
428
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
«Қазіргі заманда болашақ жұмысшы маманды ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап
көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде
оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мен оқушылардың
ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру қазіргі заман талабына сай ақпараттық
технологияларды, электрондық оқулықтарды және интернет ресурстарды пайдалану
оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүміндік береді.
Ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқыту:
-
жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру;
-
жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу арқылы
білім беру мазмұнын жаңарту;
-
жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша студенттрдің
мамандыққа баулу механизмін құру;
-
біздің еліміздегі және шет елдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел
ену;
-
мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуалдық лабораторияларды және
бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
-
білім берудің телекоммуникациялық желілерін құру [3].
Бұл ақпараттық технологияны қолдануда әрине электротехниканы оқыту ісі де
артта қалмауы тиіс. Электротехниканы оқытудың дәстүрлі әдістемесіндегі техникалық
құралдарды, яғни компьютерді қолдану қажет. Оның үйлесімді жолдары болатыны анық.
Сол үйлесімді жолды тауып, электротехнианы оқыту әдістемесіне оларды енгізіп,
сабақтың негұрлым сапалы өтуін, студенттердің сабақты оқуға деген ынтасын арттыру
болып табылады.
Оқытушының басты мақсаты – сабақ барысында студенттерге терең де тиянақты
білім беру. Жан-жақты түрлендіре өткізілген сабақтың оқушылардың тіл байлығын
дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге, логикалық ойлауын жетілдіруге ықпалы зор.
Электротехника – студенттердің ойлау қабілетін, логикалық ойлауын және
шығармашылық қабілетін дамытуға, тұрақты және айнымалы тоқтарда электр және
магнит тізбектеріндегі физикалық процестерді, сондай-ақ осы тізбектерді есептеу
әдістерін зерделеуді қамтиды.
Электротехника пәнінде жаңа ақпараттық технологияны сабақта пайдалану
тиімділігі:
•
Студенттердің еркін ойлауына мүмкіндік береді;
•
Ақыл – ойын дамытады;
•
Шығармашылық белсендігін арттырады;
•
Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;
•
Тіл байлығын жетілдіреді;
•
Жан-жақты ізденушілігін арттырады.
Осылайша оқытушы араласпай-ақ, студенттер өздері меңгеруге тиісті ақпараттар
беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізуге уақыт
үнемдейді, қарастырып отырған жүйе құрамында электрондық құрылғылармен жұмыс
дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Электротехника пәнінде жаңа ақпараттық технологияны сабақта пайдалану
артықшылығы:
-
Білімге бір-бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орындарында
отырып қол жеткізе алады (интернет)
-
Студенттерге тақырып шеңберіндегі электротехниалық тізбектерді есептеу
әдістерін немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер
қорын ұлғайтады
-
Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдіру және оқу материалдарының сапасы
арттады